Как тратить минимум сил на подготовку и
проведение уроков?
Как быстро и объективно проверять
знания учащихся?
Как сделать изучение нового материала
максимально понятным?
Как избавить себя от подбора заданий и
их проверки после уроков?
Как наладить дисциплину на своих
уроках?
Как получить возможность работать
творчески?
Просмотр содержимого документа
«Инклюзивті білім берудегі психологтың рөлі»
Инклюзивті білім берудегі психологтың рөлі
Қазіргі таңда білім беру саласында инклюзия — ең өзекті және маңызды бағыттардың бірі. Инклюзивті білім берудің мақсаты — ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды қоғамға бейімдеу, оларды ортаға тең дәрежеде қосу. Бұл процесте мектеп психологының рөлі өте маңызды
Психолог инклюзивті ортада бірнеше бағытта жұмыс істейді. Атап өтетін болсақ:
1. Диагностика:
- Баланың психоэмоциялық күйін, танымдық даму деңгейін анықтайды.
- Әлеуметтік бейімделу мүмкіндігін бағалайды.
2. Психокоррекциялық жұмыс:
- Баламен жеке және топтық жұмыстар жүргізеді.
- Өзін-өзі бағалауын, сенімділігін арттыруға көмектеседі.
- Қиын эмоцияларды жеңуге (ашу, қорқыныш, уайым) қолдау көрсетеді.
3. Сыныппен жұмыс:
- Басқа оқушыларды толеранттылыққа, әртүрлілікті қабылдауға үйретеді.
- Буллингтің алдын алу жұмыстарын жүргізеді:Ерекше балалар жиі мазақ немесе шеттетілу нысаны болуы мүмкін. Психолог алдын ала түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, психологиялық қауіпсіз орта қалыптастырады.
- Ерекше баланы ұжымға сәтті бейімдеу үшін сыныптастарымен де жұмыс жүргізу маңызды. Психолог толеранттылық, достық, қолдау көрсету туралы ойындар, әңгімелер ұйымдастырады.
- Эмпатия мен қолдау мәдениетін қалыптастырады.
4. Мұғалімдер мен ата-аналарға кеңес беру:
- Ерекше баламен қарым-қатынас орнату тәсілдерін ұсынады.
- Стреске қарсы күрес, шыдамдылықты дамыту, серіктестік орнату жолдарын түсіндіреді.
- Психолог ата-ана мен педагогке баламен қалай жұмыс істеу керектігін түсіндіреді, ортақ қолдау жүйесін құрады.
Қорыта келгенде,инклюзивті білім беру – тек балаға ғана емес, бүкіл ортаға әсер етеді. Психологтың жұмысы – осы жүйенің жүрегі. Ол — ерекше балаға сенім сыйлайтын, қоғамға бейімдейтін және оның әлеуетін ашуға көмектесетін маман.
Инклюзия — тек білім емес, эмоциялық, әлеуметтік, психологиялық орта. Психологтың кәсіби, жанашырлықпен жүргізген жұмысы — баланың толыққанды дамуы мен қоғамға бейімделуінің кепілі. Сондықтан психологтың қолдауы — инклюзивті білімнің табысты жүзеге асуына жол ашады.