kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Бақыттымыз бәріміз» психология апталығы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балалар және үлкендер ұжымында психологиялық жағымды климат қалыптастыру.Үлкендердің бала өміріне қызығушылығын арттыру, оның жеке тұлғалық дамуына көмек көрсетуіне ықпаландыру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Бақыттымыз бәріміз» психология апталығы»



Балабақшадағы психология апталығы «Бақыттымыз бәріміз»

Мақсаты:

  • Балалар және үлкендер ұжымында психологиялық жағымды климат қалыптастыру.

  • Үлкендердің бала өміріне қызығушылығын арттыру, оның жеке тұлғалық дамуына көмек көрсетуіне ықпаландыру.

Міндеті:

  • Психология ғылымына педагогтар мен ата – аналардың қызығушылығын арттыру.

  • тБалабақшадағы психологиялық үрдістің нақты түрлерін көрсете білу.

  • Балабақша педагогтары мен ата – аналарының психологиялық құзыреттілігін жоғарлату.


Апталықтың жоспары

Дүйсенбі:

  1. Психологиялық ойын «Көңіл – күй экраны»(барлық топтар балалары және ата-аналары)

  2. Ашылу салтанаты

  3. Ойын «Мен білгішпін» (ересек, ортаңғы топтар)

  4. Ойын «Сиқырланған жүрек»(ортаңғы «Құлыншақтар» тобы)

Сейсенбі:

  1. Ойын «Мен білгішпін» (сәбилер 2)

  2. Психологиялық ойын «Құпия дос» (тәрбиешілер)

  3. Тренинг «Өзіңе сенімді қалай көтеруге болады»

  4. Көрме «Менің жанұям» (ересектер топ балалары)


Сәрсенбі:


  1. Сұхбаттасу «Менің сүйікті анам» (ересектер тобы)

  2. Топтық коллаж «Біздің ұйымшыл тобымыз»

  3. Тренинг «Бөліссек тоқ боламыз, бөлінсек жоқ боламыз» (ортаңғы «Күншуақ»тобы)

  4. Ата – аналарға кеңес «Кризис трех лет», «Балалар кеңес береді»


Бейсенбі:


  1. Ата – аналарға сауалнама

  2. Психологиялық ашық сабақ (ересектер тобы)

  3. Ата – аналар жұмысының көрмесі: Конкурс «Танысаңыз бұл – Мен!» (сәбилер №1,2),

  4. «Күн нұрындағы менің бейнем» (ортаңғы топ), «Менің сүйікті анам» (ересектер тобы)


Жұма:


  1. Қабырға газеті «Тәрбиеші – ол қандай?» балабақша тәрбиешілерімен

  2. Апталық іс – шараларының қорытындысын шығару

  3. Апталықтың жабылу салтанаты, марапаттау






Жұмыстың мазмұны:

  • Ойын «Көңіл – күй экраны»

(Ересектер, ортаңғы топ ата-аналары мен балаларына арналған)

Мақсаты: Өз эмоцияналдық көңіл –күй жағдайын бағалай білуге бағытталған.

- Бір, екі, үш – ойынды бастаймыз!

Мен сіздерге бір құпияны айтамын. Біздің бойымыздағы көңіл – күйдің барлығы қандай да бір түстің түрін білдіреді екен. Көріп тұрсаңыздар алдырыңызда әр - түрлі түсті дөңгелектер жатыр. Әр адам өзіне ұнаған түсті дөңгелекті алып «Көңіл – күй экранына» жабыстырады. Ойын соңында әр – түрлі түске боялған экран шығады.

Ендеше сәттілік қарап қалмаңыздар!

  • Ойын «Бақыт ағашы»

(сәбилер №2 топ ата-аналары мен балаларына арналған)

Мақсаты: Өз эмоцияналдық көңіл –күй жағдайын бағалай білуге бағытталған.

- Бір, екі, үш – ойынды бастаймыз!

Мен сіздерге бір құпияны айтамын. Біздің бойымыздағы көңіл – күйдің барлығы қандай да бір түстің түрін білдіреді екен. Көріп тұрсаңыздар алдырыңызда әр - түрлі түсті краскалар тұр. Сіз өзіңізге ұнаған түске баланың алақанын малып алып «Бақыт ағашына» жабыстырасыз. Ойын соңында әр – түрлі түске боялған «Бақыт ағашы» шығады.

Ендеше сәттілік қарап қалмаңыздар!


Әр түс қандай көңіл – күйді білдіреді екен:

Қызыл – қимылды ойын ойнап, секіргіңіз келетін–белседілік көңіл – күйі.

Сары – бәріне қуанғысы келетін - көңілді көңіл – күй.

Жасыл – барлығымен араласып, дос болғысы келетін – қарым – қатынас көңіл – күйі

Көк – жайбарақат отырып, қызықты кітап оқып, кино көретін – сабырлы көңііл - күй

Қызғылт (малиновый) –  өз көңіл-күйімді түсіне алмайтын – аса жақсыда емес, аса жаман да емес көңілм-күй.

Сұр – немен айналысқысы келетінін білмейтін – жай көңіл - күй

Қоңыр –  ренжіткіш, ызақорлықты білдіретін – ашушаңдық көңіл - күй

Қара –  мұңды, абыржулы – көңілсіз көңіл – күй.


- Психологиялық ойын «Құпия дос»

Мақсаты: ұжым арасында психологиялық ахуалды қалыптастырып жалпы эмоционалдық көңіл – күйін жоғарлыту, өзара жылы қарым-қатынас пен толеранттілікті дамыту.

Ойын барысында тәрбиешіліерге үш конверттін беріледі. Әр тәрбиеші өз тарапынан үш адамға құпия түрде хат жазып конвертке салады. Барлығының хаттарын жинап алып психолог әр біреуін өз иелеріне таратып береді. Хат кімнен екені көрсетілмеуі керек.


  • Ойын «Мен білгішпін»

Цель: Балаларды ұжыммен өзара қарым-қатынас жасауға үйрете отырып, эмоционалдық көңіл-күйін көтеруге, ұжым ішіндегі ұйымшылдықты қалыптастыру.

Таңертең әр топқа 15сұрақтан тұратын бланк таратылады. Сұрақтардың мазмұны балабақша, бала және педагогтармен байланысты. Белгіленген уақытта психолог және әдіскер келіп сұрақтың жауабын сұрайды. Әр жауап берген балақайға тәті беріледі.

  1. Сіздердің тәрбиешілеріңнің көзінің түсі қандай?

  2. Бір аптада неше күн балабақшаға барасыңдар ?

  3. Топта кімнің шашы ең ұзын?

  4. Топта кімнің бойы ұзын?

  5. Бүгін топта қанша ұл бала бар?

  6. Сіздің тәрбиешінің көмекшісінің туған күні қашан?

  7. Сіздің тәрбиешіңіздің жақсы көретін гүлін атаңдар?

  8. Қай қыздың көзі қоңыр түсті?

  9. Төбеде қанша лампа бар?

  10. Полиция және жедел жәрдемнің номер телефонын атаңдар?

  11. Біздің медбикенің аты кім?

  12. Қанша бала өз үйінің мекен жайын біледі?

  13. Сіздің балабақшаның , топтың аты қалай?

  14. Барлығы топта қанша баласыңдар?

  15. Бас аспазшының толық аты жөні қалай?

  16. Менің атым кім?

  17. №1 және №5 шкафта ненің суреті салынған? (қабылдау бөлмесінде)

  18. Топта барлығы қанша есік бар?

  19. Дене шынықтыру жетекшісінің аты кім?

  20. Қазақстанның бас қаласы қалай аталады?

Ойын «Сиқырлы жүрек»

Мақсаты:Балалардың топтағы және педагогпен өзара эмоцианалдық қарым – қатынасын нығайту, алдына қойған міндеттерді шеше білуге үйрету. Бала бойында мейірімділік, жанашырлық сезімді қалыптастыру.

Мазмұны:

Топта тәрбиеші балалармен күнделікті оқу – қызметін жүргізіп жатады. Кенеттен қар ханшайымы келіп:

- «Ах, сендер, мында қызықты уақыт өткізіп отырған екенсіңдер, мен сендерге көрсетейін» дейді. Балалар шошып:

- Апай бұл кім- деп сұрайды? Сонда тәрбиеші:

- Бұл зұлым қар ханшайымы,

- Ол жер бетіндегі барлық тіршілікті қатырып тастай алады.

Қар ханшайымы:

  • Ха,ха,ха дұрыс айтасың.

Тәрбиеші:

  • Қар ханшайымы саған не керек, тиіспе менің балаларыма, жоғалт көзіңді.

  • Ха,ха,ха ендеше мен сені қатырып тасатаймын – деп, тәрбиешіні қатырып, жүрегін мұзға айналдырып, өзімен бірге алып кетеді.

Балалар абыржи бастайды, осы кезде жүргізуші (психолог) келеді.

Психолог:

  • Балалар не болды сендерге?

Балалар барлығын айта бастайды.

Психлог тыңдап тұрып:

Ал енді не істейміз? – деп сұрайды. Осы кезде балалар өз ойларымен бөлісуі қажет. Сөйтіп тұрғанда тәрбеиешінің көмекшісі бір хатты алып кіреді.

  • Балалар, қараңдаршы, мына хатты мен топтың алдынан тауып алдым, мүмкін оқып көреміз.

Психолог хатты оқып береді. Хатта: балалар сендердің тәрбиешілеріңді зұлым қар ханшайымы «Ғажайыптар әлеміне» апарып тастапты.

Психолог:

  • Ендеше балалар жүріңдер тәрбиешілеріңді құтқарайық. Балаларға жол көрсеткіш бағыттар арқылы жүріп отыруы керек. Осылайша, балалар залға келеді, онда қатып тұрған тәрбиешіні көреді.

Ойын «Жылулықты сезіну»

Барысы:

Психолог балалардан:

  • Балалар, мұз боп қатып қалған тәрбиешімізді қалай жылытып, ерітіп аламыз. Қалай ойлайсыңдар ? – деп сұрайды. Балалар жауап береді. Әрине, жылу арқылы, қане тәрбиешіні жібітіп көрейікші . Балалар барып тәрбиешінің қолын жылытады, үрлейді, фенмен жібітеді. Ал, тәрбиеші әлі еріген жоқ. (тәрбиеші бір рет қозғалып қояды)

Психолог:

  • Балалар қараңдаршы, біздің еңбегіміз зая кеткен жоқ, сендер тәрбиешілеріңді бір кішкене жібіттіңдер. Бірақ бұл аз болып тұр.Тағы не істесек екен?

Психолог:

  • Балалар тәрбиеші нені жақсы көреді соны сыйласақ, мүмкін көмегі тиер. Ендеше гүл сыйлайық. Мен сендерге гүл бөлшектерін беремін сендер оны жинап тәрбиешіге беріңдер.(Балалар гүлді құрастырады).Балалар тәрбиешіге гүлдерін сыйлайды.

Тәрбиеші тағы бір-екі рет қозғалады.

Психолог:

  • Бұл да аз болып тұр, тәрбиешіміз әлі толық ерімеген сияқты. Енді оған жылы сөздер айтып көрейікші. Балалар тәрбиешіге жылы – жылы сөздер айтады. Тәрбиеші біртіндеп еріп, күлімсірей бастайды. Балалар қатты қуанады.

Психолог:

  • Балалар, көрдіңдерме, бәріміз бірігіп жүректен шыққан жылулығымыз арқылы тәрбиешімізді Қар ханшайымының зұлымдылығынан сақтап қалдық. Сендер өздеріңнің ұйымшылдықтарыңмен, мейірімділіктеріңмен тәрбиеші апайларыңды қаншалықты жақсы көретіндіктеріңді білдірдіңдер.


Топтық коллаж «Біздің ұйымшыл тобымыз» (қабырға газеті)

Мақсаты: топ арасындағы өзара қарым – қатынасын нығайту.



Тренинг «Бөліссек тоқ боламыз, бөлінсек жоқ боламыз»

Мақсаты: оқу үрдісіне барлық қатысушылардың біріге қызмет жасай білуге баулу, жағымды қарым – қатынас және психологиялық эмоцияналдық жағымды көзқарас қалыптастыру.

Танысаңыз бұл – Мен!» (қабырға газеті)

Мазмұны:

  • баланың фотографиясы және оның отбасы, сондай ақ отбасына байланысты суреттер.

Қабырға газетінде міндетті түрде көрсетілсін:

  • баланың аты – жөні және ол есім нені білдіреді, сонымен қатар неліктен сол есімді балаңызға қойғаныңыз жайында мағлұмат беріңіз.

Қосымша : «Мен жақсы көремін....», «Менің жақсы көретін ойыншығым....», «Немен айналысқанды ұнатамын....»...т.б.

«Күн нұрындағы менің бейнем» (қабырға газеті)

Мазмұны:

Ата – аналарға А-4 күннің форматтағы қағазға күннің суретін салу қажет. Оның ортасына балаңыздың суретін жабыстырып қоясыз. Ал күн шуақтарына баланың есімін, еркелетіп айтатын есімін, сонымен қатар балаға тән мінез - құлық ерекшеліктерін жазып көрсетуге болады. Сондай ақ, балаңызға қалай деп атаған ұнайтын есіміне көбелек немесе қанқыздың суретін салып қойыңыз.

Балалар кеңес береді

Құрметті менің ата-анам!

Мені қатты еркелетпеңіз, өйткені мен жаман болып кетуім мүмкін. Менің қалағанымның бәрін әпере беру міндетті емес екенін мен өте жақсы білемін.

Кейде менімен қатты, қатал болуға қорықпаңыз. Мені жақсы көрген адамдар батыл болғанын қалар едім. Ол менің нақты өмірдегі орынымды табуға көмектеседі.

Қолыңыздан келмейтін істі «Істеймін» деп бекерге уәде бермеңіз, ол менің Сізге деген сенімімді бұзуы мүмкін.

Менің шыншылдығымды үнемі тексеріп сынай бермеңіз, онымен сіз мені өтірік айтуға итермелеуіңіз мүмкін.

 Маған немесе мен үшін - деп, мен атқара алатын жұмысты –өзіңіз жасамаңыз. Себебі, бұл жағдай маған ұнап, сізді әрдайым қызметшім сияқты жұмсағым келіп тұратын болады, ал сізге мұндай жағдай ұнайды деп ойламаймын.

Маған досыңа қарағандай- қараңызшы. Сонда, мен де кең пейілді, ашық бола аламын. Есте сақтаңыз, мен сізге қарап барлығына үйренемін.

Мен ашылып көп сұрақтар қойған кезде, менен қашып құтыламын деп ойламаңыз. Егер сұрақтарыма жауап бермесеңіз, мен сұрақтың жауабын басқа жақтан іздеп табамын, осыдан кейін мен Сізге мүлдем сұрақ қоймайтынымды байқайтын боласыз.

Біз бірге аз уақыт өткіземіз деп қапаланбаңыз. Өйткені, уақытты қанша емес, қалай өткіземіз - осы маңыздырақ.

Иә, мен сіздің қолдауыңызсыз, сеніміңізсіз өздігімнен жетіле алмаймын, бірақ мақтағанға тез үйреніп аласың. Ал, қажет кезде сөгіс алуға үйрену қиын шығар...

Қалай болғанда да, мен Сізді жақсы көремін. Өтінемін, маған да махаббатыңызды аямай беруге тырысыңызшы.



Памятка для родителей –

«Поведение в период кризиса

3 лет»


Кризис может начаться уже с 2,5 лет, а закончится в 3,5-4 года.

Постарайтесь выработать правильную линию своего поведения, станьте более гибкими, расширьте права и обязанности ребенка.

Позвольте малышу быть самостоятельным. Не вмешивайтесь (по возможности) в дела ребенка, если он не просит.

Помните, что ребенок как бы испытывает Ваш характер, проверяя по несколько раз в день, действительно ли то, что было запрещено утром, запретят вечером.

Проявите твердость. Установите четкие запреты (нельзя убегать на улице от мамы, трогать горячую плиту и т.д.). Запретов не должно быть слишком много, не больше 5. Этой линии поведения должны придерживаться все члены семьи (или хотя бы папа с мамой).

Помните, что ребенок многие слова и поступки повторяет за Вами, поэтому следите за собой.



Психолог


Ата – аналарға арналған сауалнама

1. Балаңыз неше жаста ----------------------

2. Балаңыз балабақшаға қанша уақыт келіп жүр -------------------

Құрметті ата-ана! Келесі сұрақтарға «иә» немесе «жоқ» деп жауап беруіңізді сұраймыз.

3. Балабақша жұмысына көңіліңіз тола ма?

4. Балабақша әкімшілігі сізге балабақшаның жұмыс бағыттарын таныстырды ма?

5. Балабақшада оқу-тәрбие жұмысы барысында қолданылатын жаңа технологияр бар ма және сіз ол туралы хабардарсыз ба?

6. Тәрбиешінің балаларға деген қарым-қатынасы сіздің көңіліңізді толтыра ма?

7. Балаңызға балабақшаға келу ұнай ма?

8. Балабақшада тәрбиешіден өзге мамандар сізге көмек көрсете ме?

9. Балабақшада оқу-тәрбие үдерісі жоғары деңгейде ұйымдастырылған деп есептейсіз бе?

10. Балабақша қызметкерлері тарапынан балабақша өміріне белсене қатысуға мүмкіндік беріле ме?

11. Балабақша жұмысына өзгертулер енгізгіңіз келер ме еді? (Қандай өзгерістер жазу).

12. Балабақшаға демеушілік жасаған кездеріңіз болды ма? (Қандай көмек көрсетілгенін жазу)

 

Барлық өткізілген іс-шаралар топтарды, ұжымды біріктіруге, позитивтік көңілге, бір -бірін құрметтеуге бағытталды. Психология апталығның қорытындысы шығарылып, белсенді топтар, ата – аналар мен балалар  мадақтама грамоталарымен марапатталды.








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
«Бақыттымыз бәріміз» психология апталығы

Автор: Тасанова Айгуль Ораковна

Дата: 09.01.2017

Номер свидетельства: 376705


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства