kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Ыбырай Алтынсаринні? педагогикалы? м?расы" ма?ала

Нажмите, чтобы узнать подробности

?аза? ?дебиеті тарихында ?зіндік орны бар жазушыны? бірі - Ыбырай Алтынсарин.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Ыбырай Алтынсаринні? педагогикалы? м?расы" ма?ала»

Мәриям Хәкімжанова атындағы Щербаков орта мектебі

Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Кенжебаева БЯ.

Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық мұрасы

Қазақ әдебиеті тарихында өзіндік орны бар жазушының бірі - Ыбырай Алтынсарин. Ол – заманының ірі қоғам қайраткері, тұңғыш педагог жазушы, қазақ балалары үшін дүниелік ғылымдар негізін оқытатын тұңғыш қазақ мектебін ашушы. Болыстың бастауыш мектептер мен училищелерді ұйымдастырушы Қазақ елін қараңғылық бұғауынан алып шығып, көзін ашып, көкірегін оятуды көздеген халық қамқоршысы. Жастарға өмірлік оқудың есігін айқара ашып, болашағын меңзеген өнер-білімінің жалынды жаршысы. Бұқарашыл көзқарастағы оқу жүйесін негіздеуші. Озық ойлы, ұшқыр қиялды, шешен тілді азамат. өз өмірін халқы үшін еңбек етуге түгел жұмсаған адал жанды, зор жүректі, шын мәніндегі адам. Терең толғап, жүрек тебіренте жыр шерткен кемеңгер ақын. Қазақтың реалистік жаңа әдебиетін негіздеушінің бірі. Жан-жақты білімі бар талантты зерттеуші – ғалым.

Қазақ даласында тұңғыш рет орыс үлгісіндегі пәндік білім беретін мектептер ашып, оған орыс алфавиті негізінде оқулықтар жазды, өзі сабақ беріп, жаңа талапка сай келетін мұғалімдер дайындауға күш салды. Ыбырай жасаған окулық ең алдымен, орыстың қала берді Еуропа оқымыстыларының педагогикалық көзқарастары мен оқыту, тәрбиелеу әдіс — тәсілдеріне негізделіп жасалды, бірақ ұстаз оларды талғам-талдаусыз, сол күйінше ала салған жоқ керісінше, оған енетін материалдарды қазақ балаларының түсінік -танымына сәйкес етіп алды, өзі де осы талапқа орай әңгіме, өлеңдер жазып қарастырған хрестоматиясына қосты. Сөйтіп, ұлы ағартушы — ұстаз халқымызды білім бұлағынан сусындатып, өзге мәдениетті елдердің қатарына қосуға бойыңдағы бар күш-қуатын, білімін сарқа жұмсады. Бұл бағытта тыңнан жол салып, соған бүкіл саналы өмірін арнады. Ыбырай ауыл шаруашылық, қолөнер мектептерін ұйымдастырады. Ол қазақ жерінде алғаш қыздар мектебін ашқан.

Талай дана – данышпан, дарабоз тарихи тұлғаларды дүниеге келтірген дархан Қостанай топырағында ұлтымыздың алғаш білім қоңырауын соққан ұстаз Ыбырай Алтынсаринде туған.

Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы 20 қазанда Орта жүздің қыпшақ руында дүниеге келген (Қостанай облысының Затобол ауданы). Әкесі 1844 жылы Кенесары шапқыншылығы кезінде қаза табады да, жас Ыбырайды атасы, белгілі би Балғожа Жаңбыршыұлы тәрбиелейді. Ыбырай ең алдымен мұсылманша оқып сауатын ашады. Ол 2-3 жылдай ауыл молдасының алдын көреді. Атасы Балғожаның тұжырымды сөздеріне көңіл қойып, ел ішіндегі шешендер сөздерін көңіл қоя тыңдайды. Бойына біткен байқағыштық пен ұқыптылық Ыбырай болашағын белгілегендей еді.

Ыбырай Алтынсарин қазақ халқының өзіне тән ұлттық-тәрбие үрдістерін ағарту ісімен ұштастыра отырып, бүгінгі педагогика саласындағы бірнеше бағыттардың негізін салды. Халықтың ұлттық тәлім-тәрбиесі негізінде ол Қазақстандағы ұлттық мектептердегі оқыту ісінің әдістемесінің іргетасын қалады. Ол Қазақстандағы мектептердегі оқыту, білім беру ісін бір жүйеге келтіруді талап етіп, соны белгілі жолға қойды. Оның жаңашыл әдістерінің бірі - оқытудағы оқу үрдісін ана тіліне негіздей отырып, орыс тілін меңгеру болса, оқу үрдісіндегі жаңашыл идеясының бірі – оқулықтар мен оқу құралдарын орыс графикасына сүйене отырып, жаңа алфавит негізінде жасау болды. Ыбырайдың бұл ісі–ағарту саласындағы ұлттық тәлім-тәрбие мен білім мазмұнын сақтай отырып, күнделікті оқыту ісіне енгізу еді. Ал бүгінгі таңда Ы.Алтынсариннің бұл еңбегін мектеп тарихындағы білім беру ісіндегі бет ашары, ағарту саласына жаңаша сипат берген игілікті жұмыстарының төл оқу құралдарын дайындаудағы теориялық ізденістерінің бастамасы деуге болады.

Ыбырайдың оқу-ағарту ісіндегі тағы бір жаңалығы қазақ жастарына кәсіби мамандық беру мәселесін қолға алуы болды. Ол Торғайда, Қарабұтақта қолөнер училищесін, Қостанайда ауылшаруашылығы училищесін ашып, қазақ жастарына қажетті мамандар даярлау ісіне зер салды.

Ыбырай Алтынсариннің ұсынысымен және Орынбор оқу округінің белгілі қайраткері В.В.Катаринскийдің қолдауымен қолөнер мектебі 1883 жылы Торғауда ашылды. Бұл мектеп Орскіде де ашылды.

Қазақ жастарын орыс мәдениеті мен біліміне тартуда Ы. Алтынсаринның басшылығымен қазақ қыздары үшін ашылған пансионаты қыздар училищілерінің маңызы зор еді. Қазақ қыздарына тұңғыш білім беру ісіне жол ашқан да Ы.Алтынсарин болды. Ол Ырғызда қазақ қыздарына арнап интернаты бар мектеп аштырды. Мұнда негізгі оқу пәндері-тігіншілік өнері болды, онымен бірге қазақ қыздары орыс тілін (жазу,оқу) және арифметиканы оқыды. Ыбырай Алтынсаринің педагогикалық жүйесінің жетістігі барлық типті мектептердегі қазақша-орысша оқытудың сабақтастығы еді.

Ы.Алтынсарин мектептерінің оқу жоспарлары мен бағдарламаларының құрылымы, оқулықтары мен оның мазмұны ұлттық білім беру талабына сай құрылды.Ұлттық мектептің өсіп-өркендеуіне, ұлттық білім базасын қалыптастыруда ұлттық өз ана тіліне жазылған оқулықтар қажеттілігіне ол ерекше көңіл бөлді. Оның 1879 жазылған “Қазақ Хрестоматиясы” оқулығын жазды. Оқулықтың құрылымдық мазмұны оның өз шығармаларынан, қазақ халқының ауыз әдебиетінің үлгілі шығармалары мен әлемдік әдебиеттің ең таңдаулы үлгілерінен тұрды.

Ы.Алтынсарин өзінің “Қазақ хрестоматиясы” арқылы қазақ халқының арасына алдыңғы қатарлы орыс жазушыларының, ағартушыларының және педагогтардың өзық шығармалары мен идеяларының кеңінен таралуына негіз қалады, Қазақстанға орыс мәденетінің таралуына баға жетпес үлес қосты.

Ол К.Д.Ушинскийдің “Балалар әлемі”, Л.Н.Толстойдың “Әліппе және оқу кітабын”, Б.Ф. Бунаковтың “Әліппе мен оқу құралын”, Тихомировтың “Грамматиканың элементарлық курсын” оқу құралы ретінде ұсына отырып, кейін солардың үлгісімен өзі де “Қазақ хрестоматиясы”, “Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы “ атты екі оқу құралын бастырып шығарды.

Ы.Алтынсарин өзінің еңбектерін қазақ халқының салт –дәстүрлерінің ерекшеліктерін зерттеп, этнографиялық очерктер жазуға арнады. Ол 1870 жылы Ресей география қоғамының Орынбор өлкетану бөлімшесінің тапсыру бойынша “Орынбор ведомствосы қазақтарының өлген адамды жерлеу және оған ас беру дәстүрлерінің очеркі” мен “Орынбор ведомствосы қазақтарының құда түсу, қыз ұзату және той жасау дәстүрлерінің очерктері” атты екі еңбегін жазып тапсырды.

Ыбырайдың қазақ халқының салт-дәстүрлерін зерттеудегі мақсаты дәстүрлердің озығы мен тозығын ғылыми тұрғыда талдап, өзінің көзқарасын білдіре отырып, озық тәжірибелердің құралын жасау.

Ы.Алтынсарин өзінің барлық оқулықтарында, әдістемелік еңбектерінде жас ұрпақты тәрбиелеудегі оқыту мен тәрбиелеу мәселелерін көтеріп, өзектілігін шешуге ұмтылады және қазақ халқына білім берудің рөлін және оның маңызын, оның әлеуметтік ортаны қайта жаңғыртудағы рөлін көрсетеді.

Сонымен, Ы.Алтынсарин ХІХ ғасырдың екінші жартысында Қазақстанның білім беру жүйесінің дамуы мен қалыптасуына үлкен үлесін қосқан. Жаңаша мектептер ашып, жаңаша білім беру жүйесін құруға еңбек сіңірген ұстаз. Қазақтың оқу-ағарту саласының апостолы Ы.Алтынсарин мұраларын жеткізе зерттеп, оны ұстаздардың ұстазы деп қастерлеу, қадір тұту біздің міндетіміз.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
"Ыбырай Алтынсаринні? педагогикалы? м?расы" ма?ала

Автор: Кенжебаева Балжан Яголеевна

Дата: 17.05.2016

Номер свидетельства: 327943


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства