kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?лтты? Біры??ай Тестілеуге арнал?ан ?ыс?аша д?ріс

Нажмите, чтобы узнать подробности

?лтты? Біры??ай Тестілеуге арнал?ан ?ыс?аша д?ріс

«Емтихан?а ?алай дайындалу керек?»

Ма?саты: емтихан?а дайындалуды? тиімді жолдарын к?рсету.

Психологиялы?  жа?ынан  ?алай дайындалу керек

* Емтихан?а алдын ала асы?пай тынышты? са?тай отырып дайындалуды баста;

* Егер де са?ан ?з ойы?ды жина?тау ?иын болса, е? о?ай деген с?ра?тарды

   есі?е т?сір, содан со? а?ырындап ?иын с?ра?тар?а ?туге болады.

* К?н сайын шарша?анда, ішкі ?обалжу сезімін басатын жатты?у жаса.

Егер к?зі? ауырса не істеу керек?

Емтихан?а дайынды? кезінде к?зімізге салма? т?седі. К?зді? шарша?аны, б?л а?заны? шарша?аны: о?ан емтихан тапсырмаларын орындау?а к?ш жетпеуі м?мкін. К?зіміз демал?андай жа?дай жасауымыз керек.

  • Ауыспалы т?рде жо?ары т?мен ?ара (25 секунд), о??а-сол?а (15 секунд);
  • К?зі?мен ?з аты?ды, тегі?ді жаз;
  • Алыста?ы зат?а ауыспалы т?рде  к?зі?ді тігіп ?ара (20 секунд), сосын алды?да?ы ?а?аз?а (20 секунд);
  • Са?ат тіліні? ба?ытымен т?ртб?рыш, ?шб?рыш сал, сосын керісінше жаса;

Бір к?ндік кесте

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?лтты? Біры??ай Тестілеуге арнал?ан ?ыс?аша д?ріс»

«Аманкелді Иманов атындағы жалпы орта білім беретін

лицей – мектеп» ММ


Ұлттық Бірыңғай Тестілеуге арналған қысқаша дәріс

«Емтиханға қалай дайындалу керек?»


Мақсаты: емтиханға дайындалудың тиімді жолдарын көрсету.


Психологиялық жағынан қалай дайындалу керек


* Емтиханға алдын ала асықпай тыныштық сақтай отырып дайындалуды баста;

* Егер де саған өз ойыңды жинақтау қиын болса, ең оңай деген сұрақтарды

есіңе түсір, содан соң ақырындап қиын сұрақтарға өтуге болады.

* Күн сайын шаршағанда, ішкі қобалжу сезімін басатын жаттығу жаса.


Егер көзің ауырса не істеу керек?


Емтиханға дайындық кезінде көзімізге салмақ түседі. Көздің шаршағаны, бұл ағзаның шаршағаны: оған емтихан тапсырмаларын орындауға күш жетпеуі мүмкін. Көзіміз демалғандай жағдай жасауымыз керек.

  • Ауыспалы түрде жоғары төмен қара (25 секунд), оңға-солға (15 секунд);

  • Көзіңмен өз атыңды, тегіңді жаз;

  • Алыстағы затқа ауыспалы түрде көзіңді тігіп қара (20 секунд), сосын алдыңдағы қағазға (20 секунд);

  • Сағат тілінің бағытымен төртбұрыш, үшбұрыш сал, сосын керісінше жаса;


Бір күндік кесте


  • Бір күнді үшке бөл;

  • Емтиханға бір күнде 8 сағат дайындал;

  • Спортпен айналыс, таза ауада серуенде, дискотекаға барып биле – 8 сағат;

  • 8 сағатттан аз ұйықтама, егер қажет болса түстен кейін ұйықтап ал.


Тамақтану


Тамақтану 3-4 түрлі болуы тиіс, витаминдерге бай және каллориялы жаңғақ, сүт тағамдарын, балық, ет, жемістер жеп, шоколадпен қоректен. Емтихан алдында тойып тамақ ішуге болмайды.


Дайындалатын орын


Өзің жұмыс жасайтын орныңды жақсылап ұйымдастыр. Үстеліңнің үстіне сары, күлгін түсті суреттерді, заттарды қой. Өйткені, бұл түстер интеллектуалдық белсенділікті арттырады.

Кең ауқымды материалды қалай есте сақтауға болады?


Материалды сұрақ бойынша қайтала. Бірінші есіңе түсір, және өзің не білесің соны қысқаша жазып ал, содан кейін басты деректердің дұрыстығын тексер. Кітап оқу барысында, сүйенетін негізгі ойларды белгілеп отыр. Қағазға жеке-жеке әр сұрақ бойынша жауаптар жоспарын жаса. Емтихан алдында жауап жоспары жазылған қағаздарды қарап шық.


Ойлау қабілетін қалай дамытуға болады


  1. Ақылды болғың келсе – сұрақты ойланып коюды, зейін қойып тыңдауды, асықпай жауап беруді және айтатын еш нәрсе болмаса үндемей отыруды үйрену керек.

  2. Білімді ойланусыз алуға болмайды, бірақ ойланудың өзі білімсіз болмайды.

  3. Ойлау қабілетінің дамуы - өз ақылыңды біліммен толықтыру. Білім көзі әр түрлі болады – мектеп, кітаптар, теледидар және адам туралы ақпарат береді.

  4. Ойлану сұрақтан басталады, барлық ашылулар «Неліктен?», «Неге?» деген сұрақ арқылы жасалынады. Сұрақ қойып және сұраққа жауап беруді үйрену керек.

  5. Дәстүрлі дайын шешімдер күткен нәтижеге жетуге мүмкіндік бермегенде, ойлау қабілеті белсенді жұмыс жасайды.Сондықтан заттар мен құбылыстарды жан-жақты қарастыру немесе үйреншіктіде жаңалықты байқау ойлау қабілетінің дамыту негізін қалыптастырады..

  6. Заттар мен құбылыстардың әр түрлі белгілерін байқау және оларды салыстыра білу-ойлау қабілетіне қажетті қасиет.

  7. Адам қарап тұрған объектісінің көп қасиеттерін көре алса, соншалықты оның ойлау қабілеті жетік және ойлау икемділігі жоғары болады.Бұл іскерлікті зеректік ойындар арқылы, логикалық есептер мен ребустерді шешіп жаттықтыруға болады.

  8. Ойлау мен сөйлеу үзіліссіз. Ойлау қабілетінің дамуына жағдай жасау оқылған тақырыпқа мазмұндама жазу, пікір сайыстарға қатысу, жазбаша сөйлеу қабілетін дамыту, өзің толығымен түсінбегенді басқаға мазмұндап айту.





Жадында сақтау қабілетінің бірнеше заңдылықтары

  1. Есте сақтаудың қиындылығы көлемі жағынан пропорционалды емес дамиды. Қысқа дәйек сөзді жаттағанша, үлкен бөлікті оқу тиімді.

  2. Бірдей жұмыс барысында есте сақталған саны көбірек болса, түсінген дәрежесі ауқымды.

  3. Реттеліп жаттаған құрамадан тиімді. Үзіліс жасап оқу қатарынан оқығаннан жақсы, ал бірден оқығаннан, аздап оқыған жақсы.

  4. Көбірек қайталап оқығаннан жадында қалдырғанды еске түсіруге көп уақыт жұмсаған тиімді.

  5. Егер екі материалмен жұмыс жасасаңыз-үлкен және кіші, үлкенінен бастаған жөн.

  6. Адам түсінде есіне сақтамайды – бірақ ұмытпайды.




Жұмыс істеу қабілетін жақсартуға жағдай жасау

  1. Ақыл-ой еңбегі мен дене еңбегін алмастыру.

  2. Гимнастикалық жаттығу жасағанда баспен тұру, секіріп айналу жаттығуларына көп көңіл бөлу керек. Өйткені осы жаттығулар негізінде ми клеткаларына қан көп келеді.

  3. Көзді қорғау керек, 20-30 минут сайын үзіліс жасап отыру керек.

  4. Теледидар хабарларын көруді қысқарту қажет!










































Қысқа дәріс: «Емтихан кезінде өзіңді қалай ұстау керек»


Мақсат: мектеп бітірушілерге емтиханға дейін және одан кейін өздерін қалай ұстауды үйрету.

Уақыт: 15 минут.

Нұсқау: Киген киімдердің түсі жеңіл-түсті болу керек. Емтиханда кездескен адамдарға жағымды эмоция білдіру үшін ашық – түсті киімдерді кию қажет емес. Әдептілік сақтауды әрқашанда ұмытпау керек. Артық кетпеу керек. Емтихан өткеннен кейін барлық қалағаныңыз болады.


Емтихан кезіңде және емтиханнан кейінгі қылықтар туралы ұсыныстар


  1. Емтиханға бір күн қалғанда еш нәрсемен айналыспа. Егер сен бір нәрселерді жаттап үлгермесең, солай қоя сал, жаттама. Демал, көңіліңді көтер, емтихан жөнінде ұмыт.

  2. Емтихан алдында жақсылап ұйықтап ал.

  3. Міне сен сыныптың жанындасың. Тыңыштал! «Мен тынышпын» деп бірнеше рет қайтала. Бірінші қатарда жауап беруге тырыс. Егер кірмей көп уайымдап тұрсаң, қорқыныш сезімі жоғарылап, қобалжисың, өзіңе сенімсіздік туындайды.

  4. Ойларыңды жинақтап, эмоцияларыңды ретте.

  5. Сыныпқа «Барлығы жақсы болады»деген сеніммен кір.

  6. Жақсылап отырып, арқаңды тік ұста. Өзіңді барлығынан жоғары деп сана. «Менде барлығы жақсы» деген пікірді ұстап, оны асықпай бірнеше рет қайтала. Соңында қолыңды жұмырдықтап қатты қыс.

  7. Қобалжуды жеңетін тыныс жолдарына арналған жаттығулар жаса:

  • Жайлы отыр.

  • Мұрын арқылы терең дем алу (4-6 секунд).

  • Дем алуды тоқтатып (2-3 секунд) отыр.

  1. Тестілеу кезінде қажетсіз сұрақ қоймау үшін зейін қойып тыңда. Саған бланкті қалай толтыру, қандай әріптермен жазу, мектеп нөмірін қалай кодтау керек екенін түсіндіреді.

  2. Жан-жағыңа көңіл аудармай, зейін тұрақтылығына тырыс. Сен үшін тек тестті орындау уақыты және тапсырма берілген бланкі маңызды. Тапсырманы соңына дейін оқы.Тапсырманы бірінші сөздерінен түсінікті деп ойлап қалып, аяғын өзім ойлап табам деп асығысқа жол берме.

  3. Өзің сенімді сұрақтарға жауап беруден баста. Сонда сен жұмыс жасауға дайын боласың. Кез келген сұраққа сен жауап бере аласың, тек сен ойларыңды жинақта.

  4. Келесі тапсырмаға көшкенде, алдыңғы тапсырмана ұмыт, олар бір-біріне ұқсамайды.

  5. Шегеру әдісін пайдалан! Сәйкес келмейтін жауаптарды ретімен сызып таста.

  6. Егер сен жауап беруде күмәндансаң, өзіңнің интуицияңа сен!

  7. Өз жұмысыңды тексеріп шығуға уақыт қалдыр. Қателерді байқау үшін көзіңмен жүгіріп өт.

  8. Барлық тапсырманы орындауға тырыс, бірақ практика жүзінде мүмкін емес екенін есіңе сақта. Тесттік тапсырмалар максимальды еңбектенуге арналған, ал жақсы баға алу үшін тапсырмалардың 70 % орындау керек.


Жауап беру кезіңдегі әрекет


Егер емтихан қабылдаушы адам - жігерлі болса, сенің ақырын,үзіліс жасап айтқан жауабың оған мүмкін ұнамайды. Соны ескеріп отыр.

Егер емтихан қабылдаушы адам – сабырлы, байсалды кісі болса, сен оған қатты дауыспен,мимикамен, ишарамен жауап берме. Ешқашан шектен шығып кетпеуді ұмытпа. Артық ештеңе болмауы тиіс!






































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 11 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
?лтты? Біры??ай Тестілеуге арнал?ан ?ыс?аша д?ріс

Автор: Бакасова Эльмира Мухаметовна

Дата: 18.03.2016

Номер свидетельства: 307188


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства