kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жа?сылы? – жан азы?ы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Самопознание. ?зін-?зі тану саба?ы 7-сынып.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жа?сылы? – жан азы?ы»


Мерген ОЖББМ Мұғалімі: Қажғалиева С.О.

Пәні: Өзін-өзі тану Сыныбы: 7 Сабақ №34

Сабақтың тақырыбы:­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­ Жақсылық – жан азығы.

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: шынайылық; адамдарға риясыз қызмет ету; жанашырлық.


Сабақ мақсаты: Жақсылық жасау қайнары туралы айта отырып, жақсылықты жасау, оны қолдау, жамандықты тізгіндеу адамдық міндет екенін ұқтыра отырып, оқушылардың бойынан сүйіспеншілік құндылығын ояту.

Міндеттері:- Оқушыларға жақсылықты жасау және шынайылық адамдық міндет екенін түсіндіру;

-Оқушылардың сүйіспеншілік арқылы жанашырлық қасиеттерін ашу;

- -Оқушыларды адамдарға риясыз қызмет етуге тәрбиелеу..

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi.Тыныштық сәтi.Нұрға бөлену.

  2. Үй тапсырмасын тексеру. Ж.Баласағұнидың өлеңін талдау.

1Ақын адам бойындағы қандай қасиеттерді жоғары бағалайды?

2.Білім, ақыл адамға не үшін қажет?

3.Қалай адамдарға жанашырлық танытуға болады?


3.Дәйексөз

Биік төбеге шықсаң,

Көзің ашылады.

Жақсымен сөйлессең,

Көңілің ашылады.

М. Әлімбаев.

  1. Жақсылық жасау адам жасына байланысты ма?

  2. Жақсы адамның бойында қандай қасиеттер болады?

3Сүйіспеншілік құндылығы қалай көрініс тапқан?


4.Әңгiмелеу .Мұғалім сыйы.

Аңыз әңгіме: Адамда жан бар ма?

Үш оқымысты өзара пікір таластырады.

Біреуі айтыпты:

  • Өз басым жан бар дегенге сенбеймін. Қаншама рет адамның ішкі құрылысын ашып көрсем де, жанды көрген емеспін. Сондықтан, ол адамда жоқ деген қорытынды шығардым.

Екіншісі айтты:

Осылайша талдайтын болсақ не болады? Мен де бірнеше рет ми сауытын аштым, бірақ онда ақылды тапқан жоқпын.

Үшіншісі айтты:

  • Ал мен болсам, өмір бойы жүрекке ота жасасам да , махаббатты тапқан емеспін.

1. Қалай ойлайсыңдар, адамның жан дүниесі бар ма?

2. Адамда не маңызды – жан ба , дене ме?

3. Адамды адам ететін не? Қалай адамдарға риясыз қызмет етуге болады?

5.Шығармашылық жұмыс.

1-топ«Өзін-өзі танудан үйренгенім » тақырыбына эссе жазу.

2-топ .Берілген ойдың мәнін ашу.Жақсылық төрт түрлі болады. Біріншіден, жақсылық жасауға бейім адамды біз жақсы адам дейміз. Екіншіден, ізгілік пен кісіліктің өзін де жақсылық дейміз. Үшіншіден, ол-тамақ, дәрі және пайдалы дене тәрбиесі. Төртіншіден, жақсылық деп флейтада ойнауды, театрдағы ойынды т.с.с. өнері айтады.Риясыз жақсылық жасау сүйіспеншілікке жата ма? « Жақсылық – жан азығы » тақырыбына эссе жазу.

6.Топпен ән айту.

Жақсы адамдар

Әні мен сөзі: А. Оралов

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар,

Жақсы адамдар – бұзылмас тас қамалдар.

Табаныңның астында жатады әлі

Пенделіктен өресі аспағандар

Қайырмасы:

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар.

Жақсы көрем сендерді жақсы адамдар,

Жүрегіңде өйткені аппақ ар бар.

Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,

Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар

Қайырмасы:

Жақсы адамдар, жақсы адамдар

Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Жолы болсын ақ ниет бар адамдар!

Жақсы адамдар.

Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,

Жолы болсын ақ ниет бар адамдар!

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар,

Қарап өтсін сендерге басқа жандар.

Қайырмасы

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар.

7.Үй тапсырмасы. Қайталау.


8.Соңғы тыныштық сәтi. Баяу әуен қойылады. Көзімізді жұмып, еркін жайғасайық. Бүгінгі сабағымызда нені түсіндік, нені өзімізге алдық, сол жөнінде ойланайық. Айналамызға нұр шашып жақсылық тілейік. Барлық болып жатқандардың бәрі жақсылыққа қарай бастайды. Тек жақсылық ойлаңыз.өкпе-реніш, қызғаншақтықтан аулақ болыңыз. Сонда ішкі жан дүниеніз сүйіспеншілікке толы болады. Осының барлығын жүрегімізге салып, көкейімізге түйіп алайық. Жайлап көздеріңізді ашуға болады.















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
Жа?сылы? – жан азы?ы

Автор: Кажгалиева Салтанат Оразовна

Дата: 24.05.2016

Номер свидетельства: 330073


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства