kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Инклюзивті білім беру ба?ытында?ы о?ушыларды? таным процестерін диагностикалау, дамыту ж?не мониторинг жасау

Нажмите, чтобы узнать подробности

?аза?стан Республикасында ел басшылы?ыны? адами капиталды дамытуды? ?ажеттілігі мен ма?ыздылы?ын т?сініп, білім беру ж?йесін реформалауды бастау?а ж?не ж?ргізуге жан-жа?ты ?олдау к?рсетуіні? н?тижесінде  білім беруді ?ар?ынды дамыту мен жа??ырту м?мкін болып отыр.

?аза?станда м?мкіндігі шектелген балаларды? ту?аннан бастап ?леуметтік ж?не медициналы?-педагогикалы? тексерілуі ж?не білім алуы елімізді? Конституциясында, «Білім туралы», «М?мкіндігі шектелген балаларды ?леуметтік ж?не медика-педагогикалы? т?р?ыдан ?олдау туралы», «?аза?стан Республикасында м?гедектерді ?лекметтік ?ор?ау туралы», «Арнайы ?леуметтік ?ызмет туралы», «Инклюзивті білім беруді дамыту туралы» за?дарды белгіленген.

       Инклюзивті білім беру м?селесі ?азаргі кезде білім беру саласында?ы ?зекті м?селе болып отыр. ?азір м?мкіндігі шектеулі балаларды? м?мкіндіктерін ескере отырып, ?згелермен те?дей білім алуына жа?дай жасау керек. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Инклюзивті білім беру ба?ытында?ы о?ушыларды? таным процестерін диагностикалау, дамыту ж?не мониторинг жасау»

Инклюзивті білім беру бағытындағы оқушылардың таным процестерін диагностикалау, дамыту және мониторинг жасау

Алматы облысы, Жамбыл ауданы, «Социалистік Еңбек Ері Қ. Әбсәметов атындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар орта мектеп» КММ

Н.Ж. Орманбекова

Педагог-психолог


ХХ ғасырдың соңына қарай әлемнің көптеген дамыған елдерінде (АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Швеция, Скандинавия мемлекеттерінде) мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту үшін инклюзивті білім беру жүзеге асырыла бастады. Мұндай балаларды оқыту үшін арнайы жеңілдетілген бағдарламалар мен көмек беруіші жүйелер жүзеге асырылды. Инклюзивті білім берудің мақсаты-мүгедек, мүмкіндігі шектеулі балаларды қоғамнан оқшауламай, барлақ балалармен бірдей білім алуына жағдай жасау.

Қазақстан Республикасында ел басшылығының адами капиталды дамытудың қажеттілігі мен маңыздылығын түсініп, білім беру жүйесін реформалауды бастауға және жүргізуге жан-жақты қолдау көрсетуінің нәтижесінде білім беруді қарқынды дамыту мен жаңғырту мүмкін болып отыр.

Қазақстанда мүмкіндігі шектелген балалардың туғаннан бастап әлеуметтік және медициналық-педагогикалық тексерілуі және білім алуы еліміздің Конституциясында, «Білім туралы», «Мүмкіндігі шектелген балаларды әлеуметтік және медика-педагогикалық тұрғыдан қолдау туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлекметтік қорғау туралы», «Арнайы әлеуметтік қызмет туралы», «Инклюзивті білім беруді дамыту туралы» заңдарды белгіленген.

Инклюзивті білім беру мәселесі қазаргі кезде білім беру саласындағы өзекті мәселе болып отыр. Қазір мүмкіндігі шектеулі балалардың мүмкіндіктерін ескере отырып, өзгелермен теңдей білім алуына жағдай жасау керек.

«Бәріне бірдей мүмкіндік» принципін ұстанатын инклюзивтік білім берудің енгізіле бастағанына көп бола қойған жоқ. Бұл термин көбіне «Сапалы білім-барлығы үшін» түсінігімен бірге қолданылады. Яғни, жалпы білім беретін мек тептерде мүмкіндігі шектеулі балаларға басқа да оқушылармен теңдей білім беру, соған жағдай жасау.

Инклюзивті оқыту – ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр. Тәжірбие көрсеткеніндей қатаң білім беру жүйесінен балалардың бір бөлігі шығып қалады, өйткені қалыптасқан жүйе мұндай балалардың даралық қажеттілігін қанағаттандыра алмайды. Инклюзивті бағыт мұндай балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады.
Инклюзивті оқыту- барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді.
Инклюзивті оқыту- оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға мүмкіндік береді.
Инклюзивті оқыту- адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді.
Инклюзивті оқытудың негізгі принциптері:
1. Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен жетістіктерімен анықталады.
2. Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті.
3. Әрбір адам қарым-қатынасқа құқылы.
4. Барлық адам бір-біріне қажет.
5. Білім шынайы қарым-қатынас шеңберінде жүзеге асады.
6. Барлық адамдар құрбы-құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді.
7. Әрбір оқушы үшін жетістікке жету - өзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын әрекетін жүзеге асыру.
8. Жан- жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді.
Инклюзивті оқыту – барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеретін, ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісінің дамуы. Инклюзивті оқыту балалардың оқу үрдісіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге талпынады. Егер инклюзивті оқытудың оқыту мен сабақ беруге енгізілген өзгерістері тиімді болса, онда ерекше қажеттіліктері бар балалардың жағдайлары да өзгереді. Инклюзивті оқытуды ашқан мектептерде оқыған балалар адам құқығы туралы білім алуға мүмкіншілік алады, өйткені олар бір-бірімен қарым-қатынас жасауға, танып білуге, қабылдауға үйренеді.
Инклюзивтік білім беру- барлық балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік қажеттіліктерін арнайы қолдау, қоршаған ортаның балаларды жас ерекшеліктеріне және білімдік қажеттіліктеріне бейімделуіне жағдай қалыптастыру, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат.

Қазіргі уақыттарда мектептерде инклюзивті білім бер Түзету-дамыту сыныбында оқушыларды оқыту мен денсаулығына байланысты мектепте оқуға мүмкіндігі жоқ оқушыларды үйден оқыту арқылы жүзеге асырылып жатыр. Осы бағыттағы жүргізілген жұымтарды саралап, сараптап ұсынып отырмын.

Оқу жылы басталысымен оқушыларды қабылдап, ортаға бейімделулері мен оқу-тәрбие үдерістеріне бақылау жасалды.Оқушыларды тұлғалық ерекшеліктерін анықтау мақсатында, темпераменттері анықталып, қарым-қатынас ерекшеліктерін зерттеу үшін Ян Мореноның «Социометрия» әдістемесі жүргізілді. Сонымен қатар, «Өмірде жоқ жануар», «Психогеометриялық экспресс-талдау» әдістемелерін қолдандық. Оқу бағдарламасын игерудегі негізгі механизм адамның танымы болғандықтан да, психологтың ТДС негізгі жұмысы-оқушылардың таным деңгейіне диагностика жасау мен дамыту болып табылады. Сондықтан да, оқу жылы барысында, Түзету-дамыту сыныптарында үш диагностика және диагностикалардың аралықтарында дамыту жұмыстары жүргізілді. Диагностика және дамыту жұмыстары негізінен жаттығулар мен әдістемелер арқылы жүргізілді. Бірінші диагностиканы қараша айында, екіншісін қаңтар айында, ал қорытында диагностиканы сәуір айында жүргіздік. Әр диагностиканың нәтижелері сарапталып, сол бойынша мониторинг жасалды. Жүргізілген жұмыстардың

Үйде оқитын оқушылармен де таным диагностикасы, дамыту жұмыстары жүргізілді. Көмекші мектеп бағдарламасымен оқитын оқышылармен психологиялық жұмыс жүргізгенде, негізінен қызықты дидактикалық материалдарды пайдалана отырып, ойын-жаттығу кешендері арқылы жұргіздік. Ал жалпы мектеп бағдарламасымен оқитын оқушы бұрын ТДС (түзету-дамыту сыныбы)-та оқығандықтан оған қолданған әдістемелер орта буын ТДС әдістемелеріне ұқсас болды.

Түзету-дамыту және үйден оқитын оқушыларының таным қабілеттерін диагностикалау және дамытуға арналған жаттығулар мен әдістемелер тізімі

Жүргізілген жұмыс

Жұмыс түрі

Мерзімі

Қатысушылар саны

Нәтижесі

Түзету-дамыту сыныбының оқушыларын сыныбына бейімдеу

Жаттығулар

қыркүйек

16

Жаттығулар арқылы ТДС оқушылары ортаға бейімделіп, жаңадан қосылған пәндер туралы түсінік алды.

Үйден оқитын оқушының кіші моторикасын анықтау

Жаттығулар

қыркүйек

2

«Адам суретін толықтырып сал», «4 бұрыш ішіне нүкте қою» жаттығуларын жүргізу арқылы кіші моторика деңгейі анықталды.

Үйден оқитын оқушының танымдық қабілеттерін диагностикалау

Жаттығулар кешені

қыркүйек

2

«Гүл», «Бос орынды толтыр», «Заттарды есіңде сақта», «Сәйкес түсті тап», «Суретке қарап әңгіме құрастыр», «суретті аяқта», «Көңілді сөз», «Мен кіммін?», «Жалпылап айт», «Кесінді суреттер», «Сыйлық» ойын-жаттығуларын қолданып оқушының таным деңгейі анықталды. Сабақ беретін мұғалім мен ата-анасына нәтижеге байланысты ұсыныс берілді.

Үйден оқитын оқушының танымдық қабілеттерін дамыту

Жаттығу-сабақ

қазан

2

Қыркүйек айындағы диагностика нәтижесі бойынша дамыту жаттығуларын қолдана отырып, психологиялық дамыту сабақтары жүргізілді.

Түзету-дамыту сыныбы оқушыларының мінез-құлық ерекшеліктерін зерттеу

Жаттығу

қазан

15

«Шыдамдылық, төзімділік» жаттығуы арқылы оқушылардың өз ортасына бейімделуінің деңгейі анықталып, оқу-тәрбие процесінде ескеру үшін сынып жетекшілері мен пән мұғалімдеріне ұсынылды.

Үйден оқитын оқушымен жұмыс

Жаттығулар кешені

қараша

1

Жаңадан денсаулығына байланысты үйде оқытылуға ауыстырылған оқушының таным деңгейі анықталып, нәтижелері оқу-тәрбие процесінде ескерілді.

Түзету-дамыту сынып оқушыларының таным деңгейлерін диагностикалау

Жаттығу-сабақ

қараша

15

ТДС оқушыларының таным деңгейлерін диагностикалау мақсатында 3 психологиялық жаттығу-сабақтары жүргізілді.

Үйден оқитын оқушылардың таным процесстерін дамыту

Жаттығу-сабақ

қаңтар

3

Дамыту жаттығулары арқылы үйден оқитын оқушылардың таным деңгейлеріне дамыту жұмыстары жүргізілді.

Үйден оқитын оқушылардың зейін деңгейлерін дамыту

Жаттығу-сабақ

ақпан

3

Жаттығулар кешені арқылы оқушылардың зейін деңгейлерін дамыту жаттығулары жүргізілді.

ТДС оқушыларымен жұмыс

Проективті әдістеме

ақпан

15

Оқушылардың психологиялық көңіл-күйін, тұлғалық қасиеттерін және отбасындағы орнын анықтау мақсатында «Үй, ағаш, адам» проективті әдістемесі жүргізіліп, нәтижесі оқушылар мен сынып жетекшілеріне ұсынылды.

ТДС оқушыларымен жұмыс

Тест

наурыз

15

Оқушылардың мінезіндегі ерекшеліктерін анықтау үшін психогеометриялық тест алынып, нәтижелері сарапталды.













Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Планирование

Целевая аудитория: Прочее

Автор: Орманбекова Нурзат Жекеновна

Дата: 20.01.2016

Номер свидетельства: 279611


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства