Мағынаны тану. Түсіну. 1.Әңгімедегі кейіпкерлерді ата? 2.Қыпшақ Сейітқұл қай жерге көшеді? 3.Әңгімедегі жер-су аттарын атаңыз? 4.Қыпшақ Сейітқұл еңбек арқылы қалай мұратқа жетті? Қолдану. 1.Берілген сөйлемдерді әңгіме мазмұнындағы сөзбен толықтыр? 1. Қабырғаның бойына келген соң, Сейітқұл қолына кетпен алып, ... үйлі кедейіне де кетпен беріп, жер тегістеп, егін егуге кірісті. (отыз) 2. Сейітқұлдың өзі де, жыйылған халқы да адалдары көбейіп, бай болды, ел жыйылып ... жұрт ағасы болды, енді сол жұртының адал бейнет, табан ет, мандай терімен тапқан дәулетін аңдыған жаудан, ұрыдан, даладағы бөріден сақтаудың қамын ойлап, уайымға қалды. (Сейітқұл) 3. Бұл жағынан көңілі тыныш болған соң, Сейітқұл енді Бұхара, Қоқанға мал айдатып, ол кенттерден қазақ қолды әртүрлі товар алдырып, жылда егін піскен уакытта манағы қорғанда ... реуішті базар болды.( жәрмеңке) Талдау. «Қыпшақ Сейтқұл қандай адам?» деген сұрақ бойынша Сейтқұл бейнесін көрсет. Еңбекқор Сейтқұл Көпшіл Т.б толықтырып жазыңыз. Жинақтау. 1.Мәтінге сүйене отырып,еңбекқор адам жайлы әңгімеле. 2.Осы әңгіменең «Атымтай Жомарт» әңгімесімен үндестігі мен айырмашылығын және Сейтқұл мен Жомарт бейнесін Венн диаграмасы арқылы жеке-жеке көрсет. 1-кесте «Қыпшақ Сейтқұл» әңгімесі мен «Атымтай Жомарт» әңгімесі Айырмашылығы | Ұқсастығы | Айырмашылығы | | | | | | | 2-кесте Қыпшақ Сейтқұл Атымтай Жомарт Бағалау. Үйге. «Еңбек мұратқа жеткізер» тақырыбында эссе жазыңыз. Кері байланыс. Топтық бағалау. Бағдаршам арқылы |