kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ұстаз есімі - мәңгі ұлағатты бір арман

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мақсаты:

Ұстаздарды ұлықтау. Ғасырлық тарихы бар мектептің аңыз адамы Р.Р.Рафкатовичтің еңбектері мен құрметін оқушыларға паш ету.

Сахна сыртынан Ұстаз  туралы өлең оқылады

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ұстаз есімі - мәңгі ұлағатты бір арман»

Шара тақырыбы:Ұстаз есімі- мәңгі ұлағатты бір арман

Мақсаты:

Ұстаздарды ұлықтау . Ғасырлық тарихы бар мектептің аңыз адамы Р.Р.Рафкатовичтің еңбектері мен құрметін оқушыларға паш ету .

Сахна сыртынан Ұстаз  туралы өлең оқылады

Данышпан да, дана да оқып сенен,
Атақ-даңқын асырды бар әлемнен.
“Ұстаз” деген аяулы, асыл жанды,
Жақсы көрем, арнаймын жақсы өлең!

Мұғалім:
Ұстаз деген – анасы ол адамның.
Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,
Сен де одан адам болып жаралдың.
Ұстазыңды түсінген сен тереңнен,
Бар әлемге еңбегімен еленген.
Сенің бағың өрге қарай өрлесе,
Ол да бірге қуанышқа кенелген.
Сол арқылы сен де өмірді жалғадың,

дей келе ұстаз адам баласының жанашыры , өмірге бағыт бағдар беруші ,ұстаз білімнің нәрімен сусындатып, еңбекке үйреуші жан.Осы ғасырлық мектебіміздің жанашыры еңбекқор ұстаз ,бірнеше Құрметке лайық аңыз адам ол-Равиль Рафкатович.

Слайд

Ән: Шынұзақ Саламаттың орындауында «Ұстазым »әні қабыл алыңыздар

Ал өнерлі болу кез-келген адамға қона бермейді. Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт. «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген сөз тегін айтылмаса керек.

Жүргізуші

Достар , мен  осы сөзің дәлелді бола түсу  үшін мына жыр шумақтарын қосайын.   

  Ұстаз болу – жүректің батырлығы,

Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,

Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,

Азбайтұғын адамның алтындығы –

деп ақын Ғафу Қайырбеков ағамыз жырлағандай, біздің мектебімізде сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін. Әрине, ұстаз жүгі–ауыр жүк. Адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?!

Мұғалім :  

Ендеше, Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,

Көңілді күндер тусын алдан әлі

Ән-шашу әсем әуен, түрлі өнер,

Бүгінгі күн сіздерге арналады.

     Бейнесюжет сіздерге арналады, аяулы ұстаздар, қабыл алыңыздар! (видеоролик)

Әли Дилназ. .

      Күллі өмірін жеткіншекке арнаған

                  Мұғалімді ардақтайды барша жан

                  Ол мектептен шықпаса да қыс- жазы,

                  Жемісі оның жердің жүзін шарлаған

                   Бала десе ойламайды өз қамын

                   Керсем дейді күнге де кол созғанын            

                   Шәкірттерін өзінен де озғанын.  

Әділова Альфия.  

 Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар!

                  Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.

                  Жан біткен жанарына нұр сыйлаған,

                  Күндей боп күлімдеген жарықсыздар.

        Әдемі, екеуміз ұстаздар туралы нақыл сөздер айтып жарысып көрсек қайтеді?

Нақыл сөздер

Ниеталин Азиз орындауында күй «Еркесылқым»

………………………………

Нұршат:

Білдіріп шәкірттердің ақ ниетін,

Ұстаздың алып жүрген атын еркін

Біз сізге өлеңнен өріп ұсындық,

Жүректің алғысы мен рақметін.

Бота :  Мерекемізді жалғастырайық

Ұлбибі :

Ұ стаз деген – жарық күні ғаламның,
Ұстаз деген – анасы ол адамның.
Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,
Сен де одан адам болып жаралдың

Алымжан :

Қадіріңді кезінде

             Білмепті ғой ұланың.

            Қазір әрбір сөзіңе,

             Елеңдейді құлағым.

Нұркел :

Бірдей етіп ұстадың.

             Демей бізге бөтенсің.

             Кейде акылын ұстаздың,

             Сағынады екенсің.

          Бәрі бірге :   

Сол ұстазға жаны нұр,

              Демек үлкен адаммын.

               Есейсек де бәрі бір,

  Баяғы шәкірт, балаңмын-деп қанша есейіп кетсек біз  сіздерді  ешқашан  ұмытпаймыз.

1-Жүргізуші : Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан ұлағатты ұстаздар сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.







































№5 мектеп-лицей










Ұстаз мәңгі ұлағатты бір арман






Өткізген: Г.Е.Аетова

Класс:5 «Г»














Шалқар -2018ж

























«Ұстаз аты – биік, әрі мәңгілік» атты мерекелік жиын

Мақсаты: Оқушыларды ұстазды құрметтеуге, сыйлауға үйрету, ұстаз мамандығының
қыры мен сырларын түсіндіру. Ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге үйрету.
Көрнекіліктер: Қанатты сөздер, гүлдер, жалауша, шарлар.
Би: «Ақбұлақ»

І жүргізуші: Ұлылықтың ұйытқысынан жаралған,
Өнегеңнен барлық шәкірт нәр алған.
Шапағатты шуақ сепкен ұстаздар,
Өздеріңнен бастау алар бар арман.

ІІ жүргізуші: Ұстаздар жақсылықтың жол ашары,
Қолыңда шәкіртіңнің бала шағы.
Өмірді алға қарай өрлететін,
Сендерде Ұлы Отанның болашағы –

І жүргізуші: Ұстаз ... Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық
нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегіндегі қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, оның бірі – Ұстаз.

ІІ жүргізуші: Дұрыс айтасың Ұлжан.
«Ұстаз» деген сөз қазақ баласы үшін қашанда қасиетті, қадірлі болған.«Ұстаздан тәрбие алған » немесе «Ұстаз алдын көрген» деген сөздер « ана тәрбиесін алған» деген сөздермен ұштасып жатады.

І жүргізуші: Иә, Жеңісбек.
Ұрпақ тәрбиесі – ұстазға байланысты. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің » дегендей өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт шығатыны сөзсіз.

ІІ жүргізуші: Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім – тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт – бағдар беруде еңбегі зор.

І жүргізуші: Шәкірттерге білім беруде ұстаздардың еңбегі ұшан теңіз. Сондықтанда ұстаз әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.

ІІ жүргізуші: Олай болса, қадірлі ұстаздар!
Сіздерді төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз.

І жүргізуші: Сіздердің шәкірттерді тәрбиелеп, білім беру жолындағы еңбектеріңіз жана берсін.

І, ІІ жүргізуші: Еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға бақыт, мерейлеріңіз үстем бола берсін демекпіз.

І жүргізуші: Олай болса бүгінгі мерекеге арналған «Ұстаз аты – биік әрі мәңгілік» атты мерекелік жиынымызды ашу үшін мектеп басшысы Ғалымбек ағайға береміз. Рахмет, ағай!
«Той бастар» әнін қабыл алыңыздар. Орындайтын 8 – класс оқушысы Сейділда Жұлдыз.

ІІ жүргізуші: Келесі тыңдайтын әндеріңіз «Ұстазым» орындайтын 10 – класс оқушысы Сілтеу Мадина.

І жүргізуші: Ұстаз! Осы бір сөздің өзінде қаншама мән – мағына, қасиетті ұғым жатыр. Ұстаз алдынан өтпейтін ешкім жоқ. Жүрексіз өмір болмаса, мұғалімсіз білімнің, тәрбиенің іске аспайтыны белгілі. Небір данышпан адамдар, қарапайым еңбеккерлер, тіпті арман қуған жеткіншектер де бәрі бір адамға қарыздар.

ІІ жүргізуші: Иә, ол – ұстаз! Ұстазсыз өмірдің нақты тұтқасын ұстау мүмкін емес. Адамды тәрбиелеп, оны азамат атандырудың өзі бір үлкен күш, сондықтан да ұстаздың еңбегі – ұлы еңбек.
Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып тер төккен шопан да бәрі – бәрі ұстаздан тәлім алған, сондықтан барлық құрмет ұстаздарға арналады.

І жүргізуші: Олай болса ұстаздарымыздың құрметіне ауыл әкімі Бибісара апайдың жылы лебізін тыңдасақ.
Рахмет, апай!

ІІ жүргізуші: «Қазақ қызы» орындайтын 8 – класс оқушысы Қуанышбай Әбдуали.
І жүргізуші: Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,
Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып,
Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы,
Қасиетіне бас иейік мәңгілік! – деп келесі мерекелік құттықтау сөзді ардагер ұстаз Кемал ағайға береміз. Рахмет, ағай!

ІІ жүргізуші: «Ұстазыма» орындайтын 7 – класс оқушысы Жеткербай Гүлзат.
І жүргізуші: «Мектеп – білім тірегі, ұстаз - оның жүрегі» - деп ғұлама ағаларымыз айтқандай, Жеңісбек менің ойымша, кез – келген адам ұстаз бола алмайды.

ІІ жүргізуші: Олай ойлауыңның себебі неде?
І жүргізуші: Себебі ұстаздық - өнер, тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез – келген адамға қона бермейді.

ІІ жүргізуші: Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын, ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт.
Ұлжан, «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген сөз тегін айтылмаса керек.

І жүргізуші: Ұстаз деген – жарық күні ғаламның,
Ұстаз деген – анасы ол адамның.
Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,
Сен де одан адам болып жаралдың – деп келесі мерекелік құттықтау сөзді мектепішілік ата – аналар ұйымының төрағасы Мейрамбек ағайға береміз. Рахмет, ағай!

ІІ жүргізуші: «Асыл досым» әні орындайтын 8 – класс оқушысы Сейділда Жұлдыз.
І жүргізуші: Мұғалім, ғазиз мұғалім,
Төгілген арай, шуағым
Арманым қонса, қолыма,
Арқаң деп сенің ұғамын.
ІІ жүргізуші: Мұғалім, ғазиз мұғалім,
Сарқылмас мәңгі бұлағым.
Ұланың бүгі тойыңда,
Арнайды саған бұл әнін.

І жүргізуші: Жеңісбек, ұстаздық ету – уақыт ұту емес, өзгенің бақытын аялау, өзінің уақытын аямау – деген екен ғұлама ағаларымыз.

ІІ жүргізуші: Дұрыс айтасың, Ұлжан.
Алтын уақыттарын сарп қылып, ұстаздық еңбегін шыңдау барысында көмегін аямай, балаларды білім нәрімен сусындатқан аяулы ұстаздарымыздың еңбегі зор.

І жүргізуші: Олай болса ұстаздарымызға арналған құттықтау сөзді мектепішілік өзін - өзі басқару ұйымының президенті Әбілова Ақмаралға береміз. Рахмет!
ІІ жүргізуші: «Ұстазым» әні орындайтын 7 – класс оқушысы Жұматай Тұрсынай.
І жүргізуші: Ұстаз жолы қиынырақ басқадан,
Сырлары мол әлі сыртқа шашпаған
Шаршаса да осы жолдың бойында,
Қандай жақсы шын бақытын тапса адам – дей келе ендігін мерекелік құттықтау өзді мектеп басшысы Ғалымбек ағайғ береміз. Рахмет, ағай!
«Достар» әні орындайтын 10 – класс оқушысы Сілтеу Мадина.

ІІ жүргізуші: Мектеп үйім, ұстаздарым ата – анам,
Сенен өсіп, сенен ғана нәр алам.
Саяң ыстық, сен мәуелі бәйтерек,
Тамырлары сан тарапқа тараған.

І жүргізуші: Бүгінгі күн құшақтары гүлге толсын,
Дендеріңнің саулығы мықты болсын.
Білімімен суарған шәкірттерін,
Төл мерекең ұстаздар құтты болсын!

ІІ жүргізуші: Құрметті ұстаздар, қонақтар!
Бүгінгі Ұстаздар мерекесіне арналған «Ұстаз аты – биік әрі мәңгілік» атты мерекелік жиынымызды жабық деп жариялаймыз.
І жүргізуші: Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп – көп рахмет!











Жаңа оқу жылын жағымды бастайық!»

(ұстаздарға арналған психологиялық ойын)

І. Сәлемдесу:

Уақыты: 10-15 минут

Барлық қатысушылар дөңгеленіп отырады. Әр бір қатысушы бір-екі сөзбен өзін таныстырып, бүгінгі көңіл-күйімен бөліседі. Мысалы: «Менің атым Назым. Мен – психологпын. Бүгін көңіл-күйім өте тамаша!»

ІІ. Ақпараттық бөлім:

«Мектептегі психологиялық қызмет. Оның бағыттары»

Уақыты: 25-30 минут

ІІІ. Сергіту сәті: «Қасиеттер жиыны» ойыны.

Қажетті құралдар: доп

Уақыты: 10-15 минут

Барысы: Ұстаздар ортаға шығып, дөңгеленіп тұрады. Жүргізуші қолына допты алып, ортаға шығады. Кез келген қатысушының біреуіне допты лақтырып қалып, бір әріпті айтады. Допты қағып алған ойыншы сол әріптен басталатын бір қасиетті айтады. Мысалы:

Жүргізуші: «Ә» әрпі

Ойыншы: «Әдемі»

ІV. Ой толғау: «Басқару әдістері немесе Сіз қандай әдіс қолданасыз?»

Қажетті құралдар: сурет бейнеленеген және сұрақтар жазылған карточкалар

Уақыты: 15-20  минут

Барысы: Барлық мұғалімдер 5 топқа бөлініп отырады. Әр бір топқа алдын ала дайындалған карточкалар таратылады. Бұл карточкаларда басқарудың әдісі бейнеленген сурет және тақырыпқа сай сұрақтар жазылған. Әр бір топ суретке қарап, берілген сұраққа жауап бере отырып, өз ойымен бөлісуге тиіс. Дайындыққа: 5 минут, әр бір топқа сөйлеуге: 5 минут  уақыт беріледі.

V. «Құпия сөздер» топтық ойыны.

Қажетті құралдар: ақ қағаз, қалам, әліпби

Уақыты:  15-20 минут

Барысы: Қатысушылар 3 топқа бірігеді. Әр бір топ  көп сандар жазылған қағаздан алады.  Бұл сандардың артында жасырын сөздер бар. Қатысушылардыңміндеттері: берілген әліпбиге қарап отырып, әр бір жасырын сөзді тауып, кейін толық сөйлемді құрап шығу. Барлығын өте тез, шапшаң орындау керек. Орындалу уақыты тіркеледі.

1) 18 8            27 34 36 18        21 17 36 23          24 27 23 26

14 8 23 8 14 25 36 5 36 18         3 36 16 5 8 18         1 7 1 17,   14 8 11

14 8 16 5 8 18            15 1 16 1 13 6 1        25 21 25 8 22         3 8 23 8

1 16 1 7 38.  

 

2) 3 1 15 38 25 – 20 16    26 1 13 38 17 – 15 1 13 6 38 24 38 11     21 17 36 23           8 17 8 24,  3 1 15 38 25 – 20 16    10 1 18 18 38 19       14 27 13 36.

 

3) 3 1 15 38 25    14 21 3 8 16 8 14     24 12 42 15 25 38.    20 18 38   

28 24 25 1 26 6 1    25 38 23 38 24 15 1 18   24 1 13 38 18      15 20 16 7 1 18

24 38 23 6 12      3 8 23 8 7 36.  3 36 23 1 15   8 5 8 23    24 36 11  

11 8 13 36 18 36 19 36 11 7 36      3 1 24 15 1       18 2 23 24 8 16 8 23 5 8

1 26 7 1 23 24 1 19 38 11,  20 16    21 11 36      14 8 16 8 7 36   7 8,   10 2 13  

6 1 18 1      12 38 6 38 19 38 11 6 1       15 20 18 1 7 38.

Кілті:

1)    Неүшін өмір сүру керектігін білген адам, кез келген қалайға төтеп бере алады.

2)    Бақыт – ол уайым-қайғысыз өмір емес, бақыт – ол жанның күйі.

3)    Бақыт көбелек сияқты. Оны ұстауға тырысқан сайын қолдан сырғи береді. Бірақ егер сіз зейініңізді басқа нәрселерге аударсаңыз, ол өзі келеді де, жәй ғана иығыңызға қонады.

VІ. «Ұстаз тұлғасы» психологиялық тренинг.

Қажетті құралдар: карточкалар

Уақыты: 15 минут

Барысы: Ортаға белгілі бір бейнедегі ұстаз сипаттамасы жазылған (айталық: «ұстаз - лидер» т.с.с.) карточкалар бар үлкен қорап қойылады. Әр бір қатысушы қолын созып, кездейсоқ бір карточканы алады. Мұғалім өз карточкасындағы берілгенді ым-ишара арқылы білдіруге тиіс. Ал қалған ойыншылар ол қандай қасиетті көрсетіп тұрғанын анықтаулары қажет.  

VІІ. «Жасырын хат, ойлан тап!»

Қажетті құралдар: ватман, түрлі түсті фломастерлер, қарындаштар, өшіргіш, сызғыш

Уақыты: 20 минут

Барысы: Қатысушылар 3 топқа бірігіп отырады.

Жүргізуші:  Ерте-ерте-ертеде . . . әлі адамдардар әріп танымаған уақытта да, олар бір-біріне хат жазған екен. Қалайша? Олар сурет салуды біліпті. Бүгін біз соны үйренеміз. Өз қарсыластарыңызға сурет арқылы қысқаша ғана ойларыңызды жеткізіңіздер. Әр бір топқа белгілі бір сөйлемдер беріледі:

    «Бүгін маған сағат кешкі 6-да телефон соқшы» - 1-ші топқа арналған хат;

    «Бүгін жұмыстан кейін кинотеатрға барайық» - 2-ші топқа арналған хат;

    «Жексенбі күні сағат 15.00-де менің туған күніме кел» - 3-ші топқа арналған хат.

Ұстаздар өздеріне берілген тапсырманы ватманға сурет арқылы салып, өзара алмасады. Келесі топтың қатысушылары, суретте берілген сөздерді анықтаулары қажет.

 

Рефлексия:

Шырақ жағылып, бірінші тұрған ұтазға беріледі. Ол бүгінгі психологиялық сабақ туралы өз ойын, алған әсерін  3 сөзбен ғана  білдіріп, шырақты келесі  мұғалімге береді. Шырақ барлығының қолынан өткеннен кейін, жүргізуші шырақты өз қолына алып, барлық қатысушыларға алғысын білдіреді.



 




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
Ұстаз есімі - мәңгі ұлағатты бір арман

Автор: Аетова Гүлжахан Еділбайқызы

Дата: 06.11.2018

Номер свидетельства: 483933

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(69) "Ұстаз есімі- мәңгі ұлағатты бір арман."
    ["seo_title"] => string(38) "ustaz_esimi_m_ngi_ulagatty_bir_arman_2"
    ["file_id"] => string(6) "483959"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1541535585"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(38) "Ұстаз - ұлағатты есім"
    ["seo_title"] => string(23) "u_staz_u_lag_atty_iesim"
    ["file_id"] => string(6) "347381"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1475578715"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(69) "Ұстаз есімі - мәңгі ұлағатты бір арман"
    ["seo_title"] => string(38) "ustaz_esimi_m_ngi_ulagatty_bir_arman_1"
    ["file_id"] => string(6) "483938"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1541528734"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(38) "А?ылшым,досым,?стазым"
    ["seo_title"] => string(20) "akylshymdosymustazym"
    ["file_id"] => string(6) "291828"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1455190318"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(48) "Тақырыбы: Ұстаз - ұлы тұлға"
    ["seo_title"] => string(24) "takyryby_ustaz_uly_tulga"
    ["file_id"] => string(6) "480382"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1539277782"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства