kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Жақсылық жан жадыратады" өзін-өзі тану пәнінен сабақ жоспары, 9 сынып

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың «Жақсылық» құндылығы жайлы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

-Жақсылық жасаудың адам өміріндегі мәнін ашу.

-Жақсылықты түсіну, арқылы жақсылық жасау іскерліктерін дамыту.

-Өзгелерге үлгі болу, және үлгі болар адамдарды біліп тану.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Жақсылық жан жадыратады" өзін-өзі тану пәнінен сабақ жоспары, 9 сынып»

Өзін-өзі тану пәнінен сабақ жоспары

Мектеп: Ақсу қаласы Еңбек орта мектебі

№ 9-сабақ

Тақырыбы: Жақсылық жан жадыратады.

Құндылығы: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: Адамгершілік, қамқорлық.

Мұғалім: Амерханова Баян Жамбуловна

Сынып: 9

Оқушылар саны:5

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың «Жақсылық» құндылығы жайлы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

-Жақсылық жасаудың адам өміріндегі мәнін ашу.

-Жақсылықты түсіну, арқылы жақсылық жасау іскерліктерін дамыту.

-Өзгелерге үлгі болу, және үлгі болар адамдарды біліп тану.



Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)








І. Сабақтың барысы;

Ұйымдастыру кезені

Тыныштық сәтіті


Су асты патшалығына ойша саяхат.

(Оқушылардан шеңбер құрып отыруды, қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қоюды, аяқтарын айқастырмауды өтініңіз. Арқаларын тік ұстауын қадағалаңыз. Жайлы, баяу музыка қойыңыз).

Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеіңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).

Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.

Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.

Балалар қандай күйде болдыңыз?

Әуен ұнады ма?


Үй тапсырмасын тексуру

Жағдаятты талдау, оқып жалғастыру.

1.Нұржан мен Болат 9-сыныпта бірге оқитын. Екеуі бүгіннен бастап, Ұлттық тестілеусұрақтарына дайындала бастайтындарын келіскен. Бірақ Нұржан үйге келген соң Болатқа бара алмайтынын айтып, телефон шалды. Болат себебін сұрағанда, Нұржан –Әлі де уақыт бар емеспе, үлгереміз деді Болат.

Нұржанның әрекетін қалай түсінесіңдер?

Дәйексөз:

Тақтаға жазылады

Биік төбеге шықсаң,

Көзің ашылады.

Жақсымен сөлессең,

Көңілін ашылады.


М.Әлімбаев.

Дәйексөзді жұмыс дәптерлерлеріңе көшіріп жазыңдар.

Биік төбеге шықсаң,

Көзің ашылады. Дегенді қалай түсінесің?

Жақсымен сөлессең,

Көңілін ашылады. Дегенді қалй ұғынасың?

Сөз құдіреті

Немересі:

-Әже, «жақсы сөз-жарым ырыс» дегенді қалай түсінуге болады?

Әжесі:

-Қызым, жалпы ырыс деген сөздің өзі өте кең мағыналы. Ол біздің несібеміз, күнделікті отбасымызға кірер табысымыз. Сенің алып жатқан білімін ол да сенің ырысың.

Немересі:

-Ол несібе байлықтың бәрі де еңбекпен , ақшаға қаражатқа келеді.

Әжесі:

-Бір ауыз жақсы сөз адам жанын семіртеді. Түгел сөздің төркінін жақсы білген шешендеріміз кезінде қырғи қабақ екі елдің арасында бір ауыз тапқыр сөзімен-ақ бітістіріп жіберген . Елдің тыныштығы, бірлігі адамдардың жақсы өмір сүруіне кепіл болған. «Біз қазақ дегнен мал баққан елміз Еліміздің құт-береке қашпасын деп , жерімізді жау баспасын депнайзаға үкі таққан елміз.Досымызды сақтай білген елміз.Дәм тұзымызды ақтай білген елміз. Атадан ұл туса , құл боламын деп тумайды.анадан қыз туса күң боламын деп тумайды, ұл мен қызды қаматып отыра алмайтын елміз.» Осы сөзді естіп , баланың өнеріне тәнті болған Қонтажы хан: Қарағым Қазыбек, сен жаңа үйреткен жас тұлпар екнсің Сондықтан саған екі түрлі белгі беремін. Біреуі-сенің дауысыңдай қаңқылдап шығады екен сондықтан саған екі түрлі белгі беремін Біреуі-сенің дауысың қаздың дауысындай қаңқылдап шығады. Сондықтанда бұдан былай «Қаз дауысты Қазыбек» болсын. Екінші тоқсан жеті жүлдені саған арнап байладым. Содлан бері Қазыбек би атанып кетті.

Немересі:

-Ол үшін не істесем екен?

Әжесі:

-Үлкендерден үйреніп, сөз қадірін ұғынып, оны орнымен айта алсаң сен де ертен ақылды сөздің жүйесін білетін білімді білікті кемеңгер болып өсесін қызым!

Немересі:

-Айтқаныңыз келсін әже.

Сабақ барысын талдау:



















































Оқушылар екі рет оқиды, ұлдар оқиды, қыздар оқиды, ұлдар бастайды қыздар аяқтайды.







Мұғалім оқиды

Балалар тыңдайды

Шығармашылық жұмыс

Ник Вуйчич «Я люблю жизнь» видио ролигін көру.

Үй тапсырмасы: -Дәптерлеріне Өмір, достық, жақсылық, намыс сөздеріне мақал-мәтелдер жазып келу.

Топпен видио ролик тамашалау.


ӨМІР-ӨЗЕН

(«Заман» тобы)


1.Асып-тасып, төгілетін,

Алқынып ұшатын көңіл-ай,

Өзгерместей көрінетін,

Баянсыз бескүндік өмір-ай.

Тасқын болып, тасып тұрған

Жастық шақ алдады таңдамай.

Әлденеге асықтырған

Желігі басылмас жалған-ай.



Қайырмасы:

Өмір-өзен ағады, әттең,

Өкініштің алауы

Жанымды жеп барады.

Өмір-өзен ағады, әттең,

Менің жаным жаралы.

Қай жағада қалады?


2.Дүниеге алданады

Қомағай көзіміз тоймаған.

Бірақ соның бар мА мәні,

Тек оңаша үнсіз ойланам.

Өткізермін өмірімді

Шабытты оздырып сағатқа,

Жүректегі сенімімді

Сөндіре көрмеші, Жаратқан.


Топпен ән айту.

Соңғы тыныштық сәтi.(баяу әуен ырғағымен)

Ыңғайланып отырыңыздар,көздеріңізді жұмыңдарда ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңінін тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа махаббатпен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларына толғанын сезініңдер. Ал, енді көздеріңізді ашсаңдар да болады.

Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар!

 




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
"Жақсылық жан жадыратады" өзін-өзі тану пәнінен сабақ жоспары, 9 сынып

Автор: Амерханова Баян Жамбуловна

Дата: 26.04.2017

Номер свидетельства: 411776


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства