kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Мектептегі гендерлік ?лтты? т?рбие беру ж?йесі

Нажмите, чтобы узнать подробности

?здіксіз білім беру ж?йесіні? т?рбие т?жырымдамасында басшылы??а алатын т?рбиедегі басты ??ндылы?тыр деп:Адам,Отбасы,Отан,Ту?ан ?лке,Денсаулы?,Салауатты ?мір салты,Е?бек,Білім ж?не М?дени м?ра к?рсетілген.

Отбасы – адам т?рмысын ?йымдастыруды? ?айнар к?зі,некеге немесе ?андас туыс?анды??а негізделген ?о?амды? ша?ын топ.?о?аммен,б?кіл ?о?амды? ?атынастарды? ж?йесімен ты?ыз байланыста бол?анымен,отбасы – ?о?амды? ?мір мен салыстыра ?ара?анда адамдарды? бтологиялы? жа?ынан е? жа?ын,?з алдына дербес те сырлас тобы.Отбасы ?мірі материалды? ж?не рухани ?рдістер мен сипатталады.

Отбасы – ?мірге адам алып келу, оны? ?ажеттілігін ?теу, ?мірге жан жа?ты даярлау, я?ни ?леуметтендіру, сол сия?ты т?рбиені? барлы? т?ріне ба?ыт берумен айналысатын ?леуметтік институт.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Мектептегі гендерлік ?лтты? т?рбие беру ж?йесі »


Фурманов орта мектебі














Баяндамашы:

Педагог- психолог

Усенова Г.Т.












2014-2015 оқу жылы

Үздіксіз білім беру жүйесінің тәрбие тұжырымдамасында басшылыққа алатын тәрбиедегі басты құндылықтыр деп:Адам,Отбасы,Отан,Туған өлке,Денсаулық,Салауатты өмір салты,Еңбек,Білім және Мәдени мұра көрсетілген.

Отбасы – адам тұрмысын ұйымдастырудың қайнар көзі,некеге немесе қандас туысқандыққа негізделген қоғамдық шағын топ.Қоғаммен,бүкіл қоғамдық қатынастардың жүйесімен тығыз байланыста болғанымен,отбасы – қоғамдық өмір мен салыстыра қарағанда адамдардың бтологиялық жағынан ең жақын,өз алдына дербес те сырлас тобы.Отбасы өмірі материалдық және рухани үрдістер мен сипатталады.

Отбасы – өмірге адам алып келу, оның қажеттілігін өтеу, өмірге жан жақты даярлау, яғни әлеуметтендіру, сол сияқты тәрбиенің барлық түріне бағыт берумен айналысатын әлеуметтік институт.

Отбасы адам баласының түп қазығы алтын ұясы. Себебі: адам баласы шыр етіп дүниеге келген күннен бастап, сол ортаның ыстық суығына биімделіп, ықпалына көніп, осында ер жетеді. Кәмелеттік жасқа толғаннан кейін де өзі отбасын құрып бөлек шықпайынша, туған ата анасының қол астында, қамқорлығында болмақ. Демек, отбасы негізгі қамқорлық мектебі.

Отбасын «дербес мектеп, әлеуметтік институт» деп қарастыратын болсақ, әке шеш сол орданың ұстаздары ал, ата әже профессорлар іспеттес. Белгілі оқу орнында оқып диплом алған педагог мамандардың да ұрпақ тәрбиесі үшін үнемі ізденіс үстінде болатындығы, әдістемелік көмек күтетіндігі қажеттілік болса, ата ананың да баласының алдында міндеттерін түсінуі, оның болашағы үшін өз білімін көтеруі, арнайы мамандардың кеңестеріне құлақ түруі де қажеттілікіз, Һәм уақыт талабы деп түсінеміз.

Еліміз егеміндік алғаннан бергі уақыт ішінде қоғамда қаншама өзгеріс болды десең ші? Сол өзгерістер туғызған соны жаңалықтар бала өміріне тікелей әсерін тигізіп жатқаны белгілі. Бала тәрбиесінің өзекті проблемаларын шешуге тәрбиенің уақыты өткен әдістерін ауыстыратын тәрбиенің жаңа технологияларын қолданудың қажеттілігі, ел ертеңін, ұлт болашағы үшін этнопедагогика ғылымының жетістігін әр отбасының тәрбие құралына айналдыру бүгінгі күннің сұранысы. Алайда,соңғы уақытта еліміздегі нарықтық экономиканың қарқынына ілесу қиыншылығынан ,көптеген отбасыларда бала тәрбиесі әлсіреп,тіпті ерісіз қолдан шығып,орны ьолмас олқылықтар пайда болды.Ата- ана өз міндетін орындау барысында жіберілген кемшілігін қоғамға білім беру мекемелеріне арта бастады. Оған қоса, шартты түрде дамыған білім беру жүйесі мен БАҚ дамуы, «мәдени орын» деген атаудың астарына тығылған керекті, керексіз сауық үйлерінің ашылуы отбасының тәрбие беру және әлеуметтендіру қызметін әсер еткенін жасыра алмаймыз. Қоғамдағы келеңсіз көріністер мектеп оқушыларын да айналып кетіп жатқан жоқ. Оның ішінде қазақ отбасыларына тән мәселелер де жиі кездесіп жатады. Осы тұрғыда педагогика ғылымына енген жаңаша бағыт гендерлік білім мен гендерлік тәрбиені қазақтың дініне, тарихына, ұлттық мұраттары мен құндылықтарна салыстырмалы түрде қабылдау қажет.

«Гендер»- деген жаңа термин енгелі көп уақыт бола қойған жоқ. Сондықтан болар, жұрт арасында «Гендер» сөзіне ұрке қарайтындай пікірлер де тереп жүр. Әдетте, «гендер» ұғымын «феминизм» ұғымы мен шатастырып жүргендер бар. Әрине жаңалақты жатырқамай қабылдай беріп, талғамай өмірлік мұрат ету де дұрыс емес. Сол үшін, әр нәрсенің байыбына бойлап, шамаға қарай тон пішкен жөн.

Сонымен, «гендер» ағылшынның «жыныс» деген сөзі. Оның термин ретінде ұғымы қандай болмақ және гендерлік өзгешілік деген не?

Гендер - бұл ерлер мен әйелдер арасындағы өзгешелікті негіздейтін әлеуметтік жыныс мағынасын береді. Ерлер мен әйелдер арасындағы мінез құлық, алға қойған мақсат, қоршаған әлемді қабылдау тағы сол сияқты мәселелердегі ерекшеліктер гендерлік рөл деп аталады. Гендерлік өзгешелік әр жыныстың өзіне тән қасиеттері мен ерекшеліктері, өмірлік қызметі сияқты мәселелер.

Гендерлік әлеуметтендіру қоғамдағы балаларды өз жынысына сай ерекшеліктерді білу, осыған сай әрекет ету және басқа жыныстырдың ерекшеліктерін біле отырып, құрметту, қадір тұту сонысен қатар қарым қатыстарының дұрыс реттелуіне бағыт бағдар беру болып табылады.

Шындығында, қазіргі біздің қоғамдағы мектептің тәрбие жүйесі феминизацияланған, яғни әйелдердің қолына өткен деп айтамыз. Себебі: педагог қауымының басым көпшілігі әйел жыныстылар. Мектептер «апайлардың» ордасына айналды. Психологтардың пайымдауынша, бұл ұлтымыздың ертеңі үшін қауіпті. Ер балалардың жаратысы өзгереді: «қыз мінезділер» көбейеді. Ұлдарымыз ұсақталып кетеді. Босалаң, босбелбеу, саны артады. Мектепте қылмыстың белең алуының да бір себебі осы ер мұғалімдердің аздығынан екен. Қысқасы ер мұғалімдердің тапшылығының салдарынан ұрпақ тәрбиелеуде ұтыларымыз көп. Мектептерде ер мұғалімнің аздығы ұрпақ тәрбиесіне кері әсер етеді. Ер мұғалімдердің тәрбиесі ұлдар үшін ғана емес, қыздар үшін де керек. Себебі, қыз балалар мектептегі ер азаматтарды үлгі тұтады. Дос, болашақ жар таңдағанда да қателеспеуі үшін мектептегі ер мұғалімге ұқсайтын азаматты іздейді. Ер мұғалімдердің көбірек болуының тағы бір пайдасы, қыздарымыз ибалы, қылықты болып өседі. Ұятты, ар намысты жоғары қоятын қыздар көбейеді. Ал ер балалар ер азаматтарға қарап бой түзейді. Солардай болуға талпынады. Киім киюді, өзін ұстауды, сөйлеу мәдениетін үйренеді. Ер мінезді, өр мінезді, намысшыл болып тәрбиеленді. Әсіресе жоғары сыныпта оқитын балаларға ер мұғалімдер көбірек сабақ беру керек. Өкінішке орай соңғы кезде қыздарымыздың біразы әдепсіз болып бара жатыр. Әсіресе, ер балалар бір бірімен жиі кикілжіңдесетін болды. Ұсақ түйекке бола бір бірінің жағасына жармасып, сәл нәрсеге қызылкеңірдек болып қалады.

Еріншек, жалқау, болбыр балалар көбейіп барады. Ал қыздардың жеке өмірі сәтсіз болып жатады. Қыздар ер балалар мен дос болады. Бірақ достық ұзаққа созылмайды. Келісе алмайд. Бірін бірі түсінбейді. Сезімнің жетегіне еріп, алданып, опық жейтіндер де бар. Міне мектепте ер азаматсыз ұрпақ тәрбиелеудің салдары осы .Мен бұл арқылы мектептегі әйел мұғалімдердің еңбегін, тәрбиесін жоққа шығарып отырған жоқпын. Айтайын дегенім, әйел қанша мықты болғанымен ер адамның орнын баса алмайды. Дуализм заңы деген бар. Ақ пен қара, күн мен түн, ыстық пен суық, ер мен әйел. Бұл екі жаратылыс бірін бірі алмастыра алмайды, олар тек бірін бірі толықтырады. Жағыз басты аналар балаларына баржағдайды жасағаны мен бәрібір әкенің әңгімесін айта алмайды, әкенің тәрбиесін бере алмайды. Ер адам аз сөзбен ақ қас қабақпен ақ көп нәрсені ұғандыра алады. Бұл, әрине, мектептегі ұрпақ тәрбиесіне де қатысты. Психологиялық тұрғыдан алатын болсақ ер балалар мен қыз балалардың физиологиялық та психологиялық та дамуын да айырмашылық бар. Біз бір сыныптағы балаларға бірдей талап қойғанымызбен табиғи дамуға қарсы тұра алмаймыз. Мысалы, 6-7 сыныпта қыз балалар өз сыныптас ұлдарға қарағанда физиологиялық жағынан дамып жетіліп болады. Осыған сай психологиясы да өзгереді. Ал біздегі білім беру мен тәрбиедегі қойылар талап бірдей. Әйел мұғалімдердің сөзі мен талабын тез түсінгендіктен, олар тезірек бейімделе бастайды, сондықтан мектепте ер балаларға қарағанда қыздар белсендірек. Тіл бабысуға оңай болғандықтан мұғалімдер де қыз балаларды қоғамдық жұмыстарға көбірек жқмсайды. Қыз балалардың қатыгездігі сондай ұлдардың қателігін көріп мұғалімдерге жеткізуге асығады. Қателігін көріп, ескертуді көп алу, баланың құлшынысы мен ықыласын жояды. Сондықтан а болар, бізде жоғары сыныптарда ер балалардың сабаққа деген ыұыласы төмен. Қоғамдық жұмыстарға да қыз балалар сияқты құлшыныс танытпайды.

Бұл бір қарағанда қарапайым мәселе деп саналғанымен, қоғамдағы ер адамдар арқалар ауыртпалықтың әйелдер мойнына түсіп, ерлер көтерер жүкті әйелдердің атқаруымен көрініс беріп жатқандығын ескеруіміз керек. Қоғамда да, отбасында да ер адам мен әйел өз жынысына сай өз рөлдерін атқаруы тиіс. Бұл бір жағынан гендерлік стереотип (таптаурын) саналғанымен. қазақтың этномәдениеті үшін дәстүрлі саналады.

Әр ата-ана өз баласының қоғамда өз жынысына сай қызмет атқарып, бақыт тапқанын қалайды. Қай-қайсымыз да осы ойды құптаймыз. Олай болса, гендерлік әлеуметтендіру – заман талабы. Бұдан шығатын қорытынды: біз балаларға өз жынысына сай тәрбие беріп, қоғамда өз орнын тапқанын, ата-ананың орнын басып, ата-бабаларымыздан қалған дәстүрлі тәрбиені жалғастыру. Бұл – өсу, білім алу, тәрбие атану, мамандық иесі атану, адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасау, өзінің өмірлік жұбын дұрыс таңдау, отбасын құрып, бала өсіру, т.б.

Мектептің тәрбие жүйесіндегі тәрбиенің бағыттарын жоққа шығармаймыз. Бірақ, басым бағыт: жастарды отбасылық өмірге даярлау мәселесі болуы шарт. Бұл басты мәселе. Ұрпағымыз білімді, мәдениетті болсын, жақсы мамандықты меңгерсін, қоғамда жақсы қызметтер атқарсын, ал отбасылық өмірдегі рөлін лайықты атқара алмаса, ол адамды толыққанды бақытты дей алмаймыз. Осы мәселе қазір өте өзекті болып тұр. Жастар білім алу, маман атанып, мансап қууға, материалдық игіліктерге қол жеткізуге аса басымдылық бергендіктен, отбасын құру, жұбайлық өмірге даярлану мәселесі басты мақсат болмай барады.

Қазақ қоғамындағы әр жыныс иесі өмірге келгеннен бастап, қартайғанға дейін 20-25 әлеуметтік және этноәлеуметтік рөлдерді атқарады екен. Бұл әр адамның толыққанды өзін-өзі жүзеге асыруы болса, екінші жағынан қазақтың этномәдени тұтастығының сақталуы.

Қыз бала тәрбиесі

Ұлт тәрбиесінің негізгі нысаны үлгілі қазақ қызының бұрынғысы мен бүгіні, болашағы туралы қыз балалармен араласа отырып, ұлттық тағылымнан білім беру, «ару», «пәктік», «тектілік», «қылықтылық» ұғымындағы ұлттық құндылық сапаларға тәрбиелеу – еліміздің ертеңі, ұлтымыздың болашағы, өмір шынайылығының кепілі.

Ер бала тәрбиесі

Ер бала ерекшелігіне педагогикалық пайым жасау, өмірге даярлық мәселесінің жаңаша тәсілі мен әдісін қарастыру, қоғамда етек алған ұлдардың бойкүйездігі пен жігерсіздігінен, енжарлығынан арылуына көмектеседі. Ер балаларды отбасылық міндеттерге жауапты етуде қыз балалардан бөлек дайындаудың өзі олардың белсенділігін оятуға ықпал етеді. Қазақ халқы үшін ерлерден күтілетін «текті» болу – құнды сапасы және оның жауапкершілігі дұрыс ұғындырылғанда ғана ер балаларға қабылданады. Ұлттық құндылық сапаларды меңгерту – болашақ отбасы басшысының беделін көтеру.

Олай, болса гендерлік білім мен тәрбие беру мәселесіне шошына қараудың реті жоқ. Бұл қоғамдағы ер мен әйелдің, қарым-қатынасының дұрыс жолға қойылуы. Бұған өз мәдениетіміз тұрғысынан қарап, жүзеге асуына үлес қосуымыз қажет.

         Кез келген ұлттың толыққанды ұлт болып қалыптасып дамуы үшін оның ұлттық санасы, ұлттық құндылығы және ұлттық мүддесі болуы керек.  Олай болса, ұлттық сана, ұлттық құндылық, ұлттық мүдде деген ұғымдарға талдау жасайық.  Біріншіден, ұлттық сана дегенде біз ұлттық идеология,  психология, менталитет, патриотизм, тәрбие мәселелеріне тоқталуымыз қажет.

         Ұлттық тәрбиені ұрпақ бойына дарытуда Елбасы Н.Әбішұлының мына бір ұлағатты сөзі бағдаршам болмақ: «Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып, көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!».

          Ұлттың ұлт болып қалыптасып дамуы үшін ұлттық құндылығымыздың маңызы ерекше. Ұлттық құндылыққа – ұлтымыздың мәдениеті, әдебиеті, өнері, музыкасы, спорты, салт-дәстүрі жатады десек, қазақта «ата-қоныс» деген ұғым бар. Яғни, «ата-қоныс» қазақ үшін киелі жер болып саналады және осы көшіп-қонып жүрген жерлерінің тауы мен даласы, өзен мен көлдері, орманы мен құмы қазақ халқының  аңыз-әңгімелеріне, өлең-жырларына,  шығармашылығына  арқау болған. Соның негізінде қазақ халқы өз алдына, тәуелсіз мемлекет болып өмір сүргенде оның тілі, мәдинетімен қатар әдебиеті де қалыптасып дамыған.

       Біздің ұлттық мұрамызда халықтың ғасырлар бойы басынан өткерген тарихи тағдыры, арман-мұраты, мұң-мүддесі жатыр.

        Қазақтың мәдени құндылықтарының ішінде ұлттық өнер ерекше дамыған.  Өнердің дамуы негізінен сол ұлттың күнделікті өмір салтына байланысты  халықтың тұрмыс-тіршілігіндегі қажеттіліктен туындайды. Сол сияқты күнделікті тұрмыс қажеттілігінен туындыған қол өнерін айтуға болады. Оның ішінде – ағаштан, теріден жасалған  ыдыс-аяқ; жүннен, теріден істелінген киім-кешек; асыл тастармен әшекейленіп, алтын күмістен жасалынған зергерлік бұйымдар; кілем, алаша тоқу, киіз басу т.б. Мұнан басқа қазақ ұлтының рухани мәдениетіне байланысты – сөз өнері, күй өнері, сән өнері сияқты өнердің басқа да түрлері жоғары дәрежеде дамыған. Осы асылдарымыз қазақ халқының бірнеше ғасыр бойы Ресейдің бодандығында болып, өмір салтына өзгерістер енгеннен кейін (қазақтың төл ұлттық қол өнері)  басқа рухани және материалдық құндылықтармен ауыстырылып, көбі ұмытылып кетерлік күйге жетті.

         Ұлттық құндылықтарымыздың бір тармағы – дәстүр. Дәстүр – ұлтты рухтандырып, оның ішкі, сыртқы келбетін өрнектеп, көрсетіп тұратын сипаттардың бірі. Алдымен «дәстүр» сөзінің мағынасын біліп қойғанның еш артықтығы жоқ.  «Дәстүр» арабтың «дүстүр» деген сөзінен парсы тілі арқылы келген сөз. Егер мағынасына үңілсек «орныққан», «тұрақты» деген мағынаны білдіреді. Сондықтан ұрпағымызға сәби кезеңінен бастап ата-анасы, ұстаздары олардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, ұлттық дәстүрлерімізді бойына дарытып отыруға міндетті.

         Ұлтымыздың келесі құндылықтарының бірі – спорт. Қазақ халқы бұрын көшпенді мал шаруашылығымен айналысқандықтан оларда өзінің өмір салтына бейімделген спорттың түрлері қалыптасқан. Көбіне ол ойындар жылқы малымен байланысты – бәйге, көкпар, қыз қуу, аударыспақ, теңге алу т.б. болды. Сол сияқты,  қазақша күрес, жаяу жарыс, асық ойындары, ойлау қабілетін жетілдіретін тоғызқұмалақ т.б. ойындар болды. Осылардың ішінде ұлттық ойындар жайында қазақтың ағартушы ғалымы Ж.Аймауытов: «...Баланың жасындағы икемдігі сыртқа шығуға ақылға сыймайтын ырымшылдық бөгет қылады. «Жер қазба, қора соқпа, жаман сұмдықты бастама» деп кейбіреулер баланы ойыннан тыяды. «Қарақұлақ ойнаса» қасқыр келеді деп сұмдық көреді. Әуелі асық ойнағанды әуейілік деп тыятындар бар. Мұның бәрі баланың еліктегіштегінен, іске икемділігінен туады, үлкен кісі не істесе, бала да соны істеймін деп талпынады. Балаға «жер қаздырмаймын», «қарақұлақ» ойнатпаймын десе, үлкендер құдық қазып мал суарады. Қасқырдан мал күзетуді қою керек. Әйтпесе баланы тыю жолы емес, асық ойнаудың сан, есеп үйренуге, денесі оңтайлы болуға, ұйымдасуға, қоғамдық, әділдік сезімін күшейтуге зор пайдасы барын білген әке-шеше еш уақытта ойыннан тыймас еді...»,–дейді. Ғалымның ойын ары қарай сабақтар болсақ, спорттық ойындар тек дене шынықтыру, денсаулықты күшейту ғана емес, қоғамдағы адамның сана-сезімінің өсуіне ықпал етеді, саяси көзқарасы қалыптасады, бүгінгі техникалық артта қалушылықтың орнын толтырып, адамдармен қарым-қатынас жасау, белгілі бір ортада өзін еркін сезіну дағдысы қалыптасатындығы сөзсіз.

         Ұлттық тәрбиенің қайнар көзінің бірі – ұлттық мүдде.  Ұлттық мүдде дегеніміз – сол ұлттың рухани, әлеуметтік, қоғамдық дамуында шешуші роль атқаратын оның басты белгілері. Бүгінгі күні қазақ халқының мемлекет құрушы ұлт ретіндегі басты мүдделері – тәуелсіздігіміздің нығаюы, жеріміздің тұтастығы, тіліміздің дамуы, дініміздің сақталуы, салт-дәстүріміздің, тіліміздің өркендеуі.

           Сондықтан осындай ауыр жүк арқалаған ұлттық мүддемізді болашақ жас ұрпақ бойына сіңіру ұстаздар алдындағы абыройлы міндет. Ол үшін  ұстаздар өз пәнін теориялық тұрғыдан жетік білумен қатар, өз ұлтының ғасырлар бойы тарихи қалыптасқан ұлттық тілі, ділі, діні, болмысы, психологиясы, менталитетін терең меңгеріп, ауыз әдебиеті үлгілері мен ақын-жазушылардың көркем шығармаларындағы айтылған айшықты ойларын сабақ үрдісінде де, сабақтан тыс жұмыстарда да үнемі басшылыққа алып,  түрлі әдіс-тәсілдер арқылы білім алушылардың бойына дарытып отыру керек. Оған дәлел Ж.Аймауытовтың төмендегі айтқан ой-тұжырымы болмақ: «Ұлтын шын сүйіп, аянбай қызмет қылған азаматты көп жұрт күшті, өнерлі, білімді жұрт болып, күресте тең түсіп, басқаларға өзін елітіп отыр. Ұлт үшін қызмет қылмай, бас қамын ойлап жүрген азаматтардың елі артта қалып отыр... «...Естеріңізде болсын: қара халықтың мәдениетті болуынан мәдениетті кісінің қазақ болуы қиын. Баласына осы бастан ұлт рухын сіңіріп, қазақ өміріне жақындатып тәрбиелеу керек. Орыс тәрбиесін алған бала ұлт қызметкері бола алмайды». 

                   ...Ұлт пен тіл ешуақытта ажырамайтын, бірімен-бірі кірігіп, бөліп алуға болмайтын нәрсе. Ұлттың ең негізгі қасиеті – қабілетінде, ал қабілет ойлаумен байланысты, өз кезегінде ойлау деген нәрсені құрайтын  – тіл. Осыдан тиісті қорытындылар жасауға болады. Ұлттың рухы тілдің мазмұнын рухтандырып тұрады. Рухсыз тіл – тіл емес. Мысалы, дүние жүзінде жасанды тілдер бар.

         Ұлттық рухтың ең бір абыройлы  қызметі – тілді рухтандырады. Тілдің рухты бойына сіңіріп алып, ұлттық дүниетанымдық, психологиялық, басқа да толып жатқан ұрпақтан- ұрпаққа беріліп жататын қажетті қасиеттерін бойына жинаушы, кезең-кезеңімен кейінгі ұрпаққа жеткізуші құралға айналатын себебі де сондықтан. Ұлт пен тілді ажырату мүмкін емес». Осы пікірмен сабақтас классик жазушы Мұхтар Әуезов: «Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді интеллигент емес деуге де болады, себебі, ол қандайлық мамандық білімі болса, рухани ой-тәрбиесінде сыңар жақ азамат болады. Тегінде, қай мамандық саласында жүрген адам болса да, шын интеллигент дәрежесіне жету үш әдебиетті білу жалпылығы ортақ шарт.  Ана тілінен бірнеше жағдайлар себеп болып ажыраған ел «азған» ел атанып, кейіннен аты өшіп, ұрпақтары бұршақша бытырап, қардай еріп, құмға сіңген судай дерексіз жоғалып кеткенін тарихтан кездестіруге болады.  Ондай сормаңдай ел бұрынғы кезде аз болмағандығына тарихта дәлелдер аз емес», – дейді.

Алаш ардақтыларының бірі Жүсіпбек Аймауытов: «Ана тілін біліп тұрып, бөтенше жақсы сөйлесең, бұл – сүйініш. Ана тілін білмей тұрып, орысша жақсы сөйлесең, бұл – күйініш» деп, өзінің ұлт тіліне деген құрметін, жанашырлығын білдіреді.

         Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы: «Орысша оқығандар орыс сөзінің жүйесіне дағдаланып үйренген, ноғайша оқығанда ноғай сөзінің жүйесіне дағдаланып үйренген. Қазақ сөздерін алып, орыс я ноғай жүйесімен тізсе, әрине, ол нағыз қазақша болып шықпайды. Сондай кемшілік болмас үшін әр жұрт баласын әуелінде өз тілінде оқытып, өз тілінде жазу-сызу үйретіп, өз тілінің жүйесін білдіріп, жолын танытып, балалар әбден дағдыландығын кейін басқаша оқыта бастайды. Біз де тіліміз бұзылмай сақталуын тілесек, өзгелерше әуелі ана тілімізбен оқытып, сонан соң басқаша оқытуға тиіспіз» деп ұрпақтың ұлттық тәрбие алуының негізін айтса, Халел Досмұхамедұлы: «Баспа мен мектепте қолданған тіл елге ақырында сіңбей қалмайды. Мектеп пен баспаның тілі дұрыс тіл болса, елдің тілін көркейтіп, байытып, гүлдендіреді; мектеп пен баспада қолданған тіл шатасқан тіл болса, ол ел – сорлы ел, мұндай елдің тілі бұзылмай қалмайды»  деп  тілдің сақталуы мен дамуындағы мектептің ерекше рөлін атап өтеді.

         Ұлттың болмысын, басқалардан ерекшелендіріп тұратын маңызды рухани табиғатын түсінген Алаш қайраткерлері әрқашан тіл мәселесін ұлттан бөліп қарамаған. Мәселен, А.Байтұрсынұлы «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да  себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл. Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады. Өз ұлтына басқа жұртты қосамын дегендер, әуелі сол жұрттың тілін аздыруға тырысады. Егерде біз қазақ деген ұлт болып тұруды тілесек қарнымыз ашпас қамын ойлағанда, тіліміздің де сақталу қамын қатар ойлауымыз керек» десе, М.Шоқай «Ұлттық рухтың негізі – ұлттық тіл», М.Жұмабаев «Ұлттың ұлт болуына бірінші шарт – тіл. Ұлт үшін тілінен қымбат ешнәрсе жоқ» деген құнды ой-тұжырымдар жасайды.

         Қорыта айтқанда, бір үлкен ғалым айтқандай: «Келешек туралы көп уайымдап, келешекті жасаймын деп әуре болудың қажеті жоқ, келешек біздің ешқандай ісімізсіз-ақ өзінен-өзі келеді, бірақ келетін ертеңді немен толтырамыз, соны бүгін ойлау керек». Бүгіннің өте қажет екендігі даусыз. Өйткені келешек дегенің бүгін басталады. Келешектің түбірі бүгінде жатыр. Ал бүгіннің баюы, рухтануы, нығаюы – кешеге байланысты, кешегіні бүгінге алып келіп, бүгінді байытып, рухтандырса, бізден сұрамай-ақ келетін ертеңді дұрыс мағынамен, мазмұнмен қарсы алуға дайындалуымыз керек». Сонда ғана біз ұлтымыздың алдындағы борышымызды адал атқарамыз.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Мектептегі гендерлік ?лтты? т?рбие беру ж?йесі

Автор: Усенова Гульжан Турсынтаевна

Дата: 16.04.2015

Номер свидетельства: 202269


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства