kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жер бетіндегі ба?ытты балалы? ша? ?шін

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы:  «Жер бетіндегі ба?ытты балалы? ша? ?шін»

Саба?ты? ма?саты:О?ушылар?а ба?ытты? ??ндылы? ретіндегі ма?ынасы туралы т?сінік беру.

Саба?ты? міндеттері:

  • О?ушылар?а адам ?міріндегі ?уанышты с?ттер,істеген игі істеріне ра?аттану,барды ?ана?ат т?ту ж?не жалпы адам ба?ыты туралы т?сіндіру;
  • О?ушыларды рухани адамгершілік ?а?идаларда ?з ба?ыты ?шін д?рыс ?олдана білуге, ?мірді ба?алай алу?а т?рбиелеу;
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жер бетіндегі ба?ытты балалы? ша? ?шін»

Сабақтың тақырыбы: «Жер бетіндегі бақытты балалық шақ үшін»

Сабақтың мақсаты:Оқушыларға бақыттың құндылық ретіндегі мағынасы туралы түсінік беру.

Сабақтың міндеттері:

  • Оқушыларға адам өміріндегі қуанышты сәттер,істеген игі істеріне рақаттану,барды қанағат тұту және жалпы адам бақыты туралы түсіндіру;

  • Оқушыларды рухани адамгершілік қағидаларда өз бақыты үшін дұрыс қолдана білуге, өмірді бағалай алуға тәрбиелеу;

Құндылығы: Дұрыс әрекет,ішкі тыныштық,сүйіспеншілік.

Қасиеттері: Мейірімділік,бауырмалдылық еңбек сүйгіштік.

Сабақтың көрнекіліктері: оқулық, Сара Алпысқызына арналған бұрыш,слайд

Сыныпты 4 қалпақ тәсілімен бөлу.

Қымбатты балалар! Біз бүгін «Жер бетіндегі бақытты балалық шақ үшін» атты мейірімділік сабағын бастаймыз. Сонымен бірге бұл сабақтың өзіндік тағы бір ерекшелігі бар. Ол-«Бөбек» балалар қайырымдылық қорының Президенті Сара Алпысқызы Назарбаеваның сан-сапалы қайырымдылық қызметіне, Сара Алпысқызының туған күніне арналады.

Тыныштық сәті: Оқушылар өз ыңғайларымен отырады. Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет.

Оқу ақпараты

Б.Момышұлы

Бақыт дегеніміз.....

Бақыт әркімнің өзіне, өмір сүрген ортасына, жағдайға байланысты. “Бақыттымын” деп таңданып, аяғын еріне басып жүрген көп кісілердің бақытсыз екенін өздері сезбеген. Тарихта дәулетке, атаққа таңданып, мәз болып, өмірін ақымақтықпен өткізгендер аз емес. Бақыт дегеніміз-өмірді өз орнында, өз қалпында шамасы келгенше үлгілі сүру, адал болу, майдалықтан, іштарлықтан қашық болу. Мұршасы, әлі жеткенінше өз заманын түcіне білу,өз қоғамымен бірге алған мақсатқа қопарыла шын көңілмен адал қызмет істей білу. Өмірде кедір-бұдыр толып жатыр. Олар әр адым сайын ұшырасады. Олардан именбеу, жасқанбау, азаматтық міндетін қоғам алдында адал ақтай білумен кететін бақыт. Өз қамын ойлағандар толып жатыр. Олардың онысы жай әурешілік.

Біреу бақытты оттан, біреу судан табады. Күйем-ау, тереңге батып кетемау деп қорықпастан барады. Ар-намысты қорғау-бақыттың шыңы. Қиыншылықтармен санаспастан, азаматтық міндетті орындап, шығу-ол да бақыттың шыңы.

Топтарға тапсырма беріледі.

Қызыл қалпақ – бақытты балалық шақ тақырыбында эссе,өлең шығарады.

Жасыл – шығармашылық көрініс қояды.

Сары – С.Назарбаеваның еңбектері туралы баяндама оқиды.

Ақ – С.Назарбаеваның өмір баяны.

Төрт топ тапсырмаларын қорғайды.

Дәйексөз

Бақытты болашақтың ең басты негіздерінің бірі – бұл жалпыға бірдей жақсылық тілеу.

І.Есенберлин

Дәйексөзді оқушылар өздері бірлесіп талдайды.

Жүректен жүрекке

М.Мақатаевтің «Бақыт деген...» атты өлеңін сыныппен бірге орындайды.

Бақыт жайлы менің мынау білгенім

Бақыт деген бірде шаттық бірде мұң

Бақытты сол тәрік етіп түндерін

Бақыт іздеп азаптанса кімде-кім



Бақыт деген сенің бала кундерін

Бақытсыз ақ бақытты боп жургенін

Бақытын да басқасын да білмеуін

Бақытсыз ақ ойнап күлгенін



Бақыт деген аркімдерде бір арман

Сол арманның шыққан жері құмардан

Ал мен үшін ең бақытты күндерім

Бұл өмірде бақыт іздеп жүргенім.

Оқушыларға жақсылық тілеп ортадағы шарды жарамын.Сау болыңыздар.

Оқу ісі меңгерушісі Пән мұғалімі


























































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Жер бетіндегі ба?ытты балалы? ша? ?шін

Автор: Сексенбаева Дана Бауыржан?ызы

Дата: 13.02.2016

Номер свидетельства: 293001


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства