kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қазақ мектебіндегі психологиялық қызметтің ұйымдастырылу жолдары

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мақалада мектептегі психологиялық қызметтің жүзеге асырылуы туралы қарастырылған. Білім беру ортасындағы субъектілердің психологиялық саулығы үшін атқарылатын жұмыстарға сипаттама беріле отырып, оқушы жанына жол табу тәсілдері көрсетілген. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қазақ мектебіндегі психологиялық қызметтің ұйымдастырылу жолдары»

Қазақ мектебіндегі психологиялық қызметтің ұйымдастырылу жолдары

Ш. Темірханова,

Оралхан Бөкей атындағы № 44 лицейінің педагог-психологы, Өскемен қаласы

Аңдатпа: Мақалада мектептегі психологиялық қызметтің жүзеге асырылуы туралы қарастырылған. Білім беру ортасындағы субъектілердің психологиялық саулығы үшін атқарылатын жұмыстарға сипаттама беріле отырып, оқушы жанына жол табу тәсілдері көрсетілген.

Аннотация: В статье говорится о вопросе реализации психологической службы в школе. Психолого-педагогический подход и работа с субъектами образовательной среды.

Abstract: The article refers to the issue of implementation of the psychological service at school. Psycho-pedagogical approach and work with the actors of the educational environment.


Негізгі сөздер: Психологиялық қызмет, білім беру субъектілері, психологиялық қолдау көрсету.


Ключевые слова: Психологическая служба, субъекты образовательной среды, психологическая поддержка.


Key words: Psychological service, the subjects of the educational environment, psychological support.


Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев қазіргі мұғалімнің қоғамдағы орнын бағалай отырып: «Сіздер мен біздер тек болашақ буынды ғана емес, жалпы азаматтық қадір-қасиеттердің мән-маңызын түсінетін, жаны да, тәні де таза, білімді патриот азаматтар буынын тәрбиелеуге міндеттіміз» деген еді. Психологтың негізгі мақсаты – баланың рухани өсуіне, оқушылар мен оқытушылардың, ата-аналардың психикалық денсаулығына мән бере отырып, мәселелерін шешуге көмек беру. Мектептегі психолог әр жастағы балалардың ерекшеліктерін зерттей отырып, оқыту мен тәрбиелеуде қандай бағыт беруге болатынын нұсқайды. Мектеп психологы еңбегінің маңызы ерекше, өйткені жеткіншектердің таным үрдісі, қабылдауы мен қиялы, ойлауы мен есте сақтауы, мінезі, ерік-жігері, темпераменті, қызығушылықтарын анықтай отырып, оқу-тәрбие үрдісіндегі жұмысты жандандыруға септігін тигізеді. Оқушылармен түрлі тренинг жұмыстарын жүргізе отырып, күйзелістік жағдайлардың алдын ала алады. Ұстаз қаншалықты білімді, шебер болғанымен, бала психологиясын, ерекшелігін біле бермеуі мүмкін.

Негізгі қызметтері:

Гностикалық, оқушылар мен мұғалімдердің іс-әрекетіндегі ерекшеліктерді зерттеу. Бұл жұмыстың қорытындысында мұғалімнің, оқушының тұлғасына нақты, анық психологиялық сипаттама беру[1];

Ағартушылық, психологиялық себептермен туындалған кикілжіңдік жағдайларды болдырмаудың алдын-алу шаралары болып табылады. Бұл қызмет кеңес беру, сендіру әрекеттерін жасау сипатында болуы мүмкін.

Кеңес беру, оқушылар мен ата-аналардың, мұғалімдердің көңіл-күйлерін, жекеше күйлерін немесе кәсіби әрекеттегі және отбасындағы мінез-құлық ерекшеліктерін түсіндіру.

Тәрбиелік. Оқушылардың моральды-еріктік, тұлғалық қасиеттерін, тұлғааралық қатынастарын ұйымдастыруға бағытталған шараларды қосады.

Психопрофилактикалық, тұлғалық және интеллектуалдық дамудағы қиындықтардың алдын алу жұмыстары.

Әдістемелік, оқыту және тәрбиелеудің әдістерінің жаңалануына, мектептің қажеттіліктеріне сәйкес психопрофилактиканың және диагностиканың жаңа тәсілдерін меңгеру[2];

Менің қызметімде негізгі басшылыққа алатын бағыттар төмендегідей:

  • Оқушыларды 1-сыныпқа қабылдау;

  • 5-сынып оқушыларының бейімделуі;

  • ҰБТ даярлық кезінде психологиялық қолдау;

  • «Тәуекел тобындағы» оқушыларға қолдау көрсету;

  • Дарынды оқушылармен жұмыс;

  • Кәсіби бағдар беруде өзіндік анықталуға көмек беру жұмыстары;

  • ТЭЖ және әдістемелік жұмысқа қолдау көрсету және т.б.

Психолог ретінде өз жұмысымды өткен оқу жылының кемшіліктерін ескере отырып, жаңа оқу жылының мақсат-міндеттерін анықтап, толықтыра отырып, мектептің бағытына қарай өз жұмысымды жоспарлап алудан бастаймын. Қажетті диагностикалық жұмыстардың қорытындылары бойынша психологиялық сабақтар, тренингтер ұйымдастыру қолға алынады. Зерттеу қорытындылары педагогикалық-психологиялық консилиумда қаралып, сынып жетекшілерге, пән мұғалімдеріне ұсыныстар беріледі. Оқушылардың жеке карталары, топтық психологиялық портреттері жасалынады. Оқушыларды ОЖСБ-ға, ҰБТ-ға психологиялық қолдау, кәсіптік бағыт-бағдар беру бойынша жұмыстар бойынша жеке жұмыс жоспары жасалынып, зерттеу, түзету, кеңес беру, ата-аналармен, мұғалімдерге ұсыныстар беру арқылы жүзеге асырылады. Педагогтармен ұйымдастырылатын жұмыстар да зерттеулерге негізделеді. Инварианттық және вариативтік әдістемелердің көмегімен мұғалімдердің белсенділігін дамыту ресурстары, субъектілік позициясын дамытуға кедергі келтіретін факторлар анықталып, белсенділікті арттыру бойынша кеңес беру, тренинг жұмыстары ұйымдастырылады. Психологиялық қызмет дарынды оқушылармен жұмыс жасауда да өз үлесін қосуда.

Сонымен қатар, әлеуметтік-психологиялық қызмет мүшелерімен біріге отырып, оқушылардың көңіл-күй дағдарысын болдырмау, нашақорлыққа қарсы жұмыстар атқарылады. Өз тәжірибемде жасөспірімдердің кеңеске келуі келесі мәселелермен байланысты: отбасындағы өзара қарым-қатынастың нашарлауы, ата-аналарының түсінбеуі, махаббаттағы мәселелер, құрбыластарымен қарым-қатынастарының нашарлауы, оқу үлгеріміне қатысты мәселелер, өмір мағынасын жоғалту және т.б. Мұндай жағдайларда бүгінгі шешуі қиын мәселенің ертең түкке тұрғысыз жеңіл болып қалатынына сендіре білу керек.

Егер баланың отбасында мәселесі болса, ол оның оқуына әсер етеді. Балалар ересектерге қарағанда өмірде болып жатқандардың барлығына да сезімталдықпен қарайды. Кей кездері бір-екі аптаның ішінде болған отбасындағы адамның өмірден озуы, ата-ананың ажырасуы сияқты оқиғалар баланың қалыптасқан әлемін бұзуы мүмкін. Мұндай оқиғалар баланың қарым-қатынасына, эмоционалды жағдайына әсер етеді. Мүмкін, ол ішімдік ішіп немесе темекі шегіп көруі мүмкін, сабаққа келмей қоюы да мүмкін. Мектеп жай қарап отыра алмайды, өйткені ол баланың өмірі мен денсаулығына жауап береді. Бұл, әрине бірлесе атқарылатын жұмыс, мұндай жұмыс бар және оны теріске шығаруға болмайды. Тағы бір шаруа, қалай әсер ету керектігі туралы сұрақ туады. Мұғалімнің оқушыны психологқа жай жібере салғаны дұрыс емес, өйткені баланың өзінің осыған келісімі болуы керек. Егер бұлай болатын болса, баланың өз мәселелерін шешуге деген ниеті болмайды. Егер мұғалім, психолог, әкімшілік біріге отырып жұмыс жасап, балаға қандай көмек қажет екені бірлесе шешілетін болса, бұл басқа нәтижесін береді. Кей кездері психолог балаға емес, мұғалімге кеңес беретін болса, тиімдірек болады. Бұл ата-аналарға арналған кеңес те болуы мүмкін. Түрлі мәселелерде не істеу керектігін жекелей шешкен дұрыс. Кейде оқушының өзі, кейде ата-аналар келіп баланың мәселесінің құпия болуын сұрайды. Кейде мұғалім келіп, балаға не болғанын түсінбей жүргендерін айтады. Сол кезде біз бақылап, талдау жасай бастаймыз. Ол үшін баламен тура сөйлесудің қажеті де болмауы мүмкін. Бала ашыла алатын беделді адамды табу жеткілікті. Не жағдай болса да, ол әңгімелесе алатын беделді адам табылады. Егер ересек адам болмаса, ол сенетін басқа бала – досы болуы мүмкін. Бір сөзбен айтқанда мектепте болып жататын оқиғалардың барлығына нақты жауап табыла бермейді. Әрине, балаларын мектепке оқытуға және тәрбиелеуге беретін, ал өздері тамақ пен киіммен қамтамасыз етуге жұмыс жасайтын ата-аналар кездеседі. Балаларын Макаренкодан артық тәрбиелей алатын, Выготский айтқан баланың дамуы теориясы өзінікімен салыстырғанда ешнәрсе емес екенін білетін ата-аналар да кездеседі. Мұндай жағдайларда психологқа тек кәсібилік қана көмектесе алады.

Соңғы жылдары қазақ мектептеріндегі психологиялық қызметті дамыту жолында көптеген игі істер атқарылуда. Мектеп психологінің функционалдық міндеттері, құқығы мен жауапкершілігі ШҚО әкімдігінің 01.04.2015 жылғы № 81 «Шығыс Қазақстан облысындағы орта білім беру мекемелерінің психологиялық қызмет ережелерін бекіту туралы» Қаулысында көрсетілген[3]. ШҚО білім басқармасы, Өскемен қалалық білім беру бөлімінің, КМҚК «Отбасын және балалықты қолдау орталығының» ұйымдастырылуымен жүргізілетін семинарлар, тренингтер, өзара тәжірибе алмасу шаралары, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ  тарапынан ұйымдастырылған оқыту курстары арқылы мектептегі психологиялық жұмыс бірізділікке келтірілген.

Дегенмен, іс-әрекеттің кез-келген саласында түрлі шешілмеген мәселелер, қарсылықтар бар. Сол сияқты психолог жұмысындағы мәселелер де жаңа шешімдер табуға, өзіңнің біліміңді арттыруға ниеттенуге итермелейді. Психолог жұмысының нәтижесін ұзақ уақыттардан кейін ғана көре аласың. Алдымда көп жоспарлар, ойларым бар. Мен өзімнің Психолог екеніме қуанамын.


Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Зимняя И. А.   З-62 Педагогическая психология. Учебник для вузов. Изд. второе, доп., испр. и перераб. — М.: Издательская корпорация «Логос», 2000. — 384 с.

  2. Немов Р. С. Психология. – М.: Гуманитарный издательский центр «Владос», 2008. - 631 с.

  3. ШҚО білім басқармасы, КМҚК «Отбасын және балалықты қолдау орталығының» директоры Куземко Л.П. ШҚО бойынша мектептің психологиялық қызметін ұйымдастыру бойынша ұсыныстар. ШҚО ББ «Шығыс» ӨО баспасы. – Өскемен, 2016. - 27 б.




























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Планирование

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Қазақ мектебіндегі психологиялық қызметтің ұйымдастырылу жолдары

Автор: Темірханова Шынар Темірханқызы

Дата: 08.11.2016

Номер свидетельства: 356553


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства