1. Білімділік: Оқушыларға жазық жақты нәрселердің фронталь диметриялық және изометриялық проекцияларын салуды үйрету. Нәрсенің аксонометриялық проекциясын тұрғызу үшін Хₒ,Уₒ,Zₒ координат осін орындауды және деталь сызбасын салудың жалпы кезеңдерін ретімен үйрету.
2. Дамытушылық: Жазық жақты нәрселердің сызбаларына қарап, кеңістікте көз алдарына елестетіп, оның пішінін толық талдай алуға үйрету, яғни нәрсенің сыртқы және ішкі көріністері мен ерекшеліктерін түсіну, тиісті білімдерін дамыту.
3. Тәрбиелік: Әдемі сызба сала білуге, салынған сызбаны түсіне білуге, тиянақтылыққа, ұқыптылыққа, дәлдікке, әсемдікке тәрбиелеу.