kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Мектеп т?лектерімен ?БТ-ке байланысты ?ткізілген психологиялы? ж?мысты? талдауы.

Нажмите, чтобы узнать подробности

      Психологиялы? ж?мысымды маманды? та?даудан бастадым. Осы т??іректе о?ушылар?а ша?ын лекция о?ыдым. Маманды? – ?арапайым ?мір с?ру к?зі болып табылатын ж?не ?андай да бір дайынды?ты, жауапкершілікті талап ететін е?бек ?ызметіні? ма?ызды б?лігі. Адам ?зіні? болаша? к?сібіне ?р т?рлі жолдармен келеді. Біреулер ?шін ой?а ал?ан арманны? орындалуы, отбасы д?ст?рін жал?астырушы, келесі біреулер ?шін – жа?алы??а, дербестікке талпыныс, ?шінші біреулер ?шін - ?йтеуір бір маманды? алу керек бол?ан со?, т.б. Маманды?ты та?дау ?шін, е? алдымен ?зі?, ?з бейімділігін тануы ?ажет. Д?рыс та?далма?ан маманды? ?сері маманды? иесіні? ?ана емес ?о?ам?а кері ?серін тигізеді. ?з-?зіне «Мен кіммін?», «Осы ?мірдегі мені? орным ?андай?», «?алай ?мір с?ремін?» деген с?ра? ?оймайтын адам кем де кем. ?лемде 40 мы??а жуы? ?р т?рлі маманды?тар бар. Осы к?п салалы маманды?тар?а ?рине та?дау жасау о?ай емес. Е? бастысы – адам е?бекке ?абілетті, зейінді болуы ?ажет ж?не оны? маманды?ы ?скен орта?а ма?ызды, ба?алы ?лес ?оса алатындай болуы шарт екенін айтып ?ттім. Ж?не де ?осымша сауалнама алдым. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Мектеп т?лектерімен ?БТ-ке байланысты ?ткізілген психологиялы? ж?мысты? талдауы. »

Мектеп түлектерімен ҰБТ-ке байланысты өткізілген

психологиялық жұмыстың талдауы.

Психологиялық жұмысымды мамандық таңдаудан бастадым. Осы төңіректе оқушыларға шағын лекция оқыдым. Мамандық – қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі. Адам өзінің болашақ кәсібіне әр түрлі жолдармен келеді. Біреулер үшін ойға алған арманның орындалуы, отбасы дәстүрін жалғастырушы, келесі біреулер үшін – жаңалыққа, дербестікке талпыныс, үшінші біреулер үшін - әйтеуір бір мамандық алу керек болған соң, т.б. Мамандықты таңдау үшін, ең алдымен өзің, өз бейімділігін тануы қажет. Дұрыс таңдалмаған мамандық әсері мамандық иесінің ғана емес қоғамға кері әсерін тигізеді. Өз-өзіне «Мен кіммін?», «Осы өмірдегі менің орным қандай?», «Қалай өмір сүремін?» деген сұрақ қоймайтын адам кем де кем. Әлемде 40 мыңға жуық әр түрлі мамандықтар бар. Осы көп салалы мамандықтарға әрине таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы – адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қоса алатындай болуы шарт екенін айтып өттім. Және де қосымша сауалнама алдым. Онда ата –ана мен оқушылардың қарым-қатынастарын, ата-ана өз баласының болашақта қандай мамандық иесі болғысы келетінін, отбасы болып, баласының қандай арман, мақсаттары барын білетінін, мамандық таңдауда бала өз қалауынша ма, әлде ата-анасының қалауы бойынша таңдай ма соны анықтау болатын. Нәтижесінде : 24 ата –ана мен 19 оқушының 26% оқушы мен 21% ата –ананың ойлары келіспеді. Мысалы: баласы агроном боламын десе, ата-анасы дәрігер болады деген. т.б. Бұл жерде ата-ана мен баланың ортақ тақырыпта сөйлеспейтіндіктерін байқауға болады. Соныменқатар 2 оқушы ата-анасының қалауы бойынша мамандық таңдағанын көрсеткен. Сөзімді қорытындылай келгенде кейбір жастар мамандық таңдау ережесін білмегендіктен, өзі қызықпайтын мамандықты таңдайды. Осыдан өз мамандығына қанағаттанбаушылық, реніш сезімдері болып, тіпті алдарына жоспар да құрғысы келмейді. Абай атамыз айтқандай: «Неге арналсаң, соны істе» деп, қашанда адам өмірден орнын өз таңдауымен тапқан жөн деп сөзімді аяқтадым. Оқушылардың кәсіби бағыттылығын анықта мақсатында сауалнама жүргіздім. Оған сыныптың барлық оқушылары қатысты.





Нәтижесінде:

1. мамандық таңдау бойынша: оқушылар әр түрлі мамандықты таңдады-мұғалім,оператор,техникалық,полиция қызметкері,агроном,медицина,тіс дәрігерлік,вет врач,инженер,кәсіпкерлік,тек 1 оқушы әлі таңдауда

2. Өз біліміңе қанағаттанасың ба?

Орташа-4 оқушы

Жоқ-4 оқушы

Ия-3 оқушы

3. ҰБТ-ға дайындық кезінде ата –анаң қадағалай ма?

Ия-10

Жоқ-1

4. Мектепішілік ҰБТ тапсырғанда білім көрсеткішінің төмендеінің себебі неде?

Барлық оқушылар өздерінің дайындалмайтындықтарын, мұқият болмайтындықтарын көрсеткен.

5. Мектепте емтихан тапсырудың қандай қиындығы бар?

Жоқ-10 ,тек бір оқушы ұсыныс жазған оқушыларға 2 форматта тапсыру керек,бір күні кітаппен,екінші күні өз білімімізбен

6. Төменгі білім көрсеткішімен жақсы маман болу мүмкін бе?

Ия-10

Жоқ-1

7. ҰБТ-ға дайындық кезінде сізде жан күйзелісі бола ма?

Ия-2

Жоқ-7

Сирек-1

Жауап беруге қиналамын-1



8. Консультацияның пайдасы бар ма? Бар болса үнемі қатысасын ба?

Ия-9

Пайдасы бар,бірақ үнемі қатыспаймын-1

Жоқ тек қана кейбір пәндер бізде өткізіледі-1

9. ҰБТ-ға дайындық кезінде қанша уақыт жұмсайсын?

6-7 сағат- 6

Мектептен кейін 1,2 сағат-2

5 сағат-1

Әр түрлі-1

9 сағат-1

Жәнеде соңғы сұрақ мектеп тарапынан қандай қолдау керек дегенде,барлығы бір ауыздан ҰБТ –ның 5 пәнін ғана қалуын сұрады.

Ұсыныс:

  1. мұғалімдер тарапынан оқушыларды ҰБТ –ға толық дайындау;

  2. психологиялық сенімділік;

  3. ата-ана қолдауы.



Одан кейін оқушылардың темпераментін анықтау үшін Г.Айзенктің тестісін жүргіздім. ондағы мақсатым оқушылардың мінез-құлықтарын анықтау болатын.

Нәтижесінде:















темпераментт





Сангвиник

Холерик

Қанат, Нұрбек,

Толғанай, Кенже

Жанболат,

Бейбарыс,

Райымбек, Данияр

Жәнібек.

Меланхолик

Гулжан

Қолғанат

Флегматик



















Зерттелінген 11 оқушының басым көпшілігі 9 оқушы холерик-экстраверт көрсеткіштеріне жақын болды. Холерик – экстраверт: сезімтал, тынымсыз, агрессивті, шамданғыш, көңіл-күйі өзгергіш, басқамен қарым-қатынаста және сезім қатынасында тұрақсыз, әр түрлі жағдайларда соқпа мінезді, оптимист (болашаққа сеніммен карайды), белсенді, пысык, байқам, сенгіш, ашуланшақ. Сондықтан олармен әңгімелесу жүргізгенде холерик темпераментінің ерекшеліктерін жан-жақты түсіндіріп,өзін-өзі тәрбиелеу барысында шалағайлықты,көп жұмысты үстіртін істейтіндігі,ұрысқақтығы оларға табиғи жақын қасиет екенін атап өтіп, олар өздерін тәрбиелеу барысында осы теріс көрсеткіштердің әсерін төмендетіп, холериктің батылдығын, жаңалыққа құмарлығын, кешірімділігін нығайту керек екендігін көрсетіп өттім.

Ал, меланхолик-интроверт белгісінде 2 оқушы. Меланхоликинтроверт: беймаза, ренжігіш, ойлампаз, қырағы, пессимист (өмірден түңілгіш), түйық, ұстамды, көп сөзі жоқ, ригидтік (керітартпа) қасиеті бар, т.с.с. Бұл белгідегілер сырттан сабырлы болып көрінгенмен, мазасызданулары басым, сәл нәрсеге ренжігіш, стресске берілгіш болып келеді. Осы 2 оқушымен әңгіме барысында, меланхолик белгісіндегі сабырлықты, ұстамдылықтарын нығайтуды ұсындым.

«Жалған» өлшем бойынша өтірікшілер көрсеткіші жоқ, яғни барлық жағдайда сенуге болатынын 5 оқушы көрсетті. Олар Қанат, Нұрбек, Қолғанат, Жанболат, Жәнібек. Ал, өтірікшілік көрсеткіші жалған 6 оқушы. Олар Гульжан, Толғанай, Бейбарыс, Кенже, Райымбек, Данияр.

Осы тараптан мынадай ұсыныс:Мұғалімдер тарапынан ҰБТ-ға дайындық барысында және ҰБТ кезінде әр оқушының темпераменттік мінезіне сай қарым-қатынаста болу. Оларды қолдау және түсінуге тырысу керек.



ҰБТ түлектерімен жүргізілген тренингтен көрініс:

Оқушылардың бір-бірлеріне тілек жазу сәті.







Психологиялық түзету-дамыту жұмыстары бойынша 11 сынып түлектерімен психологиялық шаршауды болдырмау релаксация сабағы, «Мен өзіме сенемін», «Мен өзімді мақтаймын», «Сілкіп таста», «Стресске қарсы күрес», «Сезім», «Менің көңіл-күйім», Ғажайып сиқырлы орман, шаршағанды басу, Пингвиндер, емтиханға бір күн тренингтер жүргіздім.

Психодиагностикалық жұмыс бойынша Т.А.Немчиннің мазасыздық деңгейін анықтау 11 сынып оқушыларымен жүргізілді. Сонымен қатар жоспардан тыс ҰБТ түлектерінің депрессиялық деңгейі, Л.Вассерманның невротизация деңгейі, Табысқа жету қажеттілігі анықталып, диагностика жүргізілді. Жәнеде, 1 сынып оқушыларынан «Аяқталмаған фигуралар», логикалық операцияның дамуын анықталды.

Нәтижелері бойынша:

Аты -жөні

Жоғары мазасыздану

15-20 ұпай

Орташа мазасыздану

7-14 ұпай

Төмен мазасыздану

1-6 ұпай

1.

Аргимбаев Ж



5

2.

Асанов Д



6

3.

Жаксылыков Ж



2

4.

Ибраева Т


9


5.

Қасымов Қ


10


6.

Қапаш Қ



5

7.

Сагинбаев Б



1

8.

Сауытбаев Н

-

-

-

9.

Талгатбек Р



3

10.

Темірбекұлы К



3

11.

Шакирова Г



4

Жалпы ұпайы:


18,2%

81,8%

Қорытынды бойынша: 11 сыныпта жоғары мазасыздану жоқ, орташа мазасыздану 2 оқушыда бар. Олар Толғанай мен Қолқанат. Оларға психологиялық қолдау көрсетіледі және жеке жұмыс жасалынады. Қалған оқушылардың мазасыздануы төменгі ұпай санын көрсетті. Ал, Нұрбекте мүлдем мазасыздану деңгейі байқалмады..

Депрессиялық деңгейдi анықтауға бойынша сауалнама нәтижесі:

Аты -жөні

Депрессиялық деңгейі

Ұпай саны

Ұсыныс

1.

Аргимбаев Ж

депрессиясыз

46

жеке кездесу

2.

Асанов Д

депрессиясыз

48

жеке кездесу

3.

Жаксылыков Ж

депрессиясыз

42


4.

Ибраева Т

депрессиясыз

48

жеке кездесу

5.

Қасымов Қ

депрессиясыз

45


6.

Қапаш Қ

депрессиясыз

44


7.

Сагинбаев Б

депрессиясыз

44


8.

Сауытбаев Н

депрессиясыз

42


9.

Талгатбек Р

депрессиясыз

35


10.

Темірбекұлы К

депрессиясыз

42


11.

Шакирова Г

депрессиясыз

44


Барлығы:

11 депрессиясыз



Пайыз бойынша:

100 % депрессиясыз





Қорытынды бойынша: 11 сынып оқушыларының депрессиялық деңгейлері жоқ. Бұл дегеніміз өте жақсы мағынада, яғни оқушылар ҰБТ-ке деген депрессиялық күйзеліс, қорқыныш сезімдері жок деген сөз.

Жалпы 11 –сынып бойынша мазасыздықты анықтау диаграммасы.



Жалпы 11 –сынып бойынша депрессиялық деңгейді анықтау диаграммасы.





Л.Вассерманның невротизация деңгейін анықтау диагностикасы бойынша:

Аты -жөні

Жоғары

24-30ұпай

Орташа

9-23ұпай

Төмен

1-9ұпай

1.

Аргимбаев Ж


11


2.

Асанов Д


12


3.

Жаксылыков Ж



6

4.

Ибраева Т



6

5.

Қасымов Қ


21


6.

Қапаш Қ



4

7.

Сагинбаев Б



8

8.

Сауытбаев Н


12


9.

Талгатбек Р



9

10.

Темірбекұлы К



6

11.

Шакирова Г



9

Барлығы:


4 оқушы

7оқушы

Пайыз бойынша:


36,3%

63,7%

Қорытынды бойынша: 11 сынып оқушыларында невротизация деңгейі орташа 36,3% және төмен 63,7%. Алдағы уақытта орташа деңгейлі 4 оқушымен жұмыс жасалынады.

11-сынып бойынша Л.Вассерманның невротизация деңгейін анықтау диагностикасының диаграммасы



Табысқа жету қажеттілігі бойынша:

1. ТК ұпай саны бойынша Қасымов Қ. Ол алдыңызға жеңiл мақсатты қоюды артық көреді, жиi өзiнің жай-күйiмен қанағаттанады, жұмысқа қызыға ынталанбайды. Әдетте жұмыс iстегенде оны жақсартам деп ойламайды.

2. ТК = 10 -12 ұпай саны бойынша Талғатбек Р. Жаксылыков Ж. Аргимбаев Ж. Бұл типке жататын адамдар нақты, тек өте киын емес мақсаттарды алдына коюды артық көредi. Мұндай адамдардың тiлегi тек практикалық iстермен байланысты. Жиi өзiнiң жай-күйiмен қанағатталынады. Жұмыс iстеген кезде, оны бұрын iстеген жұмысқа қарағанда, жақсырақ iстеймiн деп ұмтылмайды. Жұмыстағы сәтсiздiктi мазасызданбай басынан өткiзедi.


3. ТК = 13 -14 ұпай саны бойынша 7 оқушы. Олар, Шакирова Г. Ибраева Т. Қапаш Қ.

Асанов Д. Сагинбаев Б. Темірбекұлы К. Сауытбаев Н. Бұл типтегілер өздеріне сын көзбен қарайды. Сондықтан олар алдарына қиын мақсат қояды және оны орындауға тырысады. Кейбiр iстеген жұмыстары өздеріне ұнамайды. Қайда болса да, жұмыс iстегенде табысқа жетуге тырысады, әсіресе жарыстастық болса. Тек көмектен де бас тартпайды.



Осы тараптан ұсыныс: мұғалімдер тарапынан және психологиялық тұрғыдан Қасымов Қолқанатпен жұмыс жасау. Болашаққа нық сеніммен қарап, мақсат қойып, оны жүзеге асыруға көмектесу.

ҰБТ кезіндегі стресске қарсы күрестен үзінді:

С м а й л и к т о б ы

М ы қ т ы л а р т о б ы



Психологиялық кеңес беруде түлектердің ата-аналарынада үнемі көрсетіліп отырылды. Мамандық таңдауда, өз балаларын қолдау төңірегінде кеңестер ұсынып отырдым.

«Жасөспірімнің ҰБТтапсыруға дайындығы кезінде ата-аналарға психологиялық көмек көрсету» тақырыбында республикалық ата-аналар конференциясы өткізілді.

Ата-аналарға ҰБТ кезінде өз балаларына қалай қолдау туралы әртүрлі кеңестер ұсынылды.















































Мемлекеттік тілде оқытатын Заречный орта мектебі



















Психологиялық қызметтің ҰБТ түлектерімен жүргізген жұмысына талдау



















Дайындаған мектеп-педагог психологы: Хусайнова Т.К.



























2015 оқу жылы


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 11 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Мектеп т?лектерімен ?БТ-ке байланысты ?ткізілген психологиялы? ж?мысты? талдауы.

Автор: Хусайнова Толкын Кошкимбаевна

Дата: 08.06.2015

Номер свидетельства: 218295


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства