kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Науқас психикасының ерекшеліктері. Дерттің ішкі бейнесі.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Городской семинаре использовалас для учителей и студенты

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Науқас психикасының ерекшеліктері. Дерттің ішкі бейнесі.»

Науқас психикасының ерекшеліктері. Дерттің ішкі бейнесі.


Республикалық жоғары медицина колледжі

"Психология негіздері және коммуникативтік дағдылар" пәнінің оқытушысы

Елеуова Куралай Каныбековна


Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Ойын элементтері араласқан интербелсенді әдістер.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі:

Медицина қызметкері науқас психикасының ерекшеліктерін, дерттің ішкі бейнесінің құрылымын білу.

Дамытушылығы

  • Пәнге қызығушылығын, ізденімпаздығын арттыру.

  • Байқау қабілетін жетілдіру.

  • Өзіне деген сенімін қалыптастыру.

  • Топпен жұмыс жасауға баулу.

  • Креативті қабілетін жетілдіру.


Тәрбиелілігі:

  • Салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.

  • Болашақ медицина қызметкерлерін тазалыққа, міндеттілікке тәрбиелеу.

  • Шығармашылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

  • Коммуникативті құзыреттілігін дамыта білуге баулу.


Сабақтың уақыты: 90 минут

Сабаққа керекті құрал – жабдықтар:

  • Оқу бағдарламасы

  • Оқулықтар

  • Тірек конспектісі

  • Интерактивті тақта

  • Стикер, түрлі смайликтер және т.б.

Пән аралық байланыс: медицина, валеология, биология , жас ерекшелік психологиясы және т.б.

Сабақтың логикалық құрылымы үлгісі мен хронокартасы.

  1. Ұйымдастыру 5 минут

  2. Үй тапсырмасын сұрау 30 минут

  3. Жаңа сабақты түсіндіру 40 минут

  4. Алған білімдерін пысықтау 8 минут

  5. Сабақ қорытындысын шығару 5 минут

  6. Үйге тапсырма беру 2 минут

Сабақтың барысы:

І . Ұйымдастыру кезеңі: 5 минут

  • Екі жақты сәлемдесу.

  • Аудиторияның сабаққа даярлығын тексеру.

  • Мұғалім сабақта жоқ білімгерлерді түгендейді, қатыспаған білімгердің себебін сұрап белгілейді.

  • Білімгердің сыртқы келбетіне көңіл бөледі (медициналық халаты, қалпағы, бейджігі).

  • Құрал – жабдықтардың түгелдігін тексереді.

ІІ. Тірек білімдерін өзектендіру: 30 минут

Тапсырма 1

Студенттерді боялған асықтар бойынша үш топқа бөлу және топтың өз жетекшілері мен топтың өз аттары болады.

Сауалдама дегеніміз не?

Сауалдаманың мақсаты қандай?

Интервью дегеніміз?

Интервью түрлері ?

Медициналық сұхбат

Сұхбаттасудың функциялары:

Тапсырма 2

Сұхбаттың принциптеріне келесілер жатады:

Медициналық сұхбаттасудың кезеңдері:

Клиникалық интервьюдің мынадай үлгісін (құрылымын) ұсынуға болады

1-кезең. «Сенімділік арақашықтығын» орнату. Ситуациялық қолдау, конфиденциальдылықты ұсыну: интервью жүргізуде басым мотивтерді анықтау.

2-кезең. Шағымды анықтау (белсенді және енжар интервью), ішкі бейнесін бағалау – ауру концепциясы; мәселені құрылымдау.

3-кезең. Интервью мен теропиядан алынған нәтижені бағалау; пациенттің денсаулығы және психикалық статусының субъективті үлгісін анықтау.

4-кезең. Пациенттің бейімделу қабілетін бағалау; аурудың және терапияның шығуының ықтимал вариантын талқылау; бейімделу тренингі.


ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру 40 минут

Дәрістің тақырыбы: Науқас психикасының ерекшеліктері. Дерттің ішкі бейнесі.

Тәжірбиелік тұрғыда аурудың ауырлығын нақты түрде анықтауға болмайды. Бірақ, медицинаның дамуына байланысты әлеуметтік-мәдениеттік ерекшеліктерін есепке ала отырып, кейбір аурулар басқалардан ауыр болатыны сөзсіз (өлім, мүгедектік, еңбекке қабілеттілігінің төмендеуі).

Кез келген аурудың субьективті психологиялық жағын көбінесе аурудың ішкі бейнесін түсінумен түсіндіреді, ол аурудың белгілі бір сезімталдығының қалыптасу, өз ауруы туралы білімдердің қалыптасуын сипаттайды. Ауру патологиялық процесс ретінде ағзада аурудың ішкі бейнесін құруда екі жақты болады: 1) жеке және жалпы денелік түйсінулер ауру бейнсеін бейнелудің сенсорлық деңгейінің пайда болуына әкеледі, Аурудың ішкі бейнесі клиникалық көрінулердің, астения қиналу сезімдерінің ауырлығымен анықталады. 2) ауру адам үшін өмірлік мәнді психологиялық жағдайлардың қиындығына әкеледі. Бұл жағдай өзіне әртүрлі сәттерді қосады: дәрілерді қабылдау процедуралы, дәрігерлермен қарым- қатынас, жұмыстағы әріптестерімен және жақындарымен қатынасының қайта құрылуы. Осы және басқа да сәттер ауру бейнесінің қалыптасуына әкеледі. Аудың ішкі бейнесінің бірнеше өзара байланысты жақтары анықталады: 1) Аудың қиналыс жағы (түйсіну деңгейі, сезімталдық деңгейі). 2) Аурудың эмоционалдық жағы жеке симптомдарға эмоционалды әсер етудің әртүрлі түрлерімен байланысты.

3) Интеллектуалды жағы (рационалды ақпарат деңгейі) аурудың өз ауруы туралы білімі, оның себептері және салдары жайлы ойлауымен байланысты. 4) Аурудың күресу жағы (мотивациялық деңгейі) аурудың өз ауруына қатынасын анықтаумен, іс- әрекетін өзектендірумен байланысты.

Ең алдымен, науқас өз сырқатын субъективті бағалауы маңызды рөль атқарады. Науқастың өз ауруына субъективті қатынасын «аурудың ішкі бейнесі» немесе «дерттің ішкі бейнесі» деп аталады. Науқаста өз дертінің ішкі көрінісі ауырлық және жағымсыз сезімнің пайда болу механизміне, оның болашақтағы дамуына, дерті туралы уайымдауына қарай және эмоциональдық әсері нәтижесінде қалыптасады. Дерттің объективті ауырлығы қандайда бір асқынудан кейінгі өлімнен, аурудың дамуы нәтижесінде пайда болатын мүгедектік және аурудың созылмалы түрге ауысуы сырқаттың ішкі көрінісінің қалыптасуына әкелетін бірден-бір фактор болып табылады. Науқастың дертіне деген субъективті көзқарасы көптеген факторлардың әсерінен қалыптасады. Олар екі топқа бөледі:

1.Жекеше-конститутционалдық факторларға келесілер жатады

  • жынысы

  • жасы

  • мамандығы

2.Индивидуальді психологиялық факторлар:

  • темперамент қасиеттеріне

  • мінезінің ерекшеліктеріне

Жынысы. Науқастың жынысы сырқатқа деген субъективті қатынасқа және оған деген көзқарастың қалыптасуынв әсер етеді. Науқастың жынысына байланысты әйел адамдар ер кісілерге қарағанда ауырсыну сезімін, дене қозғалысының шектелуін төзімділікпен көтереді. Батыс елдердегі көзқарас бойынша босану кезіндегі ауырсыну сезімі, адам баласына берілетін ең бір қатты ауырсыну сезімі болып табылады. Осының нәтижесінде ауырсыну сезіміне төзу қабілеті табиғи қалыптасқан. Ер адам әйел адамдарға қарағанда эмоционалдық ауырлықты нашар көтереді. Әсіресе бұл бірнеше айлар бойы қимылы шектеліп жататын науқастары бар, травматология бөлімшесінде айқын аңғарылады.

Жас шамасы. Сырқатқа субъективті әсердің қалыптасуына науқастың жас шамасы да ықпал етеді. әр бір жас шамасында дерттің өз ауырлық дәрежесі болады, сондықтан ауырлық дәрежесін әлеуметтік психологиялық және ауырлығына байланысты топтауға болады. Жас балалардың, жасөспірімдердің өздерінің сыртқы әлпетінің өзгеретін дерттеріне шыдауы, оны көтеруі, оған төзімділігі аса қиындықтар тудырады. Себебі, жастар үшін түрінің сымбатты болуы қасиеттер жүйесінің негізі болып табылады.

Үлкен жастағы науқастар созылмалы және мүгедектікке әкелетін сырқаттарға , ауыр психологиялық жауап қайтарады. Қарт адамдарға өлімге әкелетін сырқаттар ауыр тиеді. Инфаркт,инсульт, онкологиялық аурулар қарт адамдарға еңбекке қабілеттілігінің төмендететінен емес, өлімге әкелі мүмкін екендігіне қорқыныш әкеледі.

Мамандығы. Орта жастағы адамдар сырқаттың ауырлығын, оның болашақ өміріне, еңбекке қабілеттілігіне кері әсерін тигізетін белгілеріне қарай бағалайды. Науқасқа қандайда бір мүшенің зақымдануын білу маңызды болады.

Темперамент еркешеліктері. Темперамент – индивидтің психикалық жүйесінің, психикалық үдерістер мен жағдайының ырғағы, қарқыны,ритмнің динамикалық ерекшеліктерімен сипатталады. Темперамент типтеріне байланысты ауырсыну табалдырығы сангвеник пен флегматиктерге қарағанда холериктермен меланхоликтерде төмендеу болады.

Мінездің ерекшеліктері. Сырқатқа деген субъективті жауап беру науқастың отбасындағы тәрбиесіне, соның ішінде ауыру сезіміне төзімділік, шыдамдылық, жас баланың денсаулық параметрлеріндегі иерархиялық қасиеттеріне байланысты.

Ауру тұлғасының ауруға психологиялық реакциясының негізінде дерт туралы өз көрінісі, білімі пайда болуын – аурудың ішкі бейнесі дейді. Бұл – науқастың өз дертіне өз басының қатынасы,реакциясы, жауабы.

Адамның ішкі бейнесіне келесі факторлар әсер етеді:

  • қолайсыз жағдай;

  • науқастың өз денсаулығын өзі бағалау, ауруын қабылдап, өз рөлін атқаруы;

  • ауруға (дертке) реакциясы;

  • ауру себептерін білу;

  • әлеуметтік жағдайына байланысты дертке әр түрлі реакция беруі.

Науқастың ауруына байланысты барлық сезінулері, уайымдары, көріністері – аурудың ішкі бейнесі деп аталады.

Аурудың ішкі бейнесінің деңгейлері:

1 деңгей –сенситивті (сезімталдық) – ауырсыну сезімдерінің жинақтамасы. Ағза жұмысының бұзылуы салдарынан адамда әдеттегіден тыс белгісіз бір сезіну пайда болады.

2 деңгей-эмоциональды – аурудың симптомдарына, аурудың өзіне және салдарына науқастың реакциясы, жауабы. Ауру сезіміне байланысты дамыған қорқу эмоциясы салдарынан, бір топ эмоциональдық реакциялар пайда болады: үміттену сезімі, қайғырып уайымдау, күйзеліс және т.б.

3 деңгей – интеллектуалды – науқастың өзінің ауруы туралы елестеулері, білімдері, оның пайда болу және салдары туралы ойлары. Эмоциональды уайымдауы адамды ізденіске ұмтылдырады, ол өз жағдайын түсіну үшін ақпарат іздей бастайды: дәрігерлерден, медицина қызметкерлерінен, туысқандарынан, достарынан және т.б.

4 деңгей - өзінің ауруына науқастың қарым-қатынасы және ауру кезіндегі тәртібінің өмір сүру салтының өзгеруі.

ІV. Бекіту кезеңі: 8 минут

Мұғалім жаңа сабақты бекітуге арналған тапсырмаларын интерактивті тақтаны пайдаланып білім алушылардың жаңа сабақтан алған білімдерін тексеріп, бекітеді.

V. Сабақтың қорытындысын шығару 5 минут

  • Оқытушы әрбір білімгердің жұмысына баға беріп, жіберілген кемшіліктері мен жетістіктерін бағалау.

  • Жаңа материалды білімгер меңгере алды ма, сұрақтарға жауап бергеніне қарай қорытындылау.

  • Өтілген тақырып бойынша білімін бағалау.

  • Жақсы жауаптарды сәйкесінше бағалау.

  • Бекіту сұрақтарын қоя отырып қорытындысын шығару.

  • Студенттердің конспектілерін тексеру.

  • Қорытынды баға қою.

  • Кері байланыс студенттер күн нұрына, өз тілектерін сабақ туралы ой-пікірлерін жазып іледі.

Бағалау мына көрсеткіштер бойынша жүзеге асады:

Өткен тақырып бойынша негізгі білімін тексеру.

Өзіндік жұмыстың нәтижесіне қарау.

Бағалау әдісі:

  1. Үй тапсырмасы бойынша сұрақтарға жауап берген оқушыға 3-4-5 деген баға қойылады, егер

а) егер үй тапсырмасы толық және қатесіз жақсы, жан- жақты айтылса 5 деген баға қойылады;

ә) егер де үй тапсырмасын жақсы жауап берсе 4 деген баға қойылады.

б) егерде жауап толық болмаса 3 деген баға қойылады.

2. Топпен жұмысы бойынша барлық тапсыраны орындаса онда 5 деген баға қойылады

а) 5- 100%

ә) 4- 75 %

б) 3-55%


3. Сұрақ жауап немесе басқада тапсырмаға толық жауап берсе 5-деген баға қойылады.

а) егер 5 сұраққа жауап берсе 4 қойылады.

ә) егер 3 сұраққа жауап берсе 3 қойылады.


VI. Үйге тапсырма: 2 минут

  • Өтілген материалдарды түгел қайталап келу.

  • Келесі сабаққа дайындалу үшін нұсқаулар беру.

  • Өтілген тақырып бойынша ребус, сөзжұмбақтар әзірлеу.



Әдебиеттер тізімі:

1. Л.Т. Кулимова «Коммуникация негіздері» Оқу-әдістемелік құрал. Қарағанды,2012ж

2.С.Н.Елеусізова «Қарым-қатынас психологиясы» Алматы, 1995ж.

3. М.А. Асимов, С.А. Нұрмағамбетова, Ю.В. Игнатьев «Коммуникативті дағдылар» Алматы, 2009ж.

4. Р.Г. Илешева «Медициналық психология» Алматы, 2009 ж.








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 11 класс

Скачать
Науқас психикасының ерекшеліктері. Дерттің ішкі бейнесі.

Автор: Елеуова Куралай Каныбековна

Дата: 19.05.2018

Номер свидетельства: 470199


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства