kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?БТ-?а дайынды?та о?ушыларды ?олдау

Нажмите, чтобы узнать подробности

?БТ б?гінгі білім ке?істігіндегі жа?а на?тылы?, о?ан ?зірлік проблемалары тек педагогтарды? ?ана міндеті емес,сонымен ?атар психологтарды? да негізгі міндеттеріні? бірі. Емтихан б?гінгі к?ні ?детті да?ды?а айналсада,о?ушы, ата-ана,м??алім ?шін стресс факторлары. Осы ба?ытта о?ушыларды? психологиялы? білімдерін жетілдіріп, ?рт?рлі тренингтер ?ткізу бізді? басты міндетіміз болып отыр.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?БТ-?а дайынды?та о?ушыларды ?олдау »

Оқушыларды ҰБТ –ға психологиялық дайындау жұмыстары.

Психологиялық жұмыстың мақсаты:

1.11-сынып оқушыларының Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындығын анықтау.

2.Оқушылардың өздігінен атқаратын білімдерін терең меңгеруге, біліктіліктерін қалыптастыруға психологиялық көмек көрсету.

3.Қобалжу,алаңдатушылық, күйзелістен арылу және олардың алдын алу.

Жас достар !

Заман-білімдінікі.Адам өзіне-өзі талап қоймаса, ілгері баса алмайды.

Ең алдымен өзімізге қарапайым сұрақтар қоямыз:

1 Кім болғым келеді және қандай мамандықты таңдаймын?

2Бұл мамандықты таңдауға басты себепкер болған не?

3Жоғары оқу орнына түсуге қабілетім жете ме?

Осылар жайлы ой елегінен өткізіп,көз алдымызға болашағымызды елестетіп көрейікші.Сол сәтте қандай сезімде болдың?

Аңсаған арманыңа жету үшін өзімізге қандай талаптар қойып,қандай қабілетіміздің барын біліп,жұмыс жасауымыз керек. Ол үшін бізге өзімізбен өзіміз табандылықпен күн тәртібін қалыпқа келтіріп,бос уақытымызды тиімді пайдалануымыз керек.

Шындығына келсек,бәрі тәртіптен басталады.Тәртіп бар жерде-табыс бар.Адамның өзін-өзі бақылауы,әрдайым өзіне-өзі есеп беруі оның өз қатесін көруіне,оны жоюына итермелейтін болады.Сондықтанда талаппен жасалған жұмыс нәтижелі болады,яғни мәселе қандай сабақ оқуда емес,қандай көзқараспен оқуда.

«Егер басқалардан көп білгің келсе,басқалардан артығырақ еңбектен».

«Ештеңеге шағым айтпа,ешкімге қызғана қарама,адал да жомарт болуға тырыс,өзгелерге көмектесе біл.Үміт бар жерде болашақ бар» деген қағиданы ұмытпа.

Төмендегі ережені есіңе сақта.

1Өз тағдырымның қожасы –өзіммін!

2Мен өзіме сенемін, себебі өзімді алып шығатын еңбегім мен біліміме сүйенемін.

3Өзімді батылдыққа бағыттаймын.

Уақытты босқа өткізбе,байлыққа қызығушы болма,ол мәңгілік емес,әрине материалдық қамтамасыз болған да дұрыс,дегенмен,білім сарқылмас байлық,көкірегіңді нұрландыратын,рухани сарқылмас қазынаң,ол өмір бойы сенімен мәңгілік бірге болады.

«Адам анадан туғанда есті болмайды; естіп,көріп,дәмін татып ескерсе,дүниедегі жақсы,жаманды ажырата біледі».

«Естілген нәрсені ұмытпасқа төрт себеп бар;бірінші-көкірегі байлаулы берік болмақ керек, екінші-сол нәрсені естігенде немесе көргенде үлгі алу керек,көңілденіп,тұшынып, ынтамен ұғу керек;үшінші-сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып,көңілге бекіту керек.»

Жас достар!

Ұлттың келешегін анықтап беретін және оның бүкіл болмысын ашатын ең қасиетті, әрі аса қажетті мәселе-БІЛІМ!

Баланың жақсы азамат болып өсуі қазір де білім мен тәрбие саласында еңбек етіп келе жатқан ұстаздардың,тіпті қарапайым отбасының да көкейтесті мәселесі болып отыр.Алдағы ең күрделі мәселе-ҰБТ.

Ұлттық бірыңғай тестілеуді табысты тапсыруға және де кездейсоқ жағдайларда өзін-өзі қалыпты ұстауға,психологиялық тұрғыдан қалыптастыру әр оқушының өз қолында.Алдағы уақытта өзіңді қалыптастыр:

-біріншіден,емтиханға жетістіктің 10% ол психологиялық дайындыққа байланысты.Сондықтан,ҰБТ арналған кітапшаларды негұрлым көбірек сатып алып оқы және де оның мәнін түсінуге тырыс,соғұрлым ұтымды;

-емтихан кезінде реттілікпен жауап беру шарт емес, бірінші кезекте жеңіл,оңай,өзің білетін сұрақтарғажауап беруден баста.Өйткені сен шаршамайсың және уақыттан ұтылмайсың;

-екіншіден өзің қиындық келтіретін күрделі сұрақтарға көш.Бұл әдістер,сен үшін ұтымды және тиімді;

-өзіңді сенгіштікпен әуре етпе,өзіңе сен,өзіңді алып шығатын білімің мен ақылыңа сүйен.Есіңде болсын,дұрыс жауаптар тек емтихан тапсырған күні ғана белгілі болады.Босқа әуре болып уақытыңды (алаяқтарға сеніп)өткізіп алма.

Уақыт жақындаған сайын сансыз сұрақтар мазалай бастайды.,Жоғары оқу орнына түсе аламын ба? деген сан сұрақтардан мазасызданып қобалжудан үрей пайда болады.

”Еш нәрседен де қорықпаушылық табиғатта жоқ нәрсе”.Қорқыныш сезімі барлық тіршілік иесіне тән және барлық жерде бар.Бірақ қорқынышты жеңуге болады. Немен?Жалпы алғанда,мәжбүр ету жолымен,жекелей алғанда,ішкі және сыртқы әсер ету арқылы мәжбүр ету,яғни өзін-өзі мәжбүр етеді (ұят,адамгершілік,ар-ождан,парызды сезіну) және сыртқы мәжбүр ету,яғни қоғамдық мәжбүр ету.(өзінің намысы мен адамгершілігін ұят сезімі мен масқара болудан сақтай отырып), қорқынышты жеңуге,міне осылар көмектеседі.Өз еркімен қорқынышты ешкім де жеңе алмайды,тек қана мәжбүр ету жолымен ғана жеңуге болады.”Қорқыныш, үрей,сенімсіз сезімдерінен қалай да тезірек арылуға әрекет жасау.Егер ескі әдетпен сарыуайымға салынып,қамығып,көңіл күйіңіз төмендей бастаса:

-Мен тек жеңіс үшін жаралған жанмын;

-Мен бұл өмірде табысты болу үшін ғана өмір сүремін;

-Менің табысқа жетерлік күш-қуатым бар,-деп өз өзіңе сенсең,қанша дегенмен,өзіде ерекше өзгеріс болғндығын байқайсың.Өзіңе-өзің қайрат бер,жақсылықтан үміттен.Өзіңе сен,сенім бар жерде үміт бар жерде болашақ бар,соны ұмытпа.

Қазірден бастап өзіңе жеке жоспар құр.

Егер адам баласында өзіне деген сенім мен жігердің ұшқыны байқалмаса,ондай адамдар өз өміріне мақсат қоя алмайды.Сол себептен де адамзат баласының өзіне және болашақ өмірге деген менім мен ынтасы болуы тиіс.Сонымен,біз өзімізге өзіміз ант етеміз,санаулы күндеріміз қалды,әр күнімізді босқа өткізбей, уақытты ұтымды пайдалануға белсенді кірісуіміз керек.

''Сен ешбір жаңа нәрсе меңгермеген және өзіңнің біліміңе ештеңе қоспаған әр күнді немесе сағатты бақытсыз сана''дейді Я.А.Коменский.

Ол үшін артық жүрістерді қысқарту,ұялы телефоннан бас тарту,өзіңе қатаң талап қойып,күн демей,түн демей,оқу,іздену,қосымша сабақтарға қатысу,жалпы табандылықпен,қажырлықпен ұлттық біріңғай тестілеуге дайындалу.

Бауыржан Момышұлының ”Тәртіпке бас иген –құл болмайды”,-деген қанатты сөзі әр уақытта жадыңда болғаны дұрыс.

Өзіңнің қажырлығыңның арқасында арманың мен еңбегіңнің жемісін көретініңе сеніміміз мол.Яғни нәтежиелі еңбектің 98% еңбек арқылы,ал 2% пайызы ғана дарын деген екен Томис Эдисон.Талант еңбекпен,яғни ізденумен келетінін біл.

Емтиханға қалай дайындалу керек?

Қиын жағдайдан шығуда асығыстық жасамай,өз алдыңа мақсаттан тыс жетістікке жетуде үлкен міндеттер қойма.Жағдайдың қиындауын күтпе.

Емтиханға даярлықты ертерек баста.

•Егер күшің мен ойыңды жинақтау қажет болса,алдымен ең оңайын есте сақтауға тырыс,содан соң қиын материялдарды зерделеуге кіріс.

Шаршағанды басатын жаттығуларды күн сайын жаса.

Егер көзің талса;

Емтиханға дайындық кезінде көзге үлкен күш түседі.Егер көзің талса ағзаң да шаршайды.Емтихан тапсырмаларын орындауға күшің жетпеуі мүмкін.

Көз демалу үшін кез келген екі жаттығуды жаса;

*жоғары төмен кезек-кезек қара/25 сек/ оңға-солға/15 сек/.

*көзбен өз аты-жөніңді жаз.

*алыста тұрған затқа қарап/20 сек/,содан соң алдыңдағы қағазға/20 сек/ кезекпен қара.

*көзбен квадрат,үшбұрыш сыз,алдымен сағат тілі бағытымен,кейін қарсы бағытта.

Күнді үш бөлікке бөл:

*8 сағат емтиханға дайындал;

*Спортпен айналыс, таза ауада жүр,музыка тыңда.

*8 сағаттан кем ұйықтама,түскі тамақтан кейін де ұйықтауға болады.

*Сабаққа дайындалатын уақыт таңертеңгі 11.00 –ден және түстен кейін 16.00-ге дейін./Және де ұйқыға дейін ,таң азанмен/ Осы аралық оқыған материалдар есте сақтауға тиімді уақыттар.

Тамақтану;

*3-4 рет дәруменге бай, құнарлы тамақ ішу керек.Грек жаңғағы,сүт тағамдары,ет,балық, көкөніс,жемістер,шоколад тағамдарымен тамақтан.

Сабаққа дайындалатын орын;

*Өз жұмыс кеңістігіңді дұрыс ұйымдастыр.Үстелге сары және сия түсті зат немесе сурет қой, бұл түстер интеллектуалдық белсенділікті арттырады.Демалыс,үзіліс сәттерінде жасыл, көгілдір түстердің болғаны жақсы.

Материалды қалай есте сақтауға болады?

*Ең бірінші, есіңе түсіріп қысқаша бәрін жаз, негізгі оқиғаларды, дәлелдердің дұрыстығын тексер.

*Оқулықты оқи отырып,ең негізгі пікірлерді бөліп ал-бұл жауаптың тірек бөлімдері. Жауаптың жоспарын құрып, жауабын кішкене қағаздарға жаз.

*Есте сақтаудың тиімді түрлері;

Есте сақтаудың жетеші түріне сүйену керек.Көлемді және шағын материалдармен жұмыс істегенде,үлкенінен бастаған дұрыс.

*Есте сақтаудың шоғырланған түрінен гөрі үлестірмелі түрі тиімдірек.

*Бәрінен де тиімдісі саналы түрде есте сақтау.Сондықтан материалды ойланып,аздап оқу тиімді.

*Бірнеше рет жай оқығаннан гөрі,есте сақтай отырып оқуға жіберген уақыт тиімдірек.

Жұмыс қабілетін сақтау шарттары;

*Ой және дене еңбегін алмастыру керек.

Гимнастикалық жаттығулар жасағанда баспен тұру, тоңқалаң асу жаттығуларын көбірек жасау керек,бұл жаттығулар ми жасаушаларына қанның құйылуын күшейтеді.

*Көзді сақтау керек, әр 20-30 минуттан соң үзіліс жасау керек./Кітаптан көзді алып, алысқа қарау/

*Теледидар хабарларын неғұрлым аз қарау .

Ойлау қабілетін қалай дамыту керек?

*Егер көп білгің келсе мұқият тыңдауды, дұрыс жауап беруді үйрен.

*Ойлау қабілетің болмаса білімің де болмайды.

*Ойлау қабілетіңді дамытсаң санаңды біліммен толықтырасың.

*Білім көзі-кітап, мектеп,теледидар, адамдар.Олар заттар,құбылыстар, адамдар туралы ақпарат береді.

*Ойлау қабілеті сұрақтардан басталады.Неге? Қалай?Оларға сұрақ қойып және жауап бере біл.

*Ойлау қабілетін дамыту үшін затты, құбылысты жан-жақты тани, көре білу керек, жаңалықты бірден байқа.

*Заттардағы әр түрлі белгі, құбылыстардың арасын салыстыру, байқауда да ойлау қабілеті керек.

Жас достар сендерге СӘТТІЛІК тілеймін.!


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 11 класс

Скачать
?БТ-?а дайынды?та о?ушыларды ?олдау

Автор: Адильгереева Гулжан Сапиевна

Дата: 12.02.2015

Номер свидетельства: 172027


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства