Халқымыздың сан ғасырдан бергі даналығына құлақ ассақ, «Адамның бақыты — балада» деген екен. Кез келген адам өзі өмір бойы қуып жете алмайтын бақыт деген құдыретті сөздің өлшемі өмірінің жалғасы ұрпағымен келетініне мән бермеуі де мүмкін. Біреу бақытын байлықтан тапқысы келсе, екінші біреуі даңқ пен атақтан, мансап пен қызметтен іздестіреді. Мұның бәрі түсінген адамға қолдың кірі сияқты нәрсе. Адамға нағыз бақытты — тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады. «Адам ұрпағымен мың жасайды» деген сөз тегін айтылмаса керек. Олай болса адам өмірінің мәні — өз ұрпағы.Шыр етіп сәби дүниеге келген сәттен бастап ата-ана алдында нәзік те қиын, қыр-сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады.
Ол — бала тәрбиесі. Бала тәрбиесінде алғашқы ұстаз — ата-ана. Бала үшін үй ішінен, ата-анадан артық тәрбиеші жоқ. Адамгершілік, бауырмалдық, татулық, қайырымдылық, әдептілік, инабаттылық сияқты қасиеттер — жанұяда тәрбие балаға сөзбен, теориямен дамымайды, үлкендердің үлгісімен сіңеді. «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дейді халық даналығы. Бала кішкентай кезінен-ақ әр нәрсеге әуестеніп үлкендерге көмектескісі келеді. Бұған кейбір әке-шеше «жұмысымды бөгейсің, істеп жатқан ісімді бүлдіресің» деп ұрысып жіберуі мүмкін. Бұл қате түсінік. Керісінше, өзің жұмыс істеп жүргенде баланың қолынан келетін ісіне жағдай туғызып, оның үйренуіне көмектескен орынды. Тіпті балаға берген тапсырмаңыздың аяғына дейін орындаулына төзімділікпен бақылау керектігін де ұмытпаған жөн. Өстіп баланың бірте-бірте еңбекке деген болашағына жол ашылады. Әрі істеген ісін ұқыпты да тындырымды орындауына бағыт бересіз. Баланың жақсы ісін мадақтап, терісін оң етіп түсіндіріп отырса, ол да ересектерді сыйлап, кез келген тапсырмасын орындауға қарсылық білдірмейді. Орынсыз ұрысу,зеку, сұрақтарына дөрекі, келте жауап беру немесе әділ талап қоя алмау ата-ананың беделін түсіреді.
Ата — ана — бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Сондықтан әке де, шеше де балаларының жан дүниесіне үңіліп, мінез-құлқындағы ерекшеліктерді жете білгені жөн. Балалармен әңгімелескенде олардың пікірімен де санасып отырған орынды. Өз баласымен ашық сөйлесе алмай, сырласа білмейтін ата — аналар «Екеуміз де жұмыстамыз, кешкісін үй шаруасынан қол тимейді, баламен сөйлесуге уақыт жоқ» дегенді айтады. Бұл дұрыс емес. Баламен сөйлесуге тіпті арнайы уақыт бөлудің қажеті жоқ. Әке мен шеше ұл-қыздармен үй шаруасында жүріп-ақ әңгімелесіп, ой бөлісуге неге болмасқа. Жанұядағы жанжал, үлкендердің аузына келген сөздерді айтуы, баланың көзінше басқа біреуді сөгуі, біреудің сыртынан өсек айтуы балаға теріс әсер етеді. Бала алдында әке-шеше үй ішінің үлкендердің әдептілік танытқаны жөн. «Көрінген таудың алыстығы жоқ» дейді, ертең-ақ ұл өсіп ер жетеді, қыз өсіп бой жетеді.
Адамгершілік қарым-қатынастардың ерекшеліктері
Сәмет Жанар Абдығалиқызы
Бақанас аграрлы-индустриалдық
колледжінің психологі
Мораль-күрделі құбылыс, жалпыадамзаттық сипатқа ие. Оның жазбалары жеке өмірімізде және кәсіптік, қоғамдық өмірде қолданылады. Моральдың екі саласы бар: моральдық сана және адамгершілік дағдылары.Сезім, сенім моральдық сананың барлық деңгейлеріне енеді. Моральдық санада жеке адамның басқа адамдармен,қоғаммен, тұтас әлеммен қатынастары, жоғарғы құндылықтарға ие. Адамның жан дүниесін философтар үш бөлікке бөледі: сана,сезім,ерік. Осыған сәйкес жеке адамның моральдық санасы келесі компоненттерден тұрады: ақылдылық, жоғары игілікке бағытталу, ізгі ниет. Моральдық сана иесіне қарай жеке және қоғамдық болып бөлінеді. Ең алдымен, мораль нормалары қоғамдық пікір мен адамның ар-ұятына сүйенеді. Ақыл- ой мен сезім өзара үйлескен іс-қимылда болып, олардың бірлігі жеке адамның моральдық сенімін құрайды. Бірақ лайықты сенімдер тәжірибеде іске аса бермейді. Бұл жерде ерік күші көмекке келеді.Ерік айқын көңіл күй енгізіп,нақты әрекеттерге дайындықты анықтайды. Біз моральдық сананың негізгі, қорытынды компоненттерге тоқталдық. Адамгершілік сапалары тек адамгершілік қатынастарды қалыптасатын қоғамда, басқа адамдармен қарым-қатынастарда дамиды, сенімдері жүзеге асады. Өнегелі қарым –қатынас адамгершілік дағдыларын көрсетеді.
Осындай адамдық қарым-қатынас процесінде адамгершілік принциптері жүзеге асады, жеке адам өз өмірінің жоғарғы құндылықтарымен, игіліктерімен арақатынасын белгілейді. Адамгершілік қатынастар мақсатты бағытталған, саналы, еркін. Адамгершілік қатынастар отбьасылық, әлеуметтік, шаруашылық, саяси, діни қатынастардың құрамдас бөлігі болып табылады. Сондықтан адамгершілік қатынастарға мәдениеттің, белгілі бір діннің,ұлттың ерекшеліктері әсер етеді. Мысалы,салт- дәстүр,әдеп ғұрыптардың ұлттық ,тарихи, діни, мәдени бояуы болады.
Моральдық сана мен адамгершілік қатынастардың арасында тығыз өзара байланыс бар. Адамгершілік идеялары мен сезімдерсіз ешқандай қарым-қатынас болмайды.
Моральдың негізгі қызметтері
Моральдың бағалау-бағыттау қызметін шешуші қызметі деп есептеуге болады. Моральдық сананың сұрыптауынан өткізілетін жақсылық пен жамандық, әділдік, борыш ар-ұят т.б сияқты моральдық түсініктер арқылы өтетін моральдық құндылықтар адамдарды мейірімді, адал қайырымды, ізгі ниетті қатынастарға бағыттайтын парасаттылық қылықтарды реттейді.
Мораль принциптер, ережелер, нормалар, бағалаулар, идеалдари жүйесі арқылы адамдар арасындағы «компас» рөлін атқарады. Л.А.Попов «Моральдық бағалау индивидтің моральдық сенімі мен қоғамдық пікірдің беделіне сүйенеді»,-деп атап көрсеткен.
Моральдың танымдық қызметі
Ол бағалау-бағыттау қызметімен өзара байланысты. Өзінің немесе өзгенің қылықтарына баға бермес бұрын,біріншіден,өзіңнің басқалардың ішкі дүниесі туралы қалыптасқан түсінігің болуы керек. Яғни, танымдық қызмет өзіңнің және басақалардың мінез-құлқын сезімдерін басқаруға көмектесетін адамның ішкі дүниесін тану болып табылады. Моральдың танымдық қызметі сезімге,интуицияға сүйенбейді,ғылыми танымда ақыл- ой биікте тұрады.
Адам психологиясы
Сәмет Жанар Абдығалиқызы
Бақанас аграрлы-индустриалдық
колледжінің психологі
Адамды көптеген ғылымдар қарастырады: философия, әлеуметтану, этика, эстетика, педагогика, психология және т.т. әрбір ғылымның өзінің адамды зерттеу пәндері бар. Адамға әлеуметтік-психологиялық талдау жасау үшін: «адам», «индивид», «тұлға», «даралық» ұғымдарына қатысты нақты түсінік шегін белгілеуіміз керек.
Адам-жоғарғы психикалық қызметтің арқасында меңгеру, жасау, өзгерту қабілетіне ие саналы биоәлеуметтік тіршілік иесі, қоғамдық-тарихи дамудың жемісі әрі сол қоғамдық өмір жемісі болып табылатын сананы таратушы. Өзіндік сана-сезімі адам сана дамуының филогенездік, онтогенездік дамуының шыңы. Адамда: биологиялық, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік сияқты құрылымдары бар. Ол құрылымдармен адам болмысы өлшенеді және олар бір-бірімен өзара байланысты. Олар: адамның жеке басына тән қайталанбас ерекшеліктерінің болатыны; адам бойындағы кісілік (тұлғалық) қасиеттердің болатыны. Ол аға ұрпақ жасаған мәдениетті меңгеруде қалыптасады. Егер адам жас кезінде қоғамнан тыс қалса, онда оның санасы, тілі, ойлауы, және вертикальда аяқ алысып болмайды. Адам әр түрлі еңбек және түрлі формадағы қоғамдық іс-әрекетке қатысу арқылы адамзатта қалыптасқан қасиеттерді ол өзінде өзіне тән адамдық қабілетерді дамытады. Адам түсінігі көп жоспарлы. Адам қоғамда өмір сүреді. Ал адам бос өмір сүруі ешбір мүмкін емес. Оның тәні де жаны да айналасындағылармен қарым қатынас жасау үстінде тек әлеуметтік әсер жағдайында ғана кісілік мәнге ие болады. Адамның санасының дамып, өсуі тікелей өзінің өмір сүріп отырған ортасына байланысты. Сондықтан адам психологиясын дұрыс ұғыну үшін: әлеуметтік жағдайын білу керек; оның қандай ортаның өкілі екенін айыру; оның көзқарасы мен наным- сенімін бағыт- бағдарын білімі мен тәжірибесіне икемді, тиімділігін анықтау керек. Міне, тек осы айтылғандардан кейін ғана, нақты мәліметтерден соң сол адам туралы пікір білдіруге мүмкіндік туады. Психология адамның даралық сипаттарын қарастырып, оның кісілік қасиеттерін өрістетуді мақсат тұтады.
Индивид (жеке адам)-тұқымқуалаушылық қасиеттердің жалпы генотипін тасымалдаушы, биоәлеуметтік тіршілік иесі. Адам дүниеге келгенде индивид болып туылады. Ол қоғамдық қатынастардың объектісі, әрі субъектісі. Қатынастар ықпалын сезіну мен бірге қатысушы, әрі оны терең бойлаушы. З.Фрейд ілімі бойынша, үнемі қоғам ішінде болып оның ықпалын сезінуші, әрі оған қарсы тұрушы биологиялық тұйық жан.
Тұлға-адамның қоғамдық санасы мен мінез-құлықты, адамзаттың қоғамдық-тарихи тәжірибесін меңгеруде қалыптасқан адамның әлеуметтік-психологиялық мәні. Тұлға қоғамдық қатынасты обьектісі мен жемісі ғана емес, сонымен бірге іс-әрекет, қатынас, сана, өзіндік сананың белсенді субьектісі. Тұлға болып туылмайды, ол әлеуметтік, мәдени даму нәтижесінде туындайды. Тұлға мақсатқа талпынушы ғана емес, сонымен бірге өзін-өзі ұйымдастыратын жүйе. Оның зейіні мен іс-әрекетінің обьектісі: сыртқы орта мен өзінің «Мендік» сезім болады. Осыған байланысты өзін -өзі реттеу, өзін-өзі ұстай білу, қабілеті мен қасиет көрсетеді. Тұлға болу дегеніміз- белсенді түрде өмірлік позицясы бар және ішкі қажеттілікке байланысты таңдау жасай білу, келген шешімінің зардабын бағалау және өзі қоғамның алдында жауап беру, үнемі өзін-өзі және өзгелерді құруға түрлі әдіс, тәсілдерді меңгеріп өз мінез құлқын реттеуші.