kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тату доспыз б?ріміз

Нажмите, чтобы узнать подробности

Білім беру саласы:?леуметтік орта.

Б?лімі: ?зін – ?зі тану

Та?ырыбы: «Тату доспыз б?ріміз»

Ма?саты: Балаларды? досты? туралы ??ымын ке?ейту ж?не на?тылау. Достар?а деген жа?сы ?арам-?атынасты дамыту. Досты?ты ?адірлей білу, бір-біріне к?мек к?рсету ж?не  ?ам?ор болу?а т?рбиелеу.

?олданылатын к?рнекі-??ралдар: Слайд, к?нні?, б?лтты? суреті, мультфильм кейіпкерлеріні? суреттері, достарды? суреттері, ма?ал-м?тел жазыл?ан плакаттар, кейіпкерлерді? бастарына киетін атрибуттар

С?здік ж?мыс: Дос, татулы?

Билингвалды компонент: Дос-друг

                              Бота-верблюжонок

                              К?шік-щенок мысы?-кошка.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тату доспыз б?ріміз »

Білім беру саласы:Әлеуметтік орта.

Бөлімі: Өзін – өзі тану

Тақырыбы: «Тату доспыз бәріміз»

Мақсаты: Балалардың достық туралы ұғымын кеңейту және нақтылау. Достарға деген жақсы қарам-қатынасты дамыту. Достықты қадірлей білу, бір-біріне көмек көрсету және қамқор болуға тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі-құралдар: Слайд, күннің, бұлттың суреті, мультфильм кейіпкерлерінің суреттері, достардың суреттері, мақал-мәтел жазылған плакаттар, кейіпкерлердің бастарына киетін атрибуттар

Сөздік жұмыс: Дос, татулық

Билингвалды компонент: Дос-друг

Бота-верблюжонок

Күшік-щенок мысық-кошка.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Сәлеметсіңдер ме, балалар! Балалар, бүгін бізге қонақтар келіпті қане қонқтармен амандасайық. Қане балалар, шаттық шеңберіне тұрайық.

Шаттық шеңбері:

Армысың досым,

Кел, маған қосыл

Алақанға салып алақан,

Шеңберге бірге тұрайық

Жер шарындай айналып,

Әлемге жарық ұқсайық

Қолымызды көтеріп,

Күннің нұрын алайық

Ортамызда күн нұры,

Құшаққа оны алайық.

Балалар, орыңдарына отырыңдар.

Сәлеметсісдер ме!




Балалар шеңберге тұрады.


Қолымен шақырады

Қолдарын ұстайды

Айналады


Қолдарын көкке созады


Құшақтасады

Ұйымдастырушы

ізденуші

-Балалар, кім айтады 1 жылда қанша мезгіл бар?

- Дұрыс. Кім олардың атын айтып береді?

- Қазір далада қай мезгіл?

-Қыс мезгілінің айларын кім айтады?

-Ал сендер қыс мезгілі туралы тақпақ білесіңдер ме?


















- Жарайсыңдар! Ал, енді мында слайдқа назар аударыңдар, суретте не көріп тұрсыңдар? Балалар не істеп жатыр? Олар кімдер?

- Дұрыс айтасыңдар балалар бұл суреттен бір-біріне қамқор, тату, адал достардың суреттерін көріп тұрмыз

- Балалар, бүгін біз достық және татулық туралы әңгімелесеміз.

Сендер сыр бөлісетін, бірге ойнайтын, қиын кезде көмектесетін кім?

-Достық дегеніміз не?

-Достық дегеніміз екі адамның арасындағы сыйластық. Достар бір-бірін жақсы түсінеді, бірге жүргенді ұнатады.

- Ал сендердің достарың бар ма?

- Айта қойшы сенің досың кім?

- Жарайсыңдар!

-Балалар, седерге ертегі тыңдаған ұнайды ма?

Олай болса мен сендерді ертегіге алып барайын. Бірақ ертегіге бару үшін "Достық неден басталады, достыққа не жарасады?" ойынының сұрақтарына жауап берулерін керек.

Ойын: Достық неден басталады, достыққа не жарасады?

Шарты: Психолог төмендегі сөздерді айтады, балалар оған келісіп "Иә" деп жауап беріп, қолдарын шапалақтайды. Келіспесе, "Жоқ" деп жауап береді.

Балалар қазір мен сендерге достыққа жарасатын және жараспайтын сөздерді айтамын сендер соларды ажыратып жарастын сөздерге «Иә» деп шапалақ ұрасыңдар, егер достыққа жараспайтын сөз айтсам «жоқ» деп жауап бересіңдер.

Достық танысудан басталады ма?

Достыққа қамқорлық жарасады ма?

Достық төбелестен бастала ма?

Достыққа мейірімділік жараса ма?

Достық режісуден басталады ма?

Достыққа адалдық жарасады ма?

Достық мазақтаудан басталады ма?

Достық бірлікте бастала ма?

Досыққа сүйіспеншілік жараса ма?

- Балалар, тамаша!"Достық әлемінде" шынайы адал достыққа жарасатын құнды қаситтермен таныстық. Ал енді ертегімізді бастасақ болады. Ертегіміздің аты «Дос іздеген бота» деп аталады.

Ертегі: «Дос іздеген бота»

Ән: "Достық"

Рахмет сендерге балалар! Енді балалар ертегі кейіпкерлерін бізбен дос болуға шақырып, оларға достық туралы жаттаған тақпақтарымызды, мақал - мәтелдерімізді айтып берейік.


































Сергіту сәті:


Балалар, мен сендерге сиқырлы суреттер алып келдім, енді сол суреттермен ойын ойнайық. Ойынның аты: «Кім кімнің досы?» деп аталады. Тақтада ілінген мультфильм кейіпкерлерінің суреттеріне столда жатқан суреттерден достарын тауып көмектесейік.

Дамытушы ойын: "Кім кімнің досы?"

-Жарайсыңдар!

Шығапмашылық жұмыс «Ботаның суретін бояу»

Енді бүгінгі ертегіміздің кейіпкері ботаның суретін бастырма әдісі арқылы бояп, ботаның достарын көбейте түсейік. Қане, столға келе ғойыңдар, кім суретті бояп бітсе сол татаға әкеліп іле берсің.


-Бір жылда төрт мезгіл бар. -Көктем, жаз, күз, қыс.

-Қазір қыс мезгілі

-Желтоқсан, қаңтар, ақпан.


Балалар тақпақтарын айтады.


Қандай Жақсы қыс деген

Қалтырайды құс деген

Құлақшынды кимесең,

Құлағынды тістеген


Қар жауып тұр себелеп,

Қалтыраған бауларға...

Бейне құйттай көбелек

Қонып жатыр талдарға.


Қыс дегенің аймақта

Қатып қалған қаймақ па?

Құлдыраймыз шанамен

Қыр басынан сай жаққа

Балаларды

Балалар ойнап жатыр. Олар достар.







Дос






Иә



Иә















Иә

Иә

Жоқ

Иә

Жоқ

Иә

Жоқ

Иә

Иә










Достар бірге жүреміз

Бірге ойнаймыз күлеміз

Бірге балық аулаймыз

Міне біздер қандаймыз.


Әрқашан дос біргеміз

Ажырамас іргеміз

Ту ғып ұстап бірлікті,

Тату - тәтті жүреміз


Достар тату-тәттіміз

Болса қолда тәттіміз

Біз бөлісіп жатамыз

Бәріміз дәм татамыз


Жақсымен жолдас болсаң,

Жетерсің мұратқа.

Жаманмен жолдас болсаң,

Қаларсың ұятқа.


Жақсы жолдас - жанға серік,

Жаман жолдас – малға серік.

Татулық – достық кепілі


Адал дос алтыннан да қымбат


Достық бірлікте,

Бірлік түбі- береке


Ақылсыз достан ақылды дұшпан артық


Балалар ойын шарты бойынша мультфильм кейіпкерлеріне достарын тауып береді.

Баллалар ботаның суретін бояп, тақтаға іледі.

Рефлексті коррекциялау кезеңі

Балалар тақтаға қарай қойыңдар! Мұнда достық әлеміндегі аспандағы күнді бұлт басып қалыпты. Сол бұлттарды тарқатып, күніміз жарқырасың десек, бұлттардағы сұрақтарға жауап берейік.

-Балалар, ертегіде өзіне дос іздеген кім еді?

-Бота өзіне дос іздеп жүріп бірінші кімді кезіктірді?

-Одан кейін бота кімді жолықтырды?

-Үшінші бота кімді кездестірді?

-Ең сонында бота кімді жолықтырды?

-Жарайсыңдар, балалар!

Балалар сендер достық әлемінің бұлттарын тарқатып, күннің жарқырап шығуына көмектестіңдер. Сол үшін достық әлемінен сендерге керемет сыйлық келіпті, ғажайып жұлдызшалар. Қане жұлдызшалардың жапсырмаларын ашып, кеудемізге тағып алайық.

Енді «Достық әнің айтып» тобымызға қайтайық.








Бота

Лақты



Итті

Мысықты


Араны


Күтілетін нәтиже:

Нені білді: Достық туралы ұғымды

Нені игерді: Достарға деген жақсы қарам-қатынасты.

Нені меңгерді: Достықты қадірлей білуді, бір-біріне көмек көрсету және қамқор болуды.




















«ТАРАЗ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ

№37 «БӘЙТЕРЕК» БАЛАБАҚШАСЫ» МКҚК







Тату доспыз бәріміз








Психолог: Толеутаева А.С.















Тараз 2015 ж




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Планирование

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Тату доспыз б?ріміз

Автор: Толеутаева Арайлым Серикбаевна

Дата: 12.04.2015

Номер свидетельства: 200424


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства