kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Т?уелсіз ?аза?станым"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Урок посвящен дню независимости Казахстана.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Т?уелсіз ?аза?станым"»

Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының білім бөлімі»мемлекеттік мекемесінің «№12 жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі



































Тақырыбы:« Тәуелсіз Қазақстан » 4 «а» сынып

Дайындағандар:қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдері-

Рахимова Гульнар Советовна,Жанбагысова Нурия Конысбаевна



















Семей 2016ж.



Тақырыбы: Тәуелсіз Қазақстан


Мақсаты: балаларға тәуелсіздік туралы ұғындыру, туған жерін, елін құрметтеуге тәрбиелеу. Патриоттық сезімдерін ояту.
Мереке қарсаңындағы көтеріңкі көңіл – күй. Орталықтан шыққан әсем күй әуені мектептің барлық топтарына тарап тербеп тұр. Зал іші мерекеге сай әсем шарлармен, әдемі безендірілген.
Шақырылған қонақтар мен сынып оқушылары орындарына жайғасады.


1-оқушы: Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, ұстаздар және балалар. Біздің тобымыздың"Тәуелсіз Қазақстан” салтанатты жиынына қош келдіңіздер! -Бүгін біз Қазақстанымыздың Тәуелсіздік алған күнін тойлағалы отырмыз. Бәрімізге мейрам құтты болсын!!!

2-оқушы: Қазақстанның байлығы көп. Еліміздің табиғаты өте сұлу.Биік асқар тау, мөлдір көлдер,неше түрлі өсімдіктер бар. Осы жерде біздің ата-бабаларымыз, батырларымыз,ақындарымыз,ғалымдарымыз туып-өскен. Қазақстанның жері кең-байтақ. Біз өз Отанымызды сүйеміз.

1-оқушы:

Кұтты болсын тәуелсіздік мерекеміз!

Мықты болсын еліміздің керегесі.

Жүректе намыс оты лапылдаған,

Күш-жігері жастардың сарқылмаган.

Әлі де шығар аланға

Отан үшін қарсы аққан өзеннен өтетіндер.

Жүректе намыс оты сөнбейді

Кезінде ызғарына аяздың төзгендей–ақ

Түсінеміз, ұғамыз

Бұл күннің онайлықпен келмегенін.


3-оқушы:

Бабамның да арманы,

Осы еді ғой аңсаған,

Тәуелсіздік тандары

Бақ береді баршаға


4-оқушы:

Көк туымды қолыма

Бүгін берік ұстадым

Түсті бақыт жолыма

Менің Қазақстаным!


5-оқушы:

Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі,

Мықты болсын елімнің керегесі.

Татту-тәтті боп халқымыз әрқашан,

Кетпесін туған жердің берекесі.


6-оқушы:

Көгінде күн нұрын төккен

Жерінде гүл жұпар сепкен

Неткен сұлу, неткен көркем

Осы менің туған өлкем


7-оқушы:

Алтын дәнді даласы бар

Ақ күмістей қаласы бар

Неткен сұлу, неткен көркем

Осы менің туған өлкем


8-оқушы:

Еңбегі ел шалқып,тасқан

Ел еркіндеп бақыт тапқан

Неткен сұлу, неткен көркем

Осы менің туған өлкем


2-оқушы:

Еліміз тәуелсіздік алған соң Қазақстан Республикасы өз рәміздерін қабылдады.


Ұлы ән.

(«Диалог»,апасы мен немересі)


-Апа, айтшы маған,

Елім менің қашан

Туын желбіретіп,

Орындатты ұран?


-Тәуелсіздік алған,

Егемендік заман

Көк байрақ пен Елтаңбам

Елде туды Ұлы ән.


Әннің сөзін жазған,

Жұмекен мен Нұрсұлтан,

Әніменен Шәмшінің

Орындайды әр ұлан.


Азат болды далаң,

Жарқырады Заман.

Қазақ елі – Отаның,

Есте сақта,балам!


Презентацияда Әнұран көрсетіліп тұр.


Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады. Мерекеге жиналғандар сап түзеп, оң қолдарын жүрек тұстарына апарып, әнұранды бірге шырқайды.

Екі оқушы Қазақстан Республикасының Мемелекеттік Елтаңбасы туралы диалогты жатқа айтады.

  • Қазақстан Республикасының Мемелекеттік Елтаңбасында нелер бейнеленген?

  • Дөңгелек көгілдір түс аясында шаңырақ бейнеленген.

  • Шаңырақтың айналасында не бар?

  • Күн сәулесіндей жан-жағынан уықтар шаншылған.

  • Шаңырақтың оң және сол жағында нелер бейнеленген?

  • Аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған.

  • Елтаңбаның жоғары бөлігінде не бар?

  • Бес бұрышты жұлдыз.

  • Ал төменгі бөлігінде?

  • Қазақстан деген жазу бар.

  • Олар қандай түсті?

  • Олардың барлығы алтын түстес.

Екі оқушы Қазақстан Республикасының Мемелекеттік Туы туралы диалогты жатқа айтады.

  • Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін білесің бе?

  • Мемлекеттік Ту,Мемлекеттік Елтаңба,Мемлекеттік Әнұран- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері болып табылады.

  • Мемлекеттік Ту туралы айтып берші!

  • Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы-ортасында шұғылалы күн,оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған.Күн,оның шұғыласы,қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес.



Видео көрсетіледі - «Көк тудың желбірегені!»

Ән айтылады - «Туған жер»

Астана туралы кіріспе әңгіме.

Екі оқушы Қазақстан Республикасының астанасы Астана қаласына саяхатқа шығады.Экраннан Астана қаласы көрсетіледі

  • Бұл қай қала?

  • Бұл-Астана қаласы

  • Астана қандай қала?

  • Астана әдемі қала. Қалада көп көшелер,биік ғимараттар,қонақ үйлер,спорт кешендері,саябақтар,ескерткіштер бар.

  • Мына ескерткіш кімге арналған?

  • Қаз дауысты Қазыбек би, Әитеке Би, Төле биге арналған.



Сахналық көрініс.

Үш би

  1. Мен ұлы Жүздің биі-Төле би боламын Қабанбай,Бөгенбай,Жәнібек батырларымен бірге халық майданын құрып, азаттық жолында күрес жүргіздік. Төле би есімі бүкіл қазақ тарихына мәлім.



  1. Мен Орта Жүздің биі Қазыбек би боламын.Абылай хан тұсында

мемлекет басқару ісіне қатыстым. Жоңғарларға қарсы азаттық күресті ұйымдастырдым.



  1. Мен Кіші Жүздің биі Әйтеке би боламын. Тәуке хан тұсында үш Жүздің бірлігін, татулығын ойладым. Мені әділ би, шешен, озық ойлы қайраткер деп таниды.

Оқушылар хоры «Күн әлемі» әнін орындайды (қолдарына қағаздан жасалған көгершіндер,шарлар ұстайды)

Мұғалімнің сөзі.Қорытынды




















































































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
"Т?уелсіз ?аза?станым"

Автор: Рахимова Гульнар Советовна;Жанбагысова Нурия Конысбаевна

Дата: 26.04.2016

Номер свидетельства: 322904


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства