kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?БТ-?а дайынды? жадынама

Нажмите, чтобы узнать подробности

Б?л материал ?БТ-?а дайынды? ?шін керек болады. ?азіргі ?о?амда ?зекті м?селелерді? бірі – ?леуметтік, экономикалы? ?згермелі жа?дайлар?а ?мір с?руге дайын болып ?ана ?оймай, сонымен ?атар оны жа?сарту?а игі ы?пал ететін жеке т?л?аны ?алыптастыру.М?ндай т?л?а?а ?ойылатын бірінші кезектегі на?ты талаптар шы?армашылы?, жо?ары интелектілік, тере? білімділік, к?сіби сауаттылы?.Осы?ан байланысты мектеп баланы? дамуында негізгі р?л ат?арады. Баланы? жеке т?л?а ретінде жан-жа?ты дамуы, ?зіндік к?з?арасыны? ?алыптасуы мен ой ?рісіні? ке?еюі мектеп ?абыр?асынан ?аланады. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?БТ-?а дайынды? жадынама »

Күдербаева Жұлдыз Сеилкановна

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Қазақ тілі пәні бойынша оқушыларды ҰБТ-ға дайындау

Қазіргі қоғамда өзекті мәселелердің бірі – әлеуметтік, экономикалық өзгермелі жағдайларға өмір сүруге дайын болып қана қоймай, сонымен қатар оны жақсартуға игі ықпал ететін жеке тұлғаны қалыптастыру. Мұндай тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты талаптар шығармашылық, жоғары интелектілік, терең білімділік, кәсіби сауаттылық.Осыған байланысты мектеп баланың дамуында негізгі рөл атқарады. Баланың жеке тұлға ретінде жан-жақты дамуы, өзіндік көзқарасының қалыптасуы мен ой өрісінің кеңеюі мектеп қабырғасынан қаланады.

Ұлттық бірыңғай тестілеу – жалпы орта білім беру ұйымдарында оқушыларды қорытынды аттестаттаудың бір түрі.

Бүгінде қазақ тілін оқытудағы басты мақсат – мемлекеттік тіл болып табылатын ана тілімізді жан-жақты терең меңгерту. Ал,бұл міндеттің орындалуына ҰБТ cынағына оқушыларды жан-жақты дайындау үлкен рөл атқаратындығы айқын. Оқушыларды ҰБТ-ға дайындауда төмендегідей жұмыстар атқарудамын.

Өткен тақырыптардан теориялық білімдер беремін.

Оқушының сабақ үрдісінде жаңа білімді меңгеруіне басты көңіл бөлемін.

Тест жұмысын орындағаннан кейін қатемен жұмыстар жүргіземін.

Тақырыптық тест құрастырамын.

Әр тараудан кейін қайталау сабағын жүргіземін.

Күнделікті сабақ барысында қойылған баға сол сабақтың ғана нәтижесі

болып қоймай, ҰБТ-ның балл жүйесіндегі бағаға сәйкес келуі үшін не істеу керек? Оқушы төмен балл алмаудың немесе өте жақсы деген баға алудың жолын қарастырайық. Қазақ тілі тест тапсырмасының бірінші пәні ретінде тұрғандықтан оқушы білетін сұрақтарды белгілеп шығады да, қалған уақытын күрделі сұрақтарды шешуге қалдырады. Оқушының бірден сұраққа жауап беруі оның дайындығының жақсы екендігін көрсетеді. Қазақ тілінен сұрақтарының ішінде күрделі сұрақтарды шешу жолдарын қарастырайық.

1.Фонетикадан бастайық. Тіл дыбыстарының жіктелуін буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаларды жаттау керек. Дауыссыз дыбыстардың топтастырылуын есте сақтаудың балаға ең жеңіл тәсілін ұсынамын. Мысалы, үнді дауыссыздарды «менің айуларым» тіркесінің оқылуы арқылы есте сақтатамын. Дауысты дыбыстарды алып тастап оқығанда м,н,ң,й,у,л,р,м,ү,н, үнді дауыссыздары дыбыстары қалады. Сондай-ақ ілгерінді, кейінді, тоғыспалы ықпалдардың түрлеріне ережемен қатар мысалды да жаттаған дұрыс.Ережені жатқа білген оқушы мысалды да есінде сақтай алады.

2. Лексикада ережелерін қайталап, әр тақырыптан 25-30 сөзден аспайтын жаттығу жұмыстарын 4 рет орындаған жағдайда оқушы есіне жиі сақтап алады.Егер оқушыға тақырып қиындық туғызса, жаттығуды орындаған кезде көмектескен дұрыс. Бірақ үй тапсырмасына мысалдар жазып келумен қатар ережелерді жаттауға тапсырма берген дұрыс.

3.Морфологияны талдау барысында әр сөз табының кестесін сызғызып, жаттығулар жасатқызу жақсы нәтиже береді.

4.Синтаксис тарауын қайталауда сөйлемнің ережесі мен мысалдарды жазғызып отыру керек . Жай сөйлемнің түрлерін қайталағанда сөйлем мүшелерін қалыпты астын сызғызып, жақша ішіне сөйлем ретінде жазғызған дұрыс. Құрмалас сөйлемді де солай талдатып, тек сабақтастың түрінде тиянақсыз баяндауышына морфологиялық талдау жасатып, сұрақ қою арқылы айыра біледі. Жалаң түрде ережені айтып, лекция түрінде мысалдар жазғызу жеткіліксіз.

5. Тыныс белгілерін қайталаған кезде, тыныс белгілерінің ережесін жаттатқан соң, тыныс белгілерінің сызбасын ғана беріп, мысалдар құратып жазғызу керек. Сонда оқушы тыныс белгілерінің ережесін есте сақтайды. Әр тараудан кейін тест жұмысын алып, қандай сұрақтардан қате жібергенін анықтап, сол тақырыпты оқушыға қайтадан түсіндіру керек . Қазақ тілінен ҰБТ-ға дайындық кезінде мысалдар мен жаттығуларды көп орындаған дұрыс. Мысалы, мына тұрақты тіркестің антонимін табыңыз: Ат ізін құрғатпады – Ат ізін салмады. Бұл сұрақта оқушы екі тақырыпты білу керек. Біріншіден, тұрақты тіркесті, екіншіден антонимді білу шарт. Тақырыпты қайталау барысында оқушыларды топпен отырғызып дайындауда тиімді. Дегенмен жекелеген оқушылармен арнайы жұмыс жасасаңыз нәтижеге жылдам жетесіз. Айталық, Құрмалас сөйлемді қайталағанда, 1-топ Салаластың түрін қайталайды . 2-топ Сабақтастың түрін қайталайды.3-топ Араластың түрін қайталайды. Тақтаға шығып сызба немесе модель сызу арқылы түсіндіреді. Оқушыны жеке дайындаған сәтте тақырыпты түcіндіріп, оқушыға мысал келтіре отырып түсіндіріп, жаттығулар орындатып бекітіп, өзіне қайталата отырып қорыту керек. Ережелерді мысалдармен қатар жатқа білетін оқушы тапсырманың кез-келгенін дұрыс орындайды.

















Оқушыға арналған жадынама.



1. Дайындық орнын әзірле: үстел үстінен артық заттарды жинастыр, керек заттарыңды (кітап, дәптер, қаламсап, т.б) жаныңа әкеліп қой.

Бөлмеде сары немесе күлгін түсті жиһаздарды орналастырған жөн. Олар адамның интеллектуалдық ойлау қабілетін жетілдіреді.

2. Өзіңнің «бозторғай» немесе «үкінің» қайсысына жататыныңды анықтап ал. Соған байланысты таңғы немесе кешкі уақытты пайдалануға тырыс. Әр күнге қай тақырыпты меңгеретініңді жоспарла. (Мысалы, әр күнде 2 тақырыптан) «Қай тақырыпты оқимын» деп емес, қай пәнді, қай тақырыпты қарайтыныңды біліп барып, дайындықты баста.

Ең бірінші өзіңе қиын пәннен дайындалуды бастаған дұрыс. Ми сергек кезінде жаңа ақпаратты тез қабылдайды. Бұл әдіс сен үшін тиімсіз болса, дайындықты қызықты әрі өзіңе жағымды пәннен баста. Келе-келе ақырындап, қиын пәндерге ауысасың. Бірақ, ҰБТ-да жоғары бал жинаған түлектердің тәжірибесінде тапсырмаларды қиыннан- ауырға қарай жүргізу әдісі жиірек кездеседі.

3. Дайындық пен демалысты кезектестір. Мысалы, 40 минут сабақ оқысаң, 10 минут миыңды тынықтыр: гүлге су құй, жағымды мелодия тыңда, жаттығу жаса, т.б. Бірден бүкіл кітапты қарап шығып, бәрін бірден жаттап алуға жүгірме. Сен үшін тиімдісі, оқыған мәліметіңнен түсінгеніңді қысқа- нұсқа етіп дәптерге жазып ал. Және әр пәннің дайындығына 1 дәптер арна, қажетті ақпараттың барлығын сол дәтерге жаз.

4. Тест орындаудан қашпа. Әр күнгі дайындығыңның соңын әр пәннен аз дегенде 5 сұрақ тест жаттаумен аяқта. Және тест шешу жылдамдығыңды секундомермен өлше.

5. Тестке дайындық кезінде сұрақтардың қиындығын емес, өзіңнің жетістікке жетіп тұрған сәттеріңді ойла.

6. Дайындығыңның уақыты тұрақты болсын. Сонда организмің де сол уақытқа үйреніп, күні бойы сергек жүруіңе септігін тигізеді.

7. Қиын болмаса, таңертең жүгіруге тырыс. Ол мидың сергек болуына көмектеседі.

















Оқушыларды ҰБТ-ға дайындауда қазақ тілі мұғалімнің жыл бойы атқарылатын жұмыстары



Ұйымдастыру жұмыстары.

  • Білім үрдісінің қатысушыларын ҰБТ-ны ұйымдастыру және өткізу ережесімен таныстыру;

  • ҰБТ бұрыштары;

  • Проффориентациялық жұмыстар, 4 пәнді таңдау мақсатымен жоғары оқу орындарымен байланыс жасау;

  • Тоқсандық, қорытынды бағаларды әділетті қоюын қадағалау;

  • Аралық тестілер мониторингін жасау;

2. Ақпараттық жұмыстар.

  • ҰБТ мәселесінің әдістемелік кітаптарымен таныстыру үшін ақпараттық топ құру;

  • Нормативтік құжаттармен таныстыру;

3. Психологиялық дайындық.

  • Сынып жетекшілеріне , мұғалімдерге семинарлар өткізу;

  • Психологиялық тренингтер өткізу;

  • «Қолайсыздықты болдырмау жолы», тағы да басқа тақырыптарда сынып сағаттарын өткізу;

  • Оқушылардың теспен жұмыс жасау жүйесі;

  • Семинар, курстарға қатысу;

  • Бақылау сабақтарында тестер пайдалану;

  • Оқушылармен тест арқылы жұмыс жасаудың тиімді әдістерін үйрету;

  • Әр пәннен тест жұмыстарын жасау;

  • Мұғалімнің білім көтеру жоспарына ҰБТ-мәселесін енгізу;







Пән мұғалімінің жұмыс бағыттары



Диагностикалық бағыт

Жекелеген тақырыпта білім толықсыздығын анықтау

Тестілеу

Сұхбаттасу

Бақылау үзігі

Практикалық бағыт

Жаңа білімді толықтыруға жағдай тудыру

Сабақтар, жеке жұмыстар, өздік жұмыс, факультативтік сабақтар

Қадағалау бағыты

Тақырыпты меңгеру деңгейін қадағалау

Бақылау

Тест тақырыбы







































Жаңа технологиялар арқылы қазақ тілін оқыту мен ҰБТ-ға дайындық барысында     құзыреттілікті таныту жолдары

 

      Қазақстандық білім беру жүйесінің тиімді бағыты- фундаменталдық білім беру. Бұл бағытта біз- мұғалімдер қауымы, білім беру ісінің нәтижесін бағалай білудің аса маңызды екеніне көз жеткізіп отырмыз.

      Бұл ретте оқушының қаншалықты білім алғандығы емес, оның алған білімін қаншалықты пайдалана алатындығы маңызды болып отыр»,-  деген ойыммен жыл сайын ұстаздық еңбек жолына қадам басамын. Себебі,    жас жеткіншекті жоғары оқу орнына түсуге дайындайтын  да, жауапты да болатын мектеп  пен   пән  мұғалімдері.

      Бұл жолда  күнделікті сабақ беру барысында балаға терең білім, тәлім - тәрбие беру - әр мұғалімнің басты арманы екені даусыз.

      Оған жету үшін ерінбей еңбек етіп, тер төгіп, көп тәжірибе жинақтау керек-ақ. Оның екі жолы бар:

       Бірі - өзгелердің озат тәжірибесін зерттеп-үйрену және күнделікті тәжірибеде қолдану болса, екіншісі - эксперимент жолымен өзіндік жұмыс стилін қалыптастырып, өз тәжірибесін тарату.

       Тіл тағдыры- қазақ тілі мұғалімдерінің қолында  десем де, артық болмас айтқаным. Тіл тағдырын жетілдіру көп ретте мектепте атқарылатын жұмыс деңгейіне байланысты. Өйткені, өскелең ұрпақтың балғын санасына бай тіліміздің нәрін сіңдіріп, көкірегіне ұялатуға әр пән мұғалімі ауқымды  істер атқаруы тиіс. 
        Бірақ, оқушының тілін қалыптастыру үшін, мұғалімнің өзі бір құзырлыққа жету керек. Сол үшін оқушы санасына, қазақ тілі - ертеңгі күні үлкен өмірге араласқанда оның қоғамдағы қызметіне көмегін тигізетін, жұмысында, күнделікті өмірінде қажетіне жарайтыны туралы ұғым қалыптастыру керек.
       Қазақ тілін оқыту барысында оқушының тілін дамытып, сөз байлығын арттыру еңмаңызды жұмыстардың бірі.

 * Оқу орыс тілінде жүретін сыныптарында оқушылар қазақ тілін оқу барысында мұғалімнің қойған сұрақтарына түсініп, оған жауап қайтаруға

* үйренген сөздерін бұзбай айтуға, әсіресе, құрамында қазақ тіліне тән дыбыстары бар сөздер мен сөз тіркестерін дұрыс қолданып, сөйлемді дұрыс құруға үйретіледі.

       Бұл мәселені жүзеге асыру үшін, біріншіден жүйелі түрде, «оңайдан қиынға принципін» басшылыққа сала отырып күнтізбегін жоспары қажет деп ойлаймын.

      Содан кейін жоспарды басшылыққа ала отырып, оқушылардың тілін дамыту үшін әртүрлі тәсілдер арқылы жұмыс жүргіземін..

Осы мақсатта оқытушы әр түрлі оқыту әдіс-тәсілдерін пайдаланып, тіл дамыту жаттығуларын, ойын элементтерін және тақырыпқа сәйкес көрнекіліктер қолданады. Басты назар аударатынымыз оқу, сөйлеу, талдау, жазу жұмыстарына мұқият көңіл бөлу.
       Тіл үйрену мен дамыту жұмысы- күрделі де шығармашылық процесс.Тіл байлығының мол болуы бір жағынан балада жаңа құбылыс, көрініс ,ұғымдар мен түсініктердің көбеюіне, ал екінші жағынан, тілді жан-жақты меңгеруіне байланысты. Тілдің жақсы дамуының құралы - тілдік қор болып табылады

       Тіл дамытудың негізгі көрсеткіштері:

·         Өз ойын жүйелі түрде еркін жеткізе білу;

  • Байланысты сөйлей білу;

  • Мазмұндылығы; анықтығы, мәнерлілігі;

·         Грамматикалық,орфографиялық қатесіздігі
Тіл дамытудың негізгі көрсеткіштерін жүзеге асыру үшін, оқудың алғашқы аптасындамына мәселелерді  анықтап аламын:

  • Сыныптағы әрбір баланың жалпы сөздік қоры;

  • Сөздің дыбыстық жағын меңгеру дәрежесі;

  • Байланыстырып сөйлеу дәрежесі.
    Сөзді, сөйлемді, сөз тіркестерін тақтадан, кітаптан, дәптерден дұрыс оқыта білу – қазақ тілін меңгертіп, сөздін қорларын молайтуға септігін тигізеді. Мәтінді оқыту негізінде көптеген факторларды ескеру қажет.

1.Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуды қалыптастыру.

2.Сөйлемді дұрыс құрай білуге жаттықтыру.

3.Байланыстырып сөйлеуді үйрету.

          4.Еркін оқуға үйрету.
       Сөйлеу және оқуды меңгерген соң, жазу тілі қалыптастырылады. Сөз -тілдің негізгі өлшемі. Тіл дамытудың басқа түрлері сияқты сөздік жұмысы оқу-тәрбие жұмысының барлық саласында жүргізіледі. Балалар сөзді ұғу арқылы сөйлеу үстінде тілін дамытады. Сөздік жұмысы оқушының ойын дамытумен тығыз байланысты.
Тіл дамыту жұмыстарында жаңа сөздік сөздермен жұмыс ерекше орын алады.

1.    Тақырыпқа байланысты сөйлем құрастыру.

2.    Сурет бойынша әр түрлі мәтін құрастыру.

3.    Жаттығу жұмыстарын жазу, кешендік талдау жасау.

Осыдан соң жазба жұмыстарын алуға болады.

1.    Сөздік диктант

2.    Мазмұндама

3.    Шығарма, шағын әңгімелер

4.    Тест жұмыстары

     Жазу арқылы жүйелі сөйлеуді, сөйлеу стилін үйрету және ауызекі сөйлеуге жұмыс жасатуға болады. Ауызекі сөйлеу әдісінің бірі - диалог арқылы дамыту. Диалог құру үшін белгілі бір тақырыпта оқуға байланысты оқушының сөздік қорын дамыту, жаңа сөздер үйретіп, мағынасын ұқтыра отырып, оларды жасайтын формаларды меңгертіп, сөйлем құрауға үйрету, сөз бен сөзді байланыстыруға, ауызша ойларын жүйелі айтуға, әңгімелеуге жаттықтыру керек. Сонда оқушы диалог құру кезінде сауатты сөйлеуге, қазақ тілінің грамматикасын ескере отырып диалог дұрыс құруға тырысады. Бұл оқушының тілін дамытады.

       Ендігі бір айта кететін жайт, қазіргі заман талабына сай сабақтарымда жаңа  технологияларды қолдануым: Бұл СТО стратегиялары- оқушылар тілінің дамуына  талдау, сұраққа жауап беру, салыстыру, сурет бойынша мәтін құрау, өлең шығару стратегиялары арқылы ықпал етеді.  Қалай десеңіз?....

     Жоғарыда аталған жұмыстарды әр сынып бағдарламасына сәйкес өзгерісіне енуі мүмкін. Себебі, бірінші сынып бағдарламасы, өзге сыныптар бағдарламасының бастамасы ретінде құрылған. Оқушының сөйлегенде асығып-аптықпай немесе тым жайбарақаттыққа салынбай, байсалды сөйлеп үйрену, өзін дұрыс ұстау мәдениетіне де жаттықтыру жұмыстарын жүргіземін. Сонымен қатар әңгімелеу барысында сұрақ қоя білу, өзіне қойылған сұраққа тиянақты жауап қайтара алуға дағдыландыруға да көңіл бөліп отырамын.

     Оқушыларға көпшілік алдында сөйлей білуге үйрету қажет. Сынып алдында тыңдаушыларға қарап ойын асықпай-саспай, қысылмай айтып беру шеберлігіне үйрету де тілдерін жетілдіріп, ой ұшқырлығын дамытады, көпшілік алдында өзін ұстай алуға дағдыланатынына көзім жетті.   Оқушылар білімін жетілдіру үшін және  сол стратегияларды жүйелі қолдана отырып, оқушының тілін дамытуға, сауатты жазуға, оқушының өз бетімен жұмыс жасай отырып, тілін дамытуға мол ықпал етеді деп ойлаймын.

     Бұл  технологияны қолдану барысында, өтілген материалды жақсы меңгеруге, оны жан-жақты талдап, терең түсінуге өз бетінше еркін жұмыс жасауға, өз көзқарасын айта білуге, ойлау қабілеті мен қиялын арттыруға, жалпы оқушының шығармашылықпен жұмыс жасауына септігін тигізеді.
       Сонымен қатар сабаққа деген ынтасын, қызығушылығын арттырады және оқушылардың бірінен-бірі қалғысы келмей тапсырмаларды орындапнашар оқитын оқушылар жақсы оқитын оқушы дәрежесіне көтерілуіне мүмкіндік жасайды.
      Жоғарыда аталған әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, мұғалім өз жұмысына талдау жасап, қызметіндегі артықшылықтары мен кемшіліктерін көре алады. Өзіне-өзі сын көзбен қарай отырып, кемшілік болса түзеп, артықшылықтарымен өз әріптестерімен бөлісе алады, олай ету әр маман үшін өте тиімді.
     Мұғалім әр сабақта оқушыға жағдай жасап түрлі технологияларды жүйелі қолданып, оларды шығармашылықпен пайдалана білсе,жақсы нәтижелерге қол жеткізуге болады ; қазақ тіліне қызығушылық көтеріледі, ауызекі сөйлеуі дамиды, коммуникативтік дағдылар қалыптастырылады.

     Ендігі кезекте, өзім сабақ беретін сыныптардағы үлгерім көрсеткішінің диагностикасын көрсеткім келеді.


                Қорыта айтқанда, қазақ тілін үйрету жұмыстарын орындау дұрыс жолға қойылған жағдайда ғана, тіл үйрету   сабақтарының мақсаты шешілері сөзсіз.

       Мектеп түлегі өзіне өзі сенімді , өз алдына  білім шыңынан көрінуді  мақсат етіп қойған мүдделі тұлға болуы тиіс!

       




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 10 класс

Скачать
?БТ-?а дайынды? жадынама

Автор: Кудербаева Жулдыз Сеилкановна

Дата: 15.09.2015

Номер свидетельства: 230855


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства