kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Берік отбасы-адамны? сенімді тірегі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма?саты: Ата - ананы? бала т?рбиесіндегі ?арым - ?атынасы туралы т?сініктер беру ар?ылы ата - аналарды? білімдерін к?теруге к?мектесу.
К?рнекілігі: ата - ана жайлы ?ла?атты с?здер, шар,                            
Кіріспе с?з:
??рметті ?стаздар ата-аналар б?гінгі бізді? «Берік отбасы-адамны? сенімді тірегі» атты тренинг са?атымызды бастау?а р?сат еті?іздер.

Отбасы - адамзат ?о?амыны? е? ша?ын бейнесі. ?о?амда отбасы екі ?ызмет ат?арады, оны? бірі - д?ниеге ?рпа? ?келу, екіншісі - д?ниеге келген с?биді т?ндік жа?ынан жетілдіріп, оны т?л?а ретінде ?алыптастыру. Отбасы. Бала. Мектеп. Бір - бірінен ажыра?ысыз ?ш ??ым.
    Отбасы бар жерде бала бар, бала бар жерде мектеп бар.  Мектеп пен ата - ананы? міндеті ?р бала?а ба?ыт, ?уаныш сыйлау.
Т?рбиені? е? ал?аш?ы бастамасын бала отбасында алады. Отбасы - ?р бала ?шін алтын бесік. Бала отбасы аясында т?леп ?седі, о?ы мен солын сонда таниды. Ол отбасы жа?дайында ?мірдегі ?р т?рлі жа?дайларда ?зін ?алай ?стауды, адамгершілік ?ліппесі: кішіпейіл болу, ізеттілік, сыйласты?, ?лкендермен ж?не кішілермен ?андай ?арым - ?атынаста болу сия?ты т?жірибе жина?тайды ж?не оны ме?гереді.

Жас бала анадан ту?анда екі т?рлі мінезбен туады. Біреуі – ішсем, жесем, ?йы?тасам деп т?рады. Біреуі білсем екен демекілік. Не к?рсе со?ан талпынып, “ол немене?”, “б?л немене?” деп, “ол неге ?йтеді?”, “б?л неге б?йтеді?” деп, к?зі к?рген, ??ла?ы естігенні? б?рін с?рап, тынышты? к?рмейді. М?ны? б?рі – білсем екен, к?рсем екен, ?йренсем екен дегені. (А.??нанбаевты? жетінші ?ара с?зі)
Танысу тренинг:

Ма?саты: Тренингке ?атысып отыр?ан ата - аналар мен о?ушыларды таныстыру.
Ата-аналар ше?бер бойымен т?рып, ?р?айсысы ?з есімін ж?не бала?ызды? есімін, бала?ызды? жа?ымды ?ылы?ын ата?ыз 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Берік отбасы-адамны? сенімді тірегі»


Шөптікөл жалпы орта білім беретін мектеп-балабақшасы











Берік отбасы-адамның сенімді тірегі
(тренинг )






Мектеп дефектологы: Қалиева.А






2015-2016



Берік отбасы - адамның сенімді тірегі.


Мақсаты: Ата - ананың бала тәрбиесіндегі қарым - қатынасы туралы түсініктер беру арқылы ата - аналардың білімдерін көтеруге көмектесу.
Көрнекілігі: ата - ана жайлы ұлағатты сөздер, шар,                            
Кіріспе сөз:
Құрметті ұстаздар ата-аналар бүгінгі біздің «Берік отбасы-адамның сенімді тірегі» атты тренинг сағатымызды бастауға рұсат етіңіздер.

Отбасы - адамзат қоғамының ең шағын бейнесі. Қоғамда отбасы екі қызмет атқарады, оның бірі - дүниеге ұрпақ әкелу, екіншісі - дүниеге келген сәбиді тәндік жағынан жетілдіріп, оны тұлға ретінде қалыптастыру. Отбасы. Бала. Мектеп. Бір - бірінен ажырағысыз үш ұғым.
Отбасы бар жерде бала бар, бала бар жерде мектеп бар. Мектеп пен ата - ананың міндеті әр балаға бақыт, қуаныш сыйлау.
Тәрбиенің ең алғашқы бастамасын бала отбасында алады. Отбасы - әр бала үшін алтын бесік. Бала отбасы аясында түлеп өседі, оңы мен солын сонда таниды. Ол отбасы жағдайында өмірдегі әр түрлі жағдайларда өзін қалай ұстауды, адамгершілік әліппесі: кішіпейіл болу, ізеттілік, сыйластық, үлкендермен және кішілермен қандай қарым - қатынаста болу сияқты тәжірибе жинақтайды және оны меңгереді.

Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біреуі – ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Біреуі білсем екен демекілік. Не көрсе соған талпынып, “ол немене?”, “бұл немене?” деп, “ол неге үйтеді?”, “бұл неге бүйтеді?” деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі – білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен дегені. (А.Құнанбаевтың жетінші қара сөзі)
Танысу тренинг:

Мақсаты: Тренингке қатысып отырған ата - аналар мен оқушыларды таныстыру.
Ата-аналар шеңбер бойымен тұрып, әрқайсысы өз есімін және балаңыздың есімін, балаңыздың жағымды қылығын атаңыз 

ІІ. Видеоролик көрсету.
Дефектолог ата - аналарға арнап сұрақ қояды.
Сұрақ: - Сіз қаншалықты өз балаңызды толық қанды, жақсы білесіз?
Ата - аналардың жауаптары тыңдалады.:
Дефектолог Олай болса, біз балаларымызды қаншалықты жақсы білетінімізді іс жүзінде тексеріп көрейік.
ІІ. Жаттығу. «Өз балаңызды жақсы білесіз бе?»
Мақсаты: Ата - анамен баланың ортасындағы қарым - қатынасты анықтау.
1. Балаңыздың жақсы көретін түсі қандай?
2. Қандай тағамды сүйсініп жейді?
3. Балаңыздың атын еркелеткенде қалай атайсыз?
4. Балаңыздың ең жақын досының есімі кім?
5. Сүйіп оқитын пәні?
6. Балаңыз мектепте нешінші кабинетте оқиды?
Нұсқау: Берілген сұрақтарға ата - ана да, бала да бірдей жауап жазып отырады. Соңында жазылған жауаптарды өзара сәйкестендіру. Дұрыс сәйкес келген жауапқа бір ұпайдан беріліп отырады.
Қорытынды: Көп ұпай жинап алға шыққан ата - аналарды мадақтау. Ал, аз ұпай жинаған ата - аналарға болашақта балаларымен тығыз байланыста болу керек екеніне ұсыныс беру.
3. Мен отбасымды мақтан етемін.
Оқушылар шығармашылықтары
Дильназ Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта. Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі – ата-ана. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Отбасының әрбір мүшесі, өзара сөйлесіп, не болмаса ата-ананың, баланың міндетін атқару ғана емес, береке-бірлік, сүйіспеншілікпен араласса, босағасы берік, шаңырағы биік отбасына айналары сөзсіз. 
Айша :Отбасы — адам баласының алтын діңгегі, тұлғалық негізі қаланатын өмір сүру және даму ортасы. Отбасы адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың бас ұстазы — ата-анасы. Ата-анаға баладан жақын ешкім жоқ. Ұрпаққа берілетін тәрбие ісі де отбасының беріктігімен тығыз байланысты. Әр отбасындағы бала әртүрлі тәрбие алады. Тәрбиенің сыншысы да, бағалаушысы да – халық.
Назерке:
Отбасы – адам тәрбиесі үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің жағымды өнегелердің, мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереду. Отбасы баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылады. Отбасының басты қызметі – бала тәрбиелеу
Мейрамбек:
Әжемнің саясында ержетіп мен,
Аялы  ақ бесікке тербетілгем.
Әжемдей ақ ниетті абзал жанды
Таппаспын айналсам да жер бетінен.
Ержетіп есейгенде балапаны
Арайлап атады екен дала таңы.
Иіскеп, маңдайымнан сипалайтын
Қымбат қой әжелердің алақаны.
Айдана: Өзіңді өмірге келтірген, тіршілігіңе нәр берген ата-ананың алдында адамның парыз-міндеті өлшеусіз.Қазақ ғұрпындағы ата-ананың алған ерекше биік орны, қадір-қасиеті ше!Ананың ақ сүтін, әкенің адал күшін ақтау-өз болашағыңды сақтау.
Досымхан : Әке.Әке-әркімнің сүйенер тіреуі.Әке әркімге қымбат.Әкені ардақтай білу кернек, өйткені ол отбасының ең басты мүшесі, яғни отағасы. «Әкеге қарап ұл өсер» дегендей әкенің балаға үйретері көп.Ол өзіңнің болашағыңа алаңдап ойланып толғанады.Ол  болашақта баласының жақсы болуын қалайды.Әке жақсы болса, баласы да соған еліктейді
Бекзат
Отбасы.
Отбасы –үлкен мекеме
Әке,ана мереке.
Болсыншы деп тілеймін,
Отбасында береке.
Ернұр
Менің отбасым
Отбасы –таусылмайтын бақыт екен,
Ешқашан ескірмейтін жақұт екен.
Қашанда тату тұрған адам болса,
Ағайын,бұның өзі бақыт екен!
Мансур
Менің анам.
Мен сені жақсы көремін мамашым,
Өзің мені әлпештедің анашым.
Әрқашан аман болшы жан анам, 
Әр уақытта жүрегімде қаласың
ІІ. Ата-аналарға арналған сауалнама
ІІІ. Ой қозғау.
Бала үшін мұғалім мен ата- ана  арасында қандай байланыс болуы керек
VІ. Қорытындылау. «Тілек шамы»
Мақсаты: тренинг туралы пікірлерін ортаға салу.
- Міне, қоштасатын да сәт жетті, ата - аналар, оқушылар. Біз сіздермен жанұядағы ата - ана мен балалар арасындағы қарым - қатынастың түрлі жақтарын тануға, жан - жақты талқылауға тырыстық. Отбасы, ұшқан ұя - жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болу үшін «Тілек шамы» жаттығуын бір - бірімізге тілек айта отырып жүргізейік. Бір - бірімізге мына шамды бере отырып бүгінгі кездесуден алған әсерлеріңізбен бөлісіп, тренинг барысында айта алмай қалған ойларыңыз болса осы жерде айтып кетулеріңізге болады



















.














Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
Берік отбасы-адамны? сенімді тірегі

Автор: ?алиева Айнара Айбек?ызы

Дата: 16.02.2016

Номер свидетельства: 294091


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства