Балаңызға уәде беріп, жақсы мінезін ескере отырып уәдеңізді орындайсыз ба?
Балаға өз қалаған ісін орындауға ,еркін ұстауға бір күн уақыт бересің бе?
Басқа бала сіздің балаңызға дөрекілік көрсетсе, себепсіз ренжітсе, көңіл аудармайсыз ба?
Қорытынды:
0-19 балл. Бала тәрбиесі сіз үшін үлкен проблема. Бала тәрбиесін дұрыс қалыптастыру педегог және психолог мамандардың көмегіне сүйеніңіз.
20-29 балл. Сіз үшін балаға қамқорлық жасау бірінші кезектегі маңызды іс. Сіз кейде қатал, кейде тым жұмсақсыз. Сізге жауапкершілікпен ойлану керек.
30-36 балл. Бала сіздің өміріңіз үшін ең құнды. Сіз балаңызды жақсы түсініп , сыйласа аласыз.
IV бөлім:«Жолсерік» жаттығуы
Мақсаты: Интуитивті түйсіну.
Метрода немесе автобуста көршіңізге жайлап қараңыз. Оның киіміне, түріне, позасына қараңыз. Оның қайда жұмыс жасайтынын, мінезін, қайда тұратынын ойлаңыз. Оның жасын анықтауға тырысыңыз. Оның көңіл-күйін сезініңіз.
Адамға қатты қарауға болмайды. Адамға бір қарап оның психологиялық ерекшеліктерін анықтауға тырысыңыз. Сол кезде сіз адамды тануда көп қарау керек еместігін де түсінесіз. Бірінші интуитивті түйсіну дұрыс болуы мүмкін. Тек сіз бұл түйсінуге сене білуіңіз керек.
V бөлім:Қимыл-қозғалыс жаттығуы
Қимыл-қозғалыс арқылы жауап беру
Газет бетіндегі мақалалардан, теледидардағы бағдарламадан тәрбиеге байланысты сұрақтарды тыңдап, қарап жүресіз бе?
«иә» десеңіздер – қолдарыңызды шапалақтаңыз;
«жоқ» десеңіздер – аяқтарыңызды тарсылдатыңыздар.
Балаға тәрбие беру кезінде үйде ата-ана бірдей ықпал жасай ма?
егер «жанұя» десеңіздер жымиңыз
егер «әке» десеңіздер, қолды алдымызға созамыз
егер «қоршаағн орта, қоғам» десеңіздер қолды алдымызға созамыз
Бала тәрбиелеу жауапкершілігі кімде деп ойлайсыз?
егер «әке» десеңіздер, қолды алдымызға созамыз.
егер «шеше» десеңіздер, жымиыңыз.
егер «екеуі» десеңіздер, қолдарыңызды шапалақтаңыз
VI бөлім: Рефлексия. Ой жинақтау, қорытынды.
Бір жағы желімді қағаз жапырақ таратылып әркім семинардан алған әсерлерін, өз ойларын, пікірлерін жазып, плакаттағы ағашқа жабыстырады.
Сабаққа қатысушылар алған әсерлері туралы ой-пікірлерін білдіреді. Құрметті ата аналар, ой бөлісіп белсене араласқандарыңыз үшін сіздерге көп-көп рахмет айтамын.
Сіздермен тренинг сабақ жүргізген Елубаева Ақбаян Оралбайқызы