kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"?ара к?йе к?белегін аулау" та?ырыбында мектепке дейінгі ?йымны? педагог - т?рбиешілеріне арнал?ан тренинг.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма?саты: Педагог-т?рбиешілерді? адамгершілікке жат ?асиеттерін жою ж?не ?здерін еркін сезінуге жа?дай жасау.

?азір біз сіздермен адамгершілікке жат ?асиеттерді жоямыз.

?р?айсылары?ыз жаман ?асиетті жоюлары?ыз керек. Ол ?асиеттер ?ара к?йе к?белегіндей ?аптап ?шып ж?р. Оны ?алай ?лтіру керек екендігін к?рсетемін. Сіздер ?айталайсыздар.

?тірік айту ауада.

Ма?танша?ты?-к?рші?ізді? иы?ында

К?йзеліс-ж?ректері?ізде

?атыгездік-бауырлары?ызда

Ашу-ыза ауыздары?ызда

Жал?аулы?-желкелері?ізде

Дау-жанжал-бастары?ызда

?сек-??ла?тары?ызда

Тойымсызды?- ?арны?ызда

?кпешілдік-?кпе?ізде

Еріншектік- тізелері?ізде

Зорлы?- ала?андары?ызда.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"?ара к?йе к?белегін аулау" та?ырыбында мектепке дейінгі ?йымны? педагог - т?рбиешілеріне арнал?ан тренинг. »

Мұғалімдерге арналған психологиялық тренинг 

Мақсаты: мұғалімдер арасында қарым-қатынасты нығайту, жағымсыз көңіл-күйден арылу, күш-қуат жинау, өзін-өзі тану, құрметтеу, өзін еркін сезінуге көмектесу. 
Жоспары: 
1.Амандасу.«Бумба-Юмба» жаттығуы. 
2. «Құнды қасиеттерді жинау» жаттығуы. 
3. «Табиғат мінезі» жаттығуы. 
4. «Поезд» жаттығуы. 
5. «Өз жұбыңды тап» жаттығуы. 
6. «Оның есесіне мен...» жаттығуы. 
7. «Теңізге саяхат» релаксациялық жаттығу. 
8. Қортынды. «Майшам» жаттығуы. 
Қажетті құралдар: жүрекше, жануарлардың аты жазылған карточкалар, жаттығуға қажетті парақтар, майшам, магнитофон. 
Ұйымдастыру: 1. Амандасу. 
Психолог: Біз сіздермен Бумба-Юмба тайпасына қоршауға түсіп қалдық. Ол тайпаның дәстүрі, салты бойынша былай амандасу керек. Қазір екі топқа бөлінеміз. 1-топ 2-топқа барып бір-біріңізді мұрыныңызбен үйкелейсіздер. Ал екінші топ бірінші топқа барып, бір-бірлеріңізбен арқаларыңызды түйістіресіздер. 
2. «Құнды қасиеттерді жинау» жаттығуы. 
Ең алдымен жүргізуші бастайды. Жүрекшені алып, «Мен сізге жүрекшені беремін, себебі сіз ... қайырымды адамсыз». Әр қатысушы допты алып, жалғастырады. Сөйтіп барлық қатысушы өз ойын айтып шығуы керек. 
3. «Табиғат мінезі» жаттығуы. 
Қане, барлығымыз тізбектеле тұрайық. Көзімізді жұмып, өзімізді табиғат аясында тұрғандай сезінейік. Күн тамаша ашық, күн сәулесі шуақ шашып тұр, айнала тамаша көрініске толы. Енді, көзімізді ашып, өзімізді еркін сезінейік. Алғашқыда бәрі жақсы болып тұрды да кенет, аяқ астынан жеңіл жел соқты. 
Алдыңызда тұрған адамның арқасынан жәмен ғана қолмен жеңіл желдің самалындай етіп сипаймыз. 
Жел күшейді – енді алдыңыздағы адамның арқасын қатты уқалай бастаймыз. 
Кенет, боран басталды - енді боран күшіндей екі қолмен айналдыра күштірек уқалаймыз. 
Содан кейін, аяқ астынан жай ғана жаңбыр сіркірей бастады – енді қолымызбен жаңбырдың тамшысындай жәймен ұрамыз. 
Бір кезде қатты жауын жауды – біз қатты жауын сияқты арқамызды саусақтң ұшымен жоғары төмен сипалаймыз. 
Аяқ астынан бұршақ жауды – арқамызды саусақ басымен бұршақ жауғандай қаттырақ ұрамыз. 
Бір кезде бәрі басылды, күн жарқырап ашылып, адамға бір күшті шуақ берді. Енді алдымыздағы адамдармен алмасамыз. Осы жаттығуды сізге алдыңызда тұрған адам орындайды. 
4.«Поезд» жаттығуы. 
Ойын ортада жүргізіледі. Ең алдымен, 1 мен 2-ге саналып аламыз. 1-номердегілер қолдарын 1 рет соғып, аяқтарымен еденді 2 рет тарсылдатады, ал 2-номердегілер 2 рет қолдарын соғып, 1 рет аяқтарын еденге тарсылдатады.  
5.«Өз жұбыңды тап» жаттығуы. 
Қатысушылар шеңбер құрап отырады. Мен сіздерге жануарлардың аттары жазылған текшелер таратып беремін. Атаулар екі текшеде қайталанған. Мысалы, егер сіздің қолыңызда піл деп жазылған болса, сіз тағы біреудің қолында сондай текше бар екенін біліңіз. (Жаттықтырушы текшелерді таратады, егер қатысушылар саны тақ болса, жаттығуға жаттықтырушы өзі де қатысады). 
Сіздің текшеңізде не жазылғанын оқыңыз. Жазуды сіз ғана көруіңіз керек. Енді текшені жинап қойса болады. Әрқайсысыңыздың міндеттеріңіз өз сыңарыңызды табу. Бірақ, сөйлеспейсіздер, өзіңіздің жануарыңызға тән дыбыстар шығармайсыздар, тек әртүрлі қимылдар арқылы кез-келген әрекетті үнсіз жасайсыз. 
Егер өзіңіздің жұбыңызды тапсаңыз, бірге тұрыңыз, бірақ үндемейсіз, сөйлеспейсіздер. Тек барлығы өз сыңарын тапқан кезде ғана, қандай нәтиже болғандығын тексереміз. Топ мүшелері өз сыңарын тапқаннан кейін, жаттықтырушы «Сіз кімсіз?» деп сұрап шығады. 
Әдетте, бұл жаттығу өте көңілді өтеді, нәтижесінде топ мүшелерінің көңіл-күйі көтеріліпп, шаршағандығы тарқайды. Жаттығу қатысушылардың ары қарай ашыла түсуіне септігін тигізеді.  
6. «Оның есесіне мен...» жаттығуы. 
Барлық қатысушыларға аяқталмаған сөйлемдері бар карточкалар таратылады. Сөйлемдерді әр қатысушы өз ойымен аяқтайды. 
- Мен бәліш пісіре алмаймын, оның есесіне ..... . 
- Мен шаршадым, оның есесіне ...... . 
- Мен жақсы билей алмаймын, оның есесіне .... . 
- Мен көп үндемейтін адаммын, оның есесіне .... . 
- Мен көп ұйықтаймын, бірақ оның есесіне .... . 
- Мен жұрттың бәріне құрметті бола алмаймын, оның есесіне ... . 
- Мен еден жууды ұнатпаймын, оның есесіне ... . 
- Мен Үндістанда болған жоқпын, оның есесіне .... . 
- Мен пәлендей батыл емеспін, оның есесіне ..... . 
- Мен өзім туралы көп ойламаймын, оның есесіне...... . 
- Мен тез ашуланғыш адаммын, оның есесіне..... . 
- Мен соншалықты сымбатты емеспін, оның есесіне .... . 
- Мен тым толықпын, оның есесіне.... . 
- Менің аяқтарым ұзын емес, оның есесіне ... . 
- Менің кемшіліктерім көп, оның есесіне ... . 
- Менің жазуым әдемі емес, оның есесіне ..... . 
7. «Теңізге саяхат» релаксациялық жаттығу. 
Бұл медитативтілік техника денедегі қысымды түсіруге бағытталған, музыкамен орындалады. 
Жүргізуші. Жайланып отырыңыз, көзіңізді жұмыңыз. Терең демалыңыз, денеңізді бос ұстаңыз, денеңізді ауырлап бара жатқандай және оны теңіз толқынының лебі ұрып жатқандай сезініңіз. Өзіңізді жартастың үстінде тұрмын деп есептеңіз және алысқа көз жіберіңіз. Сіздің алдыңызда көгілдір теңіз, ашық аспан және күн. Теңіз барқалыпты дем алып, асау толқандары жағаға соғылып, қайтадан кейін қайтуда. 
Теңіз толқындарының шуын естіп, толқындарға қызыға қарап, жағалаудағы теңіздің тұзды ауасын жұтып тұрсыз. Өз бойыңыздағы асқан ауыртпалықтан бір сәтке болса да арылғандайсыз. Сіздің рухыңыз жайлылық сезіміне толы. Сіз төменге түсіп, аяғыңызды шештіңіз, жалаң аяқ құмның қызуы мен жұмсақтығын сезіне отырып жүгірудесіз. Міне сіз судың жанына келдіңіз, толқындар сіздің аяғыңызды жуып жатыр, су жып-жылы әрі жұп-жұмсақ. Сіз қолдарыңызды бос тастап, басыңызды шалқайттыңыз. Күн сәулесі мен жеңіл самал жел сіздің бетіңізді өбуде, теңіз толқындарының тамшылары сіздің денеңізді баурап алғандай. Ерніңізде теңіздің тұзды суының кермек дәмі және бақыт күлкісі. Сіз өзіңізді кішкентай бала сияқты сезініп, жүгіргіңіз, секіргіңіз, су шашып ойнағыңыз, күлгіңіз келеді. Өзіңізге осы бірнеше минут ішінде не істегіңіз келсе, соны істеуге рұқсат етіңіз.  
Сіздің қайтатын уақытыңыз болды. Міне сіз тағы да жардың басында тұрсыз. Сіздің демалыс пен бақыт сыйлаған ғажайып әлемге алғысыңызды айтыңыз. Көздеріңізді асықпай ашыңыз! 
Қандай сезімде болдыңыз? Не сезіндіңіз? 
9. Қорытынды. «Майшам» жаттығуы. 
Қазір мен майшамды жағамын. Барлығымыз бір-бірімізбен бірігіп, жұмыс жасағанымыз үшін бір-бір жылы сөз айтып, майшамды беріп отырамыз. Қоштасуға майшамды алғанымыз, жарық деген жақсы нәрсе, сондықтан да алдарыңыз ашық, жарқын болсын деген тілекпен, бүгінгі тренингімізді аяқтаймыз. Рахмет!







Тақырыбы: Татулық – достық кілті

Қатысушылар: ұстаздар

1. «Сәлемдесу» жаттығуы

Мақсаты: қатысущылармен сәлемдесу, топқа энергия беру;

Жаттығу барысы

Қатысушыларға шеңбер құрып тұруға және 4 топқа бөліну ұсынылады: «европалықтар», «жапондықтар» , «африкандықтар» және «италиандықтар». Кеійін әрбір қатысушы шеңбер бойымен жүріп, «өз амандасу тәсілімен» барлығымен сәлемдеседі: «европалықтар» қолдарын қысады, «жапондықтар» бастарын иеді, «африкандықтар» мұрындарымен, «италиандықтар» құшақтасады. Әрбір қатысушы әр түрлі рольдерді болуы үшін, жаттығуды қайталауға болады.

2. Жаттығу «Молекула»

Жаттығу барысы

Қатысушылар атомдар секілді қозғалыста болады. Жүргізуші белгілі санды айтқанда, атомдар молекула құрайды. Мысалы, «үш» дегенде, үш адам бір-бірінің қолынан ұстасып, 3 атомнан тұратын молекула құрайды.

3. «Сені көргеніме қуаныштымын...» жаттығуы

Мақсаты: Қатысушылардың жағымды жақтарын анықтау.

Жаттығу барысы

Әрбір қатысушы өз көршісіне келесі сөздерді айтады: «Мен сені көргеніме қуаныштымын, себебі ...». Бұл сөйлемді адамның сыртқы келбетіне байланысты сөзбен емес, мінез ерекшеліне байланысты сөзбен аяқтау керек.

Бұл жаттығуды орындау сізге қиын болды ма?
Көршіңіз «Мен сізді көруге қуаныштымын » деген сөзді айтқан кезде қандай сезімде болдыңыз?

4. «Жаттығу «Шар»

«Кімнің қолы шарға тисе, 2013 жылы арманына жетеді» деген сөздерді айта отырып, қатысушыларға шар жіберіледі.





Психологиялық марафон

Мақсаты:

Танымдық үрдістерге оқушылардың қызығушылықтарын арттыру. 
Оқушылардың танымдық үрдістерін дамыту. 
Зейінділікке, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Өткізу барысы

Сыныптар 3 топқа бөлінеді. Әрбір сыныптан 8 оқушы қатысады. Топтың атын құрады. Оқушыларға тапсырмалар номері белгіленген жетондар таратылады. Әділ-қазылар сайланады. Әрбір дұрыс жауап үшін бір жетоннан топқа беріледі. Ең көп жетон санын жинаған топ жеңімпаз атанады.

— Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар, оқушылар! Адамда қабылдау, ес, ойлау, түйсік, қиял секілді танымдық үрдістердің болатындығы барлығымызға белгілі. Сіздердің танымдық үрдістеріңізді байқайық деп, психологиялық марафон ұсынып отырмыз. Қош келдіңіздер!

1 тапсырма. Қабылдау (2 слайд)

Тапсырма: Оқушылар суретте жасырылып тұрған бейнелерді тауып алу керек.

2 тапсырма. Ойлау ( 21 слайд)

Тапсырма: Анаграммаларды шешу.

МТЕКІЕТҮНСІ (22 слайд) Жауабы: түсініктеме

НАҚТАҒА (23 слайд) Жауабы: қанағат

КЕЛУРИСАПБ (24 слайд) Жауабы: республика

ІРКЕКӨК (25 слайд) Жауабы: көкірек

АҰТЖМЫМАРДЫ (26 слайд) Жауабы: тұжырымдама

ЛҰЫҚСЫР (27 слайд) Жауабы: құрылыс

3 тапсырма. Қиял (28 слайд)

Тапсырма: Шеңберді аяқтап, бейнеге айналдыру.

4 тапсырма. Ес (30 слайд)

Тапсырма: Оқушылар кестеде берілген сандарды 1 минут қарап, есте сақтайды. Кейін қайта жаңғыртады.

5 тапсырма. Түйсік (32 слайд)

Тапсырма: Қатысушы оқушылардың көздері матамен байланады. Олар қорапшадағы заттардың не екендігін және неден жасалғандығын тауып айту қажет.

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНИНГ ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІКТІ ДАМЫТУ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ туралы қазақша реферат

  Тренинг – білімді дамыту немесе адамды оқытуда жоспарланған жағдайға жүйелі күш салу арқылы орындау. Жұмыс жағдайында тренинг адамның бір немесе бірнеше әрекет түрлерін нәтижелі орындауынан білім мен дағдыны меңгеру мүмкіншілігіне бағытталады. Тренингтік жаттығулар кейбір жағдайларда тұлғалық өзгеруге түрткі қызметін атқарады. Өзіндік сана тұлғаның даму процесін жанама түрде және мазмұндау арқылы  қарым-қатынас үйлесімділігін орнатып және қарым-қатынастағы қиындықтардың себебін ұғыну динамикасына ықпал жасайды. Тренинг барысында мынандай жағдайларға да дайын болуы тиіс, олар: ыза, қатты дауыс, дөрекілік, өзімшілдік, қатыспаушылық, қажетсіз күлкі, ынтасыздық, шыдамсыздық немесе «сөзге керісу», қажетсіз сөзге араласу; тыныштық, селсоқтық; қылжақтық және т.б.

Жетекші, жаттықтырушы, ұйымдастырушы немесе жүргізуші мына төмендегі мақсаттарды негіз етіп алуы жүктелінді:

– жеке тұлғаны дамыту;

– қатысушылардың әлеуметтік – психологиялық компетентілігін, білімін көтеру;

–қатысушылардың белсенді әлеуметтік позициясын көтеру, қалыптастыру;

– өзінің және қоршаған адамдардың өмірінде маңызды өзгерістер жасау мүмкіндіктерін дамыту;

– өзін-өзі және басқаларды толық тану;

– жеке тұлға құндылықтарын ашу, білімдерін көтеру, бәсекелестікті жоюға әсер ету. Зерттеу жұмысының нәтижелілігі тренингке қатысқаннан кейін тұлғалардың қарым-қатынас барысында өздерін ұстауы, жүріс-тұрысының өзгергендігін, сөйлеу мәнері мен мәдениетінің жоғарылағандығын аңғартады.

Психологиялық тренингті ұйымдастыру ерекшеліктері туралы тоқталып өтейік. Кез-келген практик психолог өз қызмет жолында психологиялық тренингтерді өткізуге міндетті. Бұл тренингтер әр түрлі тақырыптарды қамтиды. Психологиялық тренинг қалай ұйымдастырылады және жүргізілу барысы туралы сөз алдында, «тренинг» ұғымын толық ашып алу қажет. Тренингтің үйрену, білім беру және дамыту ұғымдарына сәйкестігін анықтау.

Үйрену – зерттеу немесе нұсқаушының білім, дағды және тәжірибе жинау үрдісі.

Білім беру немесе оқыту тар көлемді әрекеттегі мәселені талдап, кең мағынада шешуде білім және  құндылықтарды жүйелі меңгеру үрдісі.

Дамыту – жеке адамда саналы және бейсаналы үйрену мүмкіндіктерін кеңейту және икемдіктерінің өсуі.

Психологиялық тренингтің ең  маңызды мәселесі — өзінің жек даралық  қасиеттері арқылы  тұлғаның өзін-өзі ашуына көмек береді. Ал, ол үшін ең бастапқы жағдайда адам өзін жеке тұлға ретінде қабылдап және түсіне  білуге үйренуі қажет. Тренингтердің жағымды нәтижелі болуына  жаттықтырушыға  бірнеше талаптар қойылады:

—        қоршаған жағдай туралы мағлұмат;

—        қатысушылар саны қаншалықты үлкен;

—        бөлме көлемі қандай;

—        бөлме жаңғырығы, акустикасы қатысушыларға  түгелдей естіледі ме;

—        жаттығудың негізгі құрылымы қандай;

—        қандай оқу құралдары қолданылмайды;

—        жаттықтырушы бөлменің қай бұрышында тұрады;

—        плакат, тезис, резюмелер қолданылады ма;

—        орындықтар қалай орналасқан;

—        бөлмеде сағат бөлу қажет пе;

Психологтың қолайлы нәтиже алу мен ықпал ету қабілетін орнату үшін жүргізілетін тренингтің жалпы мақсаты төмендегі міндеттерді шешеді:

—        білімдерді толық меңгеру;

—        жаңаны үйрену мен тапсырманы орындау барысында және топтық қарым-қатынас өрісінде ептілік пен дағдыны қалыптастыру;

—        табысты бірлескен іс-әрекет орнатуды дамыту;

—        өзін-өзі және басқа адамдарды танудың толық және тепе-теңдік мүмкіндіктерін дамыту.

Әрбір бөлімнің құрылымында біз материалды зерттейтін ортақ игеру логикасын және тұлғалардың өзіндік бақылауы мен бағалауын қалыптастыруда төменгі аспектілері жүзеге асырылды:

— Мен қандаймын?

— Мен не істей аламын және осыны қалай қолдану керек?

— Менде жоқ қасиеттерді мен қалай дамытуым және икемдеуін керек?

Әрбір сабақтың құрылымында біз жұмыстың негізгі кезеңдерін ерекшелейміз. Яғни, білім алушы колледж білімгерлерімен түзетіп-дамытатын формалардың дәстүрлі түрлері:

— Сәлем беру рәсімі;

— Жаттығу тапсырмалары;

— Үй жұмысы, өткен сабақтың рефлекциясы;

— Тапсырманың негізгі құрылымы

— Өткен сабақтың рефлекциясы

— Қоштасу рәсімі

Бұл жастағы тұлғалармен осы тектес жұмыстар аптасына 1-2 рет өтеді. Тренинг ұзақтығы – 1 сағаттан 3 сағатқа дейін.

Қасытушылармен жүргізілетін дамыту-түзету жұмыстарының құрылымында келесі бөлімдер ерекшеленеді:

Кіріспе бөлімі. Оның басты мақсаты қатысушыларды тапсырмалармен жұмыс түрімен, топтың бірігуіммен, ондағы жағымды атмосферамен, жеке анализдың алғашқы түрін қалыптастыру және өзін-өзі оқу барысында субъект ретінде тануын қалыптастыру.

«Танымдық үрдісі» бөлімі. Оның мақсаты есте сақтау, зейін, ойлау, қабылдау процестерінің ерекшеліктерін дамыту. Сонымен психологиялық тапсырмалар арқылы осы танымдық белсенділіктің дамуына, шығармашылық қабілеттің қалыптасуына ықпал ету  түрлерін анықтауға көмектеседі.

«Назар аудару» бөлімі. Бұл бөлімде қатысушылардың назарын ортақ мәселені бірге шешуге, бірін бірі қабылдау мен тыңдау ерекшеліктерін қалыптастыруға бағыттайтын түрді игеру.

«Нейропсихологиялық ерекшеліктер» бөлімі мидың доминанттық бөлімімен тығыз байланыстың танымдық аспектілері қарастырылады.

Білім беру орындарындағы оқыту ісінде теориялық даярлық,  қоғамдық,  педагогикалық және арнайы ғылымдардағы меңгеру психолог мамандарының қызметімен үйлестіре жүргізіледі, ал оны ұйымдастырудың негізгі формасы – тренинг екені дәлел. Тұлғаның жаңа ортаға енуі, құрбыларымен дұрыс қарым-қатынас жасай алуы дұрыс  ұйымдастырылған топтық жұмыстарға байланысты.

Тренинг мақсаты – адамды нақты тапсырманы орындауға қажетті білім, шеберлік және бағытпен қамтамасыз ету. Тренингте өзгеріс, нәтиже бірден көрінеді. Осы міндеттерді шешу кезінде ұйымдастырылатын тренинг теңдігі түрлері де ерекшеленеді. Рольдік тренинг, видеотренинг, қарым-қатынас тренингі, іскерлік қарым-қатынас тренингі, мәдениетаралық өзара әрекет және т.б. Тренингтер белгілі бір ортадағы мәселелер мен қиындықтарды түзету, өзін-өзі шығармашылық тұрғыда дамытуға, тұлғаның әлеуметтік ортада өзіндік реттелуіне мүмкіндік болатын қажетті жағдайды туғызуға көмектеседі. Трениг принципіне жататындар:

1. Белсенділік принципі.

2. Зерттеу және шығармашылық қатынасындағы принцип.

3. Мінез құлық обьективтілік принципі.

4. Қарым-қатынаста субьект, субьектілік принципі.

5. Шындық принципі.

6. Қазір, осы жерде принципі.

«Адам табиғаттың қызық қасиеттерінің бірі оның айналадағы адамдар көзқарасындағы өз бейнесін ойлауға ұмтылғандығы. Кейбіреулер қиналса да соңына дейін ойнап шығады» — деп Ф. Искандер тұжырымдағанындай әлеуметтік – психологиялық тренингтің басты жоспары – ұйымдастырылған іс-әрекетті соңына дейін жеткізу болып табылатынында. Тренинг барысында жеке бастың дамуы туралы мәселелер нәтижелі шешіледі және коммуникативті дағдылар жемісті қалыптастырылады. Сабақ, оқу процесінде ұйымдастырылған әлеуметтік – психологиялық тренингтер білімгерлердің қарым-қатынастары жақсарады, өздерін белсенді қатысушы және басқаларға әсер етуші жағдайда сезінеді, топтың толық сеніміне кіреді. Әр бір бастаған іс-әрекеттінің толық аяқталуын қадағалайды. Ең бастысы – басқаларға  өзінің ойы мен сезімін, уайымы мен күдіктенуін сенуге қорықпайды. Кейбір тренингтерді арнайы жоспарланған адамдарға ғана емес, отбасы мүшелеріне, достары және жолдастарға да жүргізуге болады. Тренинг арқылы жақын адамдардың адамдық қасиеттерін ашып, бағалауға көмек беріледі, сөйлеу мәдениетін, тұлғаның қоғамда өзін ұстау іскерлігін және әдептілік ережелерін сақтауды енгізеді. Дұрыс ұйымдастырылып, жүргізген тренинг жеке тұлға қалыптасуының жетекші құралы екендігіне толық сенімдеміз.

Әлеуметтік  психологиялық тренинг арнайы ұйымдастырылған қарым-қатынас формасы. Тренингтің бұл түрін тек психология маманының қызметкерлері ғана емес арнайы психологиялық білімі жоқ мұғалімдер де сабақ беру барысында қолдана алады. Оқу және тәрбие жұмысына жағымды өзгерістер енгізуге, оқу процесін белсендіруге тренингтердің ықпалы жоғары. А.С. Прутченков «Мектептегі әлеуметтік – психологиялық тренинг» еңбегінде, дұрыс ұйымдастырылған тренингтің оқушыларға жағымды әсері, ұйымдастырушының шеберлігі, педагогикалық қақтығысты реттеуші құрал екендігін атап  көрсеткен.

Кез келген тұлғаның жаңа ортаға бейімделуі, құрбылар арасында үйлесімді қарым-қатынас орнатуы, өзін дұрыс таныстыра білуі және тб. жағдайлары  кейде айналасындағылар тарапынан ұйымдастырылған әрекеттерге да байланысты әсер етеді. Сондықтан ең алғашқы кездесуде «Танысу» тренингін жүргізуге болады. Бұл тренингтерде қолданылатын ең бастапқы жаттығу болғандықтан қатысушыларды жұмысқа жауаптылықпен қарым-қатынас жасауға жұмылдыру қажет. Кейде жай ғана танысу  мен кездесу адамды түсінуге үлкен маңыз береді. Адам туралы ақпаратты тек сыртқы келбетінен ғана емес, сөзі арқылы да есте сақтауға болады..

«Шеңбер бойынша сөз тізбегі” ойыны тренингке қатысушылардың сөздік мағыналы ойлауын, топтық қатынасын, сөйлеу мәнерін дамытуға ықпал етеді.

Ойынның ережесі: Қандай да бір қарапайым сөйлем таңдап, қатысушылар сол сөйлемді түрлі дауыс ырғағымен жалғастырулары қажет. Мысалы “Біз компетентті, кәсіби білімді маманбыз”.  Енді оң жақтағы  ойыншыдан бастап  осы сөйлемді кезекпен айтамыз. Ойынның әр қатысушысы сөйлемді жаңа интонациямен  айтуы тиіс (сұраулы, қуанышты, таңқалушы, немқұрайлы және т.б). Егер қатысушы жаңа дауысқа сала алмай айтылғанда қайталаса ойынан шығарылады. Осылайша ойын бірнеше рет ойналады. Басқа адамның интоннациясын қайталауға болмайды.

 «Комплимент» ойыны.

Жаттығудың тапсырмасы – қатысушылардың бірін бірі түсінісуі арқылы эмпатия деңгейін көтеру, тіл табыса алу қасиетін, бірі бірін толық тануын дамыту. Тренингке қатысушылар шеңбер бойымен орналасады. Кез келген қатысушы жағымды комплимент айтады. Ал қалғандары ол кімге арналғанын табады. Комплимент алған қатысушы ойынды әрі қарай жалғастырады. Барлығы түгелдей жағымды эмоция алмайынша ойын аяқталмайды.

Осы жаттығу тренингке қатысушылардың қаншалықты қызығушылықпен тапсырмаларды орындағандарын дәлелдеді.

Тренинг аяқталғаннан кейін қортынды ширингте «Тренинг саған не берді?» деген сұраққа қатысушылар өздерінің ойларын ортаға салды.

Осыдан тренинг нәтижесінде бірлескен іс-әрекет қарым-қатынас қабілетін арттырып қана қоймай, сонымен қатар тұлғаның дамуы мен өзгеруіне тікелей ықпал етеді.

Іскерлік ойын «Жағымсыз қасиеттер жәрмеңкесі».

Ойын ережесі: Шеңберде қатысушылар өздеріне жағымсыз деген қасиеттерін атайды. Олардың тізімі тақтаға жазылады. Осылайша жағымсыз қасиеттер тізімі құрылды. (жалқаулық, асығыстық, артық сөйлеу және т.б.). Топтың міндеті осы жағымсыз қасиеттерді қайта қарап, оның тиімді және жағымды жақтарын табу мен оны жағымсыз қабылдау себептерін анықтау болып табылады. Ал жағымды сипаттама жасап, сол қасиетті қорғап алған қатысушы оны өзіне алады.

Жоғарыдағы жаттығудан кейін эмоциялық қысымды шығару үшін «Жағымсыз эмоциялық күйді шығару» арт терапиялық тапсырма орындалды.

Тапсырма ережесі: Қатысушыларға А4  және А1/4 қағаз беріледі. Олар А1/4 қағазға жағымсыз көңіл күйін түсіреді.  Сол қағазды үлкеннің үстіне жапсырып өзінің қалауы бойынша суретті жалғастырады. Кішкентай қағазды жапсырар алдында мына сөздерді айту маңызды «Өмірді ашық, жарық, көңілді  жағдайлар өте көп». Сурет қатысушының қалауы бойынша, өзі қалай өзгергерткісі келгенше салынады, боялады.

Тапсырманы қорытындылау үшін талқылау сұрақтары берілді:

—  Суретте ненің бейнесі салынған?

—  Осы суретті салғанда қандай сезімде болдыңыз?

—  Бұл сурет сізге нені көруге әсер етті? т.б.

ойын «Әрекет».

Ойын ережесі: Қатысушыларға келесі тапсырмалар берілді. Олар жылдам жауап қайтарулары тиіс:

–            Қандай жағдайда үстелде тамақ жеуге, ал стөлде отыруға болады……

–            Астроном айға телескоппен  қарап тұр, ал егер оған айдан біреу қарап тұрса ше?

–            Полмен патолокты аударыңыз……

–             Картинаны аяғынан басына төңкеріңіз……

–             Кеме мен балықтың ауада ұшып жүргенін елестетіңіз……

Жоғарыда сипатталған жаттығуларды орындау тиімді. Бұл жаттығуда тапсырма немесе құрал – жабдықтар нақты берілмейді, оның орнына тұлғаның басқалармен бірлескен іс–әрекеттегі қарым–қатынас кезіндегі күйзелісіне, қайтар бағдар беру мүмкіндігін жасайды. Көптеген адамдар қарым қатынас кезінде қиындықтарды басынан кешіруінің бір нұсқасы болуы мүмкін. Өзіңнің  көңіл – күйің дұрысталғаннан кейін өзіңе ғана емес, өзгелерге де көмек жасауға болады.  Ал қайта бағдар берудің екінші нұсқасы негізсіз тәжірибелердің құндылықтары жөніндегі  әңгіме. Осы арқылы адам қоршаған әлем турасында тану дәрежесіне жетеді.

Сонымен танымдық белсенділік адамның өмірлік іс-әрекетінің, әсіресе білім, ғылым, өнер салаларында бөлінбейтін біртұтас бөлшегі. Топта үйлесімді қарым-қатынас орнауы үшін  адамның, оқушының, маманның және тб. іс-әркетін сапалы ұйымдастыру, ақпаратты жүйелеу, оны қабылдауға жағдай жасай отырып, бағыт, бағдар беру болып табылады. Оның дәлелі ретінде психологиялық тренингтер жүргізу арқылы тұлғаның танымдық белсенділігін дамытуға тиімді қол жеткізуге болады.

Тест «Өзіңізге көңіліңіз тола ма?»



Тест сұрақтарына шынайы жауап беріңіз.

1.Қайта туып, өмірді жаңаша бастауды армандайсыз ба? (ия,-4, жоқ-16)

2.Сіздің ермегіңіз, әуес нәрселеріңіз бар ма? (ия-18, жоқ-5)

3.Сіздің ісіңіз өнбей жатса, «тек менде ғана осылай болады» деп айтасыз ба? (ия-6, жоқ-12)

4.Сізді біреудің көре алмайтынын естігенде қуанасыз ба? (ия-16, жоқ-2)

5.Сізді біреу жаман, сүйкімсіз адам десе намысыңызға тие ме? (ия-2, жоқ-12)

6.Сіздің таныстарыңыз да сіз сияқты жағымсыз жағдайға ұшырағанын естігенде қуанасыз ба? (ия-2, жоқ-16)

7.Кейбір іс сізсіз жақсы жүретін болса, уайымдайсыз ба? (ия-2, жоқ-16)

8.Сіздің мол ақша ұтып алғыңыз келе ме? (ия-4, жоқ-20)

9.Сіздің туыстарыңыз не достарыңыз қымбат нәрсе сатып алыпты дегенде, қуанасыз ба? (ия-1, жоқ-20)

10.Ойыңызды ашық айтқанды ұнатасыз ба? (ия-16, жоқ-3)



Жинаған ұпайыңызды санап, қорытындысын көріңіз.



120 ұпайдан жоғары. Өзіңізге көңіліңіз әбден толады. Алайда сізге өзіндік сын, шынайы бағалау жетіңікіремейді. Сізде менмендік басым. Өзімшілсіз. Осы жағдайды достарыңызбен, жақындарыңызбен талқылап көріңіз.



60-тан 120-ға дейін. Сіз өзіңізге сенімдісіз, өз бағаңызды білесіз.Барға қанағат етесіз. Сіздің бойыңызда пандық пен масаттанушылық жоқ.



60-тан төмен. Өзіңізге көңіліңіз толмайды. Көп жағдайда асығыстық танытасыз. Сабырлылық сақтап, сенімді болыңыз. Айналаңызға қарап, ойланып көріңіз- мүмкін сіз өзіңізді дұрыс бағаламай жүрген шығарсыз.













Психологиялық тренинг. «Ұжымдық, Достық, Әріптестік».

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Психологиялық тренинг жаттығулары.
Тренинг тақырыбы: «Ұжымдық, Достық, Әріптестік»
Тренингтің мақсаты: Педагогтардың ұжымдық сыйластық, бір – біріне сенім арту, бірлесіп жұмыс жасауға баулу, көңіл – күйлерін көтеру.
Тренингтің міндеттері:
Білімділік: Қатысушылардың өз ойларын ашық жеткізіп, бір – бірінің пікірін құрметтеуге, сеніммен қарауға бейімдеу.
Дамытушылық: Тұлғаның өзін ортада көрсете білу, өзін бағалай алуға түрлі психологиялық жағдайлардан шығу және өз пікірін ашық айтуға ықпал жасау. Тәрбиелік: жеке тұлғаның рухани өсуіне психологиялық жағдай жасай отырып, адамгершілік, сыйластық, әдептілік, шынайылық, адалдық құндылықтарын ұғынуға көмектес.
Қатысушылар: Тәрбиешілер
Жұмыс түрі: Топтық жұмыс
Қажетті құралдар: Түрлі түсті қағаздар,бояулар, қиынды гүлдер, сұрақтар жазылған карточкалар.
Тренинг бағдарламасы:

1. Танысу жаттығуы

2. Топқа бөліну.

3. Ой жинақтау

4. «Сезімдер әлемі» жаттығуы.

5. «Мен және менің айналамдағылар» сурет салу

6. Күн шуағы (Рефлекция)

 

Тренинг ережесі:

1. Өз ойын ашық айту

2. Өзгелердің пікірін құрметтеу

3. Белсенді әрекет ету.

4. Шынайылық

5. Топтасып жұмыс жасау.

Барысы: Амандасу рәсімі

Психолог: Сәлеметсіздер ме, қымбатты ұстаздар!

Кіріспе сөз. Адамдардың әлеуметтік қауымдастығының ең жоғарғы формасы - ұжым. Ұжым - ол қоғамға пайдалы қызметте ортақ мақсатқа жұмыла еңбек ететін және психологиялық тұрғыда топтасқан адамдар тобы. Ұжымның белгілерін А.С.Макаренко анық та толық айтып берді. Ұжым дегеніміз - жек адамдардың өз алдарына мақсат қоя ұйымдасқан ұжымдық органдары бар комплексі. Достық - адамдарды бір – біріне туғандай бауыр етіп, жақын ететін, араларын кіршіксіз таза етіп байланыстыратын ізгілікті қарым – қатынас. Достық сезімі адамдардың бойында жаратылғаннан бар. Қандай болмасын адамның өз сырын айта алатын , дертін сөйлей алатын, жарылып шынын жасырмайтын, еш нәрсесін бүкпелемейтін адамдар болады. Міне – ол дос адам. Дос болу - таныстықтан бастап, шынайы тілектестікпен араласу, керек кезінде қол ұшын беру, басына қиын жағдай туған кезде жанынан табылу, оны қажетсіну, сыйлау, құрметтеу, алдамау. Әріптестік дегеніміз - белгілі бір ұйымдарда бірігіп жұмыс жасайтын қызметтес адамдар. Әріптестік әр түрлі жас аралығын қамтиды. Әріптестік белгілі бір мамандықтар бойынша бөлінеді. Мәселен мұғалімдер, дәрігерлер, әншілер, құрылысшылар.

1. Танысу жаттығуы Көңілді музыка ойналады. Жаттығуға қатысушылар шеңбер бойынша тұрады. Әрбір қатысушы өзінің есіміне сын есім қосып және бойындағы бір қасиетін айтып шығады. Мысалы: Мен , Дарынды Дана- Көп сөйлемеймін. Талқылау: Қандай әсер алдыңыздар.

2: Топқа бөліну Қатысушылар түрлі - түсті гүлдерден өздеріне ұнайтын бір түсті таңдайды, сол таңдаған түстері бойынша топ құрып, үстелдерге жайғасып отырады. Үш топқа мына аттар ұсынылады.

І – топ. Ұжымдық

ІІ топ Достық

ІІІ топ Әріптестік

Әр топ мүшелері өз топтарының атауларын қорғап шығу керек. Тапсырма. «Ой жинақтау» Әр топқа өз атауларына байланысты 3 сұрақтан беріледі. Ойлануға 5 минут уақыт.

І топ сұрақтары.

1. Ұжым дегеніміз не?

2. «Ұстаздың қолында адам өмірінің келешегі, тағдыры тұр »- деген сөзді қалай түсіндіресіз?

3. Өз қуанышыңызды ұжыммен бөлісіңіз? (Ролге ену)

 

ІІ топ сұрақтары.

1. «Достық» ұғымын қалай түсіндіресіз?

2. Достық туралы мақал мәтел келтіріңіз.

3. Достық қиындықта көрінеді. (Ролге ену)

 

ІІІ топ сұрақтары.

1. Әріптестік сөзіне тұжырымдама бер.

2. Әріптестікті кім басқарған жөн. (Жасына сәйкес)

3. Бір жағдайға байланысты Жұмыстан сұрандыңыз,әріптесіңізден өзіңіздің орныңызға қалуға өтініш білдіріңіз. (Ролге ену)

Топтар сұрақтарға дайын болғанша қонақтармен ойын ойнайық.

Ойын: «СЫЙЛЫҚ»

Мақсаты: Қарым-қатынасты дамыту және ұжымдық ауызбіршілікті қалыптастыру. Барысы: Әр адам қимыл мен ым арқылы қасындағы әріптесіне сыйлаған затты көрсету ,ал көршісі заттың атын атап, сыйлықты алғыс білдіре отырып қабылдайды. Мыс: жүрек жылуын ұсыну , күлкісін ұсыну.

І-тапсырманың сұрақтарына анализ жасау. Сұрақтардың жауабы тыңдалады.

ІІ-тапсырма. «Сезімдер әлемі » жаттығуы. Әр топ екі таратпадан алады. 

Сары таратпалар

Жасыл таратпалар

Қуаныш

Таңдану

Батылдық

Достық

Сенімділік

мейірімділік

Қайғы - мұң

Ашу – ыза

Қорқыныш

Қызғаншақтық

Реніш

өзіне риза болу

 

Осы сезімдерін көрсетіп беру.

Әр топтың тапсырмаларына қорытынды жасау.

 

ІІІ тапсырма. «Мен және менің айналамдағылар» тақырыбында сурет салу.

Нұсқау: Ұнды пластмасса ыдысқа салып, бояуды ерітіп щприцпен ұнға құямыз. Қалаған түсімізді шығарамыз. Саусақпен сурет саламыз. Топтардың суреті дайын болғанша бір ән тыңдаңыздар: Ән - әуез жетекшісі Қосуақ Құралай апаймен тәрбиеленушіміз Дүйсебек Махаббаттың орындауында «Ұстазым» әні.

ІІІ тапсырма бойынша топтардың жауабы тыңдалады.

Талқылау: суретті салғанда нені елестеткенін, олар қандай мағына беретінін білу. «Ормандағы жаңбыр» ойыны

Ойынға қатысушылар бірінен соң бірі қатарласып тұрады, жүргізуші мәтінді оқиды, ал қөатысушылар орындайды. Орманда күн ашық, ағаштар бұталарын күнге қарап бағыттап, жапырақтарын күннің көзіне шуағына көрсету үшін ұмтыла түсуде. Сіздер ағаштарсыздар да, аяқтың ұшымен тұрып, қолдарыңызды биікке созып күнге барынша жақындай түсіңіздер. Қандай тамаша! Осы кезде қатты жел тұрып кетті, ағаштар тербеле бастады, тамырлары болғандықтан түптері мықты, (аяқтың бұлшықеттеріне салмақ түсіріңіздер. Қатты жел жаңбырдың иісін шығарып қара бұлттарын алып келді. Ал ағаштарға сірікіреп тамшылаған жаңбыр сезіле бастады, жаңбыр тамшылары үдей түсті.Сол кезде ағаштар бірін – бірі аяп кетті де жаңбырдың қатты тамшыларын сілкиді. Ағаштар өздерін сергек сезініп, өмірдің қуанышын байқайды. Ағаштар өздерін сергек сезініп, өмірдің қуанышын байқайды. Күн шуағы (Рефлекция)

Қарамен жазылған сөздер тақтада жазылып тұрады.

Семинарға қатысушыларға күннің шуақтары таратылады., тақтадағы сөздерден біреуін таңдап, алдарындағыпараққа жазып беру қажет .Содан кейін шумақтар жиналады да күннің бейнесі құрастырылады . Тақтаға келесі слайдта әр адамның таңдауы бойынша қандай қасиеті бар екені шығып тұрады.

Жақсы - бірқалыпты адам

Өте жақсы- барлық істі жақсылыққа жоритын адам

Білім – ізденімпаз

Тамаша - әсерлі адам

Керемет – жан дүниесі мол адам

Орташа - қанағатшыл

Көңілді – көпшіл адам

Әсем – талғампаз

Шебер – идея, фантазиясы жоғары

Жұлдыз – жаңалыққа жаны құмар

Тәтті – балажан, бауырмал

Ұстаз – баланың инженері

Қамқор – қамқорлыққа дайын

Өнер – Сегіз қырлы , бір сырлы

 

Бүгінгі тренинг жаттығуымызға қатысқандарыңызға рахмет!






















Бала




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Автор: Дуйсенбаева Майра Бакытжановна

Дата: 14.05.2015

Номер свидетельства: 211216


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства