kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Урок в 8 классе «Сауда жасай білесің бе?Базарға қарап тұрсам әркім барар» Абай Құнанбайұлы

Нажмите, чтобы узнать подробности

урок казахского языка в 8 классе. урок направлен на изучение творчества А.Кунанбаева

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Урок в 8 классе «Сауда жасай білесің бе?Базарға қарап тұрсам әркім барар» Абай Құнанбайұлы»

Қысқа мерзімді жоспары

Сабақтың тақырыбы: «Сауда жасай білесің бе?Базарға қарап тұрсам әркім барар» Абай Құнанбайұлы

Сынып: 8

Мұғалімнің аты – жөні: Аскабулова А.Т.

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

«Сауда жасай білесің бе? Абай Құнанбайұлының «Базарға қарап тұрсам әркім барар» өлеңі бойынша

Ж3 көркемдегіш құралдарды қолданып жазу.

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар орындай алады: «Сауда жасай білесің бе? Базарға қарап тұрсам әркім барар» тақырыбы бойынша өлеңді түсінеді,көркемдегіш құралдардың мағынасын жазады, сауда жақсы жүру үшін нені ескеру керек?...деген сұраққа жауап береді.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: өлеңнен көркемдегіш құралдарды қолдана отырып диалог құрастырады, сұрақтарға жауап бере алады.

Кейбір оқушылар орындай алады: көркемдегіш құралдарды қолданып, эссе жазады, өз ойын жазбаша жеткізеді.

Тілдік мақсат:

Оқушылар орындай алады: «Сауда жасай білесің бе? Базарға қарап тұрсам әркім барар» тақырыбында көркемдегіш құралдарды табады, мағынасын түсінеді, көркемдегіш құралдарды пайдалана отырып, диалог, эссе жазады, қорытынды жасай алады.

Пәнге қатысты сөздік қор(сөз тіркестері): нәрсе(зат), сома(ақша), маржан(әшекей, бұйым), пайым қылмайды (мағынасына көңіл бөлмеу), аң – таң (таңғалу), жалпақ жұрт( бүкіл жұртқа, елге), тесік моншақ( керек нәрсе жерде жатпайды), шырақ (шам),сәулесі бар жігіттер(саналы жігіттер)

Диалог, эссе жазуға арналған пайдалы тіркестер: үлкен, базар, біреу,халық, ақша, әртүрлі заттар, көңілді,сатып алады, жарнамалайды, сауда жасау білесің бе?, үйренгім келеді, қиын емес,ескеру керек.

Талқылауға арналған сұрақтар:

- бейнефильм не туралы?

- оны неден көріп тұрмыз?

- базарда не сатылады?

- сен базарда болдың ба?

- сен базардан не сатып алдың?


Пәнаралық байланыстар:

Тарих, әдебиет

Алдыңғы оқу:

«Сауда жасай білесің бе?Базарға қарап тұрсам әркім барар» тақырыпты «Миға шабуыл» стратегия бойынша бейнефильмді көріп сұрақтарға жауап береді.

оқушылардың білімдерін тексеру.

Сабақ тақырыбы анықталды.

Мақсаты хабарланды.

Бағалау дескрипторы ұсынылады(тақтада көрсетіледі)

  • Өлеңді түсінеді, көркемдегіш құралдарды жазады. Сауда жақсы жүру үшін нені ескеру керек?сұраққа жауап беру үшін, суреттерді сөйлемдермен сәйкестендіреді.

  • Өлеңдегі көркемдегіш құралдарын қолданып, диалог жазады.

  • Өлеңдегі көркемдегіш құралдарын қолданып эссе жазады.


Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған жұмыс түрі

Ресурстар

Сабақтың басы

1 – тапсырма. (Барлық оқушылар орындайды)

Сабақ басында түстер арқылы топқа бөлінеді.

«Миға шабуыл» стратегия бойынша бейнефильмді көріп сұрақтарға жауап береді.

- бейнефильм не туралы?

- оны неден көріп тұрмыз?

- базарда не сатылады?

- сен базарда болдың ба?

- сен базардан не сатып алдың?

Барлық оқушылар орындайды

Абай Құнанбайұлының портретіне қарап, ақын туралы не білуін анықтайды. Қосымша мұғалім сұрақтармен жетелейді( Абай Құнанбайұлы туралы не білесіңдер? Абай атамыздың қандай өлеңдерін білеміз? )

- Балалар қалай ойлайсыңдар, бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай?

- Балалар бүгін біз сабақта Абайдың «Базарға қарап тұрсам әркім барар» өлеңімен танысамыз және «Сауда жасай білесің бе?» деген сұраққа жауап береміз, диалог, эссе жазамыз.

Сабақ тақырыбы анықталды.

Мақсаты хабарланды.


Сыныппен оқушылар орындайды Оқушылар суреттерге қарап, «Базарға қарап тұрсам әркім барар» -өлеңін тыңдайды, көркемдегіш құралдарды жазып отырады

сұрақтарға жауап береді.


Базарға, қарап тұрсам, әркім барар

Іздегені не болса, сол табылар.

Біреу астық алады, біреу маржан,

Әркімге бірдей нәрсе бермес базар.


Әркімнің өзі іздеген нәрсесі бар,

Сомалап ақшасына сонан алар.

Біреу ұқпас бұл сөзді, біреу ұғар,

Бағасын пайым қылмай аң – таң қалар.

Сөзді ұғар осы күнде кісі бар ма?

Демеймін жалпақ жұртқа бірдей жағар.

Жазған соң, жерде қалмас тесік моншақ,

Біреуден біреу алып, елге тарар.

Бір кісі емес жазғаным, жалпақ жұрт қой,

Шамданбай – ақ, шырақтар, ұқсаң жарар.

«Ит маржанды не қылсын» деген сөз бар,

Сәулесі бар жігіттер бір ойланар.


  • Өлең не туралы?

  • Қалай ойлайсыңдар Абай заманындағы базар қазіргі замандағы базарға ұқсайма?

  • Өлеңде Абай замандағы базарда нелер сатылады екен?

(өлең мазмұны балаларға таратып беріледі)


2- тапсырма (барлық оқушылар орындайды)

«Базарға қарап тұрсам әркім барар» өлеңі бойынша, көркемдегіш құралдарын табады, мағынасын жазады, түсінік береді. Сауда жақсы жүру үшін нені ескеру керек?...(сұраққа жауап беру үшін, суреттерді сөйлемдермен сәйкестендір)

Оқушылардың көпшілігі орындай алады көркемдегіш құралдарды қолданып «Сен сауда жасай білесің бе?» атты диалог құрастырады. Сөйлесу негізінде «Драма» қойылады

Кейбір оқушылар орындай алады көркемдегіш құралдарды қолданып Абай заманындағы және қазіргі заманындағы базарды салыстыра отырып эссе жазады.

Эссе оқиды.


«Миға шабуыл» стратегиясы

(бейнефильм)




Мақсатты көрсетілім


Топпен ойлана отырып сұрақтарға жауап береді







Интербелсенді тақтада Абай Құнанбайұлының портреті


Тақырыптық суреттер








«Базарға қарап тұрсам әркім барар» олеңінің аудиожазбасы





Тақырыптық суреттер


Туртіп алу стратегиясы





























«Сиқырлы қорапша» ойыны











ТКО стратегиясы









«Драма» әдісі




















(7 мин)




















Сабақтың ортасы











(10мин)




































(3мин)










(20 мин)

Сабақтың соңы

(3мин)

Кері байланыс: (барлық оқушылар орындайды)

Попс әдісі

Менің ойымша,....

Мен мұны былай дәлелдеймін...

Дәлел ретінде мысалдар келтіремін....

Мынадай қорытынды шешімге келдім.....

Попс әдісі


Бағалау

(2мин) : сабақ барысында топ басшылары дескрипторлар арқылы оқушылардың жұмыстарын бағалайды, жиынтық бағасын мұғалім қояды.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Автор: Аскабулова Айгуль Тюлепбергеновна

Дата: 07.03.2018

Номер свидетельства: 460993


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства