-Балалар қараңдаршы, бүгін бізге көп қонақтар келіпті.Олай болса шеңбер құрып амандасайық.
Шаттық шеңбер:
-Сәлем, саған Алтын-Күн!
-Сәлем, саған Көк-Аспан!
-Сәлем, саған Жер-Ана!
-Сәлем, саған,достарым!
-Сәлеметсиздер ме, қонақтар!
-Қане, балалар сабағымызды бастайық.
II. Жаңа оқу іс-әрекеті:
-Балалар тақтаға қарайықшы, сендер қандай сурет көріп тұрсыңдар?
(Балалар жауап береді.)
-Дұрыс айтасыңдар, жануарлардың суретін көріп тұрмыз.
Жануарлар екіге бөлінеді:үй жануарлары және жабайы жануарлар. Үй жануарларына: сиыр-корова, қой-баран, ешкі-коза, түйе-верблюд, ат-лошадь, мысық-кошка, ит-собака т.б.
-Үй жануарлар қайда өмір сүреді?
-Олардың қандай пайдасы бар?
- Үй жануарлары адамдардың қол астында өмір сүреді.Үй жануарлардың бізге берер пайдасы өте көп. Мысалы: ет,айран,сүт, ірімшік,құрт т.б бізге жануарлар береді. Ал, үстімізге киетін киім-кешектерді де біз жануарлардан аламыз.
Жабайы жануарларына: аю-медведь,қасқыр-волк,түлкі-лиса, арыстан-лев т.б.Олар орманда өмір сүреді.
Тіл жаттығуы:
-уар,-уар-жануар,
-ой,-ой –қой,
-ыр,-ыр-сиыр,
-ю,-ю-аю,
-кі,-кі-түлкі,
-қыр,-қыр-қасқыр (Балалар мұғаліммен қайталайды).
-Балалар, бір дыбыс естіп тұрсыңдар ма? Есік қағып тұрған сияқты. (Ішке сандық кіргізіледі)
-Балалар, бұл сиқырлы сандық қой.Ішінде не бар екенін көрейікші.
Сандық ішінде тапсырмалар бар екен.
1-тапсырма. Үстелдің үстіндегі жануарлардан үй жануарларын бір бөлек, жабайы жануарларды бір бөлек орналастырыңдар. (Тұратын мекенін табу)
Сергіту сәті: Ал,балалар, тұрайық,
Алақанды ұрайық.
Оңға қарай бұрылып,
Бір отырып, бір тұрып,
Бой сергітіп алайық.
2-тапсырма.Дидактикалық ойын «Бұл кай жануар?»(Аудио дыбыс)
3-тапсырма. Дидактикалық ойын: «Жұмбақ-сурет»
Қорытынды:
-Балалар, қандай жануарлармен таныстық?Қандай жануарлардың атауларын білесіңдер?Олар қайда өмір сүреді?(Балалар жауап береді)