Елбасымыз айт?андай: « ?аза?станда отаншылды? сезімді т?рбиелеубілім беруді? мектепке дейінгі орталы?тарда, барлы? ?йымдарда к?кейтесті болып табылады. Балаларды Отанды, ту?ан жерді ?зіні? хал?ын с?юге т?рбиелеу м??алімні? аса ма?ызды, аса жауапты да ?адірменді парызы».
Елімізді? ата заны Конституцияны? ?шінші б?ліміні? 36-бабында «?аза?стан Республикасын ?ор?ау оны? ?рбір азаматыны? ?асиетті парызы мен міндеті» деп атап к?рсетілген. Отанына лайы?ты ?оршаушысы болу к?рделі іс, сонды?тан ?рбір жас?спірім арнаулы о?у орындарында(колледждерде),?зін ?скери ?ызметке дайындау?а, ?з Отаны ?аза?стан Республикасымен оны? хал?ы алдында?ы азаматты? жауапкершілігі к?міл ??ынуы тиіс. Осы ма?сатта орта арнаулы о?у орындарында ?тілетін ал?аш?ы ?скери дайынды? п?ніні? ма?саты жастарды ?аза?станды? патриотизм мен интернационализмге, демократиялы? ?о?ам ісіне шексіз берілгендікпен Отан?а, ?арулы К?штерге деген с?йіспеншілік,?скери борышты м?лтіксіз орындау?а ?зірлік рухында т?рбиелеуге ба?ыттал?ан.
Патриотизм Отан?а деген с?йіспеншілік,?р азаматты? бойында?ык?ш ?уаты мен білімін,Отан игілігі мен м?десіне ж?мсау деген с?з. «Патриотизімні? ма?ызды элементтеріні? бірі онымен етене байланысып жат?ан ?лтты? рух пен ?лтты? патриотизм».
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Жастарды отанс?йгіштікке т?рбиелеу »
Жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу
АӘД пәнінің әскери жетекші К.С.Бертаев
Елбасымыз айтқандай: « Қазақстанда отаншылдық сезімді тәрбиелеу білім берудің мектепке дейінгі орталықтарда, барлық ұйымдарда көкейтесті болып табылады. Балаларды Отанды, туған жерді өзінің халқын сүюге тәрбиелеу мұғалімнің аса маңызды, аса жауапты да қадірменді парызы».
Еліміздің ата заны Конституцияның үшінші бөлімінің 36-бабында «Қазақстан Республикасын қорғау оның әрбір азаматының қасиетті парызы мен міндеті» деп атап көрсетілген. Отанына лайықты қоршаушысы болу күрделі іс, сондықтан әрбір жасөспірім арнаулы оқу орындарында (колледждерде), өзін әскери қызметке дайындауға, өз Отаны Қазақстан Республикасымен оның халқы алдындағы азаматтық жауапкершілігі кәміл ұғынуы тиіс. Осы мақсатта орта арнаулы оқу орындарында өтілетін алғашқы әскери дайындық пәнінің мақсаты жастарды қазақстандық патриотизм мен интернационализмге, демократиялық қоғам ісіне шексіз берілгендікпен Отанға, Қарулы Күштерге деген сүйіспеншілік, әскери борышты мүлтіксіз орындауға әзірлік рухында тәрбиелеуге бағытталған.
Патриотизм Отанға деген сүйіспеншілік, әр азаматтың бойындағы күш қуаты мен білімін, Отан игілігі мен мүдесіне жұмсау деген сөз. «Патриотизімнің маңызды элементтерінің бірі онымен етене байланысып жатқан ұлттық рух пен ұлттық патриотизм».
«Ұлтық рух пен ұлттық патриотизм бұл ұлттың ішіндегі жеке адамның асыл белгісі мен қасиеті, өз халқына деген сүйіспеншілігі» деп, Бауыржан Момышұлы патриотизм мәні мен мазмұның ашып көрсеткен.
Халықтың басты ерекшеліктерінің бірі адам бойында ар мен намысты етене қалыптастыру, бала бойына сіңіру, сөйтіп оларды адам тіршілігінің, ісқимылының өлшеуі ретінде қарау.
Ұрпаққа мұндай тәрбие беру халықтың бүкіл өмір тіршілігінен көрінеді: әрдайым ұятын ойлау, үлкенді сыйлау, тәртіптілік, мейрімділік «жаным арымның садағасы» девизі мұның барлығы патриоттыққа апаратын жолдар.
Орта арнаулы оқу орындарында суденттерге әскери патриоттық тәрбие тек қана алғашқы әскери дайындық сабағында ғана емес, сыныпта және cыныптан тыс өтілетін іс шаралар арқылы да беріледі.
Қазір орта арнаулы оқу орындарында алғашқы әскери дайындық сабақтары жүргізіледі. Орта оқу орындарында алғашқы әскери дайындығын меңгеру - Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің қатарында қызмет етуге алғашқы дайындық болып табылады. Алғашқы әскери дайындық жастардың қазақстандық патриотизм және Отан алдындағы әскери борышын мүлтіксіз орындауға әзірлік рухында тәрбиелеуге бағыталған. Бұл тарапынан әскери бөлімшесімен алғашқы әскери дайындықтардан арнайы мұғалімдермен қатар оқу бөлімі және ішкі саясат бөлімдері отандық сүйгіштікке бағытталып шаралар ұйымдастырылып тәрбиелеп отыр. Жастардың санасына патриотизм сезімін сіңдіруге бағытталған ұлы отан соғыс ардагерлерімен кездесу және басқа іс-шараларды өткізу болып табылады.
Алғашқы әскери дайындық азаматтарды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарында әскери қызмет атқаруға дайындық жүйесінің бір бөлігі болып табылатындықтан, қазіргі кезеңде «Алғашқы әскери дайындық» пәнін оқыту Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Әскери доктринасы, «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері және Қорғанысы туралы» және «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңдарының талаптарына сәйкестікте жүзеге асып отыр.
Алғашқы әскери дайындық – Қазақстан Республикасы азаматтарын Қарулы Күштерде, басқа да әскер және әскери құрамаларда қызмет етуге дайындайтын мемлекеттiк жүйенiң негiзгi құрамы болып табылады.
Алғашқы әскери дайындық меншік түрі мен ведомствалық бағыныштылығына қарамастан, барлық типтегі жалпы білім беретін мектептерде, орта арнаулы оқу орындарында, кәсіптік-техникалық мектептерде (кәсіптік мектеп) әскерге шақырылуға дейінгі және әскерге шақырылу жасындағы білім алушы жастардың міндетті оқытылатын пәні болып табылады.
Әскери–патриоттық тәрбие алғашқы әскери дайындықпен тығыз ұштастырыла отырылып, жастардың әскери iстi жақсы меңгеруiне, төтенше жағдайларда қорғанудың тәсiлдерi мен құралдарын дұрыс пайдалана бiлуiне ықпал ете алуы қажет.
Әдебиеттер тізімі:
Тасболатов А.Б, Майхиев Д,К, Аманжолов К.Р, Атайбек С.Т, Аманжолова Б.К. «Алғашқы әскери дайындық»оқу бағдарламасы.– Астана, 2010. – 54 б.