kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Адамгершілік-е? жо?ар?ы ??ндылы?.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ш?О, ?ржар ауданы, Лайб?ла? жалпы орта мектебіні?  психологы                             Нуракова Арай Бейсен?азы?ы

  •  

Жа?сы мінез бен а?ыл к?ші біріксе – б?лар адамгершілік ?асиеттер
(Ыбырай Алтынсарин)
Адамгершілік — б?л рухани т?рбие. Адамгершілік - адам бойында?ы е? асыл ?асиет ж?не адамзат баласыны? е? жо?ар?ы ма?сатына ба?ытталады. Б?л ?асиет адамды мейірімділікке, Отанын, елін, отбасын с?юге ?йретеді. Егер адамда адамгершілік ?асиет болмаса, ол адам ?з - ?зін сыйламайды.
Рухани - адамгершілік т?рбиесі - ?зіндік сананы дамыту?а жа?дай жасауды, жеке т?л?аны? ?деп ?станымын, оны? ?о?ам ?міріні? нормалары мен д?ст?рлерімен келістірілетін моральдік ?асиеттерін ж?не ба?дарларын ?алыптастыруды болжайды. О?ушыларды рухани - адамгершілікке т?рбиелеу, болаша?ына жол сілтеу – б?гінгі ?ажетті, кезек к?ттірмес м?селе. ?сірсе, мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілікке т?рбиелеуді? мазм?ны осы жаста?ы балаларды? ерекшеліктеріне сай келуі тиіс. Негізгі міндет – балаларды? жа?сы ?дет, мінез - ??лы?ын ?алыптастыру. Баланы? сезіміне ?сер ету ар?ылы ішкі жан д?ниесін ояту н?тижесінде оны? рухани - адамгершілік ?асиеттері ?алыптасады.
Жа?а кезе?дегі білім беруді? ?зекті м?селесі жас ?рпа??а - адамгершілік - рухани т?рбие беру. «Адамгершілікке т?рбиелеу ??ралы – е?бек пен ата - ана ?лгісі» - деп, Ы. Алтынсарин атамыз айт?андай, ??нды ?асиеттерге ие болу, рухани бай адамды ?алыптастыру баланы? туыл?ан кезінен басталуы керек. Халы?та «А?аш т?зу ?су ?шін о?ан к?шет кезінде к?мектесуге болады, ал ?лкен а?аш бол?анда оны т?зете алмайсы?» деп бекер айтылма?ан. Сонды?тан баланы? бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, ?айырымдылы?, я?ни адамгершілік ??нды ?асиеттерді сі?іріп, ?з - ?зіне сенімділікті т?рбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль ат?арады. Рухани - адамгершілік т?рбие - екі жа?ты процесс. Адамгершілікке, е?бекке т?рбиелеу к?нделікті ?мірде, ?лкендерді? ?олдан келетін ж?мысты ?йымдастыру барысында, ойын ж?не о?у ісінде жоспарлы т?рде іске асады.
Мектепке дейінгі балаларды адамгершілік сана - сезімін оятып, жа?ымды мінез - ??л?ын ?алыптастыруда даярлы? тобыны? балаларына арнал?ан ашы? саба?тар: «Маманды?тар», «? дыбысы мен ?рпі», т?рбие са?аты: ж?не ойын - саба?тарын: «Ойнайы? та, ойлайы?!» ?ткіздім. М?ны? б?рі адамгершілікке ба?ытталды ?рі д?л осы?ан кере?ар ?асиеттерді бала бойынан кездестірдім ж?не о?ан керекті ?діс - амалдарды да іздестіріп, ?олданып келемін.
Хал?ымыз «баланы ойын ?сіреді»деген с?зі тегін айтылмаса керек. Бала ойнап ж?ріп, ойланады, ж?йкесі тыны?ады, ойы сергиді, денесі шымырланады. ?здеріні? ??рбы - ??рдастарымен жа?сы араласуды ?йренеді. Сан алуан ойындар баланы? дене т?рбиесін дамытып, жас жеткіншекті? бойына адамгершілік, с?йіспеншілік, кішіге к?мек, ?лкенге ??рмет к?рсете білуге, ?иыншылы?тан ?оры?пау?а, ма?сат?а жетуде т?зімділікті ?л?айту?а т?рбиелеуде ерекше м?ні бар. Е? бастысы, ойын баланы жан - жа?ты, тез ойланып шешім ?абылдау?а, ойын шыншыл ойнау?а кешірімді, жанашырлы??а т?рбиелейтіні аны?.
Адамгершілік та?ырыбы - м??гілік. Жас ?рпа?ты? бойына адамгершілік ?асиеттерді сі?іру - ата - ана мен ?стаздарды? басты міндеті. К?рнекті педагог В. Сухомлинский «Егер бала?а ?уаныш пен ба?ыт бере білсек, ол бала солай бола алады», — дейді. Демек, ш?кіртке жан - жа?ты тере? білім беріп, оны? ж?регіне адамгершілікті? асыл ?асиеттерін ?здіксіз ?ялата білсек, ерте?гі азамат жеке т?л?аны? ?зіндік к?з?арасыны? ?алыптасуына, айналасымен санасуына ы?пал етері с?зсіз.
Рухани - адамгершілік білім беру – жас ?рпа?ты? бойына ?мірді? м?ні, с?йіспеншілік, ба?ыт, сыйласты?, татулы?, бірлік, т?зімділік сынды ??ндылы?тарды дарыту ар?ылы адамны? ?о?амда ?з орнын табуына, ?абілет - дарыныны? ашыла т?суіне, а?ыл - парасатын дамытуына, я?ни с?нді де м?нді ?мір с?руіне ?ызмет етеді.
«Ж?мыла к?терген ж?к же?іл» демекші бала т?рбиелеудегі осындай міндеттерді іске асырушылар – мектепке дейінгі мекемелер мен отбасы. Осы екі арнада ж?ргізілетін т?лім - т?рбие саба?таса, ?штаса ?ткізілгенде ?ана к?здеген ма?сат н?тижелі болары ?зсіз. Б?гінгі жа?а ?о?ам м?ддесіне лайы?ты, жан - жа?ты жетілген, бойында ?лтты? сана, ?лтты? психология ?алыптас?ан ерте?гі ?о?ам иегері боларлы? парасатты азамат т?рбиелеп ?сіру – отбасыны? балаба?шаны?, барша халы?ты? міндеті.
Адамгершілік т?рбиені?, адам бойында осы жа?сы ?асиеттерді? болуы, жан?я?а, ?скен ортасына байланысты. Бала ісіні? д?рыс екенін ?оштап, о? ба?ыт беріп, теріс жерін дереу ж?ндеп, демеп жіберу ата - ана мен т?рбиешіге ж?ктелер міндет. “Адам бойында жа?сы ?асиеттер к?п болса, о?ан ба? та, ба?ытта ?онады” деген с?зге с?йенсек, жа?ымсыз ?ылы? - ?асиеттер болса одан арылту ?ажет. К?птеген ?айырымды істер жасап, жа?сы мінез - ??лы?тарды ?н бойы?а жинап, а?ылдылы? танытса?, міне адамшылды? бол?аны.
?орыта келгенде, уа?ыт талабынан туындап, білім беру ж?йесінде болып жат?ан ?згерістер баланы т?рбиелеу осы заман талабына сай ?йлесімді де?гейді ?айта ??руды міндеттейді. Т?рбие мен о?у егіз деген с?з бар. «Т?рбие бар жерде ?ана сапалы білім саналы ?рпа? болады» деген дана хал?ымызды? ма?ал с?зіне с?йенеміз.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Адамгершілік-е? жо?ар?ы ??ндылы?. »

ШҚО, Үржар ауданы, Лайбұлақ жалпы орта мектебінің психологы Нуракова Арай Бейсенғазықы

Жақсы мінез бен ақыл күші біріксе – бұлар адамгершілік қасиеттер
(Ыбырай Алтынсарин)
Адамгершілік — бұл рухани тәрбие. Адамгершілік - адам бойындағы ең асыл қасиет және адамзат баласының ең жоғарғы мақсатына бағытталады. Бұл қасиет адамды мейірімділікке, Отанын, елін, отбасын сүюге үйретеді. Егер адамда адамгершілік қасиет болмаса, ол адам өз - өзін сыйламайды.
Рухани - адамгершілік тәрбиесі - өзіндік сананы дамытуға жағдай жасауды, жеке тұлғаның әдеп ұстанымын, оның қоғам өмірінің нормалары мен дәстүрлерімен келістірілетін моральдік қасиеттерін және бағдарларын қалыптастыруды болжайды. Оқушыларды рухани - адамгершілікке тәрбиелеу, болашағына жол сілтеу – бүгінгі қажетті, кезек күттірмес мәселе. Әсірсе, мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің мазмұны осы жастағы балалардың ерекшеліктеріне сай келуі тиіс. Негізгі міндет – балалардың жақсы әдет, мінез - құлықын қалыптастыру. Баланың сезіміне әсер ету арқылы ішкі жан дүниесін ояту нәтижесінде оның рухани - адамгершілік қасиеттері қалыптасады.
Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа - адамгершілік - рухани тәрбие беру. «Адамгершілікке тәрбиелеу құралы – еңбек пен ата - ана үлгісі» - деп, Ы. Алтынсарин атамыз айтқандай, құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру баланың туылған кезінен басталуы керек. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз - өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады. Рухани - адамгершілік тәрбие - екі жақты процесс. Адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеу күнделікті өмірде, үлкендердің қолдан келетін жұмысты ұйымдастыру барысында, ойын және оқу ісінде жоспарлы түрде іске асады.
Мектепке дейінгі балаларды адамгершілік сана - сезімін оятып, жағымды мінез - құлқын қалыптастыруда даярлық тобының балаларына арналған ашық сабақтар: «Мамандықтар», «Ұ дыбысы мен әрпі», тәрбие сағаты: және ойын - сабақтарын: «Ойнайық та, ойлайық!» өткіздім. Мұның бәрі адамгершілікке бағытталды әрі дәл осыған кереғар қасиеттерді бала бойынан кездестірдім және оған керекті әдіс - амалдарды да іздестіріп, қолданып келемін.
Халқымыз «баланы ойын өсіреді»деген сөзі тегін айтылмаса керек. Бала ойнап жүріп, ойланады, жүйкесі тынығады, ойы сергиді, денесі шымырланады. Өздерінің құрбы - құрдастарымен жақсы араласуды үйренеді. Сан алуан ойындар баланың дене тәрбиесін дамытып, жас жеткіншектің бойына адамгершілік, сүйіспеншілік, кішіге көмек, үлкенге құрмет көрсете білуге, қиыншылықтан қорықпауға, мақсатқа жетуде төзімділікті ұлғайтуға тәрбиелеуде ерекше мәні бар. Ең бастысы, ойын баланы жан - жақты, тез ойланып шешім қабылдауға, ойын шыншыл ойнауға кешірімді, жанашырлыққа тәрбиелейтіні анық.
Адамгершілік тақырыбы - мәңгілік. Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру - ата - ана мен ұстаздардың басты міндеті. Көрнекті педагог В. Сухомлинский «Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек, ол бала солай бола алады», — дейді. Демек, шәкіртке жан - жақты терең білім беріп, оның жүрегіне адамгершіліктің асыл қасиеттерін үздіксіз ұялата білсек, ертеңгі азамат жеке тұлғаның өзіндік көзқарасының қалыптасуына, айналасымен санасуына ықпал етері сөзсіз.
Рухани - адамгершілік білім беру – жас ұрпақтың бойына өмірдің мәні, сүйіспеншілік, бақыт, сыйластық, татулық, бірлік, төзімділік сынды құндылықтарды дарыту арқылы адамның қоғамда өз орнын табуына, қабілет - дарынының ашыла түсуіне, ақыл - парасатын дамытуына, яғни сәнді де мәнді өмір сүруіне қызмет етеді.
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші бала тәрбиелеудегі осындай міндеттерді іске асырушылар – мектепке дейінгі мекемелер мен отбасы. Осы екі арнада жүргізілетін тәлім - тәрбие сабақтаса, ұштаса өткізілгенде ғана көздеген мақсат нәтижелі болары өзсіз. Бүгінгі жаңа қоғам мүддесіне лайықты, жан - жақты жетілген, бойында ұлттық сана, ұлттық психология қалыптасқан ертеңгі қоғам иегері боларлық парасатты азамат тәрбиелеп өсіру – отбасының балабақшаның, барша халықтың міндеті.
Адамгершілік тәрбиенің, адам бойында осы жақсы қасиеттердің болуы, жанұяға, өскен ортасына байланысты. Бала ісінің дұрыс екенін қоштап, оң бағыт беріп, теріс жерін дереу жөндеп, демеп жіберу ата - ана мен тәрбиешіге жүктелер міндет. “Адам бойында жақсы қасиеттер көп болса, оған бақ та, бақытта қонады” деген сөзге сүйенсек, жағымсыз қылық - қасиеттер болса одан арылту қажет. Көптеген қайырымды істер жасап, жақсы мінез - құлықтарды өн бойыңа жинап, ақылдылық танытсаң, міне адамшылдық болғаны.
Қорыта келгенде, уақыт талабынан туындап, білім беру жүйесінде болып жатқан өзгерістер баланы тәрбиелеу осы заман талабына сай үйлесімді деңгейді қайта құруды міндеттейді. Тәрбие мен оқу егіз деген сөз бар. «Тәрбие бар жерде ғана сапалы білім саналы ұрпақ болады» деген дана халқымыздың мақал сөзіне сүйенеміз.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 11 класс

Скачать
Адамгершілік-е? жо?ар?ы ??ндылы?.

Автор: Нуракова Арай Бейсен?азы?ызы

Дата: 09.07.2015

Номер свидетельства: 222527


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства