Сабақтың көрнекілігі: плакат, таңбалар, интерактивті тақта, ұялы телефон
Сабақтың өту барысы:
І . Ұйымдастыру бөлімі. 3мин
а) білімгерлермен амандасу
б) білімгерлерді түгендеу
в) білімгерлердің назарын сабаққа аудару
Психологиялық сәт. Қуан шаттан, Қуан шаттан, Қуанатын күн бүгін. Қайырлы таң, Қайырлы күн, Күліп шықты, күн бүгін.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. 15мин
Өткен сабақта білім алушыларға «Авариялық сигнал мен авариялық аялдау белгісін қолдану» тақырыбына конспект жазып келу берілген болатын. Ендеше алдымен конспектіні қарап өтейін. Жарайсыңдар, енді осы айтылған мәліметтер бойынша сәйкестендіру тестін орындайық.
Енді үй тапсырмасын пысықтау үшін өткен тақырып бойынша білім алушылар бір-бірлеріне сұрақ қойып, жауап береді.
Сабаққа қызығушылықты арттыру үшін сергіту сәті ұйымдастырылады. Сергіту
IІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру. 30мин
Жаңа тақырыпты бастамас бұрын, жұмбақтар жасырылады. Сол жұмбақтардың шешімін сөзжұмбаққа жазу арқылы сабақтың тақырыбы анықталады.
Екi дөңгелектi бүйiр тiркемесi бар немесе тiркемесiз механикалық көлiк құралы
(Мотоцикл)
Басқа жүргізушілерді қауіптілік туралы уақытылы хабардар етуді қамтамасыз ететін сигнал.
(Авариялық)
Алғашқы бағдаршам 1868 жылы 10-желтоқсан күні Лондондағы Британия парламенті ғимаратының маңында орналастырылған. Бағдаршамды ойлап тапқан адамның есімі
(Найт)
Ала таяқ ұстаған,
Жол тәртібін нұсқаған.
Өміріңді күзететін
Ысқырығы күшті адам.
(Реттеуші)
Алғашқы электр бағдаршамын ойлап тапқан адамның есімі
(Лестер Вайр)
Көзін ашып жұмады,
Бағыт сілтеп тұрады.
(Бағдаршам)
М
О
Ц
О
Т
Л
К
И
А
Р
А
И
В
Я
Л
Қ
Ы
А
Т
А
Н
Й
А
А
Т
Е
У
Т
Т
Ш
Е
Р
І
В
С
Р
Е
Т
Й
А
Л
Е
Р
Р
Ш
А
Б
А
Ғ
Д
А
М
Сөзжұмбақ шешімі бойынша маневр сөзі шықты. Бүгінгі сабақтың тақырыбы «Маневр жасау». Жалпы маневр жасау дегеніміз не? Оның қажеттілігі қандай? Бағыттауыш жарық көрсеткіштері істемей қалған жағдайда не істеу керек? деген сұрақтарға жауап алатын боламыз.
Маневр жасау дегеніміз – көлік құралдарының өз бағытын өзгертуі кезінде орындалатын іс әрекеті.
Жүргізуші маневрді орындауды бастамас бұрын жарық көрсеткіштерімен, егер ол жоқ болса немесе ақауы болса – қолмен, тиісті мақсатта, сигнал беруге міндетті. Мұндайда маневр қауіпсіз және қозғалысқа басқа қатысушыларға кедергі туғызбауы тиіс.
Сол жаққа маневр жасау сигналы – сол жақ бұрылыстың жарық көрсеткіші немесе сол жаққа сол қолды созу, не жанына созылған тік бұрыш жасап шынтақтан жоғары бүгілген оң қол болып табылады. Оң жаққа маневр жасау сигналы - оң жақ бұрылыстың жарық көрсеткіші немесе оң жаққа оң қолды созу, не жанына созылған тік бұрыш жасап шынтақтан жоғары бүгілген сол қол болып табылады. Тежеу сигналы қолды жоғары көтеру арқылы беріледі. Артқы жүріспен қозғалыс сигналы артқы жүріс шамын жағумен және авариялық сигнализацияны қосумен беріледі.
Бұрылыс көрсеткіштерімен немесе қолмен сигнал беру маневрді орындауды бастауға дейін кешіктірмей берілуі және оны аяқтағаннан кейін сол бойда тоқтатылуы тиіс. Мұндайда сигнал қозғалысқа басқа қатысушыларды шатыстырмауы тиіс.
8. Маневр жасау
8.1. Жүргiзушi маневрдi орындауды бастамас бұрын жарық көрсеткiштерiмен, егер олар жоқ болса немесе ақауы болса - қолмен, тиiстi мақсатта, сигнал беруге мiндеттi. Мұндайда маневр қауiпсiз және қозғалысқа басқа қатысушыларға кедергi туғызбауы тиiс.
8.2. Сол жаққа маневр жасау сигналы - сол жақ бұрылыстың жарық көрсеткiшi не сол жаққа сол қолды созу, не жанына созылған тiк бұрыш жасап шынтақтан жоғары бүгiлген оң қол болып табылады.
Оң жаққа маневр жасау сигналы - оң жақ бұрылыстың жарық көрсеткiшi, не жанына созылған оң қол немесе жанына созылған және шынтақтан тiк бұрыш жасап жоғары бүгiлген сол қол болып табылады.
Тежеу сигналы тоқтау-сигналымен не қолды жоғары көтеру арқылы берiледi.
Артқы жүрiспен қозғалыс сигналы артқы жүрiс шамын жағумен және авариялық сигнализацияны қосумен берiледi.
Бұрылыс көрсеткiштерiмен немесе қолмен сигнал беру маневрдi орындауды бастауға дейiн кешiктiрмей берiлуi және оны аяқтағаннан кейiн сол бойда тоқтатылуы керек (сигналды қолмен беру маневрдi тiкелей орындау алдында аяқталуы мүмкiн). Мұндайда сигнал, қозғалысқа басқа қатысушыларды шатыстырмауы тиiс. Сигнал беру жүргiзушiге артықшылық әпермейдi және оны сақтық шараларын қолданудан босатпайды. 8.3. Екінші дәрежелі жолдан шығу кезінде жүргізуші жолда қозғалып келе жатқан көлік құралдары мен жаяу жүргіншілерге, ал жолдан кірген кезде -жаяу жүргіншілер мен велосипедшілерге, ол кесіп өтетін қозғалысқа жол беруі тиіс.
8.4. Аялдама немесе тұрақ орнына келу керек болғанда, жүргiзушi жүрiс бөлiгiнiң шетiмен немесе жағалауымен келе жатқан жаяу жүргiншiлерге, велосипед, мопед, көлiк-арба жүргізушiлерiне, мiнiс көлiгi үстiнде және жүк артып келе жатқандарға жол беруi тиiс.
8.5. Қатар ауыстыру кезiнде жүргiзушi қозғалыс бағытын өзгертпей қатарлас келе жатқан көлiк құралдарына жол беруi тиiс. Бiрге келе жатқан көлiк құралдары бiр мезгiлде қатар ауыстырған кезде, жүргiзушi оң жақта келе жатқан көлiк құралына жол беруi тиiс. Қозғалып келе жатқан көлiк құралдары арасында қауiптi ара қашықтық болған жағдайда, қатар ауыстыруға тыйым салынады.
8.6. Айналысты қозғалыс ұйымдастырылған жол қиылысына шыққан кездегi бұрылыс жасау жағдайларын қоспағанда, оңға, солға немесе керi бұрылу алдында жүргiзушi осы бағытқа қозғалуға арналған жүрiс бөлiгiнде және жолақта тиiстi шеткi орынға уақтылы ыңғайлануы тиiс.
Егер жолда 5.8.1. немесе 5.8.2. белгiлерi қойылған болса, онда аталған маневрлердi тиiстi қозғалыс жол жолағы бойынша жасауға рұқсат етiледi; мұндайда шеткi жол жолағы бос болған кезде ортадағы жол жолағымен жүруге тыйым салынады.
Сол жатқан жүрiс бөлiгiмен бiр деңгейде орналасқан бiр бағыттағы трамвай жолдары болған кезде сол жаққа және керi бұрылыс, егер 5.8.1. немесе 5.8.2. белгiлерiмен жүрiс бөлiгiнiң жол жолағымен қозғалыс бағыты көрсетiлмесе, солардан бастап орындалуы тиiс. Мұндайда жүргiзушi трамвайға жол беруi тиiс.
8.7. Айналу жүрiс бөлiгiн кесiп өтумен шыққан кезде көлiк құралы қарсы қозғалыс жағына шықпайтындай болып жүзеге асырылуы керек.
8.8. Егер көлiк құралы қиылыста немесе одан тыс бұрылыс жасауды немесе қиылыста керi бұрылуды Ереженiң 8.6-тармағын сақтай отырып өзiнiң көлемiнен немесе басқа себептер бойынша орындай алмаса, қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ете отырып және бұл басқа көлiк құралдарына кедергi туғызбайтын болса, көршi жол жолағына жартылай, ал қажет болғанда толықтай шығуына рұқсат етiледi.
8.9. Рельссiз көлiк құралының жүргiзушiсi қиылыстан тыс жерде солға немесе керi бұрылған кезде қарсы келе жатқан көлiк құралына жол беруi тиiс. Егер қиылыстан тыс жерде керi бұрылған кезде сол жақ шеттен маневрдi орындау үшiн жүрiс бөлiгiнiң енi жеткiлiксiз боса, онда жүрiс бөлiгiнiң тек қана оң жақ шетiнен (оң жақ жағалаудан) бұрылуға жол берiледi. Мұндайда жүргiзушi бағыттас немесе қарсы келе жатқан көлiк құралына жол беруге мiндеттi.
8.10. Ережеде көлiк құралдары қозғалысының траекториясы қиылысатын, ал өту кезектiлiгi көрсетiлмеген болса, жүргiзушi оң жақтан жақындап қалған көлiк құралына жол беруге мiндеттi.
8.11. Тежеу жол жоғары болған жағдайда, бұрылуды көздеген жүргiзушi осы жолаққа уақтылы ауысуға және сонда ғана жылдамдықты азайтуға мiндеттi. Жолға кiретiн жерде жүру сызығы болған кезде жүргiзушi соның бойымен қозғалуы және осы жолмен қозғалып келе жатқан көлiк құралдарына жол бере отырып, көршi жолаққа ауысуға мiндеттi.
8.12. Жаяу жүргiншiлер өтпесi мен көше қиылыстарында тротуармен немесе жол жағалауы жиегiмен; тоннельдерде; көпiр үстiнде, жол құбырларында, эстакадаларда және солардың астымен;
темiржол өтпелерiнде; ең болмағанда бiр бағытта кемiнде жол көрiнуi 100 метр жерлерде;
аялдама пункттерi орналасқан жерлерде бұрылуға тыйым салынады.
8.13. Көлiк құралдарына, егер бұл маневр қауiпсiз және қозғалысқа басқа қатысушыларға кедергi тудырмайтын болса, артқы жүрiске рұқсат етiледi. Артқы жүрiспен қозғалуға көше қиылыстарында және Ереженiң 8.12-тармағына сәйкес керi бұрылуға тыйым салынған жерлерде тыйым салынады.
ІV. Жаңа тақырыпты бекіту
Жағдаяттық тапсырма:
Енді келесі бөлім «Сөздер банкасы» деп аталады. Бұл бөлімде тақтада бірнеше таңбалардың суреті жапсырылған. Сол суреттердің астында пәнге қатысты сөздер жазылған. Сол сөздердің орыс және ағылшын тіліндегі аудармасын айту керек.
Жол ережелеріне қатысты білім алушылардың ситуациялық жағдайдан қалай шығатынын анықтайық. Жол қозғалысы ережелерін, таңбаларды қаншалықты білетінін бағалап көрейік.
4)Жеңіл автомобильдің жүргізушісі солға бұрыларда қозғалысын қай траектория
бойынша жалғастыра алады?
А траекториясымен
Б траекториясымен
Екі траекторияда да жалғастыра
Алады
5)Жол қозғалысы ережесіне сүйене
отырып мына суреттегі жағдайды
сипаттап беріңдер
6)Жүргізушінің басып озудағы бағыты
д ұрыс па?
Дұрыс, себебі .....
Дұрыс емес,
себебі .....
7)Көрсетілген жағдайда жүргізушінің сол
жақ көрсеткішін жағып, бұрылуы дұрыс па?
Көрсеткішін жағып бұрылғандықтан
дұрыс
Дұрыс емес, себебі қиылыстағы жол
тіке қозғалыс болғандықтан
8)Жол қиылысындағы автокөліктің
бұрылуы дұрыс па?
9)Жүргізуші жол қозғалысы
ережесіне бағынып тұр ма?
10)Жүргізушінің жол қозғалысындағы
әрекетін сипатта
VІ. Бағалау
Сабақтың барысы бойынша жақсы қатынасқан білім алушыларды сәйкесінше бағалап өтейін.
VІI. Рефлексия әдісімен қорытындылау.
«Бағдаршам» әдісі. Қазір сіздерге карточка таратамын. Сол қағаздарға сабақ ұнады немесе ұнамады деп сабақты бағалайсыздар. Сол бойынша бүгінгі өткен сабақты бағалаймыз.
VІІІ. Үй тапсырмасын беру
Үйге «Маневр жасау» тақырыбы бойынша конспект жазып келу