kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Ыры?сыз етіс" та?ырыбына ашы? саба?

Нажмите, чтобы узнать подробности

6-сынып?а ?аза? тілі п?нінен "Ыры?сыз етіс" та?ырыбына ашы? саба?.

Саба?ты? білімділік ма?саты: о?ушылар?а "Ыры?сыз етіс" та?ырыбын толы? ме?герту.

Дамытушылы? ма?саты: о?ушыларды? таным ?абілетін, логикалы? ойлауын, сауатты жаза білу да?дыларын дамыту.

Т?рбиелік ма?саты: о?ушыларды адамгершілікке, имандылы??а, о?уда, е?бекте табандылы??а, ма?саттылы??а т?рбиелеу.

Саба?ты? т?рі аралас саба?

Саба?ты? ?діс-т?сілдері 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Ыры?сыз етіс" та?ырыбына ашы? саба?»

Күні: 23.01.2015 ж.

Сыныбы: 6 "Ж"

Сабақтың тақырыбы: Ырықсыз етіс.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушыларға етістің түрлері, ырықсыз етістер жайлы лингвистикалық білім беру.

2.Дамытушылық: жылдам ой қорыту, тапқырлық, тиянақтылық қасиеттерін дамыту. Оқу материялын ұзақ есте сақтау қабілетін дамыту.

3.Тәрбиелік: оқушыларды ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, шапшаңдылыққа, дәлдікке тәрбиелеу, өз біліміне жауапкершілікпен қарауға баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: СТО әдістері.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

Қызығушылықты ояту.

"Бүгінгі білім - болашақта бағындыратын биіктеріңнің бастауы"

Эпиграф.

Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап,

Әуре етеді ішінде қулық сақтап.

Өзіңе сен өзіңді алып шығар,

Еңбегің мен ақылың екі жақтап.

Абай.

Оқушылардың қызығушылықтарын ояту мақсатында бүгінгі сабаққа алынған эпиграф сөйлем мен өлең шумағы слайдта көрсетіледі. Оқушылар өлеңнің авторын тауып, мазмұнын ашады.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

1."Оңай және қиын сұрақтар" стратегиясы

1)Етіс дегеніміз не? Мысал келтір.

2)Табыс септіктегі сөзді қажет ететін етістіктің түрі?

3)Өздік етіс дегеніміз не? Мысал келтір.

4)Етістің қай түрі салт етістік болады?

5)Өзгелік етіс дегеніміз не? Мысал келтір.

6)Бірнеше жұрнағы бірдей жалғанатын етістің түрі?

7)Өздік етістің жасалу жолдары қандай?

8)Іс-әрекеттің өзі емес, екінші, үшінші, төртінші адам арқылы іске асуын білдіретін етістіктің түрі не деп аталады?

2.Үйге берілген жаттығу жұмысын тексеру.

(Оқушылар бір-бірімен дәптер ауыстырып, слайдтан үй тапсырмасының жауаптарын тексереді. Бұл жерде жұптық жұмыс орындалады.)

245-жаттығу.

айт

айт-қыз

айт-қыз-дыр

айт-қыз-ба

айт-қыз-дыр-ма

айт-тыр

айт-тыр-ма

III. Жаңа сабақ

Мағынаны тану.

Бұған дейін іс-әрекетті біреудің тікелей өзі орындайтығын және іс-әрекеттің өзге біреу арқылы іске асатындығын қарастырдық. Енді істі кімнің істегендігі көрсетілмей, не істелгендігі ғана көрсетілетіндігін зерттей бастаймыз. Мысалы: бөлме тазартылды, гүлге су құйылды, астық егілді, ағаш отырғызылды, сурет салынды.

Осы мысалдардан мынадай ереже шығады:

Істі кімнің істегендігі көрсетілмей, не істелгендігі көрсетілген етістің түрі ырықсыз етіс деп аталады.

Ырықсыз етістің жасалу жолы:


Ырықсыз етіс



-ын, -ін, -н:

-ыл, -іл, -л:





жу-ыл-ды, жи-ыл-ды,

тер-іл-ді, шеш-іл-ді,

тара-л-ды, күре-л-ді,

айт-ыл-ды

ал-ын-ды, сал-ын-ды, әкел-ін-ді, іл-ін-ді, бөл-ін-ді, сөйле-н-ді, тазала-н-ды,

сарала-н-ды











"Венн диаграммасы"

Өздік етіс Ырықсыз етіс

Етістік негізінде -л дыбысы болса, онда ырықсыз етіс болады.

Мысалы: бөл-ін-ді, іл-ін-ді, ал-ын-ды, сал-ын-ды.

Өзіне тән істі, қимылды басқа біреу арқылы істемей, тікелей өзі істейтіндігін я өзі істегендігін білдіреді.

Мысалы: жу-ын, тара-н, сез-ін.




Етіс












Екі бағандағы етістіктерді салыстырып қарағанда, ырықсыз етіс жұрнақтарының сабақты етістіктен салт етістік жасап тұрғанын көруге болады.


Үй сал-ын-ды

Егін ор-ыл-ды

Су төг-іл-ді

Мал бағ-ыл-ды

Киім тазала-н-ды


Үй сал

Егінді ор

Суды төк

Мал бақ

Киімді тазала











IV.Сабақты бекіту:

247-жаттығу.

Өзгелік, ырықсыз етістердің жұрнағын бөліп жазыңдар.

Өзгелік етіс Ырықсыз етіс

Жет-кіз-іп жығ-ыл-ма-й-ды

жи-ыл-ып

сына-л-а-ды

тербе-л-іп

248-жаттығу.

Төмендегі етістіктерден ырықсыз етіс жасап, сөйлем құраңдар.

Сал, іл, жу, жи, сана, қара, сыла, айт.


V.Сабақты қорытындылау:

Ой қорыту.

1."Диалог" стратегиясы

Өздерінің қалауы бойынша тақырып таңдап, екі оқушы диалог құрайды. (Мысалы: "Ауруханада", "Дүкенде", "Сабақ үстінде", "Әжемнің ақылы")

Ішінде ырықсыз етіс болуы шарт.

2.Семантикалық карта


қ/с

Мысалдар

Өздік етіс

Ырықсыз етіс

Болымсыз етістік

Салт етістік

Өзгелік етіс

Сабақты етістік

1

сөйлеттір





+


2

қаранды

+






3

хабарланды


+





4

сырластым




+



5

сұра






+

6

мақтанба



+





VI.Оқушыларды бағалау:

Оқушыларды білімдеріне сәйкес бағалау.

VII.Үйге тапсырма:

249-жаттығу























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Ыры?сыз етіс" та?ырыбына ашы? саба?

Автор: Аманбаева Гулбану Онгаровна

Дата: 20.02.2016

Номер свидетельства: 296203


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства