Сабақтың мақсаты : а) оқушыларға әңгіменің негізгі оқиға желісін аңғарту,кейіпкерлер бейнесін ашу,кейіпкердің ішкі сарайына,сезім сырларына терең бойлай отырып, жазушының ойын ұғындыру, әңгіме тақырыбы мен идеясының өміршеңдігіне көз жеткізу; ә) ұлттық салт-дәстүрімізді биік ұстауға, өнерді түсініп,бағалай білуге тәрбиелеу, ұлтжандылыққа,өз еліне деген сүйіспеншілікке баулу; б) оқушылардың өз бетінше ізденіспен топта жұмыс істеу қабілетін дамыту, өз ойын еркін жеткізіп, көзқарасын дәлелдеп қорғай білу дағдыларын арттыру.
Сабақтың көрнекілігі: тапсырма парақтары, кітаптар, интербелсенді тақта, қазақтың ұлттық аспаптары:қобыз, домбыра, жетіген
Пайдаланылған әдебиет: «Тарихи тұлғалар»,оқулық,хрестоматия кітабы, «Ән асқары-Әміре»
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі. 1.Оқушылармен сәлемдесу. 2.Оқушыларды топқа бөлу: І топ «Болашақ», ІІ топ «Ұлан», ІІІ топ «Өнерпаз»
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. 1. «Әнші» әңгімесінің жалпы мазмұнын «Зымыран сұрақтар» әдісімен сұраймын.
1.Жүсіпбек Аймауытов кім?
2.Әңгімедегі әнші есімі.
3.Жазылған жылы.
4.Әмірқанның өмірдегі бейнесі кім?
5.Автор әншімен қайда кездесті?
6.Әнші ән айтуды кімнен үйренді?
7.Әмірқан қандай әнші?
8.Әмірқанның тұрмыс-тіршілігі қандай?
9.Әңгімедегі кейіпкерлерді ата.
10.Жастар не ұйымдастырды?
2.Кейіпкер бейнесін талдау.
Оқушылар әңгімедегі басты тұлға Әмірқан бейнесін концептуалдық кестеге талдады.
Әр топқа тапсырма қағаздары таратылады: І топ- мінезі; ІІ топ-қарым-қатынасы; ІІІ топ-кәсібі.
ІІІ.Үй тапсырмасын қорытындылау.
Талдау барысында әншінің жан-жақты қыры ашылды. Әншінің бұл қырлары алғашқы әңгімеде анықталса, біз үшін белгісіз бір қыры –сезімталдығы мен сыршылдығы.Әмірқанның осы қырын ашатын жүрек түкпіріндегі нәзік сыры іспеттес хикаясы бүгінгі жаңа сабақтың тақырыбы, негізгі өзегі екендігіне тоқтала отырып,жаңа сабаққа көшемін.
ІҮ.Жаңа сабақ.
Мұғалімнің сөзі. Оқушылар! Біз өткен сабақта «Әнші» әңгімесі арқылы қазақтың атақты әншісі Әміре Қашаубаевтың өмірі мен өнері жайында білдік. Талантты жазушы Жүсіпбек Аймауытов әнші Әмірқан бейнесі арқылы қазақ ән өнерін, ұлттық мәдениетімізді қалың оқырманға паш етті. Бүгінгі жаңа сабақта біздер әнші бейнесін тереңірек ашуға бар ынта – жігерімізбен жұмыс істейміз.
1.Топпен жұмыс.
Әр топқа тапсырма жазылған парақтар таратылады. Әрбір мәтінді абзацтарға бөліп,оны оқиды,мазмұндайды,тақырып қояды.
І топ
1.Әңгімедегі ой бөлігі 2.Ой бөлігіңді оқы. 3.Түсінгеніңді мазмұнда. 4.Тақырып қой. «Ақтамақ ару»
ІІтоп
1.Әңгімедегі ой бөлігі 2.Ой бөлігіңді оқы. 3.Түсінгеніңді мазмұнда. 4.Тақырып қой. «Қос ғашық»
ІІІ топ
1.Әңгімедегі ой бөлігі 2.Ой бөлігіңді оқы. 3.Түсінгеніңді мазмұнда. 4.Тақырып қой. «Жолы болған әнші»
2.Мәтінмен жұмыс
Бұл кезеңде хикаяның тілдік ерекшелігі талданады. Әр топ хикаяның толық мәтінімен жұмыс жүргізеді. 1.Теориялық ұғымдарды еске түсіріп аламыз /Жалқы есім,диалог т.б./. 2.Талдау жұмысын жүргіземіз. І топ:жалқы есімдерді түр-түріне ажырату ІІ топ: диалогтарды тауып,рөлдік оқу. ІІІ топ:Ақтамақ бейнесіне ассоциация құру.
1.Жазушының әңгіме жазудағы түпкі ойы не? 2.Хикаядан қандай әсер алдыңдар? 3.Болжам жаса және дәлелде
Ү.Үй тапсырмасы: «Егер мен жазушы болсам» (хикаяны өз ойымен аяқтап жазып келу)
ҮІ.Тақырыпты бекіту кезеңі.
1.Жүсіпбек Аймауытов – қазақтың ән өнерін жоғары бағалай білетін талғампаз жан.Ол әнді сүйіп өсті, өзі де ән айтудан әсте жалыққан емес. Сондықтан да ән мен әнші тақырыбы- жазушы шығармашылығының өзегі. «Әнші» әңгімесі жазушы ұлылығының айғағы десек те болады. 2. Әміре Қашаубаев – ән асқары, қазақ өнерінің жарық жұлдызы, ұлттық мақтанышымыз. «Бұратана» саналған қазақ халқының бай өнері мен жоғары мәдениетін барша халыққа паш етті.Франция секілді өркениетті елге өнеріміздің құдіреттілігін мойындатты. Сол үшін де қазақ халқы Әміре сынды ұлы тұлғасын ешқашан ұмытпайды.
ҮІІ.Түйін жасау.
Тақтаға қазақтың кең даласы мен сұлу табиғаты бейнеленген плакат ілінеді. Плакатқа 5 жұлдызды орналастырдым,әр жұлдызда Әміре бейнесін айқындайтын «Дала бұлбұлы», «Ғажайып әнші», «Ұлт мақтанышы», «Дара тұлға», «Алтын мұра» секілді эпитет сөздер жазылған. Осы сөздер арқылы әңгіме түйінін ашып, сабақты аяқтаймын.