«Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігі «Петропавл қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№8 жалпы білім беретін эстетикалық тәрбие орта мектеп-кешені» мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Петропавл, 2015ж.
Уақыт | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Қандай материалдар қолданылады | Бағалау |
3мин | І Ұйымдастыру кезеңі: А) Оқушылармен сәлемдесу, кезекшімен сұхбат, оқушылардың сабаққа даярлығын байқау. - Сәлеметсіңдер ме! Балалар! - Бүгін сыныпта кім кезекші? - Әдеттегідей, балалар, кезекшіге бәріміз ұйымдастыру сұрақтарын қоямыз! -Жақсы, отыр. Ә) Психологиялық күй -Бір-бірімізді қолымыздан ұстап, алған жылу арқылы жылы лебіздер тілейік! -Рахмет, балалар! Бүгін қызықты сабақ - ойын сабағы! Бағалау парағына аттарыңды жазыңдар. Бүгінгі сабақта біз жаңа сөздермен танысамыз, ұлттық тағамдар туралы мәтінді оқып, аударамыз, топтық жұмыс жасап, қызықты тапсырмаларды орындаймыз. Ал, іске сәт! | Оқушылар тұрып мұғаліммен сәлемдеседі. Балалар үш тапқа отырады. Кезекші тұрып сұраққа жауап береді. -Қазір қай сабақ? - Қазақ тілі сабағы нешінші сабақ? - Қазақ тілі сабағына не керек? - Бүгін аптаның қай күні? - Ауа райы қандай? -Елімізге тыныштық тілеймін! -Күніміз жарық болсын! -Аспанымыз ашық болсын! -Деніміз сау болсын! -Аналарымыз аман болсын! -Әкелеріміз аман болсын! | | |
5мин | ІІ Үй жұмысын тексеру -Ал, балалар, бүгінгі көңіл-күйіміз жақсы екен, ендеше үй тапсырмасын тексерейік! Біздің бірінші сайысымыз – «Үй жұмысы», ең жоғары ұпай саны - 2ұпай! -Сендер тамақ туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер? -Ал, жақсы, балалар! | Балалар мақал-мәтелдерді айтады. 1топ – «тамақ» сөзіне фонетикалық талдау жасау. Тамақ-2буынды: ашық, бітеу Т-д/з, қатаң; А-д/ы,жуан,ашық,езулік; М-д/з, үнді; Қ-д/з,қатаң; Сөзде 5әріп,5дыбыс:3д/з,2д/ы бар. 2топ –«тамақ» сөзін септеу. А.с.тамақ Іл.с.тамақтың Б.с.тамаққа Т.с.тамақты Ж.с.тамақта Ш.с.тамақтан К.с.тамақпен 3топ – «тамақ»сөзін тәуелдеу. Менің тамағым Сенің тамағың Сіздің тамағыңыз Оның тамағы | Слайд, көрнекіліктер | 2 ұпай (1+1) |
1мин | ІІІ Сабақтың мақсатын, барысын айту. - Қазақ – өте қонақжай халық. Қазақ халқы асты өте жоғары бағалаған, әрі құрметтеген. Қазақ дастарқанына көбінесе ұннан, сүттен, еттен дайындалған тағамдар қояды. Сабақтың тақырыбы:Ұлттық тағамдар. Бүгінгі күнді және тақырыпты дәптерге жазыңдар. Қазақтың ұлттық тағамдары қандай? |
3мин | ІҮ Жаңа сабақтың түсіндіру: 1) Кластер: «Ет тағамдары», «Сүт тағамдары», «Ұннан жасалған тағамдар» (топтық жұмыс, әр топқа бір тақырып беріледі) -Екінші сайыс – «Сүйікті тағам!». Қазір әр топ кластер құрастырады. Ұпай саны -1ұпай. | Берілген тақырып бойынша кластер құрастырады | Плакат, жетондар, суреттер | 1 ұпай |
7мин | 2) Жаңа сөздермен жұмыс. Сөздерді дауыстап оқиды; сөздермен жұмысты ұйымдастырады. - Үшінші сайыс – «Қызықты сөздер»! Енді жаңа сөздермен танысайық! -Қосылып оқыңдар! - Жаңа сөздерді сөздік дәптерге жазыңдар! -... қазақша оқиды, ал ... орысша оқиды. - Сөз тіркестері мен сөйлем құрастырыңдар, ең жоғары ұпай саны- 2ұпай | Сөздерді дауыстап қайталап оқиды, хормен, 1-ші оқушы –қазақша, 2-ші оқушы – орысша оқиды. Ұлттық тағамдар – национальные блюда Қазы - национальное блюдо из реберной части конины Жая – цельное мясо Тоңазымайды – не остывает Сіңімді – легко переваривается | Слайд | 2 ұпай (сөз тіркестері мен сөйлем құрастырғаны үшін) |
7мин | 3) Мәтінмен жұмыс (топтық жұмыс). -Ал енді мәтінмен танысамыз. Мәтінді топта оқып,көп нүктенің орнына тиісті жалғауды қойып, аударамыз. Төртінші сайыс – «Ас – адамның қуаты», ең жоғары ұпай саны- 1ұпай! 1-топ: ҚазақЖ.С. ұлттық тағамдар алуан түрлі.ЕтШ.С. түрлі тағамдар жасайды.ҚазақІл.С. басты ұлттық тағамы – ет. 2-топ: ЕтіТ.С. жеп, сорпасыТ.С. ішеді. ЖылқыІл.С. етіШ.С. қазы, қарта, жал, жая, дайындайды. Қуырдақ қуырады. 3-топ: Суық жерЖ.С. тұрса да, жылқыІл.С.сорпасы қатпайды, майы тоңазымайды. ЖылқыІл.С. еті өте сіңімді болады. | Мәтінді топта оқып, аударады 1-топ: Қазақта ұлттық тағамдар алуан түрлі.Еттен түрлі тағамдар жасайды.Қазақтың басты ұлттық тағамы – ет. 2-топ: Етін жеп, сорпасын ішеді. Жылқының етінен қазы, қарта, жал, жая, дайындайды. Қуырдақ қуырады. 3-топ: Суық жерде тұрса да, жылқының сорпасы қатпайды, майы тоңазымайды. Жылқының еті өте сіңімді болады. | Слайд, «Ұлттық тағам» мәтіні | 1ұпай |
3 мин | 4) Мәтін бойынша сұрақ-жауап ұйымдастыру: -Біздің бесінші сайысымыз – «Кім жүйрік?». Мына сұрақтарға жауап беріңдер! Бір сұрақ – бір ұпай! Қазақтың басты ұлттық тағамы не? Жылқының етінен не дайындайды? Жылқы етінің қандай ерекшелігі бар? | Мұғалімнің сұрақтарына жауап береді Қазақтың басты ұлттық тағамы – ет. Жылқының етінен қазы, қарта, жал, жая, дайындайды. Қуырдақ қуырады. Жылқының еті өте сіңімді болады. | Слайд, сұрақтар | 1сұрақ – 1 ұпай =3ұпай |
7мин | 5) Грамматикалық тапсырмалармен жұмыс (деңгейлік тапсырма) (жеке жұмыс). -Ал енді соңғы сайыс – «Деңгейлік тапсырма». ІІІдеңгейлі тапсырма – 1ұпай, ІІдеңгейлі тапсырма – 2ұпай, І деңгейлі тапсырма – 3 ұпай. ІІІ деңгей.Мына зат есімдерден сын есім жаса: дәм, пайда, тұз. ІІ деңгей. Синтаксистік талдау жасаңдар: Жылқының еті өте сіңімді болады. І деңгей. Сөйлемді үш шаққа қою: Еттен түрлі тағамдар жасайды | Берілген грамматикалық тапсырмаларды орындайды. ІІІдеңгей Дәм (вкус) – дәмді (вкусный), пайда (польза) – пайдалы (полезный), тұз (соль) – тұзды (соленый). ІІдеңгей. з.е. з.е. ш. с.е. Жылқының еті өте сіңімді Ет. болады. І деңгей. Еттен түрлі тағамдар жасайды. (а.о.ш.) Еттен түрлі тағамдар жасамақ. (м.к.ш.) Еттен түрлі тағамдар жасады. (ж.ө.ш.) | тапсырмалар | ІІІд. тапс.– 1ұпай, ІІд. тап.– 2 ұпай, Ід. тап. – 3 ұпай. |
3 мин | 6) Тест жұмысы -Ал енді, балалар, жаңа тақырып бойынша тест жазыңдар! 1Қазақтың ұлттық тағамы не? А) ұн Ә)ет Б)су 2 Қазақ халқында биенің сүтін не деп атайды? А)сүт Ә)айран Б)қымыз 3 Қазақ қандай халық? А)тәуелсіз Ә)қонақжай б) үлкен 4 Қазақ халқында түйенің сүтін не деп атайды? А)шұбат Ә)айран Б)қымыз 5Наурыз көжеге қанша түрлі дәм қосылады? А)7 Ә) 5 Б) 10 | Оқушылар тест сұрақтарына жауап береді. 1Қазақтың ұлттық тағамы не? Ә)ет 2 Қазақ халқында биенің сүтін не деп атайды? Б)қымыз 3 Қазақ қандай халық? Ә)қонақжай 4 Қазақ халқында түйенің сүтін не деп атайды? А)шұбат 5Наурыз көжеге қанша түрлі дәм қосылады? А)7 | Тест | 0 қате – 2 ұпай 1 қате – 1 ұпай 2-5 қате – 0 ұпай |
3мин | V. Қорыту Сөзжұмбақ шешу 1.Түйенің сүті қалай аталады? 2.Жылқының етінен не дайындайды? 3.Ас –адамның ... 4.Қазақтың басты тағамы 5.Ұлттық тағам 6.Ұлттық сусын | | | 1 | ш | Ұ | б | а | т | | | 2 | ж | а | Л | | | | | 3 | қ | у | а | Т | ы | | | | | | 4 | е | Т | | | | | 5 | қ | а | з | Ы | | | | | | | | 6 | Қ | ы | м | ы | з | | сөзжұмбақ | |
1мин | V. Үй тапсырмасы: -жаңа сөздерді жаттау; -мәтінді мазмұндау; | Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады | | |
3мин | VI. Бағалау: Бағалау парақтары бойынша бағалау 12 ұпай – «5» 11 ұпай – «4» 8-6 ұпай – «3» | Ұпайларын санап, қорытындысын мұғалімге айтады. | Бағалау парағы | |