Саба??а ?атысып отыр?ан студенттерді т?гендеп, екі топ?а б?ліп ?йымдастырады. Бірінші топ – ?арап тексерушілер, арнайы тексеру ?шін берілген вагонны? а?аулы?тарын аны?тайды, екінші топ – ж?ндеуші бригада, бірінші топты? аны?та?ан а?аулы?тарын жою ж?не олар?а ж?ндеу ж?мыстарын ж?ргізеді.
ІІ. ?йге берілген тапсырманы? та?ырыбы: А?аулы? т?рлері
А?аулы? дегеніміз кез-келген ?німні? нормативтік ??жатта ?абылдан?ан талаптар?а с?йкес келмеуі. Мысалы, бір б?лшекті? пайдалану немесе ж?ндеу кезінде сызбада?ы м?мкін ж?мыс де?гейіні? ?лшемінен шы?ып кетуін айту?а болады.
А?аулы?тарды б?лшекті? ж?мыс істеу ?абілетіне ?сер ету жа?дайына байланысты шекті, айтарлы?тай ж?не аз ?серлі деп ажырату?а болады. Шекті а?ау кезінде б?лшекті ?олдану?а тыйым салынады. Ал айтарлы?тай а?ау пайда болса б?лшекті? пайдалануына ж?не оны? ж?мыс ?за?ты?ына ?сер етеді.
А?аулы?тарды ?алпына келтіру м?мкіндігіне ?арай ?алпына келетін ж?не келмейтін болып б?лінеді. ?алпына келмейтін ?німдерді жарамсыз деп тапса, ?алпына келетін ?німдерді арнайы цехтар?а немесе б?лімшелерге ж?ндеуге жібереді.
?ндірілу кезінде, сонымен ?атар эксплуатация кезінде машинада пайда болатын а?ауларды оларды? пайда болу кезе?іне байланысты келесі топтар?а жіктеуге болады: конструктивті; ?ндірістік (ж?ндеу); эксплуатационды, авариялы?.
Конструктивті а?аулар. Конструктивті а?аулар— ?німні? техникалы? ж?мысына ?ойыл?ан талаптарды? немесе ??рау?а ?ойылан ережелерді? талап?а с?йкес келмеуі. Олар конструкцияны? жетілмегендігінен немесе конструкция кезінде жіберілген ?ателіктерді? салдарынан пайда болады.
?ндірістік а?аулар. ?ндірістік а?аулар?а б?йымды жасау ж?не тасымалдауды? нормативті ??жаттарда?ы талаптар?а с?йкес келмеуі кезінде дамитын а?аулар жатады. Олар к?бінесе ?ндіру кезінде немесе б?лшектерді, т?йіндерді ж?не жалпы машинаны ауыстыру кезінде технологиялы? ?рдістерді? са?талмауы салдарынан, сонымен ?атар д?рыс та?айындалма?ан технологиялы? ?рдістер ?серінен дамиды.
Вагондарда а?аулы?тарды табу практикасы барысында сырт?ы бай?ау, ?лшемдерді ?р т?рлі ?дістермен ба?ылау, цилиндрлік б?лшектерді? формаларыны? бойлы? ж?не к?лдене? ауыт?уларын аны?тау, жазы? беттер мен ?стерді? формаларыны? ауыт?уларын аны?тау, б?лшектер мен т?йіндер байланыстарыны? ауыт?уын аны?тау ?дістері ?олданылады.
Сырт?ы бай?ау. М?нда кез-келген б?лшекке жай ?ана к?збен немесе 5-10 есе ?лкейтетін ?арапайым оптикалы? шынымен(лупа) бай?ау ж?ргізеді. ?те сирек жа?дайларда ?ана микроскоп ?олданады. Осыдан жазы? беттерді? к?рініп т?р?ан а?ауларын аны?тайды: ?атерлер, ?гілулер, да?тар, бал?ы?ан орындар, коррозиялы? ойы?тарды? беттерін, ?абырша?тану ж?не бояды? т?суін, жаншылулар, дары?тар ж?не т.б. Ба?ылау кезінде ысты? ж?не механикалы? ж?ктемелер, сонымен ?атар кернеу жиналатын аума?тар?а аса м?н беріледі.
?лшемдерді ба?ылау. М?нда кез-келген б?лшекті? ?алыпты ?лшемінен ауыт?у ?дерісін ?лшеуді атайды. Кейбір серпінді б?лшектерді? ?лшемдерін статикалы? ж?ктеме ар?ылы да ба?ылайды.
?й тапсырмасын тексеру барысында студенттерді? «А?ау – деген не ж?не оларды ?алай аны?тау?а болатынды?ы» ж?нінде айтып ?ттік. Бізді? «Ж?к вагоныны? арбаларында кездесетін а?аулы?тар» атты жа?а та?ырыбымыз, осы б?лімге тікелей ?атысты. Енді, б?дан ?рі ?арай болаша? маман иесі вагондарды? ??рылысынан а?аулы?тарды ?здері таба алуы тиіс. Бізді? жа?а саба?ымызда ж?к вагоныны? арбаларында кездесетін а?аулар, сонымен ?атар оларды аны?тау ж?не ж?ндеу кезінде орындалатын ж?мыстармен танысамыз.
Арбалар – рельстік жол ар?ылы вагондарды? ?оз?алысын ба?ыттау?а, жол?а кузовтан барлы? ж?ктемені беру ж?не тарату ?шін, сонымен ?атар тартылыс ж?не тежеу к?штеріні? ?серін ?абылдау?а, кедергі т?скен кезінде ?оз?алысты? ?ажетті ?алыпты жа?дайын ?амтамасыз етуге арнал?ан.
Арбалар т?мендегідей ерекшеліктерінен байлынысты бірнеше т?рге б?лінеді:
ат?аратын ?ызметі бойынша;
?стеріні? саны бойынша;
рессорлы? ілінісіні? ??рыл?ысы бойынша;
ж?ріс б?лігіне кузовтан берілетін ж?ктемені? ?дісі бойынша;
арабаны? рамасына рессорлы? тіректерден берілетін ж?ктеме ?дісі бойынша;
буксалы? байланыс ??рыл?ысы мен раманы? ??рылысы бойынша.
Вагондарды тексеру кезінде ж?к вагондарыны? салма? т?сетін тетіктерін м??ият тексеру ?ажет, себебі оларды? поезды ж?ргізу кезінде б?зылуы ауыр апаттар?а ?келіп со?ады. Оларды? тетіктеріні? сынып ?алу себептері вагондарды дайындау ж?не жоспарлы т?рдегі ж?ндеу кезінде аны?талмай ?ал?ан ескі жарыл?ан жерлерді? ?л?аюынан, ??йыл?ан орындарды? а?аулануларынан болады.
Жарылулар к?п жа?дайда тексерушілерге к?рінуі ?иын орындарда (тіректерді? т?менгі орындарында, рессор ?сті брустарыны? ?исай?ан тіректік беттерінде, б?йірлік рамаларды? тіректік беттерінде) пайда болады да, ?л?ая келе к?рінетін айма??а шы?ады.
М1698 жобасы бойынша дайындал?ан 18-100 моделіндегі арбаларды? буксалы? ойы?тарыны? а?ау?а т?згіш элементтеріне техникалы? ?ызмет к?рсету кезінде б?йірлік раманы? к?рінетін айма?тарын м??ият тексеру ?ажет, ?сіресе, радиусына ауысатын «А» айма?ына ерекше назар аудару керек. Б?л айма?тарда?ы аны?талма?ан а?аулар ?шін тексеруші тікелей жауапкешілікте болады.
Буксалы? ойы? айма?ында?ы а?ау?а т?згіш материалмен жабыл?ан к?рінбейтін б?ліктерге осындай материалдарды ?ондырып, вагонды модернизацияла?ан вагон ж?ндеу мекемелері (ВРЗ, ВЧДР, ВСЗ) жауапты болады
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
««Ж?к вагоныны? арбаларында?ы кездесетін а?аулы?тар»»
«Бейнеу политехникалық колледжі» МКҚК
Мамандығы: ТЖЖҚ 9-515 1-курс
Өткізген: арнайы пән мұғалімі: Бағысов Р.
2016 жыл
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Студенттің оқу қабілеттерін, білім-білік, таным ерекшеліктерін арттыру. Білімдерін тереңдету, қайталау, пысықтау. Алған білімдерін кеңейтіп, қызығушылығын арттыру.
Дамытушылық: Есте сақтау қабілетін, ой-өрісін, танымдық әрекетін дамыту.
Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, төзімділікке, әрбір істі саналы түрде орындауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Компьютер, интерактивті тақта, жүк вагоны және оның жабдықтары.
Түрі: практикум - сабақ.
Типі: Білімді тексеру, сайыс сабақ.
Пән аралық байланыс: Физика, арнайы технология
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа қатысып отырған студенттерді түгендеп, екі топқа бөліп ұйымдастырады. Бірінші топ – қарап тексерушілер, арнайы тексеру үшін берілген вагонның ақаулықтарын анықтайды, екінші топ – жөндеуші бригада, бірінші топтың анықтаған ақаулықтарын жою және оларға жөндеу жұмыстарын жүргізеді.
ІІ. Үйге берілген тапсырманың тақырыбы:Ақаулық түрлері
Ақаулық дегеніміз кез-келген өнімнің нормативтік құжатта қабылданған талаптарға сәйкес келмеуі. Мысалы, бір бөлшектің пайдалану немесе жөндеу кезінде сызбадағы мүмкін жұмыс деңгейінің өлшемінен шығып кетуін айтуға болады.
Ақаулықтарды бөлшектің жұмыс істеу қабілетіне әсер ету жағдайына байланысты шекті, айтарлықтай және аз әсерлі деп ажыратуға болады. Шекті ақау кезінде бөлшекті қолдануға тыйым салынады. Ал айтарлықтай ақау пайда болса бөлшектің пайдалануына және оның жұмыс ұзақтығына әсер етеді.
Ақаулықтарды қалпына келтіру мүмкіндігіне қарай қалпына келетін және келмейтін болып бөлінеді. Қалпына келмейтін өнімдерді жарамсыз деп тапса, қалпына келетін өнімдерді арнайы цехтарға немесе бөлімшелерге жөндеуге жібереді.
Өндірілу кезінде, сонымен қатар эксплуатация кезінде машинада пайда болатын ақауларды олардың пайда болу кезеңіне байланысты келесі топтарға жіктеуге болады: конструктивті; өндірістік (жөндеу); эксплуатационды, авариялық.
Конструктивті ақаулар. Конструктивті ақаулар— өнімнің техникалық жұмысына қойылған талаптардың немесе құрауға қойылан ережелердің талапқа сәйкес келмеуі. Олар конструкцияның жетілмегендігінен немесе конструкция кезінде жіберілген қателіктердің салдарынан пайда болады.
Өндірістік ақаулар. Өндірістік ақауларға бұйымды жасау және тасымалдаудың нормативті құжаттардағы талаптарға сәйкес келмеуі кезінде дамитын ақаулар жатады. Олар көбінесе өндіру кезінде немесе бөлшектерді, түйіндерді және жалпы машинаны ауыстыру кезінде технологиялық үрдістердің сақталмауы салдарынан, сонымен қатар дұрыс тағайындалмаған технологиялық үрдістер әсерінен дамиды.
Вагондарда ақаулықтарды табу практикасы барысында сыртқы байқау, өлшемдерді әр түрлі әдістермен бақылау, цилиндрлік бөлшектердің формаларының бойлық және көлденең ауытқуларын анықтау, жазық беттер мен өстердің формаларының ауытқуларын анықтау, бөлшектер мен түйіндер байланыстарының ауытқуын анықтау әдістері қолданылады.
Сыртқы байқау. Мұнда кез-келген бөлшекке жай ғана көзбен немесе 5-10 есе үлкейтетін қарапайым оптикалық шынымен(лупа) байқау жүргізеді. Өте сирек жағдайларда ғана микроскоп қолданады. Осыдан жазық беттердің көрініп тұрған ақауларын анықтайды: қатерлер, үгілулер, дақтар, балқыған орындар, коррозиялық ойықтардың беттерін, қабыршақтану және боядың түсуін, жаншылулар, дарықтар және т.б. Бақылау кезінде ыстық және механикалық жүктемелер, сонымен қатар кернеу жиналатын аумақтарға аса мән беріледі.
Өлшемдерді бақылау. Мұнда кез-келген бөлшектің қалыпты өлшемінен ауытқу үдерісін өлшеуді атайды. Кейбір серпінді бөлшектердің өлшемдерін статикалық жүктеме арқылы да бақылайды.
Ауытқуларды бақылау. Цилиндрлік бөлшек бетерінің формаларын бақылау кезінде оның цилиндрсіздігі, сопақтығы(овальность), конутылығы, созылмалылығы және т.б.-лар тексеріледі.
ІІІ. Жаңа сабақтың тақырыбы:
«Жүк вагонының арбаларында кездесетін ақаулықтар»
Өткен сабақпен байланыстыру:
Үй тапсырмасын тексеру барысында студенттердің «Ақау – деген не және оларды қалай анықтауға болатындығы» жөнінде айтып өттік. Біздің «Жүк вагонының арбаларында кездесетін ақаулықтар» атты жаңа тақырыбымыз, осы бөлімге тікелей қатысты. Енді, бұдан әрі қарай болашақ маман иесі вагондардың құрылысынан ақаулықтарды өздері таба алуы тиіс. Біздің жаңа сабағымызда жүк вагонының арбаларында кездесетін ақаулар, сонымен қатар оларды анықтау және жөндеу кезінде орындалатын жұмыстармен танысамыз.
Жаңа сабақтың жоспары:
Арбалардың атқаратын қызметі және олардың түрлері.
Арбаларда кездесетін ақаулар және оларды анықтау әдістері.
Тежегіш колодкасы және олардың ақаулары.
Арбалардың атқаратын қызметі және олардың түрлері.
Арбалар – рельстік жол арқылы вагондардың қозғалысын бағыттауға, жолға кузовтан барлық жүктемені беру және тарату үшін, сонымен қатар тартылыс және тежеу күштерінің әсерін қабылдауға, кедергі түскен кезінде қозғалыстың қажетті қалыпты жағдайын қамтамасыз етуге арналған.
Арбалар төмендегідей ерекшеліктерінен байлынысты бірнеше түрге бөлінеді:
атқаратын қызметі бойынша;
өстерінің саны бойынша;
рессорлық ілінісінің құрылғысы бойынша;
жүріс бөлігіне кузовтан берілетін жүктеменің әдісі бойынша;
арабаның рамасына рессорлық тіректерден берілетін жүктеме әдісі бойынша;
буксалық байланыс құрылғысы мен раманың құрылысы бойынша.
Вагондарды тексеру кезінде жүк вагондарының салмақ түсетін тетіктерін мұқият тексеру қажет, себебі олардың поезды жүргізу кезінде бұзылуы ауыр апаттарға әкеліп соғады. Олардың тетіктерінің сынып қалу себептері вагондарды дайындау және жоспарлы түрдегі жөндеу кезінде анықталмай қалған ескі жарылған жерлердің ұлғаюынан, құйылған орындардың ақаулануларынан болады.
Жарылулар көп жағдайда тексерушілерге көрінуі қиын орындарда (тіректердің төменгі орындарында, рессор үсті брустарының қисайған тіректік беттерінде, бүйірлік рамалардың тіректік беттерінде) пайда болады да, ұлғая келе көрінетін аймаққа шығады.
М1698 жобасы бойынша дайындалған 18-100 моделіндегі арбалардың буксалық ойықтарының ақауға төзгіш элементтеріне техникалық қызмет көрсету кезінде бүйірлік раманың көрінетін аймақтарын мұқият тексеру қажет, әсіресе, R55 радиусына ауысатын «А» аймағына ерекше назар аудару керек. Бұл аймақтардағы анықталмаған ақаулар үшін тексеруші тікелей жауапкешілікте болады.
Буксалық ойық аймағындағы ақауға төзгіш материалмен жабылған көрінбейтін бөліктерге осындай материалдарды қондырып, вагонды модернизациялаған вагон жөндеу мекемелері (ВРЗ, ВЧДР, ВСЗ) жауапты болады.
Жарылулардың пайда болу себептері: жаз мезгілінде шаңның жиналып қалу себептері (жарылған орындарға бірнеше қабаттарды құрайтын шаң жиналып қалады)
Қыс мезгілінде жинақталған қабаттар дақтардың пайда болуына әкеледі
Жаңа пайда болған жарылған орындар көлеңкелі болады, олар қараңғы мезгілде фонармен жарықтандырғанда анық көрінеді:
Арбалардың бүйірлік рамалардың буксалық ойығының R 55 ішкі радиус аймағында (трещина 3), букса үсті ойығы мен R 55 сыртқы радиус аймағында (трещина 2) жарылулар жиі пайда болады. Бұл аймақтарда жарылу пайда болатын себебі арабашаның бүйірлік рамасының тік және көлденең аралықтарға иілу салдарынан болады.
Қисайған белдік (трещина4) және технологиялық терезе (трещина 5) аймағында барынша аз кездеседі. Пайдалану кезінде рессорлық ойықтың төменгі бұрышында және тежегіштік башмактарды бекітуге арналған кронштейн аймағында да жарылулар кездеседі.
Жартылай вагондар мен цистерналардың арбаларының бүйірлік рамалары жиі сынып қалады. Бұл олардың қарқынды пайдаланылатындығынан, сонымен қатар жартылай вагондарда басқа вагондарға қарағанда жүк көп тиеледі.
Шанақтың қисайып кетуіне және жүріс бөлігіне раманың екпін түсерін ыдырап кеткен пружинасы бар вагондарды және рессорлық ілінісінде төмендегі ақаулардың бірі бар вагондарды поездарға қосуға тыйым салынады:
- тармақтарының сынған, тесілген, жарылған болса және бір серіппесі жетіспеген жағдайда;
- тармақтарындағы үгітілу мен даттану 10% қима алаңын құраса;
- серіппелердің тармақтарының қабысып қалуы;
- тіректік тармақтардың шатасып қалуы;
- рессорлық топтамадағы серіппенің бос жағдайы;
- хомуттың, рессор тақтайшасының немесе серіппенің сынуы;
- эллиптикалық рессордың, оның тақтайшасының, рессорлық топтамадағы тақтай мен серіппенің жылжып кетуі немесе қисайып қалуы;
- эллиптикалық рессордың ұшының сынуы немесе жарылуы;
- орталық тербелмелі ілініс тетіктерінің сынуы немесе жарылуы.
Алдағы кездескен поездан вагондардың түйіндерінің сыртқы сипаттамасына қарап шкорняның ақаулықтарын анықтауға болады:
көлденең ось бойынша вагонның астындағы арбаның жылжуына көп мән беріледі. Егер, араба қатты қозғалып тұрса шкворня ақауланған;
егер, сырғанақтар жылжып кеткен болса, шкворня жоқ екендігін көрсетеді, мұны поезд тоқтаған кезде дақ түскен орындарды мұқият тексерсе байқауға болады.
Ескерту: ақаулар анықталған жағдайда шкворняларды тексеру қажет, кейбір кездерде шкворняның үстіңгі бөлігі ұяшықта қалып қойып, тігінен орналасқан болуы мүмкін. Міндетті түрде шкворня сынып қалуы, майысып қалуы, ұяшықтан шығып кетуі және жоталы бағанның ішіне түсіп кетуі мүмкін. Шкворняның сынып қалуы қыс мезгілінде 200С төмен температура болуы мүмкін.
Вагондардың бір-біріне қатты соқтығысу кезінде жүктеменің тез өзгеру салдарынан өзінің ұяшығынан серіппенің жылжып немесе шығып кетуі.
2. Амортизатордың фрикционды саналарының әр түрлі болуы ішкі серіппелердің шығып кетуі, яғни, ұясынан шығып кеткен серіппе әсерінен сыналар жоғары көтеріледі.
3. Арба сырғанағына қатысты вагон рамасының сырғанағы жылжып кеткен (арбашаның жылжуы).
4. Болттардың сынуы, олардың босауы, табанның жылжып кетуі.
5. Табан буртының немесе ұштардың сынуы, қабырғалардың күрделі ақаулары, жарылулар.
6. Вагондарды тіркеу кезінде қатты екпін салдарынан өлі нуктелердің ілмектерінің (серьга) түсіп қалуы, екпінмен шанақ көтеріледі, серіппелер ілмекті жылжытып, тік рычакпен бір сызықта айналдыратын рессор үсті тірегін жоғары жылжытады. Рессор үсті тірегіне кузовты тез түсірген жағдайда ілмек түсіп қалады.
10. Тежегіш тартымдарының ақаулануы
Тежегіш колодкасы
Теміржолдардың жылжымалы құрамдарында төмендегі құрылыстағы тежегіш колодкалары кең тараған:
Башмакка чекімен бекітілген шойынды және композиционды – жүк және жолаушы вагондарында
Жоталы және жотасыз – локомотивтерде.
Секциялы – ЧС сериясындағы электровоздарда.
Тежегіш колодкаларының сапасына қарай тежеу жолдары қысқартылады, қозғалыстың жылмадығы мен қауіпсіздігі артады. Тежегіш колодкалары жылдамдыққа қатысы аз үйкеліс коэффициенті жоғары, ақауға төзгіштігі сапалы болуы тиіс және әр түрлі климат жағдайында қалыпты жұмыс жасауы тиіс.
Қазіргі кезде болат арқалықтың орнына торлы-талшықты каркасы бар жетілдірілген констукциядағы композиционды колодкалар шығарылды. Мұндай каркасты қолдану тежегіш колодкасының қызмет ету мерзімін 10% өсіреді.
ТПЕ бойынша вагондарға деполық жөндеу кезінде алынып тасталынған тежегіш колодкаларын қондыруға рұқсат етіледі. Қолданылған тежегіш колодкаларының қалыңдығы одан әрі қолданылуы үшін 25 мм кем болмауы тиіс, ақауланған орындар тегіс болуы шарт.
Пайдалау кезінде ақауланған тежегіш колодкалары тап болмас үшін деподан шығарылған кезде ТҚК пунктінің шебері тежегіш колодкасының сапасын анықтайтын сертификаты бар екендігіне көз жеткізуі тиіс.
Композиционды тежегіш колодкаларына қойылатын техникалық талаптар
Тежегіш колодкалары башмакқа дұрыс орналастырылуы тиіс:
колодканың үйкелетін бөлігіндегі дөңестеу қыры дөңгелек жалына бағытталуы тиіс;
тежегіш колодкасын башмактағы арнайы қарастырылған зевке орналастыру керек;
чека міндетті түрде башмактың тесігінен және колодканың құлағынан өтіп тұруы және тығыз бекітілуі тиіс, жеткілікті ұзындықта болуы керек:
шойын тежегіш колодкасының қалыңдығы 12 мм кем емес, металл каркасы бар композиционды колодканың қалыңдығы 14 мм кем емес, торлы – талшықты каркасы болса 10 мм болуы тиіс;
тежегіш колодкасының қалыңдығын сыртқы жағынан тексереді, ал сынасы ақауланған кезде жіңішке жағынан 50 мм арақашықтықта тексереді;
тежегіш колодкасы дөңгелектің сыртқы жағынан 10 мм көп шығып тұрмауы тиіс;
егер башмак дөңгелек жалының сырғанау бетіне жанасып тұрса, онда оның қалыңдығы мен сынасына қарамай ауыстыру қажет.
Тежегіш колодкаларында ақаулардың пайда болу себептері.
Әсіресе қозғалыстың жоғарғы жылдамдығы кезінде және колодка көп қолданылған болса металл каркаста колодкамен қосылған орындарда жарылу пайда болады.
Торлы-талшықты колодкалар шектеусіз вибрациялы төзгіштігі жоғары және кез-келген жылдамдықта пайдалануға сенімді.
Тежегіш колодкаларының сынуы, құлақтарының тесілуі, оларды транспорттау кезінде ұқыпсыз пайдаланғаннан болады. Сонымен қатар сыну себебінің бірі тежегіш колодкасын дайындау технологиясының бұзылуынан да болады. Вагонға орналастыру алдында колодканың композиционды массасында жарылған орындар жоқ екендігін көзбен шолып қарап шығу қажет.
Жаңа сабақты практикалық жұмыспен байланыстыру :
Студенттерді жұмыс алаңына шығарып, жұмыс бастар алдында техникалық қауіпсіздік талаптарымен таныстырамыз.
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрінің «22» шілде
2003 ж №233 – І бұйрығымен
бекітілген
Вагон қараушыларға арналған еңбекті қорғау жөніндегі
ТОИ РК-60100-001-03
ҮЛГІЛІК НҰСҚАУЛЫҒЫ
1. Қауіпсіздіктің жалпы талаптары
1. Осы нұсқаулық теміржол вагон шаруашылығы ұйымдарына жүк вагондарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету кезіндегі вагон қараушылары үшін негізгі қауіпсіздік талаптарын белгілейді.
2. Вагон қараушылары (бұдан әрі - қараушы) үшін Еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтың талаптарын сақтау міндетті, оның бұзылуы ҚР Заңдарында көзделген жауапкершілікке әкеп соқтырады.
3. Қараушы өзінің қызметтік міндеттеріне кіретін немесе топ басшысының, бригадирдің не шебердің тапсырған жұмыстарын орындайды.
Қосымша міндеттерді (дәнекерлеу немесе тіркеу жұмыстарын, вагон жөндеу машиналарына немесе жөндеу құрылғыларына және тағыда басқаларына қызмет көрсету) орындау үшін қараушы оқудан өтеді және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің «Қазақстан Республикасының темір жолдарында техникалық пайдалану ережелерін бекіту туралы» 2000 жылғы 17 ақпандағы №109-1 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының темір жолдарын техникалық пайдалану ережесін және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің «Қазақстан темір жолдарында темір жол көлігіндегі өрт қауіпсіздігі ережесін енгізу туралы» 1996 жылғы 7 ақпандағы №47-у бұйрығымен бекітілген Темір жол көлігінде өрт қауіпсіздігін сақтау ережесі мен Қазақстан темір жолдарындағы сигнал беру жөніндегі нұсқаулықты білуге емтихан тапсырады.
4. Электр пневматикалық тегежіштерге қызмет көрсететін қараушының 2-ші дәрежеден төмен емес электр қауіпсіздігі жөніндегі біліктілік тобы болуы тиіс.
5. Қараушы:
1) биікте электр құралдарымен жұмыс істегенде қоршалған алаңды пайдаланады. Баспалдақпен жұмыс істеуге тыйым салынады;
2) жұмыс уақыты аяқталған немесе жұмыста үзіліс болған кезде электр энергиясын беру тоқтатылған жағдайда электр құралын желіден ажыратады;
3) электр құралының істен шыққаны анықталғанда немесе сондай күмән туған кезде дереу жұмысты тоқтатады;
4) тыйым салатын, ескертетін, көрсететін және тапсыратын дыбыс және жарық сигналдарының, белгілер мен жазулардың талаптарын орындайды;
5) жұмыс басшысының (топ басшысының) және техникалық қызмет көрсету пункті операторының (бұдан әрі - ТҚП) белгілері мен өкімдерін тиянақты бақылап отырады, олардың бұйрықтарын, әсіресе қауіпсіз орынға кетуге қатысты, дереу орындайды;
Студенттерді техникалық қауіпсіздік талаптарымен таныстырғаннан кейін әр студент арнайы журналға қол қояды.
Жұмыс алдындағы және жұмыс уақытындағы қауіпсіздік талаптарымен танысқаннан кейін студенттер берілген тапсырмаларды орындайды.
ІV. Сабақты қорытындылау:
Екі топтың студенттері атқарылған жұмыстары бойынша ВУ-22, ВУ-23, ВУ-36 нысандағы журналдарға жазба түсіреді.
ВУ- 23 Вагон қарап тексерушілері толтыратын нысан.
Бұл нысан 2 данадан толтырылады . Бір данасы станцияға , екіншісі вагон депосында қалады.Локомотивтік депоға берілетін вагондар үшін 3 данадан толтырылады.
ВУ- 22 ақаулық ведомосты, мұнда вагон құрылысының ауыстырылған қосалқы бөлшектері жазылады.
ВУ-36 жөндеу жұмытары аяқталғаннан кейін толтырылатын нысан .
Екі топтың студенттері қарсы топтың жасаған жұмыстарынан қандай кемшілік көргендігін баяндайды.
VІ. Студенттерді бағалау:
Студенттерді орындаған жұмыстары бойынша, кеткен кемшіліктері мен көрсеткен белсенділіктерін ерекше жеткізе отырып, оқытушы өзі бағалайды. Әр топтан берілген тапсырманы орындау барысында жұмысқа қызығушылық таныта отырып, ерекше қабілетті студенттерді атап өтеді.
V. Үйге тапсырма:
Дәптермен жұмыс:
Вагонды бақылау алдында қандай техникалық нұсқауларды сақтау керек.
Анықталған ақаулар бойынша, оларды жөндеу кезінде қандай техникалық талаптарды сақтау керек.