kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Арман-жарқын болашақ бейнесі

Нажмите, чтобы узнать подробности

щшрщгоапгб ншнеүп

чваирошлпанршщзгқмтььнраогнрм

чвапчсмнщ

авп

иролдощдпн

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Арман-жарқын болашақ бейнесі»

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары





13сабақ

Мектеп

Мерзiмі:

Тақырып: Арман-жарқын болашақ бейнесі

Құндылық: сүйіспеншілік

Қасиеттер: мейірімді, қамқорлық, достық.

Мұғалiм: Дауитова Г.

Сынып 11



Сабақ мақсаты: - «Арман» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.Арманның мәні,жету жолы туралы өзіндік пікірін қалыптастыру.

Міндеті:

Білімділік: - арман туралы,оның әлеуметтік,қоғамдық сипаты,арманға жету жолдары туралы ұғысдарқалыптастыру;

Дамытушылық: -жеке бастың ісін қоғамдық ортақ тілекпен ұштастыра білуге үйрету,өмірге,өзіне деген сезімін арттыру,өмірге құштарлыққа баулу;

Тәрбиелік: - оқушылардың талдау,сараптау дағдыларын дамыта отырып,тұшымды ойдан ляззат табуға бағыттау,сезімін жетілдіру.Сезім мөлдірлігін,жан сұлулығын ұштау.

Ресурстар:үнтаспа,

суреттер,нақыл сөздер

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi. 2 мин.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.

5 Т ережесін еске салу.

1.Тәртіп

2.Талап

3.Тыныштық

4.Тазалық

5.Татулық





2.Тыныштық сәтi. Нұрға бөлену.Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз.Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елесететіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балығы және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді,эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып,жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз.Ол бірітіндеп күшейе түсуде.Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз.Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда.Қолымыз тек жақсы,ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі.Нұр аяқтарарыңызға тарады.Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда.Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің ауызыңызға,тіліңізге тарады.Тіліңіз тек шындықты және жақсы,ізгі сөздер ғана айтады.Нұрды құлақтарыңызға бағқыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естейді. Нұр көздеріңізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінне жақсылықты көреді. Сіздің басыңыз тұгелдей нұрға бөленніп, басыңызға тек ізігі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңыздан сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз.Нұрды уақытша түсініспей,ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз,олардың да жүрегі нұрға толсын.Осы нұр бүкіл әлемге:барлық адамдарға,жан-жануарларға,өсімдіктерге,барлық тірі жанға таралсын....Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз.Ойша айтыңыз:"Мен нұрлымын...Нұр менің ішімде...Мен Нұрмын"

Осындай Нұр,Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз....

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз.Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде.Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.Рахмет.



3.Үй тапсырмасын тексеру. 5 мин.

Үйге берілген тапсырманы сұрау.

Сабақ барысын талқылау:

4.Дәйексөз.

Арман деген көп белес-біріне шықсаң,бірі бар.

Ғ.Мұстафин


5.Әңгiмелеу (сұхбат). 3мин

«Ойланайық,пікірлесейік» айдарымен өтетін кезеңнің сұрақтары бойынша жеке-жеке пікірлесу ұйымдастыру керек.Сұрақтар оқушылардың жаңа ұғымды игеруіне даярлану қызметін атқарады.Армансыз адам болмайтыны,оның алыс келешекке арналуы,ол тілек түріндегі күнделікті жуық арада болуы мүмкін екендігін оқушылардың тұжырымды,жинақы жеткізулеріне бағыт берген дұрыс.Арманның адамның танымына,көзқарасына,қоғамдық жағдайға байланысты өзгеруі мүмкін екеніне көз жеткізу үшін мына сұрақтарға жауап беруі керек.

  • Армансыз адам бола ма?

  • Арманның үлкен,кішісі бола ма?

  • Арман мен қиял,мұрат ұғымдарын қалай түсінесің?



6.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. 12 мин.

Мұнда берілген өлең жолдарынан жанына жақынан таңдап алып,түсіндіріп беру тапсырылады.



Ш.Құдайбердиев

...Адамды санай берсең,көп арман да,

«Мінсіз бақ,сансыз дәулет» деп арманда...

Мергенге түзу мылтық,оқ арманда

Тамақсыз табысы жоқ кәріптерге

Жалғыз күнгі тамақтың тоғы арман да.

***

Ж.Нәжімеденов

Шың басына тұрсын мейлі қар құйып,

Дүниеде нелер биік-Ар биік.

Көк жалғызы-ай да менің арманым,

Арманым ғой әлемдегі бар биік.

***

М.Мақатаев

Мына өмірде жүрегіңде,

Бойында ыстық қан барда,

Болмысты да,болмасты да

Болады деп арманда!

***

И.Сапарбаев

Ақ қанатты құсым деймін сені,

Аспаннан жерге түсірмеймін сені.

Мәрмәрден мәңгі мүсіндеймін сені,

Ей,Арманым!

7.Дәптермен жұмыс

Дәптердегі 1-тапсырманы орындау.


8.Топпен ән айту. 3 мин Арман М.Шаханов.


9.Үй тапсырмасы. 2 мин. Оқулықта Н.Келімбетовтің «Үмітімді үзгім келмейді» деген шығармасын оқу.


10.Қорытындылау, соңғы тыныштық сәтi. 3 мин.

  • Арманның үлкен,кішісі бола ма?

  • Арман мен қиял,мұрат ұғымдарын қалай түсінесің?

  • Арманның адам болашағына әсері қандай?

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз.Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елесететіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балығы және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді,эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып,жүрегіңіздің қауызын ашты.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 11 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Арман-жарқын болашақ бейнесі

Автор: Ботабаева Айнур Махсетовна

Дата: 09.02.2018

Номер свидетельства: 455998


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства