Тақырыбы | Ы.Алтынсарин. «Өзен» өлеңі |
Мақсаты | Өлеңнің идеясы арқылы халқымыздың дана сөздері туралы түсінік қалыптастыру.Өзеннің табиғаттағы әсем көрінісін талдау , салыстыру арқылы оқушы қиялының дамуына жол салу |
Жалпы мақсат | Тапсырмалар бойынша атқарушы ұғымын меңгерте отырып , тапсырмаларды орындауға машықтандыру және тақырып ұғымын, түрлерін ажыратуға дағдыландыру. |
Күтілетін нәтиже | Тақырыппен жұмыс жасау арқылы танымдық қабілеттерін арттырады |
7 модульдің қолданылуы | АКТ”, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”, “Оқытуды басқару және көшбасшылық”. |
Қолданылатын әдіс-тәсілдер | Миға шабуыл, Ассоциация,Кім шапшаң, Шығармашылық тапсырма. |
Қолданылатын ресурстар | Флипчарт, маркерлер, портреттер, тақта, стикерлер, ноутбук |
Ұйымдастыру кезеңі
Тренинг | Барлық оқушыны ортаға шығарып, шеңбер құрғызу. Сәлемдесу. Сыныптағы оқушыларды түгелдеу. Топқа бөлдіру. Қалай отыратындықтарын түсіндіру. Алтын ереже құрудың жолдарын айтып түсіндіру.
«Ортада қаламсап» топ басшысын сайлау. | Мұғаліммен сәлемдеседі. Шеңбер жасап бір-біріне жылы сөздер айтады. Сыныптың топ басшысы жоқтарды айтады. Түрлі- түсті қағаздарды алып ,сол бойынша топ құрып орындарына отырады. Сабаққа кедергі келтіретіндерді болдырмау шараларын жазып шығады. Оны тақтаға шығып А1 форматтағы қағазға жазады. 2 минут |
Сабақ кезеңдері | Тапсырма | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушылардың іс-әрекеті |
Білім
Қызығушылық тарын ояту | «Миға шабуыл»
| Видеоролик көрсету.Өзеннің ағысы. Сұрақ.Бұл не?Мұндай көріністі көрген оқушы болса,өз ойымен бөлісін. | Әр оқушы жеке -жеке жауап береді. 3 мин. |
Түсіну | Слайдтан Ыбырай Алтынсарин өмірі мен шығармашылығын көрсету. | Әр топқа семантикалық карта таратылады өткен тақырып пен жаңа тақырып төңірегінде ақылдасып орындап, талдайды. Топқа тапсырма беріледі. 1-топ Ыбырай өмірі. 2-топ Өзен өлеңі. 3-топ Өлеңдегі түсініксіз сөздерді жазу. 4- топ Өлеңдегі көркемдегіш сөз бен сөз тіркесін табу. | Топта талқылайды,талдайды, нәтижені интерактивті тақтаға жазып, қорғайды. 7 минут. |
Қолдану | Пікірталас сұрақтары, Ассоциация құру 1-топ 3-топ 2-топ 4-топ | Өзің көрген,байқаған,шомылған өзенді,көлді өз сөзіңмен жазу, әңгімелеу. | Сұраққа сыни тұрғыдан ойлана отырып жауап береді. Тақырып туралы өз ойларын жазады. Өз ойларын айтады. 8 минут |
Сергіту сәті | Сөзжұмбақ шешу | Оқушылармен бірге сергіту сәтін жүргізу. | Интербелсеңді тақтадағы сөзжұмбақ шешіледі.3 минут. |
Талдау | «Кім шапшаң» ойыны бойынша сұрақ- жауап жүргізу арқылы тақырыпты талдау | Өлеңнің буын өлшемі және ұйқас түрін анықтау, интерактивті тақтада көрсетіледі, топпен жарысады. Тау-лар-дан ө-зен а-ғар сар-қыр-а-ған 11б,(а)..... | Берілген тапсырманы уақытылы орындау, сұрақтарға нақты жауап беру.7-минут |
Жинақтау | Шығармашылық тапсырма. тақырыпты сабақты жинақтау | Әр топ табиғаттағы өзеннің көрінісін суреттеу. | Оқушылардың мақсаты берілген сұраққа өз ойларын жеткізе отырып ,тақыртыпты сипаттау арқылы жинақтайды. 8 минут |
Бағалау | Бағалау шкаласы мен бағалау парақтарын тарату | Әр топқа бағалау парақтарын тарату, бағалау шкаласын тақтаға ілу керек | Әр топ бағалау парақшасын өздерін бағалайды .3 минут |
Рефлексия | Стикерлерді толтыру | Оқушыларға стикер толтыруды ұсыну | Ұсынылған стикерді толтыру. 2 минут |
Үйге тапсырма | Өзен өлеңін жаттау. | Ы.Алтынсариннің өмірі туралы мәлімет жинау, жазу | 2 минут |