XX ?асыр ?дебиеті. Ш?к?рім ??дайберді?лы (1858–1931), «Адамды? борышы?».
XX ?асыр ?дебиеті. Ш?к?рім ??дайберді?лы (1858–1931), «Адамды? борышы?».
Б?л саба? балалар?а ?те ?атты ?нады. Б?л саба?ты? шы?уы да ерекше болды. Саба? ерекше бол?анды?тан сіздерге ?сынып отырмын. Сонымен ?атар б?л саба? ерекшелігімен бол?анды?тан сіздерге керек деген ойдамын. ?рбір м??алімдер ?шін ерекше ??ндылы? болар деген ойдамын. Керектері?ізге жаратар деген сенімдемін
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
• XX ғасыр әдебиеті. Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858–1931), «Адамдық борышың».
Мақсат:
Білімдік
Жаңа білім
• Ш. Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығы туралы ақпарат алады. «Адамдық борышың» өлеңі арқылы халқына адал еңбек ету, ар сақтау, талаптанып білім мен өнер үйрену, мейірімді, қайырымды болуды тұжырымдайды.
Жаңа түсінік
• Адамгершілік, азаматтық, ішкі рухани тазалықты айырып таниды және өз сөзімен түсіндіреді.
Құзырлылық
Қолданым әрекеті
• Адамның адамгершілік ізгі қасиеттері туралы мақал-мәтелдерді және адамдық борышты пайдаланады.
Талдау әрекеті
• Абай мен Шәкәрім шығармашылығының байланысын анықтайды, «Әсемпаз болма әрнеге», «Адамдық борышың» өлеңдерінің ұқсастығын салыстырады.
Шығармашылық әрекет
• Тірлікте талаптануды, бар мүмкіндікті тиімді пайдаланып қоғамға, өзіңе, жалпы адамға пайдаң тиетін адамдық қасиеттерге ие болуды түйіндейді.
Құндылық
Бағамдау әрекеті
• Елі мен ата-ана алдындағы міндет пен борышты жоғары бағалайды.
Сабақ құрылымы:
І. Ақпарат алмасу (12 мин.).
ІІ. Алғашқы бекіту (5 мин.).
ІІІ. Құзырлылық қалыптастыру (15 мин.).
ІV. Шығармашылық қалыптастыру (10 мин.).
V. Бағамдау-бағалау (3 мин.).
Сабақ типі:
• Жаңа сабақты меңгерту.
Оқыту әдісі:
• Репродуктивті, ішінара-зерттеушілік.
Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі:
• Қажетті бастапқы ақпарат береді, алдын ала әзірленген тапсырмалардың орындалуын ұйымдастырады, көмек көрсетеді.
Негізгі ұғымдар мен терминдер:
• Адам, еңбек, адамгершілік, терең ой, дүние, өшпес із, борыш, білімсіз, өнерсіз, бақыт.
Оқушыда дағды қалыптастыру:
• Логикалық ойлау, ой қорыту, өздігінен және топта жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.
Ақпарат көздері:
1. Қазақ әдебиеті. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық / К.Ісләмжанұлы, С.Тілешова,
Б.Әрінова, Р.Баттал. – Алматы: Атамұра, 2006. 81-83 б.
2. Б.Әрінова, А.Аққұлова. Қазақ әдебиеті. Оқыту әдістемесі. Жалпы білім беретін мектептің 6–сынып мұғалімдеріне арналған. Алматы: Атамұра, 2001. 23 б.
3. Ш.Құдайбердіұлы. Шығармалары. – Алматы: Жазушы, 1988. 267 б.
4. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. / Т.Жанұзақов. – Алматы: Дайк-Пресс, 2008. – 968 б.
5. Қазақ әдебиеті. 6–сынып [Электрондық оқулық] /Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған. Алматы: Атамұра, 2006. – 1 электрон. опт. диск (PC. CD-ROM). – Атауы – дискінің этикеткасынан.
Оқушы жетістігін бағалау:
• Негізгі баға құзырлылық қалыптастыру блогының тапсырмаларын, ал бонус бал шығармашылық қалыптастыру блогын орындағаны үшін есептеледі.
Үй тапсырмасы:
• «Адамдық борышың» өлеңін жаттау.
• «Менің борышым» тақырыбында шағын шығарма жаз.
САБАҚ БЛОКТАРЫ
і. аҚПАРАТ алмасу
Тақырып жоспары:
Шәкәрім Құдайбердіұлы.
Абай және Толстой шығармашылығымен үндестігі.
«Адамдық борышың» өлеңін талдау.
Слайдтар:
1-слайд (титулдық слайд)
2-слайд
Сабақ мақсаты
3-слайд
Тақырып жоспары
4-слайд
1-тақырыпша. Шәкәрім Құдайбердіұлы.
5-слайд
• Шәкәрім – XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті тарихында тұлғалы ақын.
• 1858 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданындағы
Шыңғыс тауының бөктерінде дүниеге келген.
• Екі рет қажылыққа барған.
• Араб, орыс, түрік, парсы тілдерін меңгерген.
• Толстойдың шәкіртімін деп есептеген.
• 1931 жылы қазаға ұшыраған.
6-слайд
Шәкәрім кім?
• Ақын, ұлы Абайдың шәкірті, замандасы, немере інісі.
• Ақын шығармашылығындағы ерекше тақырып – еңбек тақырыбы екендігі. Қоғамдағы барлық кеселден тек еңбек арқылы құтылуға болады, еңбек- адамзат дамуының кілті.
• Ақын жастарды халқын дүние жүзі елдерінің өнері, білімі, ғылымын үйренуге үндейді.
• Ақын кірсіз ақыл, мінсіз сөз, адал еңбек анық бақ деп білді.
• Ұрпаққа алған білім, ғылымыңды келешекте халқыңа қызмет етуге жұмсау – адамдық борышың екенін айтады.
8-слайд
«Кел, жастар, біз бір түрлі жол табалық,
Арам айла, зорлықсыз мал табалық.
Өшпес өмір, таусылмас мал берелік,
Бір білімді, данышпан жан табалық...» - деп, адам болу, азамат болу білім арқылы келетінін айтады.
9-слайд
2-тақырыпша. Абай және Толстой шығармашылығымен үндестігі.
10-слайд
А. Құнанбаев
1845-1904
Шәкәрім – қазақ қоғамының рухани өсуін армандаған.
Ал енді, олай болса, кімді алалық?
Қазақта қай жақсы бар көз саларлық?
Шын іздесек – табармыз шыны ғалым!
Жалыналық Абайға, жүр, баралық!
11-слайд
• Шәкәрім атамыздың шығармаларының тұнығы осы рухани тәрбие. Ғасырлар бойы Абай тілі адамзатты адастырмай алдына жарық салар шығарданы болды. Абай ізін жалғастырушы адамдық жолын айнытпай танытқан Шәкәрім жырлары бүгінгі ұрпақтың бойтұмары болмақ.
• Шәкәрім шығармашылығын оқығанда Абайдың терең ойлы маржан сөздерін еріксіз еске түсіреді. Ол – заңдылық. Абай аталарыңның «Рақымдылық, мейірбандық, әр түрлі істе адам баласына өз бауырым», - деп жақсылық жасау, мейірімді болу идеясы ақын өлеңдерінде айқын білінеді.
12-слайд
Абай мен Шәкәрім шығармашылығындағы үндестік
Абай Құнанбайұлы
Шәкәрім Құдайбердіұлы
«Әсемпаз болма әрнеге»
«Адамдық борышың»
Пайданы көрсең бас ұрып,
Мақтанды іздеп қайғы алма.
Мақтанға салынба
Мансаптың тағы үшін.
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та, бар қалан!
Жоба тап,
Жол көрсет,
Келешек қамы үшін.
Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға!
Ғибрат алар артыңа ізқалдырсаң,
Шын бақыт –
Осыны ұқ,
Мәңгілік өлмейсің!
Өзіңде бармен көзге ұрып,
Артылам деме өзгеден.
Ақ жолдан айнымай,
Ар сақта, оны біл.
Мініңді ұрлап жасырып,
Майданға түспей бәйге алма!
Білімсіз,
Өнерсіз,
Болады ақын – тұл.
13-слайд
Қорытынды
А. Құнанбайұлының «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңі мен Ш.Құдайбердіұлының «Адамдық борышың» өлеңіне ортақ мазмұн
• Ұрпаққа өсиет.
• Айтылған үлгі-өнеге арқылы адамгершілік құндылық.
14-слайд
Л.Н. Толстой мен Шәкәрімді үндестірген рухани байланыс
1828-1910
Л.Н. Толстой
• Шәкәрім орыс әдебиетінің классигіЛ.Н. Толстоймен пікірлес болып, хат жазысып тұрған.
• ШәкәрімніңЛ.Н. Толстойға арнаған «Жасымнан жетік білдім» өлеңі бар.
Танбаймын, шәкіртімін Толстойдың,
Алдампаз, арам сопы кәріп қойдың.
Жанымен сүйді әділет ардың жолын,
Сондықтан олиесі терең ойдың.
15-слайд
3-тақырыпша. «Адамдық борышың» өлеңін талдау.
16-слайд
Борыш дегеніміз не?
• Міндет, парыз, қарыз.
• Әрбір адамның Отан алдында, халық алдында, ата-ана алдындағы борышы.
17-слайд
• Негізгі тақырыбы – адамның қоғам алдындағы борышы мен міндетін айқындау.
• Идеясы – артына үлгі аларлықтай іс қалдыру.
18-слайд
Қайтсек адам боламыз?
• Халқымызға адал еңбек ету, ақ жолдан таймау.
• Ар-ұятымызды таза сақтауымыз керек.
• Талаптанып өнер мен білім үйренуіміз керек.
• Білімсіз, өнерсіз нәрселердің бәрі бос.
• Адам баласы өмір сүрген ортасында рухани-адамгершілік қасиеттермен, адал еңбегімен, жақсы мінез-қылығымен бағалы.
19-слайд
Адамның борышы дегеніміз не?
• Халыққа адал еңбек ету, білім мен өнер үйрену, келешекке жол көрсету, үлгі алатындай із қалдыру.
• Жаман қылықтардан аулақ болу, мансап үшін мақтанға салынбау, бақ үшін арсыз қылықтардан аулақ болу.
20-слайд
• «Адамдық борышың» өлеңінде жақсылық жасау, мейрімді болу идеясы айқын көрінеді.
• «Ақ жолдан айнымай,
Ар сақта, он біл», - деп, ар-ұжданның ақ жолдан айнытпас серігің болатынына сенім білдіреді. «Ақылды болсаң арыңды сақта, ар-ұят керек әр уақытта» деп ар-ұжданды қастерлеп, оны адамгершіліктің туы санайды.
21-слайд
«Адамдық борышың» өлеңінің құрылымдық ерекшелігі.
Адамдық борышың -
Халқыңа еңбек қыл.
Ақ жолдан айнымай
Ар сақта, оны біл.
Талаптан да, білім мен өнер үйрен,
Білімсіз,
Өнерсіз,
Болады ақын – тұл.
1.------------------- 6
2.------------------- 6
3.------------------- 6
4.------------------- 6
5.-------------------- 11
6.----------- 3
7.----------- 3
8.------------ 6
• Өлең құрылымындағы ерекшелік, яғни орыс әдебиеті классиктерінің өлең жолдарындағы ұқсастық. Және де бұл Абай өлеңдерінде кездеседі. Мысалы: «Бойы бұлғаң», т.б.
22-слайд
Шәкәрім – Абай салған ізбен қазақ халқының өлеңін жаңа бір белеске көтерген ақын
Абайдың ізбасары,
Толстойдың шәкірті.
Абайша жырлаған,
Толстойша ойлаған.
23-слайд
«Адамдық борышың» өлеңінде кездесетін түсініксіз сөздер
Р/С
Қиын, бейтаныс сөздер
Сөздің түсіндірмесі
1
Мансап
Атақ, даңқ
2
Нәпсі
Тойымсыздық, көрсеқызарлық
3
Тұл
Жалғыз, ескерусіз қалу
4
Сарп қылу
Жанымен беріле орындау
II. Алғашқы бекіту
Мына кестені толтыра отырып сабақтың мазмұны бойынша
қорытынды шығар.
Шәкәрім кім?
Автор «Адамдық борышың» өлеңінде қандай адамдық қасиеттерді насихаттайды?