kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Жеміс дақылдарының құрылымы және өсімдіктің жер беті жүйесі" ашық сабақ

Нажмите, чтобы узнать подробности

Агрономия негіздері пәнінен ашық сабақ жоспары

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Жеміс дақылдарының құрылымы және өсімдіктің жер беті жүйесі" ашық сабақ»

«Агрономия негіздері» ТМ-21 топ 2018-2019 ж.

Оқытушы: Қуанышұлы Асқардың

Ашық сабағы

Тақырыбы: Жеміс дақылдарының құрылымы және өсімдіктің жер беті жүйесі

Сабақтың мақсаты: Өсімдік әлемінің халық шаруашылығындағы маңызын түсіндіре отырып, ел болашағы үшін қажеттілігін айтып, пәнге деген сүйіспеншілігін арттыру.

Дамытушылық мақсаты: нәтижелі жұмысты жүргізе отырып, ептілік, ұғымталдық пен зерделеу қасиетін дамыту.

Тәрбиелік мақсаты: негізгі жұмысты атқара отырып жеміс өнімін өсіру, пайдалы кәсіп екенін ұғындыру.

Сабақтың түрі: Жаңа мағлұмат қалыптастыру.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру бөлімі

  2. Жаңа сабақты ұғындыру жоспары

а) Жеміс дақылдарының екпе ағаш көшеттерін өсіру – өте ұзақ және күрделі іс екендігін ғылыми тұрғыда түсіндіру;

б) Топырақты күтіп-баптау, суару тыңайту тәсілдерімен амал жолдары туралы түсініктеме беру;

в) Жеміс ағаштарының жеміс әкелуіне әсер ететін табиғи жағдай негіздерін нақты көрсету;

г) Қоршаған ортаның, ауа райының, екпе ағаштарының биологиялық ерекшеліктерін түсіндіру;

д) Жеміс ағаштарын қайта телу жұмыстарын тәжірибе жүзінде көрсету.

  1. Жұмысты атқару реті және түсініктеме

Білімгерлерге телу жұмысының маңызын жеміс алуды жеделдететіндігін, сондай-ақ қалаған жеміс түрін алуға болатындығын түсіндіріп көрсту. Телу кезеңінің нәтижесін 2 жылда көруге болады. Жеміс ағаштарын жаңадан отырғызғаннан гөрі теліген ағаш өсіру жедел жүреді. Барлық ағаш тұқымдарын телуге болады. Оларды ауыруға ұшыратпау тәсілдерін түсіндіру керектігін атап көрсету.

Негізгі қаңқа бұтақтарының арасын 20-30 см қашықтықта телу керек. Дұрысы бір ағашқа тек бір сортты телу дұрыс. Ұластырудың ең қарапайым және нәтижелі түрі алма, өрік, алмұртты қабығымен ұластыру. Мұнда жуан, тегіс қабықты пайдалануға болады. Кесілген бұтақтың дөңбектерін өткір пышақпен жақсылап тазалап қабығын 1,5 см-дей етіп қабықты кеседі. Қаламшада ұластыру үшін 3 жақсы дамыған бүршік болуы керек. Қаламшаның төменгі жағының қиғаш жуандығы 3-4 есе үлкен ұзындықта төменгі бүршік қисық кесікке қарсы болатындай тесік жасайды. Дайындалған қаламшаны ақырын бойлай тіліп, дөңбек ішіне қондырады. Телушінің жуандығына қарай 2-3 қаламшаны телуге болады.

Бүршік телу жұмысы. Ағаштарды телу немесе қайта телу тәсілдерін ең алдымен жас өсімдіктерге пайдаланылады. Ол әдісті жымдастыру деп атайды және ол ерте көктемде атқарылады.

Жарын ұластыру: Отырғызылғаныша көп болған ағаштарды ұластырғанда телуші егетін қаламшадан жуан болғаны дұрыс. Телушіні 2-3 см-дей жарын тіледі. Қаламшаның ұшын екі қиғаш қиықтап керту керек. Бұтаққа немесе діңіне дәл жымдастырып, жақсылап байлап бекіту керек және ашық жерін майлау керек. 3-4 жұмадан кешіктірмей байлауды шешу керек. Ағаш гүлдеген кезеңде суғаруға болмайды. Өнудің бас кезеңінде тыңайту жұмысын жүргізіп қадағалап отыру керек.

  1. Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі

Білімгердегі қаламша дайындығын тексеру.

Байлау тәсілін дұрыс атқаруын қадағалау.

  1. Тақырыпты қорыту

Бүгінгі берілген тапсырманың орындалғаны туралы сұрақ-жауап алу.

Нәтижелі жұмыс қай білімгердікі екендігін нақтылау.

  1. Үйге тапсырма: Ұластыру, бүршіктеу, телу жұмыстары туралы оқулықтан қайталау.

  2. Бағалау.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
"Жеміс дақылдарының құрылымы және өсімдіктің жер беті жүйесі" ашық сабақ

Автор: Қуанышұлы Асқар

Дата: 08.04.2019

Номер свидетельства: 506461


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства