а) Ұйымдастыру оқушылардың қатынасын, сыныптың тазалығын тексеру.
ә) Үйге тапсырманы сұрау
Әр топ бойынша сұрап, оқушыларды бағалаймын.
Жаңа тақырып. Толықтауыш
Сөйлемде бастауыш пен баяндауыштың төңірегіне топтасып, бір ойды анықтау үшін, екіншісі ойды толықтыру үшін, үшіншісі ойды пысықтау үшін алынған сөздерді сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері дейміз. Толықтауыш – тұрлаусыз мүшелердің бірі. Толықтауыш деп баяндауыш білдіретін амал-әрекет , іс-оқиғаны заттық мағына жағынан толықтыру үшін жұмсалатын сөйлем мүшесін айтамыз.
Толықтауыш та дара, күрделі және үйірлі болып келеді. Бір сөзден болған толықтауыш дара толықтауыш дейміз.
Күрделі сөздерден болған толықтауышты күрделі толықтауыш дейміз.
Үйірлі мүшеден болған толықтауышты үйірлі толықтауыш дейміз.
1.Дара толықтауыш
Татулықта табыс мол.
2. Күрделі толықтауыш
Көрсетпе көз жасыңды.
3. Үйірлі толықтауыш
Жасау дегеннен көз тұнады.
Сыныптағы оқушыларды 3 топқа бөлемін
1-топ 2-топ 3-топ
Алғырлар Зерделілер Тапқырлар
Өлең шумағынан толықтауышты тап
1.Қаратаудың басынан көш келеді
Қара жорға шайқалып, бос келеді.
Қара түнді жамылып қара қазақ,
Қара түнді басынан кешкен еді.
2. Бір сөз айтсаң жақсыға
Аталы сөзге тоқтайды
Бір сөз айтсаң жаманға
Өмірінде ұқпайды
3. Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем әнмен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй!
Сөз жұмбақ
1.Салт өлеңдер
2. Дыбысталуы бірдей, мағынасы басқа сөздер
3. Екі немесе оданда көп адамның сөйлесуі
4. Түйе атасы
5. Біреудің назарын өзіне аудару үшін қолданылатын сөз
6. Тіл дыбыстарын зерттейтін ғылым
7. Аяз би ертегісінің басты кейіпкері
8. Кім! Не! сұрағына жауап беретін сөйлем мүшесі
9. Кімге! Неге! сұрағы қай септік
10. Жетпіс бес жасқа толған Маңғыстаулық ақын
т
о
й
б
а
с
т
а
р
о
м
о
н
и
м
д
и
а
л
о
г
о
й
с
ы
л
қ
а
р
а
қ
а
р
а
т
п
а
Ф
о
н
е
т
и
к
а
ж
а
м
а
н
б
а
с
т
а
у
ы
ш
б
а
р
ы
С
Ә
б
і
ш
47- жаттығу
Мәтіндегі тура және жанама толықтауыштарды тауып, қандай септіктерде тұрғанын ажырытыңдар.
Берілген мақал- мәтелдерді толықтауышты тап.
Тәрбие –тәлімнен
Түлік –түлден өседі
Қонақ атаңнан да ұлы
Оқу инемен құдық қазғандай
Ақыл ойдан артық
Сабақты бекіту тест сұрақтары
1.Жалғаудың неше түрі барын көрсетіңіз
А) 3 В)4 С)5 Д)2
2.Не істеді? Не Қылды? Қайтті? сұрағына жауап беретін сөйлем мүшесі?
А) бастауыш В)толықтауыш С)баяндауыш Д)анықтауыш
3. Толықтауыш қызметінде тұрған сан есімді табыңыз?
А) Жиырма бес қайта айналып келер ме?
В) Ақылмен мыңды, ақырумен бірді көндірерсің
С) Менің алғаным-жетеу
Д) Асқар- он үште, мен- он төрттемін
4. Шартты белгі- ненің белгісі ------------------?
А) бастауыш В) баяндауыш С) толықтауыш Д)пысықтауыш
5.Сөйлем мүшелері нешеге бөлінеді?
А)3 В)2 С)4 Д)5
Үйге тапсырма
48-жаттығу
Мәтіндегі толықтауышты тауып, құрамына, тұлғасына сөз табына қарай талдаңдар.