kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

О?ушыларды ?БТ-ге психологиялы? т?р?ыдан дайындау жолдары

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы: О?ушыларды ?БТ-ге  психологиялы? т?р?ыдан дайындау жолдары.

Ма?саты: М??алімдерге ?БТ - ны? ма?ыздылы?ы туралы ма?л?мат беру, емтихан алдында ж?не емтихан кезінде о?ушыларды эмоционалды? психологиялы? т?р?ыдан ?олдау к?рсету ж?не жа?ымды ахуал орнату?а ы?пал ету.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«О?ушыларды ?БТ-ге психологиялы? т?р?ыдан дайындау жолдары»

Қ.Қарашаұлы атындағы Сарайшық орта мектебі










Дөңгелек үстел


Мектеп психологы: Тауова Нұрсұлу
























2015-2016 оқу жылы

Тақырыбы: Оқушыларды ҰБТ-ге психологиялық тұрғыдан дайындау жолдары


Мақсаты: Мұғалімдерге ҰБТ - ның маңыздылығы туралы мағлұмат беру, емтихан алдында және емтихан кезінде оқушыларды эмоционалдық психологиялық тұрғыдан қолдау көрсету және жағымды ахуал орнатуға ықпал ету.
Ұйымдастыру бөлімі:

Сәлеметсіздер ме, бүгінгі дөңгелек үстелге қатысушылар! Астарлы айтар ойы болса, маржандай терер сөзі болса, сол күннің текке өтпегені екен дейді дана халық. Бүгін сол сәтті күндердің бірін сіздермен бірге өткізгеніме қуаныштымын!
«Оқушыларды ҰБТ-ге психологиялық тұрғыдан дайындау жолдары» тақырыбында өткелі тұрған дөңгелек үстелге сіздерді "Жұлдыз, күн, гүл" тренингімен ортаға шақырамын.

Танысу бөлімі: Өзіңізді таныстырып және әр топ мүшесі топқа берілген суретке байланыстыра отырып тілек айтып өтсеңіз.Мысалы:

Менің есімім Айнұр, өмірлеріңіз гүлдей жайнасын!

Менің есімім Ақжарқын, жұлдыздай биік мақсаттарыңызға қол жеткізіңіздер!

Менің есімім Гулмира, көңілдеріңіз күндей жарқырасын!
Түйін: Әрдайым есімдеріңізге сай мінездеріңізбен сүйкімді болып жүре беріңіздер деген тілекпен жалғастырамыз!
Ой шақыру мақсатында бейнекөрініс: "ҰБТ - бұл".

Бұл көріністе ҰБТ кезіндегі оқушының жан дүниесінде болып жатқан әртүрлі сезімдер арпалысын көреміз.


«Үштік одақ» бөлімі.

1--топ: "ҰБТ- ата-ана көзімен"

2- топ: "ҰБТ- оқушы көзімен"

3- топ: "ҰБТ- ұстаз көзімен" тақырыбында постер қорғау.

"Сенім және күдік" бейнекөрінісін көру

"Психологиялық қолдау" бөлімі

а) «Ескі түсініктердің жаңа мағыналары» филологиялық ойыны

ә) Үш "Қ" ережесі

б) Мұғалімге кеңес


«Емтихан» латын сөзінен «сынау» деп аударылады. Дәл сол сынаудан 11 - сынып оқушылары әр түрлі жағдайда өтеді. Сынаудан жеңіл және тиімді өту үшін ата - аналармен қатар мұғалімдердің де рөлі ерекше және де маңызды екенін түсініп отырсыздар.
ҰБТ - ті тапсыру қазіргі таңда жаңалық болмаса да, жасөспірімдерді, ата - аналарды күйзеліске әкелуі мүмкін. Сіз өзіңіздің қобалжуыңызды бала алдында қаншалықты жасырамын дегенменде жасыра алмайсыз. Сондықтан өзімізді ұстамдылыққа шақырып, ішкі күйзелісімізді білдіртпеуміз керек. Өйткені сіздің қобалжуыңыз балаға тез беріледі де, ал балада қобалжу пайда болып, өзіне деген сенімсіздікке бой алдырады.
Емтихан тапсырған кездегі сәтсіздіктер немесе сәттіліктердің барлығын жасөспірімнің өзіне артуға болмайды. Сол жауапкершілікке қол жеткізу үшін ата - ананың, ұстаздардың оны қоршаған ортасының ықпалы мен қолдауы ауадай қажет.

"Жағдаяттар" бөлімі

Жағдаят шешу. Бұл кезеңде үш топқа жағдаят беріледі. Топ бірлесіп жағдаяттан шығу жолдарын іздеп, бір өкіл қорғап шығады.
І - топқа жағдаят
ҰБТ. Айтулы күн жақындаған сайын мектеп бітіруші баланың ұйқысы қашып, мазасыздана бастады. Ең алдымен ол мектептің, ата - анасы және өзінің абыройын ойлады. Осыған дейін тер төгіп дайындалған еңбегінің еш кеткенін қаламады. Оның үстіне ата - анасы баласына тым жоғары талап қойып отыр. ҰБТ күні ол төмен ұпай жинады. Баланың ата - анасы ретінде балаға қандай қолдау көрсетесіз. Оның төмен ұпай жинаған себебі?
ІІ - топқа жағдаят
Балаңыз 11 сынып оқушысы. Ол мамандық таңдауға қатысты өз шешімін жасап қойған. «Болашақ дәрігермін» дейді. Ал Сіз болсаңыз балаңыздың медицинаға еш қабілеті жоқ екендігін нақты білесіз. Тәжірибелі үлкен, жанашыр адам ретінде Сіз балаңызға қалай кеңес берер едіңіз? Оның өз бейімділігіне қарай мамандық таңдауына қалай бағыттар едіңіз?
ІІІ - топқа жағдаят
Сіздің 16 жасар қызыңыз және 2 жасар ұлыңыз бар. Сіз екі мезгіл жұмыс жасайсыз. Қызыңыз биыл 11 сыныпқа келді. Алдында ҰБТ күтіп тұр. Әдетте, үй шаруасын тыңдырып, баланы да бағатын үлкен қызыңыздың күн тәртібін енді Сіз қалай өзгертесіз? Қызыңызға өз тарапыңыздан қандай қолдау көрсетіп, оның алдында күтіп тұрған емтиханға дайындалуына қалай жағдай жасайсыз?
Түйіндеме: - Зейінін тұрақтандырып, өз - өзіне келу үшін өзімізді жайлы ұстауға үйрету. Оның басты әдісі тыныс алуды реттеуде мынадай жаттығулар жасауға болады. Біздің қолымызда барлық мүшемізбен белсенді қызмет атқаратын нүктелер бар. 1) Оң қолдағы бас бармақпен сұқ саусақтың ортасын деміңді ішіңе тартып, сол қолыңның бас бармағы мен сұқ саусағымен қысып, саусақтарыңды босаңсыта отыра деміңді сыртқа шығарасың. 5 рет осылайша қайталаймыз.
2) Енді осы алақанымыздың ортасына келесі қолымыздың бас бармағын қатты қойып тыныс алып, саусағымызды алған кезде, демімізді сыртқа шығарамыз. 5 рет осылайша қайталаймыз.
Және өзімізге өзіміз аутотренигтік жаттығулар жасаймыз. Мысалы:
Мен өз - өзіме минут сайын сенімдімін!
Мен өз - өзіме сағат сайын сенімдімін!
Мен өз - өзімен күн сайын сенімдімін!
Мен өз - өзіме апта сайын сенімдімін!
Мен өз - өзіме жыл сайын сенімдімін! деп тыныс ала отырып, айнаға қарай отыра күн сайын айтып, және «Мен осы аптада жұма сайынғы дайындық тестісінде қалаған ұпайға қол жеткіземін», «Мен ҰБТ да жақсы нәтижеге жетемін». «Қалаған мамандығыма түсемін» деп өз - өзіне айтып, санасына сіңіру керек.


"Өрмекші торы". Сіздің басты байлығыңыз, болашағымыз шәкірттеріміз, олардың алдағы ең алғашқы сынағына сіздер ұстаздар ретінде, ата-ана ретінде қандай көмек бере аласыздар? Бұл сұрақтың жауабын тілектерімізді бірі-бірімізге жолдау арқылы өрмекші торын құра отырып табамыз.


Құрметті дөңгелек үстелге қатысушы ұстаздар!


Біз үшін ең бақыт – баланың амандығы, жетістігі! Біз мұны жан – тәнімізбен қалаймыз, армандаймыз, тілейміз және сол тұрғыда еңбектенеміз. Ендеше, “Еңбегіміз міндетті түрде жемісін береді” , -деп балаларымызға сенім артайық. Біз өсірген, біз тәрбиелеген, біз оқытқан баланың ең талантты, ең талапты, ең сенімді, ең білімді жеке тұлға болуына сенейік және сенім білдірейік!

Сіздерді осы қорытындыға шақырамын!


















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 11 класс

Скачать
О?ушыларды ?БТ-ге психологиялы? т?р?ыдан дайындау жолдары

Автор: Тауова Н?рс?лу Раул?ызы

Дата: 25.06.2016

Номер свидетельства: 336138


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства