kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жолда ж?ру ережелерін са?тау

Нажмите, чтобы узнать подробности

Абайла, балалар!

Ма?саты:

1) о?ушыларды? жол ережесі туралы білімін ке?ейту, жол белгілерін, оларды? топтарын ажырата білуге ?йрету;

2) жол ережесін ?ата? са?тау?а да?дыландыра отырып, к?ше ережесіне байланысты ??ымдар мен терминдерді білу адам ?мірі ?шін ?ажеттілігін т?сіндіру;

 3) жолда ж?ру м?дениетін ?алыптастыру, ?дептілікке, ?зара досты??а т?рбиелеу.

К?рнекілігі: жол белгілері, жол та?балары, ба?даршам, суреттер.

Барысы.

М??алім: ??рметті ?стаздар мен о?ушылар! Б?гінде ауылда да, ?алада да ?лкен к?шелер ж?не онда ж?йткіген авток?ліктер к?беюде. К?ше ке?ейген сайын ерсілі-?арсылы жаяу ж?ргіншілер мен ж?ргізушілерді? де к?бейетіні даусыз. Со??ы жылдары елімізді? ?ай жерінде болмасын авток?ліктерді? барлы? т?рлері еселеп артып келеді. М?ны? ?зі машина ж?ргізушілер мен жаяуларды?, ?сіресе мектеп о?ушыларыны? жол ережесін не??рлым жете біліп, ?ата? са?тауын ?ажет етеді. К?шені? т?ртібін ?йде ата-ана ескертсе, к?ше ?иылысында к?зет ?ызметкерлері мен ба?даршам ?ада?алайды. Ал сендер к?ше ережесін жа?сы біліп, оны орындау?а, са?тау?а тиіссі?дер. Ж?ргізуші: Б?гінгі «К?шеде са? бол!» атты сайысымыз?а екі топ ?атысады. Б?л топтар жол ережесіне байланысты білімдерін к?рсетіп, жол белгілері мен топтарын аны?тап, ?рт?рлі жа?даяттарды шешіп, ?здеріні? ептілігі мен жылдамды?ын сын?а салады.Сайысты ?діл?азылар ал?асы ба?алайды. Сонымен сайысымызды бастайы?. Топтарды? танысуы. «?лгілі жолаушылар» тобы Басталар ?р ?адамы? аттауменен, Жол ж?ру ережесін са?тауменен. «Жас инспекторлар» тобы Жол т?ртібін білейік, Аман-есен ж?рейік. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жолда ж?ру ережелерін са?тау»

Абайла, балалар!

Мақсаты:

1) оқушылардың жол ережесі туралы білімін кеңейту, жол белгілерін, олардың топтарын ажырата білуге үйрету;

2) жол ережесін қатаң сақтауға дағдыландыра отырып, көше ережесіне байланысты ұғымдар мен терминдерді білу адам өмірі үшін қажеттілігін түсіндіру;

3) жолда жүру мәдениетін қалыптастыру, әдептілікке, өзара достыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: жол белгілері, жол таңбалары, бағдаршам, суреттер.

Барысы.

Мұғалім: Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінде ауылда да, қалада да үлкен көшелер және онда жүйткіген автокөліктер көбеюде. Көше кеңейген сайын ерсілі-қарсылы жаяу жүргіншілер мен жүргізушілердің де көбейетіні даусыз. Соңғы жылдары еліміздің қай жерінде болмасын автокөліктердің барлық түрлері еселеп артып келеді. Мұның өзі машина жүргізушілер мен жаяулардың, әсіресе мектеп оқушыларының жол ережесін неғұрлым жете біліп, қатаң сақтауын қажет етеді. Көшенің тәртібін үйде ата-ана ескертсе, көше қиылысында күзет қызметкерлері мен бағдаршам қадағалайды. Ал сендер көше ережесін жақсы біліп, оны орындауға, сақтауға тиіссіңдер. Жүргізуші: Бүгінгі «Көшеде сақ бол!» атты сайысымызға екі топ қатысады. Бұл топтар жол ережесіне байланысты білімдерін көрсетіп, жол белгілері мен топтарын анықтап, әртүрлі жағдаяттарды шешіп, өздерінің ептілігі мен жылдамдығын сынға салады.Сайысты әділқазылар алқасы бағалайды. Сонымен сайысымызды бастайық. Топтардың танысуы. «Үлгілі жолаушылар» тобы Басталар әр қадамың аттауменен, Жол жүру ережесін сақтауменен. «Жас инспекторлар» тобы Жол тәртібін білейік, Аман-есен жүрейік.

1-сайыс «Көше ережесі тарихынан»

1-топ 1-оқушы: Тарихқа көз жүгіртетін болсақ, жүріп-тұруды реттеу қажеттілігі сонау бір машинаның аз кезінде туған көрінеді. Алғаш рет 1868 жылы Лондон қаласында темір жол бағдаршамы орнатылды. Ол қолмен алмастырылатын және алмастыру үшін арнаулы адам тұратын еді. Әрі ол көп уақыт алатын болды. Кейінірек, 1870 жылы Америкада электр бағдаршамдары пайда болды. Ал Ресейде үш түрдегі бағдаршамдар 1920жылдары іске қосыла бастады.Бертін келе оны автомат жүйесі арқылы басқару ойластырылды. Ал бүгінгі таңда бағдаршамды электронды есептеу машинасы арқылы басқару жүзеге асырылған. Қазақстанда бағдаршамдар барлық ірі қалаларда орнатылған.

2-топ 2-оқушы: Ертеде көліктің қазіргідей түрі болмаған заманда адамдар ат жеккен күйменен жердің тегіс жерімен баяу жүретін. Келе-келе жолдың қажеттілігі туды. Ресейде алғаш жолдар І Петр салына бастаған. Автокөлік жүргізушілеріне жолда дұрыс жүру қатаң ескертілді. Қазақстанда 1917 жылға дейін небәрі 127 км ғана жол бар болатын. Елуінші жылдары республикамыздағы асфальт жолдардың ұзындығы отыз мың км болды. Ал қазір сегіз жүз миллион км-ден асады. Қазақстанның асфальт жолдарындағы қазіргі заманымызға лайықты дүниеге келген сан түрлі маркалы автомобильдерді айтсаңызшы! Жаңа ғасыр техникасының өркендеп, дәуірлеген заманы болды. Маңайымызда қаптаған техникадан жолда жүріп-тұруымызға қиындық туды. Сондықтан бізге көмектесу мақсатында бағдаршам дүниеге келді.

2-сайыс «Мәнерлеп өлең оқу»

1-топ 1-оқушы: Армнға алда күткен асығармыз, Біз қалай жалын атпай басылармыз. Жол жүру ережесін жақсы біліп, Сақтыққа тұра алатын жас ұланбыз. Жалғайтын достастырып бар елменен Жолдардан тұрады ғой әлем деген. Бүгінгі бізге келген қонақтарға Ойынымыз басталады сәлемменен.

2-топ 2-оқушы: Шуақты өміріміз күндей күліп, Жүректе бүршік атып гүлдейді үміт. Арманға сапар тарту мүмкін емес. Жол жүру ережесін білмей тұрып.

3-оқушы: Қызыл жарық жанғанда, Қалт тоқтай қал табанда. Сары шамы жанғанда, Сақ, абай бол барынша. Жасыл жарық жол ашық, Зымырай бер бел асып. Жүргізуші: Әділқазылар алқасынан сайыстың бағасын беруді сұрайық. 3-сайыс «Кім байқағыш?»

Сурет бойынша тиісті жол белгілерін қою. Әр топқа бір минут уақыт беріледі.

4-сайыс «Жол белгілерінің топтарын табу»

Әр топқа таңба белгілері көрсетіледі, анықтама беру керек.

1-топ «Ескерту белгісі» Өзі қызыл, үшбұрышты ескертуің мен болам, Хабарлайтын бар қауіпті, оң сапарды жолдаған. Маған қарап жүрер болса, жүргізуші, жаяу да, Жолы болып, сәтсіздікке ешқашан да қалмаған.

2-топ «Тыйым салу белгісі» Мен бәріне әрқашан да тыйым салып тұрамын, Қауіп болса алда тұрған, жібермеймін бір адым. Түсім қызыл, өзім шеңбер сызық болып бітемін, Осы жолы үндемейін, бар ма тағы сұрағың.

1-топ «Анықтама белгісі» Белгімін көрсетер жылдамдық, бағытты, Ой-шұңқыр, бұрылыс, қатерді, қауіпті. Барлығын анықтап көрсетіп жіберем, Сондықтан бәрі де мені тез таныпты.

2-топ «Көрсеткіш белгісі» Баратын сапардың жақынын, құшағын, Үн-түнсіз жөн сілтеп, көрсетіп тұрамын. Күндіз де, түнде де от болып жанады, Көкпенен боялған төртбұрыш шырағым.

5-сайыс «Көше ережесін білесің бе?» Сұрақтарға жауап беру

  1. Бағдаршам деген не? 2) Жол белгілері қандай топтарға бөлінеді? 3) Көлік күтетін жерді қалай атайды? 4) Көліктің бұрылатынын қалай білуге болады? 5) Жүрісті реттеп тұратын адам кім? 6) Велосипедті көшеде неше жастан тебуге болады? 7) Бағдаршам жоқ жерде жолды қалай қиып өтуге болады? 8) Тоқтап тұрған көлік неліктен қауіпті? 9) Көшеде жолдан өтерде қайда қарау керек? 10) Тыйым салу белгілері қандай түспен белгіленеді? 11) Үшбұрышты көк түс жол белгісінің қай тобын білдіреді? 12) Жиек жол жоқ жерде жүргіншілер қай жермен жүреді? 6-сайыс «Кім жылдам?» Құрастырғышпен көліктің бір түрін құрастырып жасау. Топтарға үш минут уақыт беріледі. 7-сайыс «Жұмбақтар шешу» Топтарға жол ережесіне қатысты қарапайым жағдаяттар көрсетіледі, топ мүшелері шешу жолдарын табады. Жүргізуші жұмбақтар жасырады. 1) Сөйлеуді ол білмейді, Бірақ «тоқта», «жүр» дейді. (Бағдаршам) 2) Арқаным бар тым ұзын, Ала алмайсың бір үзім. (Жол) 3) Екі аяқты, бір ізді, Үстіне мені мінгізді. Мінгізгенмін ол мнің Аяғымды жүргізді. (Велосипед) 4) Үзенгісін тептім, Зымырап кеттім. (Велосипед) 5) Ала таяқ ұстаған, Жол тәртібін нұсқаған. Өмірінді күзеткен, Ысқырығы күшті адам. (Полиция қызметкері) 6) Үш көзді батыр Бізді аңдып жатыр. (Бағдаршам) 7) Өзі тым күшті, Аяғы тісті. Ілезде тындырар Қыруар істі. (Трактор) 8) Төрт аяғы дөңгелек, Адамсыз ол жүрмейді. (Машина) Сайыс қорытындысын шығарып, жеңімпаз топты марапаттау. Жүргізуші: Қай көше , қай қалаға барсаңыз да, Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да, Жол жүру ережесі –заңды тәртіп, Ол ортақ үлкен-кіші, баршамызға. Жол жүрудің тәртібін, Ережесін білеміз. Сақтанғанда қатерден, Сау-саламат жүреміз.


Біз, жаяу жүруге дайынбыз!

Мақсаты:

1) оқушыларға көше қатынасы ережелерін меңгерту;

2) жолда жүру ережесін есте сақтау арқылы білгендерін пайдалана білуді тұрақты дағдыға айналдыру;

3) оқушыларды жол ережелерін бұлжытпай орындауға, сақтыққа тәрбиелеу. Көрнекілігі: бағдаршам, жол белгілері, плакатқа жазылған ескерту сөздер, макеттер, оқушылардың салған суреттері.

Барысы.

1-жүргізуші: Құрметті оқушылар! Құрметті қонақтар, ұстаздар! Бүгінгі «Жол тәртібін жадында ұста» жиынымызды бастауға рұқсат етіңіздер! 2-жүргізуші: Шуақты өміріміз күндей күліп, Жүректе бүршік атып, гүлдейді үміт. Арманға сапар тарту мүмкін емес Жол жүру ережесін білмей тұрып. 1-жүргізуші: Қай көше, қай қалаға барсаңыз да, Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да, Жол жүру ережесі заңды тәртіп- Ол ортақ Үлкен кіші баршамызға!

2-жүргізуші: Жалғайтын достастырып бар елменен, Жолдардан тұрады ғой әлем деген. Бүгінгі бізге кепген қонақтарға Жиынымыз басталсын сәлемменен . 1-жүргізуші: Ендігі сөз кезегін оқушыларға береміз. І топ. «Бағдаршам» Топтың ұраны: Тоқта! Сақтан! Жол ашық! Жүрме жолға таласып. ІІ топ. «Жол белгілері» Топтың ұраны: Үйрен таппай тыным бір, Белгілердің тілін біл! ІІІ топ. «Жүргізуші» Топтың ұраны: Жол тәртібін білейік, Аман-есен жүрейік! ІV топ. «Қиылыстар» Топтың ұраны: Басталар әр қиылысың аттауменен, Жолда жүру ережесін сақтауменен.

Хор: «Бағдаршам» І топ. «Бағдаршам» (Бағдаршамның шығу тарихы жайлы баяндайды) 1-оқушы: Балалар, бағдаршамды кім ойлап тапқаның білесіңдер ме? Ал ендеше тыңдап көрелік. Алғашқы бағдаршам теміржол бойында пайда болды. Оны ойлап тапқан адамның есімі тарихта сақталмаған. 2-оқушы: Оны көше қиылысына ыңғайлап, қайта жасаған ағылшын инженер-механигі Д.Найт болатын. Ол 1868 жылы Лондондағы парламент үйінің алдына бағдаршам орнатты. 3-оқушы: Алдымен түрлі-түсті сигнал қайыс берілістің көмегі арқылы өзгертіліп отырды. Сосын аппарат ортасына газды шам орнатылды. 4-оқушы: Өкінішке орай бізде газ жарылып, кезекте тұрған полицей қаза болады да, содан жарты ғасыр бойы ұмыт болады. 5-оқушы. Тек 1914 жылы Американың Кливленд қаласында, сосын Нью-Йорк, т.б. қалаларында пайда бола бастайды. Бұл жолы олар электрлі болды. Тек екі түсті ғана: қызыл және жасыл. 1918 жылдан бастап қана үш түс қолданыла бастады. 6-оқушы: Кеңес одағы бойынша алғаш рет бағдаршам 1924 жылы Мәскеу қаласының Кузнецк көпірі мен Петровка көшелерінің қиылысында орын алды.

ІІ топ. «Жол белгілері» 1-оқушы: Үйрен таппай тыным бір, Белгілердің тілін біл. Егер оны білмесең, Тартар жолың бұлынғыр. 2-оқушы: Өзі қызыл, үшбұрышты ескертуің мен болам, Хабарлайтын бар қауіпті оң сапарға жолдаған. Маған қарап жүрер болса жүргізуші, жаяу да, Жолы болып, сәтсіздікке ешқашан да қалмаған. 3-оқушы: Мен бәріне әрқашан да тыйым салып тұрамын, Қайда болса алда тұрып жібермеймін бір адым. Түсім қызыл, өзім шеңбер сызық болып бітемін, Осы жолы үндемейін бар ма тағы сұрағың. 4-оқушы: Белгімін көрсетер жылдамдық бағытын, Ой, шұңқыр, бұрылыс, қатерді, қауіпті. Барлығын анықтап, көрсетіп жіберем, Сондықтан бәрі де мені тез таныпты. 5-оқушы: Елімізде жол апаты салдарынан көз жұматындар жүрек, қан-тамыр ауруы салдарынан қайтыс болатындардан кейінгі екінші орында тұр. Өкінішке қарай, жол апаты салдарынан қайтыс болып немесе жарақат алатындардың көпшілігі жас жеткіншектер екен.


Мұндай мәлімдемені Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары айтуда. Осылайша еліміздегі автокөліктердің көбеюімен бірге жол апатынан зардап шегетіндердің саны да арта түскен. Есте сақтап, Абай болыңдар!



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
Жолда ж?ру ережелерін са?тау

Автор: Жанжолова Назгуль Сериковна

Дата: 19.01.2016

Номер свидетельства: 278969


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства