kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Т?рбиешілерге арнал?ан “Педагогикалы? ?рекетті психологиялы? ?остау” семинар-тренингі"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма?саты: балаларды о?ыту ж?не т?рбиелеу ісіне ?атысушыларды? психологиялы? сауаттылы?тарын арттыру, т?рбиеленушілер т?л?асын дамыту?а ба?ыттал?ан гуманистік ы??айды ?гіттеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Т?рбиешілерге арнал?ан “Педагогикалы? ?рекетті психологиялы? ?остау” семинар-тренингі"»


«Салтанат» бөбекжай-бақшасы












Тәрбиешілерге арналған

Педагогикалық әрекетті психологиялық қостау”

семинар-тренингі












Әзірлеген: педагог-психолог Қалиева Г.Р.













Петропавл қаласы,

2015-2016 оқу жылы

Мақсаты: балаларды оқыту және тәрбиелеу ісіне қатысушылардың психологиялық сауаттылықтарын арттыру, тәрбиеленушілер тұлғасын дамытуға бағытталған гуманистік ыңғайды үгіттеу

Өткізу түрпішіні: тренинг элементтері бар семинар

Құрал-жабдықтар: релаксациялық музыка, әдістеме бланктері


Семинар-тренингтің барысы


І. Сәлемдесу, семинар-тренинг мақсатымен таныстыру, мамандық жайында талқылау


«Педагог кәсібі» ойша елестету

  • Көз алдарыңызға табиғатты елестетіңіздер.

  • Терең дем алып, әуеннің ырғағына зейін аударып, менің сөздеріме құлақ салыңыздар.

  • Ал, бастаймыз (музыка қосылады).

  • Орман ішінде серуендеп жүрсіз...

  • Табиғат деген тамаша. Жасыл дала. Таза ауа. Құстардың дауысы...

  • Соқпақ жолға түсіп, жүріп келесіз ...

  • Жол ұзақ, шаршадыңыз, шөлдедіңіз ...

  • Кенет алдыңыздан ғажайып бақ көрінді ...

  • Алма бағы ...

- Қып-қызыл алмалар қол үзім жерде ...

  • Сіз үзіп алып жей бастадыңыз ...

- Дәмі керемет ...

- Жеген сайын жегіңіз келеді ...

  • Қалтаңыздан дорба алып алмаларды жинай бастадыңыз ...

  • Күн кешкірді ... Қайту керек ... Бақтан шығып жолға түстіңіз ... Иығыңызда дорба ..

  • Жүгіңіз ауыр. Жол бітер емес. «Тастап кетсем бе екен?» деген ой келді ...

  • Сіз дорбаны емес, жалқау ойыңызды тастап кеттіңіз ...

  • Міне, қалаға да жеттіңіз ... Алдыңыздан қуана секіріп балалар шықты ...

  • Оларға өзіңіздің терген алмаларыңыздан үлестіре бастадыңыз ...

  • Алма тергеніңіз мұншама абырой болар ма? Сізге балалар дән риза ...

  • Балалардың бақытты күлкісі сіздің де көңіліңізді көкке көтерді!

Музыка тоқтатылып, тәрбиешілер көзін ашады. Өз әсерімен бөліседі.


Қойылатын сұрақтар:

- Ойша елесте алма деп не меңзеледі?

- Мұндағы адамның кәсібі педагог кәсібімен мазмұндас келе ме?


ІІ. Диагностика

Тәрбиешінің психологиялық бейнесі” әдістемесі

Әдістеме авторлары З.Г.Резапкина, В.Г.Резапкина тәрбиешінің тиімді жұмысына қажет қасиеттерді бөліп көрсетті:

٭ әрбір баланы қабылдау, оның тұлғасын құрметтеу:

٭ жағымды психоэмоционалды күй, сабырлық, сенімділік;

٭ өзін жағымды қабылдау;

٭ тұлғаға бағытталған оқыту, мінез-құлықтың иілгіштігі мен тосындылығы;

٭ жауапкершілік.

Тест бойынша тәрбиешілерге берілетін нұсқау: «Аталмыш тест сіздердің оқыту стильдеріңізге сипаттама беруге көмектеседі. Әрбір сұраққа ұсынылған үш жауап нұсқасының ішінен өздеріңіздің ойларыңызға, сезімдеріңізге және жауап-әрекеттеріңізге сәйкес немесе жақын нұсқаны таңдаңыздар.

Сіздердің жауаптарыңызды тіркейтін әдістеменің арнайы бланкі бар».


Әдістеме бланкісі

І

ІІ

ІІІ

ІV

V

1

2

3

1

2

3

1

2

3

1

2

3

1

2

3

1




2




3




4




5




6




7




8




9




10




11




12




13




14




15




16




17




18




19




20




21




22




23




24




25




26




27




28




29




30




31




32




33




34




35




36




37




38




39




40




41




42




43




44




45




46




47




48




49




50




жалпы




жалпы




жалпы




жалпы




жалпы





Әдістеме сұрақтары

1. Балаларды тәрбиелеуде мен үшін ең маңыздысы:

  1. оларды жылулық пен қамқорлыққа бөлеу;

  2. олардың бойында ересек адамдарға деген сыпайылық қатынастың негізін қалау;

  3. олардың көзқарастары мен іскерліктерін дамыту.

2. Егер сабақ кезінде бір бала алаңдай берсе, мен сабақ жүргізе алмаймын:

  1. иә;

  2. жоқ;

  3. нақты жағдай мен көңіл-күйге байланысты.

3. Егер сабақта бала маған белгісіз фактілер туралы айтса (әңгімелесе), мен ...:

  1. оның жауабына қызығушылық танытамын;

  2. қысыламын (ұяламын);

  3. жақтырмаймын.

4. Егер топта тәртіп болмаса:

1. менің жауап-әрекетім нақты жағдайға байланысты болады;

2. мен бұған назар аудармаймын;

3. мен сабақты бастай алмаймын.

5. Басқа адамдармен жанжалдасқанда өзімді ... кінәлі сезінемін:

  1. жиі;

  2. нақты жағдайға байланысты;

  3. сирек.

6. Мен үшін маңыздысы:

  1. балалармен қатынас;

  2. әріптестермен қатынас;

  3. бұл сұраққа жауап беру қиындық туғызады.

7. Кейбір балалар ... ызамды келтіреді, әдетте оны жасыру мен үшін қиынға соғады:

  1. жиі;

  2. кейде;

  3. ешқашан балаларға ызаланбаймын.

8. Сабаққа басқа адамдардың қатысуы:

  1. мені қуаттандырады;

  2. менің жұмысыма еш әсер етпейді;

  3. мені алаңдатады.

9. Егер бала қоғамдық орында тәртіп бұзса, ескерту жасау – менің міндетім деп есептеймін:

  1. жауап-әрекетім нақты жағдайға байланысты;

  2. жоқ;

  3. иә.

10. Менің мектепте алған бағаларым мұғалімнің көңіл-күйіне емес,
өзімнің салған күш-жігеріме байланысты еді:

  1. иә;

  2. кейде;

  3. жоқ.

11. Бос уақытта мен ... қалаймын:

  1. балалармен әңгімелесуді;

  2. әріптестермен әңгімелесуді;

  3. жалғыз болуды.

12. Мен жұмысқа әрқашан көтеріңкі көңіл-күймен барамын:

  1. жоқ;

  2. кейде;

  3. иә.

13. Менің бойымда басқалардан асып түсетіндей қасиеттер бар:

  1. иә;

  2. жоқ;

  3. бұлай айтуға сенімсізбін.

14. Мен ... адамның жетекшілігімен жұмыс істегенді қалаймын:

  1. шығармашылығыма еркіндік беретін;

  2. жеке ісіме араласпайтын;

  3. нақты бағдар беретін.

15. Жоспарлар құрғанда мен ойлағанымның табысты түрде іске асатындығына күмән келтірмеймін:

  1. жиі;

  2. кейде;

  3. әрқашан күмәнданамын.

16. Балабақшадан басқа жерлерде балалармен кездейсоқ кездесу:

  1. менің бойыма қуаныш сезімін ұялатады;

  2. менде ыңғайсыздық сезімін тудырады;

  3. менде ерекше эмоциялар тудырмайды.

17. Себепсіз өзімді ... бақытты немесе бақытсыз сезінетін кездерім болады:

  1. жиі;

  2. сирек;

  3. ешқашан.

18. Әкімшілік пен әріптестерімнің ескертулері:

  1. мені алаңдатпайды;

  2. кейде алаңдатады;

  3. жиі алаңдатады.

19. Сабақты алдын ала жасалған жоспарға сай өткіземін:

  1. нақты жағдайға байланысты;

  2. импровизацияны қалаймын;

  3. әрқашан.

20. Әдетте менің табыстарымды басқалары мойындайды:

  1. иә;

  2. кейде;

  3. сирек.

21. Әрбір баланы “ол қандай болса сол қалпында қабылдау керек” деген пікірмен:

  1. келісемін;

  2. келіспеймін;

  3. келісуге болатын шығар.

22. Жақындарым мен әріптестерімнің тарапынан көретін жылулық пен қолдау маған жеткіліксіз:

  1. иә;

  2. кейде;

  3. жоқ.

23. Балалармен және әріптестермен алдағы уақытта кездесемін деген ой:

  1. менің бойыма қуаныш сезімін ұялатады;

  2. менде ерекше эмоциялар тудырмайды;

  3. мені қынжылтады.

24. Баланың маған қатысты өзін нашар ұстағанын көргенде:

  1. бәрін анықтап алуға тырысамын;

  2. бұл жағдайға бейжайлық танытамын;

  3. оның маған істегенін өзіне істеуге тырысамын.

25. ... жанұядағы тәрбиеге байланысты:

  1. бәрі де;

  2. бірен-сараңы;

  3. ештеңе де байланысты емес.

26. Жұмыста маған ... маңыздырақ:

  1. балалардың жақындығы;

  2. әріптестердің қолдауы;

  3. өзіндік қажеттілік сезімі.

27. Сабағымның табысты өтуі менің ішкі және физикалық күйіме ... байланысты болады:

  1. жиі;

  2. кейде;

  3. байланысты емес.

28. Әріптестерімнің маған достық шырай танытуына мен:

  1. күмәнданбаймын;

  2. сенімсізбін;

  3. бұл сұраққа жауап беру қиындық туғызады.

29. Егер бала мен қабылдай алмайтын көзқарасты білдірсе:

  1. оның көзқарасын түсінуге тырысамын;

  2. әңгіме тақырыбын басқа арнаға бұруға тырысамын;

  3. оны түзетіп, қателіктерін түсіндіруге тырысамын.

30. Егер қаласам кез келген адамды өзіме қарата аламын:

  1. иә;

  2. нақты жағдайға байланысты;

  3. мүмкіндігім шамалы.

31. Егер менің көзімше әріптесім баланы кінәсіз жазаласа:

  1. бірден оның жағына шығамын;

  2. әріптесіммен көзбе көз қалғанда оған ескерту жасаймын;

  3. бұл іске араласпаймын.

32. Жұмысым ... мен үшін қиындық туғызады:

  1. әдетте;

  2. кейде;

  3. сирек.

33. Өзімнің кәсіби біліктілігіме күмән келтірмеймін:

  1. әлбетте;

  2. күмәнім бар;

  3. бұл туралы ойланған жоқпын.

34. Балабақша ұжымында мен үшін ең маңыздысы:

  1. шығармашылықпен жұмыс істеу мүмкіндігі;

  2. қақтығыстардың жоқтығы;

  3. еңбек тәртібінің болуы.

35. Балаларға ықпал жасайтын факторлардың көптігі ата-аналардың
еңбегін жоққа шығарады:

  1. жоқ, келіспеймін;

  2. кейде;

  3. иә, келісемін.

36. “Мына баланы мен ештеңеге үйрете алмаймын, өйткені ол мені жақтырмайды” деген пікірмен:

  1. толықтай келісемін;

  2. келіспеймін;

  3. мүмкін.

37. Жұмысым туралы ойлар маған түнде ұйқы бермейді:

  1. жиі;

  2. сирек;

  3. ешқашан ұйқыма кедергі келтірмейді.

38. Жиналыстар мен педагогикалық кеңестерде мен өзімді толғандыратын сұрақтар бойынша сөз сөйлеймін:

  1. жиі;

  2. кейде;

  3. басқаларды тыңдағанды қалаймын.

39. Тәрбиеші балаға дауыс көтере алады деп есептеймін:

  1. жоқ;

  2. бұл сұраққа жауап беру қиындық туғызады;

  3. егер бала дауыс көтеретіндей іске лайық болса.

40. Мүмкіндіктерін іске асыра алмаған адамдар бұған өздері кінәлі:

  1. иә;

  2. кейбір жағдайларда;

  3. жоқ.

41. Демалыс кезінде балалармен қарым-қатынасқа деген қажеттілікті сезінемін:

  1. иә;

  2. жоқ;

  3. кейде.

42. Қиындықтарды жеңу үшін мен өз бойымнан күш-жігер таба аламын:

  1. сирек;

  2. кейде;

  3. әрқашан.

43. Білікті емес адамдардың бұйрықтарын орындаған кездерім болды:

  1. иә;

  2. кейде;

  3. жоқ.

44. Сабақтағы күтпеген жағдайларды:

  1. тиімді қолдануға болады;

  2. жақтырмаған жөн;

  3. оқу үрдісіне кедергі келтіреді.

45. Өмірімдегі сәтсіздіктердің көпшілігі өз кінәмнан болды:

  1. иә;

  2. кейде;

  3. жоқ.

46. Әріптесім мен бала арасында қақтығыс туындаған жағдайда мен “іштей” ... жағында боламын:

  1. баланың;

  2. әріптесімнің;

  3. бейтараптылық танытамын.

47. Оқу жылының басында немесе аяғында менің денсаулығым сыр береді:

  1. әдетте;

  2. кейде;

  3. жоқ.

48. Балаларымның маған қатынасы жақсы:

  1. иә;

  2. бәрінің емес;

  3. білмеймін.

49. Әкімшіліктің талаптарын негізсіз деп есептесем де оларға қарсыласпаймын:

  1. жоқ;

  2. кейде;

  3. иә.

50. Табыс жағдайлардың сәтті келуіне емес адамның қабілеті мен еңбекқорлығына тәуелді:

  1. жиі;

  2. кейде;

  3. келіспеймін.


Әдістеме нәтижелерін өңдеу

Әрбір 5 шкаладағы 3 жауап нұсқасының бірінің көптеп кездесуі (бесеуден артық) сіздердің жүріс-тұрыстарыңызды, сезімдеріңізді және жауап-әрекеттеріңізді белгілі топтардың біріне жатқызуға болатындығын білдіреді. Егер екі бағанда ұпайлар саны бірдей болса, екі топ белгілері бірдей деңгейде тән, сіздердің мінез-құлықтық бағыттылығы аяғына дейін қалыптаспады деген сөз.

І БАСЫМ ҚҰНДЫЛЫҚТАР

Тәрбиешінің кәсіби маңызды сапалары: балаларға деген сүйіспеншілік, оларды түсінуге және көмектесуге ұмтылыс. Егер балалармен қарым-қатынас тәрбиеші үшін басты құндылық болмаса, өз сабақтарын және оны оқытудың әдістемесін жетік білгенмен олардың сүйіспеншілігі мен сеніміне бөлене алмайды.

1-нұсқаның басым болуы тәрбиеші әрекетінің гуманистік бағыттылығын білдіреді. Мұндай тәрбиешіге баланың қызығушылықтары мен мәселелері жақын, қатынастардың негізінде баланы толықтай қабылдау жатыр. Жағымды эмоционалды жағдай жемісті жұмыс үшін қолайлы ахуал тудырады, тәрбиешінің де, баланың да психикалық денсаулығын сақтайды.

2-нұсқаның басым болуы тәрбиешілер үшін балаларға қарағанда әріптестермен қатынастың, олардың ой-пікірлерінің маңыздылығын білдіреді. Әдетте, олардың балалармен қарым-қатынасы сенімсіздікпен және шеттетумен сипатталады.

3-нұсқаның басым болуы тәрбиеші зейінінің өз сезімдеріне және мәселелеріне шоғырланғандығын білдіреді. Балалармен және әріптестермен қарым-қатынаста салқындық танытады.

ІІ ПСИХОЭМОЦИОНАЛДЫ КҮЙ

Тәрбиешінің жүріс-тұрысы мен қабылдауы көп жағдайда оның жүйке жүйесіне тәуелді болады. Кәсіби маңызды сапалары: балаларға деген сүйіспеншілік, оларды түсінуге және көмектесуге ұмтылыс. Егер балалармен қарым-қатынас тәрбиеші үшін басты құндылық болмаса, өз сабағын және оны оқытудың әдістемесін жетік білгенмен олардың сүйіспеншілігі мен сеніміне бөлене алмайды.

1-нұсқаның басым болуы қолайсыз психологиялық эмоционалдық жағдайдың болуын байқатады. Басты белгілері: тепе-теңсіздік, тез ашулану, алаңдау.

2-нұсқаның басым болуы жүйке жүйесі туа сезімтал, өзін игеру орташа деңгейде екенін көрсетеді.

3-нұсқаның басым болуы қолайлы психологиялық эмоционалдық жағдайдың болуын білдіреді. Бұл жұмыстың тиімді болуына әсер етіп, өзін толық игеріп, дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндік береді.

ІІІ ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУ

Тәрбиешінің өз мүмкіндіктерін, бойындағы қасиеттерін, адамдар арасында алатын орнын бағалауы. Тәрбиешінің оқыту қағидалары мен “өзіндік педагогикалық философиясы” өзін-өзі бағалауға байланысты.

1-нұсқаның басым болуы: жағымды өзіндік бағалау, өзіндік мүмкіндіктерді толығымен жүзеге асыра алатын, сабақтары қарқынды, қарым-қатынаста өтетін досшыл, балаларға сыйлы тәрбиешінің көрінісі.

2-нұсқаның басым болуы: тұрақсыз өзіндік бағалау, сәтті жағдайда эмоционалды және шығармашылық көтерілу болады, өзіне деген сенімділігі артады. Сәтсіздіктерде өзін бағалауы төмендеп, кәсіби және өмірлік мәселелерді шешуде қиналып, айналадағылармен қарым-қатынасына жағымсыз әсер етеді.

3-нұсқаның басым болуы: жағымсыз өзіндік бағалау, өзіне толық еркіндік бермейді. Балаларға басымдылық көрсету арқылы өзінің беделін көтереді. Шаблонды, қалыпты сабақ бергенді қалайды.



ІV ОҚЫТУ СТИЛІ

Тәрбиешінің оқыту стиліне тұлғалық ерекшеліктер, өмірлік ұстаным мен тәжірибе әсер етеді. Сабақ беру мәнері тәрбиешінің жұмыс тиімділігін арттырады немесе педагогтың өз кәсіби міндеттерін орындауыН қиындатады.

1-нұсқаның басым болуы тәрбиешінің демократиялық іс-әрекет стилін көрсетеді. Педагог балаларға дербес шешім қабылдауға мүмкіндік береді, көзқарастарын тыңдап, талқылауда мадақтайды. Балалардың үлгерімімен қатар жеке қасиеттерін есепке алады. Тәрбиешінің өз іс-әрекетіне көңілі толады, қарым-қатынаста ашық, мейірімді. Негізгі әдістері: қызықтыру, кеңес, өтініш.

2-нұсқаның басым болуы тәрбиешінің еркін (либералды) іс-әрекет стилін көрсетеді. Педагог шешім қабылдаудан қашып, балаға бастама береді. Бала әрекетін ұйымдастыру және бақылау жүйесіз, тәрбиеші баланың көңіліне қарамайды. Тәрбиешінің өзін бағалауы төмен, алаңдап отырады, өз кәсіби қасиеттеріне сенімсіз, жұмысына көңілі толмайды. Негізгі әдістері: еркіндік, балаға тапсырма беру.

3-нұсқаның басым болуы тәрбиешінің авторитарлы іс-әрекет стилін көрсетеді. Педагог балалардың көзқарасымен, нақты жағдалармен санаспайды. Сабақ үстінде балалардың әрекетімен қанағаттанбайды. Балалардың басым бөлігі сабақта белсенділік танытпайды. Негізгі әдістері: бұйрық.

V СУБЪЕКТИВТІ БАҚЫЛАУ ДЕҢГЕЙІ

Бұл – тәрбиешінің бойына жауапкершілікті алу қабілеті. Ұстаз өзінің тыныштығы мен көп уақытын құрбан етуге дайын кәсіптердің бірі болғандықтан тәрбиеші кәсібі басқа адам үшін жауап беруді қажет етеді.

1-нұсқаның басым болуы субъективті бақылаудың жоғары деңгейін білдіреді. Жоғары субъективті бақылауға ие педагог өмірде болып жатқан барлық жағдайларды өз мойнына алып, сыртқы жағдайлармен емес, өзінің мінезімен, әрекетімен түсіндіреді. Өте белсенді, өзіне сенімді, басқаларға тым еліктеп кетпейтін ұстаз.

2-нұсқаның басым болуы субъективті бақылаудың орташа деңгейін білдіреді. Орташа субъективті бақылауға ие педагог өмірде болып жатқан барлық жағдайларды өзімен қатар басқалардан көруі мүмкін. Жауапкершілікті өзіне ғана емес, басқаларға да жүктеледі.

3-нұсқаның басым болуы субъективті бақылаудың төмен деңгейін білдіреді. Төмен субъективті бақылауға ие педагог өмірде болып жатқан барлық жағдайларды басқалардан көреді. Өзіне жауапкершілікті артпай, өмірде болып жатқан оқиғалар басқалардың әсерімен деп түсінеді.


ІІІ. Машықтану.

Педагогикалық жағдайлар


Нұсқау: «Ұсынылып отырған әртүрлі педагогикалық мәселелердің дұрыс шешімін тауып көріңіз».


1) Сіз топты тыныштандырып, сабақты бастап кеттіңіз. Бір уақытта бір баланың қатты күлкісі естілді. Сіз тосыннан ештеңе айтып үлгермей, оған сұраулы және таңдана қарап едіңіз, ол сіздің көзіңізге тіке қарап: «Менің әрқашан сізге қарағанда күлкім келеді» деді. Сіздің әрекетіңіз қандай болады?

2) Бала тобындағы басқа балаға өзінің жаман қарым-қатынасын көрсете отырып: «Мен онымен бірге топта болғым келмейді. Ол кетсін» деді. Сіз баланы қалай райынан қайтарасыз?

3) Бала тәрбиешіге: «Мен тағы дәптерімді (үй тапсырмасын орындауға) ұмытып кетіппін», - деді. Сіз не айтасыз?

4) Тәрбиеші балаға тапсырма береді, бала оны орындағысы келмей «Мен мұны істегім келмейді» деп жауап қайтарады. Сіздің келесі әрекетіңіз қандай болады?

5) Анасы таңертең тәрбиешіні көріп, баласына «Ол өте шаршаған кейіпте екен» деді. Сіз оны естіп тұрып, не істейсіз?

6) Ата-ана тәрбиешіге «Ертең біз балабақшаға келмейміз, жай ғана демалғымыз келеді». Сіздің жауабыңыз қандай болады?

7) Ата-ана тәрбиешіге «Менің ойымша, сіз тәрбиеші ретінде біздің балаға ештеңе үйрете алмайсыз» деді. Сіз не дейсіз?

8) Ата-ана тәрбиешімен әңгімелесіп тұрып: «Сіз басқа балаларға қарағанда менің балама көбірек көңіл бөлгеніңізді қалаймын, менің ойымша оған мүлде көңіл бөлінбейді», - деді.



Тәрбиешілердің психологиялық бейнесі

Біздің балабақшамыздағы тәрбиешілердің психологиялық бейнесін құру мақсатында барлық ұжым мүшелеріне 3 сұраққа жауап беру ұсынылды:

1. Педагогикалық ұжымымыздың қай мүшесі сіз үшін «Аты аңызға айналған» деген мәртебеге лайық? «Аңыз» тәрбиеші _____________________________________________

2. Тобыңыздағы қай тәрбиеленуші сіз үшін «Аты аңызға айналған» деген мәртебеге лайық? «Аңыз» тәрбиеленуші __________________________________________________

3. Сіз үшін 2015-2016 оқу жылында балабақшада болған ең әсерлі оқиға. «Аңыз»оқиға ____________________________________________________________________________


«Аңыз» тәрбиеші «Салтанат» балабақшасы деген кезде қандай тәрбиеші көз алдарыңызға бірінші болып келеді» деген қағидаға сүйене отырып, «Аңыз» тәрбиеші деген мәртебеге ие болу үшін тәрбиеші тәжірибесі, білімі, балаларға, жалпы адамдарға деген қатынас, өзін ұстау, сөйлеу мәнері критерийлері бойынша таңдалды (бір-екі тәрбиеші сөз сөйлейді). Ал аты аңызға айналар деп, болашағынан үміт күттіретін тәриешілер туралы сөз қозғасақ.

«Аңыз» тәрбиеленуші деген мәртебені әрбір тәрбиеші өз тобының бір тәрбиеленушісіне берді. Олардың сипаттамасын тәрбиешілердің өз аузынан естісек (әрбір топ тәрбиешілері сөз сөйлейді).

2015-2016 оқу жылының есте қалған ең әсерлі оқиғасын тәрбиешілердің көпшілігі сипаттап жазды, бұл оқу үрдісінен гөрі ұйымдастырушылық, тәрбиелік сипат алғандай (бір-екі тәрбиеші сөз сөйлейді).


ІV. Кеңес

«Балалармен қалай қарым-қатынас жасау керек?» атты кеңес


  1. Баланы қабылдау ­– оны жақсы көру деген сөз. Баланы әдемілігі, қабілеттілігі, үздік оқығаны, әрқашан көмектесетіні үшін жақсы көрмей, оның бар болғаны үшін жақсы көрген жөн.

  2. Баланың жеке әрекеттеріне өзіңіздің ренішіңізді білдіріңіз, бірақ та оның барлық түр-тұлғасына өкпелемеңіз.

  3. Егер бала көмек сұрамаса, оның айналысып жатқан ісіне кедергі келтірмеңіз.

  4. Балаңызға өз әрекетінің теріс жақтарымен кездесуге мүмкіндік беріңіз. Тек осындай жағдайлармен кездескен кезде баланың өсуі мен санасының жетілуі жүзеге асады.

  5. Баланы белсенді түрде тыңдау ­­- оның сезімдерін білдіре отырып, өзінің айтқан әңгімесіне "қайтару".

  6. Балаға өз сезіміңізді айтқанда бірінші жақтан айтыңыз. Яғни ол және оның мінез-құлқы жайлы емес, өзіңіз, өз сезінулеріңізді жайында айтыңыз.

  7. Артық мәселелер мен қақтығыстарды тудырмас үшін өз күтулеріңіз бен баланың мүмкіндігін жайлап өлшеңіз.

  8. Балаға талап қою мен тыйым салуды айтқанда бұйрық жасап емес, достық - түсіндірмелі тонда хабарлаңыз.

  9. Баланы жазалағанда жамандық қылмай, оны жақсыдан шектеген жақсырақ.

  10. Баламен жұмыс істегенде шыдамды әрі сабырлы болыңыз, айқай мен ұрсуға баланың құлақ еті үйреніп, келешекте ол сіздің мұндай сөздеріңізді мүлде қабылдамайды.



V. Рефлексия, қоштасу

«Мейірімділік кесесі» жаттығуы

Тәрбиешілерден денелерін бос ұстап, орындыққа жайлы жайғасулары сұралынады.

Барлығы көздерін жұмғаннан кейін әсем әуеннің ырғағымен төмендегі мәтін оқылады.

«Көз алдарыңыза ақ экранды елестетіңіз...

Ақ экранда Сіздің жақсы көретін ақ кесеңіз пайда болды...

Ол кесені қолыңызға алдыңыз...

Кесе сұйықтыққа толы...

Экранда осы кесеге ұмтыла келе жетқан басқа кішкене кеселер пайда болды...

Оларға үлкен кесе өзінің сұйықтығын құя бастады...

Барлық кішкентай кеселер сұйықтыққа толды...

Сіз өзіңіздің кесеңізде бар сұйықтық бітіп қалды деп ойладыңыз...

Бірақ ол бітпепті...

Керісінше, Сіздің кесеңіздегі сұйықтық одан сайын көбейіп, сұйықтық ернеуінен асардай...

Сіз сондай қуаныштысыз...

Басқаларға осы сұйықтықты тағы да бергіңіз келеді...

Бұл сұйықтықтың аты – мейірімділік екен...

Сіздің мейірімділігіңіз ұшан теңіз...

Басқаларға мейірімділігіңізді берген сайын өзіңіз мейірлене түсесіз...

Жан жылулығыңыз ешқашан таусылмасын!..

Осы тілекпен бөлмеге оралайық».


Қызметкерлердің өз ойларымен бөлісуі, қоштасу



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Т?рбиешілерге арнал?ан “Педагогикалы? ?рекетті психологиялы? ?остау” семинар-тренингі"

Автор: Калиева Гулдана Рузаевна

Дата: 29.09.2016

Номер свидетельства: 346633


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства