kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Ж?зден ж?йрік" ашы? т?рбие са?ты

Нажмите, чтобы узнать подробности

Cолт?стік ?аза?стан облысы, У?лиханов ауданы, Морты? ауылы

Морты? орта мектебі

Бастауыш сынып м??алімі Мушетова Айым Ануаровна 

3-сынып о?ушылар арасында ?ткізілген "Ж?зден ж?йрік" атты ашы? т?рбие са?аты 

Ма?саты: О?ушыларды жан - жа?ты сауатты, дарынды, озы? болу?а, еркін с?йлей білуге ?йрету. Ой - ?рісін, с?здік ?орын, тілін дамыту. О?у білімге, ?нерге ?ызы?ушылы?тарын арттыру, ?семдікке т?рбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Ж?зден ж?йрік" ашы? т?рбие са?ты»


Сынып: 3

Тақырыбы: «Жүзден жүйрік»

Мақсаты: Оқушыларды жан - жақты сауатты, дарынды, озық болуға, еркін сөйлей білуге үйрету. Ой - өрісін, сөздік қорын, тілін дамыту. Оқу білімге, өнерге қызығушылықтарын арттыру, әсемдікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: сұрақтар жинағы, слайд, суреттер
Әдісі: сұрақ - жауап, әңгімелесу.
Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, дүниетану, математика, қазақ тілі.

Барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу

Біз әдепті баламыз

Біз ерекше боламыз

Қонақтармен алдымен

«Сәлеметсіздер ме » деп

Амандасып аламыз.

Мұғалім: Сәлеметсіңдер ме, құрметті оқушылар, ұстаздар, қонақтар! Бүгінгі біздің ашық тәрбие сағатымыздың тақырыбы - «Жүзден жүйрік». Бұл сайыс түрінде өтеді. Сайыс ІІІ-кезеңнен тұрады.

І-ші кезең:

  • Таныстыру;

  • Сөз құрау;

  • Сөйлем ойластыру;

ІІ-ші кезең:

  • Мақал-мәтел жарысы

  • Жұмбақ жарысы

  • Сөзжұмбақ жарысы

ІІІ-ші кезең:

  • Викторина сұрақтары

Алғашқы кезеңде ең аз ұпай жинаған 2 оқушы сайысты әрі қарай жалғастыра алмайды. Келесі кезеңде ең көп ұпай жинаған екі оқушы ақтық мәреге аттанады. Ақтық мәреде «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» анықталады.

Сонымен сайысымызды бастамас бұрын денемізді бір сергітіп алайық.

Сергіту сәті

Ғылымның сырын ұғына,
Шығыңдар білім шыңына!
Ұқыптылық пен зеректілік,
Жеткізер сендердей өренді,
Білімнің нәрлі сырына.
Қадамдарың оң болсын деп
Сайыскерлерге сәт сапар тілейміз! – деп таныстыруымызды бастайық.

Мұғалім: Бұл сайыстан сүрінбей өтіп, келесі сайысқа кезек берейік.

Сөз құрау тапсырмасында «Тәрбие» деген сөзден сөздер құрау. Белгілі бір уақыт аралығында құрастырып үлгеру.

Сөйлем ойластыру тапсырмасында әр қатысушыға берілген әріптен әрбір сөзі басталатын сөйлем құрастыру. Мысалы: Айдана анасынан ақ алқа алды.

Ұпай сандары бірден жұлдызшалармен есептеліп отырады. Осы тапсырмадан соң ІІ-кезеңге өткен оқушылар белгілі болады.

Мақал-мәтел жарысында оқушылар кез келген тақырыпта мақал-мәтел айтып жарысатын болады.

Жұмбақтар жарысында оқушыларға жұмбақ жасырылады. Жауаптарын үш тілде айтуға болады. (3 жұлдызша)

1.Жеті қазынаның бірі
Адамды қорғап жүретін досы ит/собака/

2. Футболшының алаңдағы ойын заты. /доп – мяч/
3. Тұмсығымен қозғалар
Соңынан аппақ із қалар /бор – мел/


4. Үсті толы ине,
Бірақ та, іс тігіп,
Қадамайды түйме. /Кірпі – еж/
5. Қанаты жоқ – ұшады,
Аяғы жоқ – қашады. /Жел – ветер/
6. Тілі жоқ өзінде, сөзі бар ізінде /қалам – ручка/
7. Сағат сайын соғылады
Мектептен табылады. /қоңырау – звонок/
8. Жеп көріп ем өзін мен,
Жас шығарды көзімнен /Пияз – лук/
9. Қабат – қабат қаттама
Ақылың болса аттама /кітап – книга/
Сөзжұмбақ

1. Тез сөзінің синонимі

2. 102 нешеге тең?

3. Күнде оған қараймын

Қара шашты тараймын.

4. Астананың мақтанышы, көркі.

5. Сүттен жасалатын тағам

6. Өлшем бірлігі – литр.

Мұғалім: Осымен ақтық мәреге де келіп жеттік. Оқушыларға сәттілік тілеймін. Викторина сұрақтарын бастауға рұқсат етіңіздер!

1-оқушыға:

1. Білім күні қашан / 1-қыркүйек/

2. Ұзындық өлшеуіштерін ата / мм. см. дм. м. км./

3. 1 тәулікте қанша сағат бар? /24 сағат/

4. Екі өркешті жануар /түйе/

5. 16 - желтоқсан қандай мереке? /Тәуелсіздік күні/

6. Біздің ауданымыз қалай аталады? /Уәлиханов/

7. Адамның тыныс алу мүшесі /өкпе/

2-оқушыға:

1. Сөз таптарын ата. /зат есім, сан есім, сын есім, етістік/

2. 9-мамыр қандай мереке? /Жеңіс күні/

3. 1 айда қанша тәулік бар? / 30-31/

4. Жылқының сүті қалай аталады? /қымыз/

5. 1-желтоқсан қандай мереке? /Президент сайланған күн/

6. Біздің облысымыз қалай аталады? /Солтүстік Қазақстан/

7. Адамның ас қорыту мүшесі /асқазан/

Мұғалім: осымен біздің сайысымыз өз мәресіне жетті. Жеңімпаз анықталды. Алдағы уақытта да биік шыңдардан көріне беруіңді тілейміз. Қанатың талмасың тек алға қарай самғай бер деген тілек білдіреміз.

Жақсы енді сабақты соңында барлығымыз шеңберге тұрайық.

Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен,

Бізге келсін қуаныш, нұр іздеген.

Шуақ толған жанымыз, жүрегіміз

Үлгі алсын көрген жан мына бізден.

Мұғалім: Құрметті оқушылар, осымен біздің бүгінгі ашық тәрбие сағатымыз аяқталды. Белсенді қатысқандарыңа көптен-көп рахмет! Сайыс өте қызықты, тартысты өтті деп есептеймін. Барлығы да әділ болды. Сайыс болғаннан кейін, «Талапты өрге жүзер» демекші «Жүзден жүйрік» деген атақ бүгін өз иесін тапты. Қалған қатысушылар да өте белсенді қатысты деп есептеймін. Әрқашан жүздеріңнен күлкі кетпей, бақытты балалық шақтарын есте қаларлықтай өтсін деп тілеймін. Білімге, өнерге деген құштарлықтарың жылдан жылға арта берсін. Әрқайсыларың Тәуелсіз Отанымыздың беделді, бірегей азамат пен азаматшалары болуларыңа тілектеспін. Өз армандаған ойларың жүзеге ассың дегім келеді. Ал, құрметті көрермен қауым алтын уақыттарыңызды бөліп бүгінгі біздің сайысымызды тамашалауға келгендеріңізге көптен-көп алғысымызды білдіреміз! Келесі жайдары да шуақты күндерде кездескенше сау болайық!


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Ж?зден ж?йрік" ашы? т?рбие са?ты

Автор: Мушетова Айым Ануаровна

Дата: 09.04.2016

Номер свидетельства: 316928


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства