1. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.
Оқушыларды сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.
2. Үй жұмысын тексеру.Өткен сабақта біз көліктің түрлерімен таныстық.
Сұрақтарға жауап беру.
1. Көліктің қандай түрлері бар?
2. Әуе көлігі қайда жүреді?
3. Теміржол көлігімен не тасиды?
Жазба жұмысын орындау. Нүкте орнына керекті сөздерді қойып жазыңдар.
1.Жер үсті көлігі: машиналар, автобустар.
2. Су көлігі: қайық, кеме, катер, теплоход.
3. Әуе көлігі: ұшақ, тікұшақ.
Темір жол көлігі: пойыз.
Қорытынды жасау. Жұмбақ шешу.
Қазша қанатын жаяды
Үйрекше мойнын созады
Құсша қонады (ұшақ)
Күндіз-түні күрсінеді
Жүрген жері сілкінеді (пойыз)
Арқасынды ауыл жүр
Ала тайым шауып жүр.(автобус)
Жаңа сабақ
Кезекті бір жануар
Үстінде екі тауы бар
Мойны ұзын, көзі үлкен
Бұл не өзің тауып ал.( түйе)
Мен түйе туралы не білемін?
Ассациация жасау.
Киелі жануар, төрт түліктің төресі, қамқоршысы ойсыл қара, шөл, аштыққа шыдамды, суыққа төзімді, сүті емді, жүні пайдалы.
Менің білгім келеді? Түйені көлік ретінде пайдалануы?
1. Сөздік жұмысы.
Көлік –транспорт
Жүк арттыру -возить груз
Көшу-кочевать
Сауда -торговля
керуені-караван
үстіне міну-кататься
Осы сөздермен сөз тіркестерін құрастыру
Тыңдалым.
Мәтін қай жануар туралы?
Осы мәтінде түйе қандай жануар?
Көлік ретінде қалай пайдаланған?
Оқушылар мәтінді тыңдайды. Кестені толтырады.
ТҮЙЕ-КӨЛІКТІҢ БІР ТҮРІ
Түйе төрт түліктің бірі.Түйенің пірі - Ойсыл қара.Түйе екі жылда бір боталайды. Жүнінен жылы көрпе жасайды.Түйе сүті өте майлы әрі шипалы.Түйе қыста да, жазда да төзімді жануар.
Бірнеше күн су ішпей ауыр жүк көтеріп, шөл даламен жүруге шыдамды.Түйені жүк арту үшін асыраған.Әйгілі Жібек жолында да түйелер керуені болған.
Мәтін бойынша деңгейлік тапсырмалар орындау.
3-деңгей.
Мәтіннен үстеулерді табу.Устеуі бар сөйлемге синтаксистік талдау жасау.
2-деңгей.
Мәтін бойынша сұрақтар құрастыру.
1-деңгей.
Мәтінді мазмұндап беру.
Қорытынды жасау.
Тақтаға түйенің және көліктердің суретін ілеміз. Оларды салыстырамыз.
Мысалы: Машина адам тасиды және түйеде адам тасыған.
Балалар, қалай ойлайсыңдар ? Түйені көлік деп айтуға бола ма?