kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Суицидке кімдер жауапты немесе одан шы?уды? жолы бар ма?

Нажмите, чтобы узнать подробности

                                                                                 №54 негізгі мектебі

 Кеше ?ана жар?ын к?н к?лімдеп, бау-ба?шада ??стар сайрап, ?мір ма?ан ?ызы?ты да ?сем ертегідей еді. Кенеттен к??іліме б?лт торлап, ?андай да бір к??іл толмаушылы?, реніш, себепсіз ашу кернеп, к??іл-к?йім т?сі?кі, ?зімні? ешкімге керек еместігімді т?сіндім.

 Міне, осылай адам бойында?ы депрессия кенеттен пайда болып, кейде ?те ?за? жал?асуы м?мкін. Ол бірден тез ?тіп кетеді, не болмаса тере? де созылмалы т?рде болады. ?андай жа?дайда да депрессия –т?рлі эмоциялар, елестетулер, еске алулар мен ойларды? жиынты?ы. ?детте, депрессияны бойынан кешіретін адам оны? не себептен екендігін аны?тай алмай ?лек болады.

 Депрессиялы? жа?дай?а т?скен адам жиі агрессиялы (?рыс?а, ?а?ты?ыс?а бейім) болады. Сонымен бірге, оны? агрессиясы бірінші кезекте ?зіне, содан со? жа?ынына ж?не ?орша?ан ортасына ба?ытталады. К?п жа?дайда жа?ындары немесе ?орша?ан ортасы оны? бойында?ы ?згерістерді т?сінбейді де, ?абылдай да алмайды. Ал б?л оны к?птеген ты?ыры???а тіреп, со?ы суицидке ?келіп со?уы м?мкін.

 «Суицид» латын тілінен алын?ан «?зін-?зі ?лтіру, ?зіне ?ол салу» деген ма?ынаны білдіреді. Та?ы бір синонимдік ма?ынасы-?аса?ана ?з ?мірін ?ию. ?азіргі та?да ?зіне-?зі ?ол салу мінез-??л?ы біржа?ты патологиялы? т?р?ыдан ?арастырылмайды. Б?л ?рекет к?п жа?дайда есі д?рыс адамны? мінез-??л?ы. Сонымен бірге, ?зіне-?зі ?ол салу?а ?атысты ?рекет.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Суицидке кімдер жауапты немесе одан шы?уды? жолы бар ма?»

Суицидке кімдер жауапты немесе одан шығудың жолы бар ма?

Қоқымбаева Индира Болатқызы

Педагог-психолог

№54 негізгі мектебі

Кеше ғана жарқын күн күлімдеп, бау-бақшада құстар сайрап, өмір маған қызықты да әсем ертегідей еді.. Кенеттен көңіліме бұлт торлап, қандай да бір көңіл толмаушылық, реніш, себепсіз ашу кернеп, көңіл-күйім түсіңкі, өзімнің ешкімге керек еместігімді түсіндім..

Міне, осылай адам бойындағы депрессия кенеттен пайда болып, кейде өте ұзақ жалғасуы мүмкін. Ол бірден тез өтіп кетеді, не болмаса терең де созылмалы түрде болады. Қандай жағдайда да депрессия –түрлі эмоциялар, елестетулер, еске алулар мен ойлардың жиынтығы. Әдетте, депрессияны бойынан кешіретін адам оның не себептен екендігін анықтай алмай әлек болады.

Депрессиялық жағдайға түскен адам жиі агрессиялы (ұрысқа, қақтығысқа бейім) болады. Сонымен бірге, оның агрессиясы бірінші кезекте өзіне, содан соң жақынына және қоршаған ортасына бағытталады. Көп жағдайда жақындары немесе қоршаған ортасы оның бойындағы өзгерістерді түсінбейді де, қабылдай да алмайды. Ал бұл оны көптеген тығырықққа тіреп, соңы суицидке әкеліп соғуы мүмкін.

«Суицид» латын тілінен алынған «өзін-өзі өлтіру, өзіне қол салу» деген мағынаны білдіреді. Тағы бір синонимдік мағынасы-қасақана өз өмірін қию. Қазіргі таңда өзіне-өзі қол салу мінез-құлқы біржақты патологиялық тұрғыдан қарастырылмайды. Бұл әрекет көп жағдайда есі дұрыс адамның мінез-құлқы. Сонымен бірге, өзіне-өзі қол салуға қатысты әрекет.

Жасөспірім кезеңде суицидалдық мінез-құлықтың кейбір өзгешеліктері болады. Жасөспірім арасында ересектерге қарағанда өзіне-өзі өлтіруге әрекет жасау жиі кездеседі. Бірақ олардың аз ғана бөлігі өздерінің қойған қойған мақсатына жетеді. Суицидалдық мінез-құлық бұл жаста көп жағдайда демонстративтік сипат, сонымен бірге байбаламдық сипат алады. Психолог-ғалым А.Е.Личконың көрсеткеніндей, тек қана жасөспірімдердің 10 пайызы шынайы өлгісі келетін ниет білдірсе, ал 90 пайызы көмекке шақырған жан-айқайы болып есептелінеді.

Міне, осы жағдайлардың барлығында психолог пен отбасының көмегі қажет. Өкінішке орай, көпшілік психолог қызметінің не екендігін және оның не үшін қажеттігіне мән бермейді. Психологты көп жағдайда психиатрмен шатастырады, сондықтан да оның алдына баруға ұялады. Ал бұл екеуінің арасында айырмашылық бар. Қарапайым сөзбен айтқанда, психиатр ауруларды емдейді, ал психолог-психикалық тұрғыдан сау адамдарды. Дегенмен, депрессиялық жағдайда адамға көбінесе отбасы мүшелерінің шынайы қамқорлығы, жақындығы, түсіністігі мен демеуі қажет.

Осы жағдайда мектеп балаға қандай көмек бере алады? Мектеп психологы-бұл кешегі мұғалім, бүгінгі жас маман. Психологиялық қызметтің мазмұнын түсініп, игерген адам оны жақсы меңгеріп кетуі ықтимал.

Қазіргі кезде мектептегі психологиялық қызмет өз деңгейінде атқарылмайды деген пікірлер көп айтылуда. Оның себебі неде? Мектеп психологы қандай жағдайда жұмыс істеуде? Талдау жасап көрелік.

Біріншіден, психологтарды мектепке қабылдау алдында олардың психологиялық біліміне, тым болмағанда, осы қызметке деген қызығушылық деңгейіне мектеп басшылары тарапынан көңіл бөліне ме?

Екіншіден, адамның жан-айқайын тыңдау үшін оңаша, ешкім кедергі келтірмейтін бөлме қажет. Мұндай арнайы бөлме мектепте бар ма? Бар болса, қандай жағдайда? Психолог бөлмесінің талабына сай келе ме?

Үшіншіден, мінезінде ауытқуы бар (девиантты), проблемалы балалармен, мұғалімдермен және ата-аналармен жүргізілетін топтық жұмыстар (тренингтер) үшін кең бөлме қажет. Ал қазіргі уақытта психологтарда бұл жағдай қарастырылмаған.

Төртіншіден, балалармен, мұғалімдермен жүргізілген зерттеулердің нәтижесін өңдеу жұмыстары көп уақытты талап етеді. Ал психолог кезекшілікте тұрса, көше араласа, бұзық балалармен полиция бөліміне барса, қалған жұмыс қашан атқарылуы мүмкін?

Бесіншіден, психолог маманының жалақысының төмендігі. Алатын айлығы шайлығынан ауыспайтын жалақымен кім жақсы көңіл күйде жұмыс жасағысы келеді? Таңның атысы кештің батысына дейін атқаратын жұмысы шаш етектен болса..

Әрине, білікті психолог маман әрқашан да көмек беруге дайын екендігіне күмәніміз жоқ екені ақиқат.

Суицидтік мінез-құлықты жоғарылайтын кезі

- "Суицидтік жастың үдеуі” кезеңі /17-24 жас аралығы/;

- Адамның өз ойларымен оңаша болатын таңертеңгілік және кешкі уақыт;

-Жанұядағы немесе айналадағы моралдық-психологиялық жағдайдың қиындығы.

Суицидке бағдарланған адамның негізгі психикалық жағдайлары:

-Стерске қарсыласа алмау, түңілгендік сезімі, шешімсіздік (шындықты жеткіліксіз қабылдау);

- Жағдайды өзгертуге қабілетсіздік (алдағы уақытта оң өзгерістерге үміт жоқ);

- Мәселені шеше білу дағдыларының болмауы (тұйыққа тірелу);

Тек "өзімді өлтіру бәрін шешеді”деген ойға сенімділік.

Қиындықтан құтылудың жалғыз жолы – өз-өзіне қол жұмсап, ажал құшу болмаса керек. Оны «ойланбастан шешім қабылдаудың салдары» деп түсінген кезде оны шешудің жолдарын таба алмай, осы дертке шалдығып жатады.

Суицид қалай және қайдан пайда болады? Оның басты себептері не?Суицид түрлері:
Шетелдік ғалымдардың пі­кірінше, суицидтің үш түрі бар көрінеді. Оның біріншісі – шынайы суицид. Мұндай жағ­дайда адам өмір­ден түңі­леді, үнемі көңілсіз жү­реді. Өмір сүрудің мән-ма­ңызын жоғалтады. Ақыры өзіне-өзі қол жұмсауға бел байлайды. Екіншісі – жариялы суицид. Әдетте, мұндай жолды таң­дағандар өлместен бұрын өлгісі келетіндігіне өзгелер­дің назарын барынша ауда­руға бейім тұрады. Мәселен, біреумен ренжіссе бол­ға­ны қолына суық қару немесе ар­қан-жіп ала жүгіріп, «өлем» деп өзгелерді үрейлендіргісі келе­тіндер осы топқа жа­тады. Ал үшінші бір түрі – жасырын, яғни құпия суицид. Бұған барғандар өзіне-өзі қол жұмсаудың жақсы еместігін, абырой әпермейтінін жақсы түсінеді. Алайда оларға тір­лікте кездескен қиын­дықтан шығатын жол жоқ болып көрі­неді. Бұған көп­шілігінде на­шақорлар мен ішімдікке са­лы­нып кеткендер дайын тұрады.

Жастардың арасында өнеге жоғалып кеттi. Тәрбиенiң негiзi - өнеге. Суицидтiң көбейiп кетуiнiң өзiндiк себебi - осы.

Бiрiншiден, отбасындағы тәрбие нашарлап кеттi. Демографияға үлес қосып, көп баланы өмiрге әкелiп жатқандар бар. Алайда оларды асырай алмай, дұрыс киiм кигiзе алмай, тiптi дұрыс тамақ iшкiзбейтiн отбасы көп. Сосын ол бала өзiн мектептегi құрбысынан төмен сезiнедi. Намыс - балалардың бойында туғаннан болады. Кейде баланың мазаққа шыдай алмай өз-өзiне қол жұмсап жатуы сондықтан.


Екiншiден, тағдырдың жазуымен баланы некесiз дүниеге әкелетiн аналар бар. Ол екiқабат болған күннен бастап, өзiн тастап кеткен жiгiттi де, iштегi шаранасын да қарғап-сiлейдi. Мiне, осындай ананың құрсағында жатқан нәрестеде қандай тәлiм-тәрбие бар? Ол бала туғаннан бақытсыздыққа ұшырайды. Оның психикасында ауытқу пайда болады. Бiле бiлсек, қазақта бала көтерген келiндi түн әлетi жалғыз далаға шығармаған. Оған түрi қорқынышты адамды көрсетпеген. Өйткенi оның бәрi iштегi балаға зиян деп бiлдi.Қазiр бәрi керiсiнше.
Үшiншiден, қазiр балалар неше түрлi фильмдердi көредi. Бiрде Америкаға барған сапарымда телеарнада бiздегiдей зұлымдық сарындағы кинолардың берiлмейтiнiне куә болдым. Атыс-шабыс, қырып-жоюды насихаттайтын фильмдi көрген бала соны iстегiсi келедi, елiктейдi, суық қаруға үйiр болады. Қысқасы, соның бәрiн өз басынан өткеруге бел буады.

Төртiншiден, мектепке қымбат телефонның түрiн ұстайтын оқушылар көп. Оған әлеуметтiк тұрмысы төмен отбасының баласы қызығып: "Менде мұндай телефон неге болмайды? Әке-шешем неге сатып әпермейдi?"-деп ызаланады. Бұл мектепте бiрыңғай тәртiп пен талаптың жоқтығынан болып отыр. Тәртiптiң жоқтығы соншалық, кейбiр жоғары сынып оқушылары үзiлiс кезiнде сыра iшiп отырады.
- Қазiр мұндай оқиғалардың күн санап көбейiп кеткенiн естiп те жүрмiз. Бiрақ та осыны телеарнадан ашықтан-ашық көрсетудiң қажеттiлiгi бар ма? Бұл баланың психикасына әсер етпей ме?

Ең алдымен жасөспірім оқушылар арасында суицидтің орын алуына телеарналар арқылы апта, тіпті күн сайын шектеусіз көрсетіліп жатқан, кейіпкерлері алуан түрлі әдістермен өлім құшатын шетелдік фильмдердің көбейіп кетуі ықпал етуде. Өйткені мектеп жасындағы оқушы әсершіл, көргенін қайталауға бейім тұрады. Бұл жерде, ата-ана мен ұстаздың тәрбиесі мықты бо­луы тиіс. Бұл – бір! Екіншіден, елімізде қаптап кеткен компьютер клубтары немесе үйдегі компьютер жасөспірімнің санасын улаған үстіне улай түсуде. Өйткені осындағы үрейлі фильмдерді былай қойғанда, алуан түрлі сайтан сайт­тардың бала­ны өзіне әп-сәтте тартып ала­тыны даусыз. Оның үстіне мұндай сайт­тар­дың қайсыбіреулерінің егер өмірден түңіліп жүрсең, еш қиын­дық­сыз о дүниеге аттанып кетуге болатындығын оп-оңай-ақ, жілік-майын шағып түсіндіретінін қай­тер­сіз?.. Ал мұндай сайтқа кірген ба­ланың жүйкесі әп-сәтте уланып шығатыны және ондай жасөспірімнің кез келген нұсқауды өзі арқылы «сы­нақтан» өткізуге дайын тұратыны белгілі. Бұл – өте қауіпті! Сонда, бұдан құтылудың жөні бар ма? Әрине, бар!

Райынан қайтаруға болады

Өзіне-өзі қол жұмсау әрекеті аяқталған яғни, өлімге соқтырған және аяқталмаған (адамның тірі қалуы) болып екіге бөлі­неді. Сондай-ақ ол мақсатына қарай нағыз (өзін-өзі құрбан ету мақсатында) және қыр көрсету, ниетіне жету мақсатында басқа адамдардың әдейі аяушылығын туғызу әре­кеті болуы да мүмкін.

Қандай жағдайда да өмірден баз кешіп, бәрінен жалығып, түңіліп, өлімге бет бұрған адамды ажалдан алып қалудың жолдары, амалдары бар еке­нін ұмытпайық. Ол үшін жабырқап жүрген адамның жанын не жаралайтынын біле жүрген жөн. Бұл әрекет оны ойландырып, өзін сыйлайтын, қа­дірлейтін адам барын ұғындырады, сол арқылы райынан қайтарады. Содан кейін қандай қиын жағдайда да тығырықтан шығатын жол болатыны жайлы жиі әңгімелескен жақсы. Мұндай әңгіме әсі­ресе жаңа босанған әйелдерге, өтпелі кезеңдегі жас­өспірімдерге, отба­сында кикілжің орнаған, ажырасқан жандарға керек-ақ. Олар бұл қиындықтан кейін де өмір барын, оның жалғасатынын ұғыну керек.

Өлуге әрекет еткен адамды қайта қалыптастыру шараларына оның жақын туыстары, достары, сүйіктісі, дәрігер де белсене араласуға тиіс. Бірақ ешбір іс-әрекетте жасандылық болмасын. Ал айтылған сыр сол арада қалуы керек және ешқашан есіне түсірмеуге тырысқан жөн. Бастысы, өмірден түңілген жан өзі­нің өзгелерге керек екенін ұғынғаны дұрыс. Сонда бақытсыздықтан айналып өтуге болады.

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Жарықбаев Қ, Жантануға кіріспе/ Алматы, 2005ж.

  2. Көмекбаева Л.К. Білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметті ұйымдастыру.-Алматы.2003ж;


№54 негізгі мектебінің педагог-психологы: Қоқымбаева Индира Болатқызы






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Планирование

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Суицидке кімдер жауапты немесе одан шы?уды? жолы бар ма?

Автор: Кокымбаева Индира Болаткызы

Дата: 18.12.2015

Номер свидетельства: 267638


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства