kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жарасымды ?арым-?атынас

Нажмите, чтобы узнать подробности

Диплом, Білім ?ызметкерлеріні? ауданды? «Наурыз шапа?аты» ?нер фестиваліні? лауреаты, 2015 жыл наурыз

                              - Ал?ыс хат, BILIM MEDIA GROUP «Жа?ашыл м??алім» бай?ауы

                              - Ал?ыс хат, Бай?о?ыр ?аласыны? 60 жылды?ына байланысты, 2015 жыл мамыр

                              - Мерекелік т?сбелгі, ?ызылорда облысыны? білім ?ызметкерлеріні? «Наурыз Шапа?аты» ?нер фестивалі

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жарасымды ?арым-?атынас»

Күні:

Курсы:

Тобы:











«Бекітемін»

Қармақшы аграрлы-техникалық колледж





директорының оқу- ісі жөніндегі





орынбасары:_______Г.Аралбаева





Сабақтың тақырыбы: Жарасымды қарым-қатынас

Сабақ/ оқу мақсаттары: 

Білімділік: Білім алушыларға қазақ халқының ұлттық дәстүріндегі «үлкен » мен «кіші»

арасындағы сыйласымды қарым-қатынасты ұлттық

құндылық ретінде таныту.

Дамытушылық: Білім алушылардың айналадағы ортамен үйлесімді қарым-қатынас жасау дағдыларын қалыптастыру, мәдени сөйлеуін дамыту.

Тәрбиелік : Білім алушыларды  өзінен үлкенді сыйлауға , құрметтеуге, инабатты болуға тәрбиелеу.

Сабақ түрі: жаңа сабақ

Сабақ типі:түсіндірме

Сабаққа қажетті:

Оқулықтар/әдебиеттер: Ж.Ж Әкімбаева Өзін-өзі тану

Құрал-жабдықтар: интерактивті тақта

Сабақ/оқу барысы


Реттік

  Сабақ/оқу кезеңі

Мазмұны

1

Ұйымдастыру кезеңі

Білім алушылардың сабаққа дайындығын тексеру.Журналға белгі соғу.Назарларын сабаққа аудару.

2

Өткен сабақтар бойынша білім деңгейлерін тексеру(үй тапсырмасын сұрау)

Жалынды жастық шақ

Жастық шақ кезеңінің негізгі міндеттері қандай?

Мамандық таңдауда қандай негізгі ережелерді білесіздер?

Мамандық таңдауда қоғам мүддесі мен жеке адам мүддесі үнемі сәйкес келе

ме?

Күнделікті өмірде өзіңізге талап қоя білесіз бе, өзіңе сын көзбен қарау дегенді қалай түсінесің?

Адам баласы өмір кезеңдерінің қай-қайсысында да неге мұқтаж?


3

Жаңа сабақты (материалды) түсіндіру

Әрине, оқушылар адам баласы шыр етіп дүниеге келгеннен бастап, тіпті ана құрсағында жатқан күннен бастап өле –өлгенше қарым –қатынасқа зәру.Олай болса, бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы «Жарасымды қарым-қатынас» Сабағымызды әдеттегідей шаттық шеңберімен бастайық.

Шаттық шеңбері

Оқулықтағы ойланайық, пікірлесейік айдарындағы сұрақтар арқылы отбасындағы, туыстар мен достар арасындағы қарым-қатынас туралы білімдерін сұрақ қою арқылы естеріне түсіру.

Жарасымды қарым-қатынас дегенді қалай түсінесіз?

Кез-келген адаммен қарым-қатынас жасау үшін адамға қандай қасиет керек?

Ол қасиеттер өз бойыңызда бар ма?

Сонымен қарым-қатынастан ереже құрап көрейік:

Қарым-қатынас дегеніміз бұл –адамдар арасындағы байланыс орнату мен дамытуда пайда болатын жеке бас белгілерінің формасы;

Қарым-қатынас бұл- бір адамның екінші адамға ықпалы нәтижесінде пайда болатын адамдар арасындағы байланыс. т.б.

Қарым-қатынастың бір-бірімен байланысты үш түрі бар.

Коммуникативтік жағы – қарым-қатынас арқылы адамдар бір-бірінің ойын, мақсатын, алған беталысын айыруға тырысады.(Бұл процестің құралдарына сөз, сөйлеудегі ырғақ, мимика, денедегі әр түрлі қимылжатады)

Интерактивтік жағы –адамдардың бірігіп жұмыс жасауы үшін статегиялық жоспар құру жатады.( міндеттерді өзара бөлісіп жасау кооперация, бақталастыққа бағытталған)

Перцептивтік жағы- басқа адамның сыртқы пішініне қарай оның психологиялық қасиетін, мінез-құлқын білу, бірін-бірі қабылдау.

4

Өтілген сабақты(материалды) бекіту

Жағдаяттарды шешу

1– жағдаят

Айтмұхамбет қария – сөзге тоқтайтын, сөздің төркінін байқайтын,

сөз түсінетін кісі. Оның бойын ауыр дерт меңдеп жатқанына біраз

айдың айналасы болды.

- Ассалаумағалейкум. Қалайсың, шал, тәуірмісің? – деді бір жолы ол кісіге ауылдың бір жас жігіті табалдырықты аттар-аттамастан.

Бетін қабырғаға беріп, өзімен-өзі хал үстінде жатқан қарт мына сөзден кейін

бетін бері қарай жалт бұрып:

- Не қалайын сұрайсың, көріп тұрған жоқсың ба?! – деп қария кейіп қалды.

Жігітті өзі тудырған ыңғайсыз жағдайдан шығарудың жолын табыңыздар.

2 – жағдаят

Үйде және көшеде өз бастарыңыздан өткен немесе куә болған үлкендермен келіспей қалған жағдаяттарды естеріңізге түсіріңіздер. Оны талдап, өз ұстанымдарыңыздың дұрыстығын дәлелдеу үшін «үлкендер» және «кішілер» тобына бөлініп, өз ойларыңызды дәйектеңіздер.


5

Үйге тапсырма

Жарасымды қарым-қатынас

6

Сабақ/оқу қорытындысын жасау, бағалау

Оқушылар білімін бағалау





Пән оқытушысы: Г.Таурбаева



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Жарасымды ?арым-?атынас

Автор: Таурбаева Гулназ Нурлан?ызы

Дата: 23.01.2016

Номер свидетельства: 281464


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства