kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Психологиялық тренинг "Сіз қандай ұстазсыз?"

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Сіз қандай ұстазсыз?" тақырыбындағы психологиялық тренинг жас мамандарға бағыт-бағдар көрсету мақсатында жоспарланған.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Психологиялық тренинг "Сіз қандай ұстазсыз?"»

«Сіз қандай ұстазсыз?» тақырыбындағы психологиялық тренинг


Мақсаты:Жас мамандарға психологиялық тұрғыда практикалық-теориялық көмек көрсету.

Тренинг түрі: сайыс, ой қозғау

І.Кіріспе бөлім: Құрметті ұстаздар!

Бүгін біз жас мамандарға психологиялық қолдау көрсету, алдағы жұмыстарына бағыт-бағдар жасау мақсатында тәлімгерлерімен бірге психологиялық тренинг өткізгелі отырмыз.

Жас маман мектеп табалдырығын алғаш рет аттаған бүлдіршін тәрізді. Оған дұрыс жол сілтеп, жетістіктерге жетуіне тәлімгерімен бірге ынтымақтаса жасаған жұмысы өз септігін тигізеді.

Дүниеде мұғалімдіктен асқан құрметті мамандық жоқ. Бұл өте қиын да күрделі сала. Нағыз мұғалім өзі оқытатын пәнді, соған байланысты ғылым саласын терең біліп, балаларға дұрыс жеткізе білуі керек.

Оқушылардың интеллектуалдық дәрежесінің күннен-күнге артуына байланысты мектепте жұмыс істеу барған сайын күрделеніп келеді. Қазіргі заман талабына сай мұғалім – білімді, интеллектуалды, ғылым мен техникадан, өнер мен саясаттан жан-жақты хабардар болуы тиіс. Балалар терең білімді, адамгершілік және танымдық тәжірибесі мол, мінезге бай мұғалімді ғана жоғары бағалайды. Мұғалім ашу үстінде ешқандай шешім қабылдамауы тиіс. Әділетсіздік, ашуланшақтық, дөрекілік - мұғалім бойындағы ең үлкен кемшілік болып табылады. Сабақ барысын әділ бағалауымен қатар, әдебі мол, көңілді, жайдары болса, мектепте одан беделді адам болмайтыны түсінікті. Күннен-күнге дамып, өркендеп келе жатқан елімізде, білім саласында мұғалімдердің сыртқы келбет мәдениетіне, дауыс дикциясына, сөйлеу шеберлігіне де ерекше мән берілуде. Өйткені жас ұрпақ тәрбиесі қай заманда болмасын уақыт сөресінен түскен емес.

Кезеңдері:

1.Таныстыру (мамандығына сәйкес)

2.Тәжірибе алмасайық!

3. «Құнды сөз – құнарлы ойдан шығады»

/жас мамандардың сөйлеу мәнері, өзіндік ой сараптамалары тыңдалып, бағаланады/

4.Тәлімгерлер тартысы

5.Сұрақтар әлемі.

- мамандығы бойынша сұрақтар

- логикалық сұрақтар

- педагогикалық сұрақтар

6. «Баланың жан дүниесін қалай түсінесіз?»

7. Қорытынды.

Әділқазы мүшелері:

1. Т.Айдарқұлов – мектеп директоры

2.П.Көпбаев – тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

3.Г.Әміреқұлова – бастауыш бірлестік жетекшісі

4.Г.Бүркітбаева - бастауыш сынып мұғалімі


Қатысушылар:

1.Күндебаева Гүлзира – тәлімгері Г.Ағманова

2.Лесбаева Айнұр – тәлімгері П.Мырзаева

3.Ағманова Сәуле – тәлімгері А.Байбосынова

4.Маханова Ғазиза –тәлімгері Ж.Қадырбаева


1-кезең Қазақ мұғалімінің қазіргі бейнесі қандай болуы керек?

Жас мамандардың тәлімгерімен бірге өзін-өзі таныстыруы.

2-кезең «Тәжірибе алмасайық!»

Жас мамандар шешімін таба алмай жүрген мәселелерін параққа жазады. Содан соң парақ бүктеліп, алмастырылып беріледі. Бұл кезеңде сайыскелер бір-бірінің мәселелерін нақты түйіндеп, тығырықтан шыға білуі керек.

3-кезең «Құнды сөз – құнарлы ой»

Қайрақ, мақта, бор, тас, пышақ, алмас, жібек тәрізді заттардың жағымды, жағымсыз жақтарын тәрбиемен, біліммен ұштастырады. Ұстаздардың пікірі, өзіндік ой сараптамамалары тыңдалып, бағаланады.

Мысалы: Мақта

Жағымды жағы: жұмсақ, кіршіксіз ақ, үлпілдек

Жағымсыз жағы:Жұмсақ мінезімізбен кейде өз үлесімізді жіберіп алуымыз мүмкін.Осы мінезіңізге қарай сабақ барысында тәртіпсіздік көп орын алады. Ал, тәртіп болмаған жерде, білім сапасы нашарлайды.

4-кезең «Тәлімгерлер тартысы»

1. Кітап 1.Дәптер 1.Орамжапырақ 1.Түйме

2. Бор 2.Күз 2.Қайық 2.Қыс

3. Ұстаз 3.Күнбағыс 3.Қайшы 3.Күн

4.Жылқы 4.Қамшы 4.Ермексаз 4.Ит

5.Сандық 5.Қызанақ 5.Бауырсақ 5.Көз

5-кезең «Сұрақтар әлемі»

1.Көсемше қай сөйлем мүшесінің қызметін атқара алмайды?

2.Асқар оңтүстікке, Арман солтүстікке қарап отыр. Олар бір-бірін қалай көреді?

3. «Коллективтің құдіретті күші» кітабының авторы кім?


1.Как образуются сложные прилагательные?

2.Бір отбасында 5 ұлдың бір-бірден қарындастары бар. Сонда отбасында қанша адам?

3.Мектепті басқарудың коллегиялық органы қалай аталады?


1.Акуланың тік ішегінің кеңейген бөлігі қалай аталады?

2.Жыланның есту мүшесі басының қай бөлігінде?

3.Көру, есту, сөйлеу мүшелерінде және ақыл-ойында табиғи кемістігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелерін педагогиканың қандай саласы зерттейді?


1.Модальді етістікті табыңыз?

At our scһooI we ------- wear an uniform

2.Шегіртке қалай шырылдайды?

3.Мектептегі бес балдық шкала жүйесі қалай аталады?


6-кезең «Баланың жан дүниесін қалай түсінесіз?»


Баланың жан дүниесін ақ парақ деп алсақ, сол ақ парақтағы жазулар сіздің балаға берген білім мен тәрбиеңіз болып есептеледі. Сіз күнде айнаға қарап өзіңізді қалай көресіз, балалар арқылы, олардың сізге көрсеткен құрметі, ізеті арқылы да өзіңізді бағалауыңызға болады. Ал, олай болса парақты бір қолмен қатты мыжыңыздар, енді сол қолмен парақтың мыжын жазыңыздар. Мыжыған оңай ма әлде жазған оңай ма? Жауап сіздерден!


7-кезең. Қорытынды.

Жалпы ұпай сандар есептеліп, жеңімпаз жұп марапатталады.






























1. Кітап

2. Бор

3. Ұстаз

4.Жылқы

5.Сандық


1.Дәптер

2.Күз

3.Күнбағыс

4.Қамшы

5.Қызанақ


1.Орамжапырақ

2.Қайық

3.Қайшы

4.Ермексаз

5.Бауырсақ


1.Түйме

2.Қыс

3.Күн

4.Ит

5.Көз


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Планирование

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Психологиялық тренинг "Сіз қандай ұстазсыз?"

Автор: Орынбаева Айымгуль Турсыновна

Дата: 27.02.2018

Номер свидетельства: 460026

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(68) "Жар?ын  болаша?  иесі-б?гінгі жас маман"
    ["seo_title"] => string(38) "zharkynbolashakiiesibughinghizhasmaman"
    ["file_id"] => string(6) "263775"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1449592499"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства