kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?стазы жа?сыны? ?стамы жа?сы

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Ескіден ?ол ?зіп, жа?а?а ?ол жеткізгендер ?ана жа?сы м??алім бола алады",- деп ?ытайды? дана ойшылы айт?андай, м??алім ?ткен т?жірибесін жа?амен ?штастыра алатын, к?сіби ?ызы?ушылы?ы жо?ары, танымы биік, баста?ан ісіні? т?жірибесін к?ре алатын, ?ылыми зерттеу ж?мыстарын та?дай білетін, педагогикалы? ?рдісті? за?дылы?тарымен етене таныс, ?з ісіні? шебері болу керек.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?стазы жа?сыны? ?стамы жа?сы »





Ұстазы жақсының ұстамы жақсы

«Ескіден қол үзіп, жаңаға қол жеткізгендер ғана мұғалім бола алады», - деп Қытайдың дана ойшылы Конфуций айтқандай, мұғалім өткен тәжірибесін жаңамен ұштастыра алатын, кәсіби қызығушылығы жоғары, танымы биік, бастаған ісінің нәтижесін көре алатын, ғылыми зерттеу жұмыстарын таңдай білетін, педагогикалық үрдістің заңдылықтарымен етене таныс, оқытудың әдістемелік жаңалықтарынан хабардар, оқыту үрдісін ізденімпаздықпен арттыратын өз ісінің шебері болуы керек. Менің ойымша қазіргі заман мұғалімі – рухани жағынан дамыған, педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген білікті маман, өзін-өзі әрдайым жетілдіруге ұмтылатын шығармашыл тұлға болу керек деп ойлаймын. Ал шығармашыл тұлғаның алдына қойған үлкен міндеті-оқушыларымызға заман талабына сай тәлім-тәрбие беру болу керек. Міне, осындай жауапкершілігі үлкен қызметті абыроймен атқару үшін және бізге аманат еткен шәкірттерімізді білім шыңына шығару үшін, әрбір сәтімді берекелі түрде өткізуге тырысамын. Алдыма келіп отырған оқушыларды елбасымыздың қолдауымен жүргізіліп жатқан білім бастамасының мақсаты бойынша еркін, ынталы, сенімді, сыни пікір-көзқарастары жүйелі дамыған, қазақ, орыс, ағылшын тілдерін өз деңгейінде меңгеруімен қатар, сандық технологияларда құзырлық танытатын оқушы ретінде қалыптасуына өз үлесімді қосып жүрмін. Бұл білім бастамасының әдіс – тәсілдерін мен өз сабақтарымда ұтымды пайдаланамын. Күнделікті дәстүрлі сабақтарымда тек білімділік мақсаттарды шешіп қоймай, оқушылардың шығармашылық қасиеттерін, қабілеттерін дамытудың жолдарын қарастырамын. Мен үшін оқушылардың ойын дамыту, белсендігі мен дербестігін қалыптастыруда шығармашылық жұмыстарды тиімді жүргізе білудің маңызы ерекше. Оқу үрдісінде жаңа технологияның әдіс-тәсілдерін ұтымды қолдану – менің шеберлігімді шыңдау, біліктілігімді арттырудың бірден-бір жолы болып табылады. Жаңа технология әдіс- тәсілдері бойынша оқытудың басты ерекшелігі – оқушылардың қарым-қатынасы арқылы тілін дамыту, оқушының дамуына жағдай жасау, оқушы оқушымен, топпен, ұжыммен, мұғаліммен қатынаста болуына жағдай тудыру. Сондықтан топтарды ұйымдастыру кезінде оқушылардың өзара қарым-қатынасын ескеріп, олардың бір-бірімен білім алмасуын, жеке тұлғасын дамытуға ықпал жасауына көңіл бөлемін. Сыныпты топтарға бөлмес бұрын, ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру үшін әр түрлі тренингтер өткіземін. Оқушылар сабақта тек тыңдаушы ғана болмай, әрекет үстінде болса, олардың алған білімдері нәтижелі болады, ал мен тек бағыттаушы боламын. Оған дәлел ретінде Сәкен Жүнісовтің «Ақырғы бәйге» әңгімесін қорытындылау тақырыбы бойынша өткізген сабағым жайлы айта кеткенді жөн деп ойлаймын. Сабағымда топтық жұмыс әдісін қолдандым.Осы кезде оқушылардың тақырыпты қаншалықты түсінгені туралы ақпарат алуыма Блум таксономиясына негіздей отырып алған тапсырма өте маңызды рөл атқарды. Кіріспе бөлімінде оқушылар: Сәкен Жүнісов қай жерде дүниеге келді? Қай жылдары өмір сүрді? Сәкен Жүнісов кім? Қандай еңбектері бар? деген сұрақтарға жауап берді. Таныстырылым бөлімінде: «Ақырғы бәйге» әңгімесі қай романнан үзінді екенін, қиналмай айтса, әңгімеге құрылысына талдау жасай отырып, жұмыс түрлерін жүргізу кезінде кідіріп қалды. Оқушыларға қайта бағыттау сұрақтарын қойдым. Әңгіме кейіпкерлерін тауып, топтастыру, басты кейіпкерді анықтау, басты кейіпкерге мінездеме беру, кейіпкерлер туралы білетін мәліметтерімен бөлісу жұмыстарын жүргізу кезінде оқушылар кейіпкерлердің іс-әрекеттеріне баға берді, ненің дұрыс ненің бұрыс екені туралы пікір пайда болды. Бұл әдіс- тәсілдерді қолдану кезінде оқушылардың сыни ойлауларын дамыту мақсатында әр топқа эссе жазуды ұсындым. Сын тұрғысынан ойлауды дамытудың ең оңтайлы тәсілі балаларды жеке басының тәжірибесіндегі дәлелдерге мән беруге ынталандыру деп ойлаймын. Оқушылардың іскерлік дағдысы мен алған білімді меңгеруі нәтижелі болуы үшін ол сабақта тек тыңдаушы ғана болмай, әрекет үстінде болады.

Өнегелі ұстаздың ең басты қасиеті- әдіс-тәсілдерді жетік меңгеріп, орынды қолдана білуінде деп ойлаймын. Бүгінгі білім мен білік бәсекелес заманда ұландарымыз биіктен көрінуіне күнделікті ісіміздегі жаңашылдығымыз арқылы, жан-жақты берген тәрбиеміз арқылы қол жеткіземіз. Ендеше бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан-жақты дамыған, парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
?стазы жа?сыны? ?стамы жа?сы

Автор: Исабекова Айнагуль Тлеутсовна

Дата: 11.02.2015

Номер свидетельства: 171479


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства