kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тіл-рухани ?азына

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабактан тыс откизилген ис шара окушылармен сурак жауап ретинде сабак откизу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тіл-рухани ?азына»

5-сынып күні_______айы_______________20____ ж

Сабақтың тақырыбы:  Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі

Сабақтың мақсаты:  

Білімділік:Оқушылардың  өз пікірлерін тыңдай отырып,  қосымша   мәліметтер бере отырып  денсаулық құндылығы, дұрыс тамақтану  туралы  түсініктерін кеңейту

Дамытушылық: денсаулықтың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру.

Тәрбиелік: денсаулықты күтуге,дұрыс тамақтана білуге тәрбиелеу

Барасы

І.  Ұйымдастрыу кезеңі

- сәлемдесу

ІІ. Жаңа сабақ барысы

1.Тамақтану тәртібі 

2. Тамақтанудың негізгі ережелері

3. Тамақтану процесінің принциптері  

           4. Тамақ ішу тәртібі

Балалар мен жасөспірімді дұрыс тамақтандыру олардың денсаулығын нығайтып, дене және ой қабілетінің дамуына мүмкіндік береді, еңбек ету мен сабақ үлгеру қабілетін арттырады. Егер тамақтану дұрыс ұйымдастырылмаса, тиімсіз, яғни жеткіліксіз болса, организмде метаболизм, зат алмасу бұзылып, оның айналадағы ортаның зиянды әсеріне және әртүрлі жұқпалы ауруларға қарсы тұрарлық қабілеті төмендейді.

  •     Тамақтану  сауаттылығының бес негізі

1) Тамақ құрамында негізгі қоректік заттардың болуы (нәруыз, май, көмірсу);

2) Тамақ рационында қосымша заттардың болуы (витаминдер, микроэлемент);

3) Тамақ нәрлігі адам жасына, денсаулық күйіне, табиғат климатына байланысты;

4) Тәулік бойынша тамақтану тәртібінің мөлшерін сақтау;

5) Тамақтанудың санитарлық – гигиеналық нормаға сай болуы.

  • Тамақтану тәртібі

ас қабылдауда белгілі бір уақытқа бағыну,

 сондай - ақ тамақтану кезінде астың мөлшерін және мәзірін сақтау деген ұғымды білдіреді. Тамақтану режиміне мына төиендегі принциптер енеді.

Бірінші, тамақтану барысында тәуліктік кесте белгілеу.

Екінші, тәулігіне бір - екі рет қана тамақтану дұрыс емес, белгілі мөлшерде үш – немесе төрт рет тамақтану керек.

Үшінші, тамақ құнарлы болғаны жөн. Себебі, адам ағзасы дұрыс қабылдайтын, оны асқазан еш қиындықсыз қорытатын тағам түрлері, яғни белок, майлар, витаминдер, минералды заттарға бай болғанын адам өзі таңдай алуы шарт. Бұл ретте дәрігер - диетологтың да кеңесі артық болмайды.

Тәуліктік ас мәзірі әртүрлі болуы керек. Тамақтану кезінде адам өзінің ас қабылдау қабілеті, көңіл - күйіне баса назар аударғаны жөн. Кей ретте тамақ жеңіл жүрсе, кей ретте ол керісінше бұл процесті бәсеңдетеді.Мұны мамандар физиологиялық процесс деп те атайды

Тәбет

Аштыққа қарсы тұратын құбылыс. Ол мына бір принциптермен дәлелденеді. Атап айтқанда, тамақ қабылдау мезгіліне, тағамның түрі, дәмі немесе иісі, түрлі қоспалар, тіпті бұл ретте адам ойы да өзіндік рөл атқарады. Адамның тәбеті шылымға, кофеге, шайға, апиын, ішімдік, тағы басқаларына ашылатын көрінеді. Бірақ, мұндай физиологиялық қажеттіліктен аулақ болған дұрыс.

Тәбет кей ретте асқазанның шұрылдап, маза бермеуі, бос, еш жұмыссыз тұрғандығымен қиналады. Бұл симптом мешкейлерге тән. Бұл орайда халықтық медицина ондай адамдарға бірнеше күн өзіне аштық жариялағанды ұсынады.

Тамаққа деген тәбет сыр білдірмей де келеді. Ол сыртқы фактролардан делдал іздемейді. Адам белгілі тамақты құмартқанда, тәбеті өздігінен пайда болады. Міне, осы кезде адам асханада өзі қалаған ас әзірлеп, дастархан басына жайғасып, тамақтанғанға не жетсін дейді. Және солай да жасайды.

2.Тамақтанудың  негізгі  ережелері

  • Аш адам бір жапырақ нан мен суды да қанағат тұтады. Бұл орайда оның тәбеті жоғары болады. Ал, ашқарақ адамға келсек, ол алдына келгеннің бәрін опыруға дайын. Мұндайда халықтық медицина ондай адамдарға белгілі рацион, кесікті кесте, тамақты қанағатықпен тұтыну керектігін ұсынады.

  • Асқазан өз қажетін алды делік. Бірақ, тәбет басылмай тұр. Бұл тағамның дәмді әзірленгендінен де болады. «Өзі тойғанмен, көзі тоймай тұрғанын қараша» деген қызғаныш осыны білдірсе керек. Көптеген әдебиеттерде асқазан жартылай бос болуы керек деп жазылады. Бұл ас қорыту процесін жеңілдетеді. Екіншіден, тақыл – тақыл тағам қабылдауға мүмкіндік береді. Адамның тәбеті мен оның асқа деген құмартулығын артырады дейді.

  • Тойып тамақ ішуге болмайды. Тағамның мөлшері, оның сапасы, қабылдау кестесі, гигиена ережесі және қолайлылық этикасымен реттелуі керек. Тамаққа деген тәбетіңіз болмай тұрып, ас қабылдамаңыз. Тамақтану тәртібі дегеніміз – ас қабылдауда белгілі бір уақытқа бағыну, сондай - ақ тамақтану кезінде астың мөлшерін және мәзірін сақтау деген ұғымды білдіреді.

3.Тамақтану процесінің принциптері

Тамақтану режиміне мына төмендегі принциптер енеді.

  • Бірінші, тамақтану барысында тәуліктік кесте белгілеу.

  • Екінші,тәулігіне бір - екі рет қана тамақтану дұрыс емес, белгілі мөлшерде үш – немесе төрт рет тамақтану керек.

  • Үшінші,тамақ құнарлы болғаны жөн. Себебі, адам ағзасы дұрыс қабылдайтын, оны асқазан еш қиындықсыз қорытатын тағам түрлері, яғни белок, майлар, витаминдер, минералды заттарға бай болғанын адам өзі таңдай алуы шарт. Бұл ретте дәрігер - диетологтың да кеңесі артық болмайды. Тәуліктік ас мәзірі әртүрлі болуы керек. Тамақтану кезінде адам өзінің ас қабылдау қабілеті, көңіл - күйіне баса назар аударғаны жөн. Кей ретте тамақ жеңіл жүрсе, кей ретте ол керісінше бұл процесті бәсеңдетеді.Мұны мамандар физиологиялық процесс деп те атайды.

Асқазан  ішілген тамақтан  шамамен 4 сағат шамасында  босайды, сол  себепті  тамақ  ішудің  арасы 3-3,5 сағаттан  кем  және 4-4,5 сағаттан  аспасын.Тамақты  жиірек ішкен  сайын  асқазан –ішек  жолдары жұмысының ырғағы  бұзылады. Егер тамақ ішу аралығында үзіліс  өте үзаққа  созылып  кетсе, онда  күшті  ашығу сезімі  туындайды және  оны  қанағаттандыру үшін  көп  тамақ ішу  қажет болады, бұл да асқазанның  қорытуын  киындатады.

Тамақтану режиміне мына төмендегі принциптер енеді.

Бірінші, тамақтану барысында тәуліктік кесте белгілеу.

Екінші, тәулігіне бір - екі рет қана тамақтану дұрыс емес, белгілі мөлшерде үш – немесе төрт рет тамақтану керек.

Үшінші, тамақ құнарлы болғаны жөн. Себебі, адам ағзасы дұрыс қабылдайтын, оны асқазан еш қиындықсыз қорытатын тағам түрлері, яғни белок, майлар, витаминдер, минералды заттарға бай болғанын адам өзі таңдай алуы шарт. Бұл ретте дәрігер - диетологтың да кеңесі артық болмайды. Тәуліктік ас мәзірі әртүрлі болуы керек. Кей ретте тамақ жеңіл жүрсе, кей ретте ол керісінше бұл процесті бәсеңдетеді.Мұны мамандар физиологиялық процесс деп те атайды.

Калориялар

  • 11-13 жас аралығындағы  балалар үшін– 2850 кал.

  • 14-17 жас аралығындағы  ұл балалар үшін– 3150 кал.

  • 14-17 жас аралығындағы  қыз балалар үшін–2750кал.

  • Студент жастар үшін– 3300 кал.

  • Студент қыздар үшін– 2800 кал.

   Спортсмен әйел адамдар – 3500-4000 кал.

   Спортсмен ер адамдар – 4500-5000 кал.

  • Қарт аналар үшін– 2000 кал.

  • Егде  ер адамдар үшін – 2200 кал.

Оқушылардың тамақтану тәртібі

  • Бірінші және екінші ауысымда оқитын оқушылар үшін  тамақтанудың типтік тәртібі 

  • Бірінші  ауысым 

  • 7.30 - 8.00 Үйдегі таңғы ас

  • 10.00 - 11.00 Мектептегі ыстық таңғы ас

  • 12.00 - 13.00 Үйдегі немесе мектептегі түскі ас

  • 19.00 - 19.30 Үйдегі кешкі ас

  • Екінші ауысымда

  • 8.00 - 8.30 Үйдегі таңғы ас

  • 12.30 - 13.00 Үйдегі түскі ас (мектепке кетер алдындағы)

  • 16.00 - 16.30 Мектептегі ыстық тамақ

  • 19.30 - 20.00 Үйдегі кешкі ас

ІІІ. Білімді бекіту

Не білемін?

Не білдім?

Не білгім келеді?

 

 

 




































5-сынып күні_______айы_______________20____ ж



Тақырыбы: Көкөніс салаттарды даярлау және әшекейлеу
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға көкөністің маңызын, пайдасын түсіндіріп, қолдану ерекшеліктерін айтып өту.
Дамытушылық: Еңбекті ұйымдастыра отырып, олардың шығармашылық ізденімпаздық, сын тұрғысынан ойлау, еркін сөйлеу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: шеберлікке, іскерлікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу, өз бетінше жұмыс жасауға үйрету.
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, венн диаграмасы, ассосациясы, кубизм ББҮ әдісі, сұрақ жауап
Сабақтың түрі: көкөніс туралы білімдерін жинақтау
Көрнекіліктер: нұсқау карта, буклет, қажетті құрал жабдықтар

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру

ІІ. Өткен сабақты қайталау, еске түсіру
1) Бөлме тазалығына көңіл бөлу
2) Қияр, қызанақты маринадтау. Оқушылардан өткен сабақты тест бойынша сұрау

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
Оқушыларға көкөністерді пайдалану және салат дайындау түрлері туралы мағлұмат беру.
Көкөністердің маңызы мен пайдасы туралы қысқаша айтып өтемін. Адам организміне қажетті бүкіл энергия тамақпен келеді. Оның ішінде көкөніс пен жеміс жидектің пайдасы өте мол. Дәрумендердің жетіспеушілігінен адамда әртүрлі аурулар пайда болады.

Мыс: А - дәруменінің жетіспеушілігінен көз аурулары пайда болады. А дәрумені алма, сәбіз, өрікте болады. В дәрумені жетіспеушілігінен жүйке жүйесі аурулары – анемия, асқорыту сияқты аурулар пайда болады. В дәрумені картопта, орамжапырақта, қызанақта кездеседі. Көкөністерді әсіресе жаңа піскен кезде жеген дұрыс. Тосап қайнатуға, кептіруге, тұздауға, маринадтауға, пісіруге күнделікті көкөністерді пайдалануға болады. Сабақты түсіндіре отырып оқушылардың ойлау қабілетін дамыту үшін ассоциация құрамыз.
Көкөністі күнделікті пайдалану түрлері
Шырын, сусын дайындайды, салат жасаймыз, тосап қайнатады, дәруменге бай дәрі жасайды, тұздаймыз, кептіреміз

Салат туралы Венн диаграмассы арқылы білеміз
Мыс: қызылша салаты мен күздік салаттың ерекшеліктері мен айырмашылықтарына тоқталсақ. Оқушылар тақтаға салат туралы өз ойларын жазады
Қызылша салаты
Қызылшаны төрт бұрыштап турайды майға қуырамыз 30 - 40 м қайнатылады әр түрлі банкаға салуға болады
Күздік салаты
Орамжапырақты ұзыншалап туралады. Бірдей банкаға салынып, сыртынан 1 сағ. қайнатылады
Айырмашылығы
Екеуі де қысқа сақталады. Екеуіне де қызанақ, сәбіз, тәтті бұрыш заттар қосылады
Сабақты теория түрінде қорытындылай отырып ББҮ әдісін қолданамыз.
Оқушыларға сұрақ карточка берілді.
1. Сабақтан алған әсерің қандай? Не үйрендің?
2. Мұғалімге қоятын сұрағың қандай?

Сарамандық жұмыс жүргізу.
1. Қажетті құралдар: пышақ, тақтай, көкөністер, тәрелке, шанышқы
2. Жұмыс орнын дайындау
3. Оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуін қадағалау, бағыт бағдар беру
4. Олардың жұмыстарын бақылай жүріп, сұрақтарына жауап беру
Жасаған жұмыстарын тексеріп, бағалау
Сабақты қорытындылап, үйге тапсырма беру. Үйден салат жасау






































5-сынып күні_______айы_______________20____ ж


Сабақтық тақырыбы: Дастарқанды жабдықтау. Сулықтарды бүктеу тәсілдері Көкөністердің түрлері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Дастарханды жабдықтай отырып, сулықтарды бүктеу тәсілдерін үйрену және көкөністердің түрлерімен салаттар әзірлеп үйрену.
Дамытушылық: Оқушының алған білімін өз бетінше қолдана білу қабілеттілігін дамыту және нәзік икемділік пен ептілікке бейімдеу.
Тәрбиелік: Оқушыларды тазалыққа, ұқыптылыққа, эстетикалық талғамының жоғары болуына тәрбиелеу.
Көрнекілік құрал-жабдықтар: Плакаттар, сулықтардың түрлері, дастархан, шай, ыдыс-аяқтар.

Cабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, сабаққа даярлығын тексеру.
2. Өткен сабақты қайталау: сұрақтар арқылы жауаптар алу.

а) Асханалық ыдыстар қызметіне қарай қандай болып бөлінеді;
ә) Асханалық құралдар неше топқа бөлінеді?
б) Дастарханды қалай жабдықтаймыз?
в) Дастарханды жабдықтау дегеніміз не?
г) Ыстық шәй шөліңді қандырады, жаныңды жадыратады, бойыңды жылытып, сергітеді екен. Ал енді осы шәйді қалай демдейміз?
Жаңа сабақты бастамас бұрын мына сұрақтарды қайталап, пысықтап алайық.
1. Техника қауіпсіздік ережесін қайталау;
2. Тазалық талаптарын еске түсіру;
3. Дастархан басында дұрыс отыру мәдениетін айту.

4. Дастарханға қойылатын көкөністердің түрлерімен танысу.

Жаңа сабақ.
Сулықтар тек тазалық үшін ғана емес, сонымен бірге дастархан мәдениетін сақтауға көмектеседі, ал әдемі сулықтар дастарханға мерекелік сән береді.
Сулықтардың екі түрі болады:
1. Сорғыш қағаздан, яғни бір рет қолдануға арналған түрі;
2. Матадан тігілген, өрнектеліп, кестеленген, яғни жуып, крахмалдап, үтіктеп қолдана беруімізге болатын түрі.
Сулықтарды бүктеудің бірнеше түрі бар. Біз бүгін бес тәсіл бойынша сулықтарды бүктеп үйренеміз.
1. Шам
2. Гүл
3. Көбелек
4. Құс қанаты
5. Қайық
Осы сулықтардың бүктеу технологиясына жеке-жеке тоқталып, таныса отырып, сарамандық жұмысты орындаймыз.
Осы сулықтардың ішінен бір түрін таңдап алып, барлық оқушылар сарамандық жұмыс орындайды. бүктелген сулықтардың ішінен әдемі жасалған сулықты алып, дастарханды жабдықтаймыз.


Жаңа тақырыпты бекіту сұрақтары:
1. Сулықтар не үшін қажет?
2. Сулықтардың қандай түрлерін білесіздер?
Бүгін сабақта неше бүктеу тәсілін үйрендіңіздер, аттарын атаңыздар?
Қорытынды. Оқушыларды бағалау.















































5-сынып күні_______айы_______________20____ ж



Сабақтың тақырыбы: Бутерброд. Бутерброд түрлері.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға бутерброд туралы түсінік беру, бутерброд түрлерін таныстыру.

Дамытушылық: Оқушылардың өз бетімен тағам түрлерін жасай білуін және аспаздық қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Қыз баланы ас мәзірін дайындау кезінде тиянақты, ұқыпты таза жұмыстануға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Кесте, суреттер, сөзжұмбақ.

Керекті құрал-жабдықтар: Тақтай, пышақ, тәрелкелер.

Бутерброд жасауға арналған азық-түліктер.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

- оқушылармен амандасу

- оқушыларды түгендеу, назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

1. Салат дегеніміз не? Салаттың түрлерін ата

2. Көкөністер қандай топтарға бөлінеді?

  1. Тамақтану мәдениеті дегеніміз не?

  2. Көкөністерді тураудың неше түрі бар?

ІІІ. Жаңа сабақ Тақырыбын, мақсатын таныстыру.

Дастархандағы нан – ауқаттылықтың, жетістіктің және бейбіт өмір тұрақтылығының белгісі.Адамдар нанды барлық жерде және барлық уақытта қастерлеп келген.Нан және нан өнімдері ең маңызды тағам.

Нанды бутерброд дайындауға пайдаланса болады.Бутерброд неміс сөзінен шыққан «май жағылған нан» дегенді білдіреді.Біз бутерброд сөзін кең мағынасында қолданамыз.

Бутербродтар салқын тағамдарға жатады. Оларды таңғы, түскі, кешкі асқа тез дайындауға болады.Бутерброд мәзірді түрлендіреді, әр түрлі тағамдар дың сәнін кіргізіп, кісінің тәбетін ашатындай етіп көрсетеді.Оны жеке тағам ретінде немесе ас алдында сорпамен, шаймен,кофемен, сондай-ақ ыстық тамақсыз дастарханға басытқы ретінде беруге болады.

Кесте

Бутерброд дайындауға қажет азық-түліктердің ықтималды үйлесімі

Пайдаланылатын азық — түліктер

Пайдаланылатын азық – түліктер құрамы

Еттен жасалған

1. Май, шұжық, ветчина, піскен ет, піскен тіл.

2. Қышамен аралас май, піскен ет, қияр, қызанақ, жасымша.

Балықтан жасалған

  1. Піскен балық, май, майонез, жасымша

  2. сардиналар, қияр, кальмарлар.

Сүттен жасалған

1. Май, ірімшік сүзбе, ірімшік(брынза)

2. Сүзбе массасы, тосап.

Көкөністен жасалған

1.Май, қызанақ езбесі, жұмыртқа, ақжелкек көгі, көк пияз, салат.

2.Қызылша, сәбіз, қияр, қызанақ.

Жемістен жасалған

Алма, жаңғақтар, апельсиндер, жидектер.


Қолданылған қоспаға байланысты бутербродтар былай бөлінеді:

  • еттен жасалған;

  • балықтан жасалған;

  • сүттен жасалған;

  • көкөністен жасалған;

  • жемістен жасалған;

Өңдеу тәсіліне байланысты бутербродтарды салқын, ыстық деп топтауға болады.

Бутербродтардың негізгі түрлері:

  • ашық (азық көрініп тұрады);

  • жабық (сэндвичтер);

  • тіске басар басытқы (3х3см мөлшерлі канапе), оның түйірлері көкөністен жасалған.

Кесте. Бутерброд түрлері.

Бутерброд дайындау түрлері

мен әдістері

Дайындау ерекшеліктері

Салқын

Ыстық

Ашық (қарапайым)

Ашық (күрделі)

Жабық

 

Тіске ілерлік канапе немесе тартинкалар

Жылусыз өңдеу

Жылумен өңдеу

Бір азық түрімен

Екіден артық азықпен

Салынды екі тілім нан ортасына орналастырылады.

Нан жабық пеште (духовка), тостерде пісіріледі.Уақтап кесіліп, екі жағы кептірілген нан қолданылады.

Салындыны кептірілген нанға салады.

 

IV. Сарамандық жұмыс. Керекті құралдар: тақтай, пышақ, тәрелкелер,

азық-түліктер. Оқушылар өз қалаулары бойынша бутерброд жасаулары қажет.

 

Қауіпсіздік ережесін еске түсіреміз

  1. пышақты, шанышқыны ұсынғанда сабын ілгері қаратып беру керек.

  2. көкөністерді арнайы тақтайшаларда турау қажет.

  3. азықты турағанда пышақты тақтадан тым жоғары көтермеу керек, пышақ жүзінен сол қолдың саусақтары бүгіліп, қашық түруы тиіс.

  4. көкөністерді үккіштен өткізгенде оны қатты ұстау қажет және тым майдалап жіберуге болмайды.

Оқушылар өздері дайындаған бутерброд түрлерін көрсетіп, таныстырады.

V. Сөзжұмбақ шешу.

  1. Жердің астында – қызыл, жер бетінде – жасыл. (Қызылша)

  2. Түймесі жоқ, қабат-қабат тон киген көкөніс. (Қырыққабат)

  3. Қарапайым «бұйрашашты» жасылша. (Аскөк)

  4. Барлық ауру қашатын көкөніс. (Пияз)

  5. 95% судан тұратын көкөніс. (Қияр)

  6. Ол көкөністі «екінші нан» деп атайды. (Картоп)

VI. Дайын бутербродтардың сапасына қойылатын талаптар:

  • бутерброд жеу алдында ғана дайындалуы тиіс;

  • бутерброд құрамындағы азықтар жасаң болуы тиіс;

  • нан үзімдерінің қалыңдығы 0,51 см болуы қажет;

  • нан азықтармен түгел жабылған болуы қажет;

  • бутербродтардың дәмі, түсі, және иісі қолданылған азықтарға сәйкес болуы тиіс;

  • бутербродтардың тоңазытқышта сақталу мерзімі 4-80 мөшерінде 3сағаттан аспаған жөн;

  • көкөністерді турамастан бұрын алғашқы өңдеуден өткізу қажет;

  • нан, көкөністер турау кезінде әрқайсысына арнайы тақтайшалар пайдаланылады.

VII. Қорытынды.

Міне балалар бүгін біз сендермен әртүрлі бутерброд түрлерінің қалай жасалатынымен танысып, кейбіреулерін жасап көрдік.

Бүгінгі тақырып бойынша қандай сұрақтарың бар?

  • Жаңа материал бойынша сүрақтарға жауап беру.

  • Оқушыларды бағалау.

  • Үйге тапсырма. Басқа да бутерброд түрлерін жасау.

 


5-сынып күні_______айы_______________20____ ж


Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктерден алынатын талшықтар мақта, зығыр.Мақта, зығыр маталарының түрлері.

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: білім алушыларды өсімдіктерден алынатын талшықтардың түрлерімен, олардың қасиеттерімен таныстырып, білімдерін толықтыру

Тәрбиелік: білім алушыларды мамандыққа бағдарлау, алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге, киіну мәдениетіндегі маталардың денсаулыққа пайдалы түрлерін таңдай білуге, жауапкершілікке тәрбиелеу

Дамытушылық: Пәнге қызығушылықты, іскерлік пен дағды, өздіктерімен іздену, танымдық қиыншылықтарды жеңе білуде талдау, қорытынды жасай білу қабілеттерін дамыту

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақты өткізу әдісі: түсіндірмелі, сұрақ-жауап, ізденіс, зерттеу жұмыстары, салыстырып ой түйіндеу, Венн диаграммасы

Технологиясы: Сын тұрғысынан ойлау технологиясы

Құрал-жабдықтар, көрнекіліктер: Мультимедиялық экран, микроскоптар, лупалар, зертханалық жұмысқа арналған форфор ыдыстар, пинцеттер, сіріңке, слайдтар, талшықтардың топтамасы, мақта, зығыр талшықтарының үлгілері

Таратпа материалдар: талшық үлгілері, кестелер, зертханалық жұмыстың нұсқаулығы

Пәнаралық байланыс: биология, химия, тарих

Пайдаланылған әдебиеттер:

Е. М. Мальцева «Тігін өндірісінің материалтануы» 1992ж

И.Захарченко «Материаловедение швейного производства» Астана-2010.

Г.Мауленова, Д. Амандыкова «Материаловедение швейных изделий» Астана-2010

Мектептегі технология журналы №6/2007ж

Сабақтың барысы

1. Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу, топты түгендеу; сабаққа дайындықты анықтау, бағалау парағын тарату

2. Үй тапсырмасын тексеру

1. Өткен тақырып бойынша 2 нұсқада тест алу

2. Сұрақтар қою арқылы өткен тақырыпты қайталау

1. Талшық дегеніміз не ?

2.Талшықтардың негізгі қасиеттеріне қандай қасиеттерін жатқызамыз ?

3. Талшықтардың жуандығы мен жіңішкелігін қалай өлшенеді ?

4. Талшықтардың ұзындығын қандай өлшеммен өлшейді ?

5. Талшықтардың гигиеналық қасиеті дегеніміз не ?

6. Талшықтардың гигроскопиялық қасиеті дегеніміз не ?

7. Талшықтарды табиғи, химиялық талшық деп не себептен айтамыз ?

8. Өсімдіктектес талшықтардың, мал тектес талшықтардың құрамы қандай заттардан тұрады ?

Тақырыпты қорытындылау.

3. Жаңа сабақты түсіндіру

Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

Жоспар

1.Ой қозғау.

Сабақтың өзектілігін анықтау мақсатындағы тапсырма.

2. Талшықтардың топтасуы.

3. Алдын ала берілген тапсырма бойынша мәліметтермен танысу.

4. Мақта, зығыр талшықтары және олардан алынатын өнімдер.

5. Мақта, зығыр талшықтарының қасиеттерімен таныстыру.

6. Мағынаны ажырату. Зертханалық жұмыс.

7. Сабақты бекіту: Венн диаграммасы; бекіту сұрақтары арқылы.

8. Қорытындылау; бағалау.

9. Үйге тапсырма беру.


3.1. Ой қозғау

1-тапсырма- Парта сөзі және экранда суреттер беріледі, логикалық тізбек жасау.

Парта(бұйым)—кесілген ағаш (материал)—тал (шикізат)


2. тапсырма- Алжапқыш сөзі және экранда суреттер беріледі, логикалық тізбек жасау шешімін табу мәселесі қойылады

Алжапқыш (бұйым)—матариал (мата)—шикізаты не ? шешімін табу мәселесі қойылады


3.2.Слайд «талшықтардың топтасу кестесі













3.3. Алдын ала берілген тапсырма бойынша: мақта және зығыр талшықтары туралы мәліметтерді тыңдау


3.4. Слайд. « Мақта және зығыр талшықтары, олардан алынатын өнімдер»

Мақта - өсімдіктің ұрығын жауып тұратын қоза деп аталатын өте жіңішке талшық. Мақта тоқыма өнеркәсібінің маңызды шикізаты болып табылады. Мақта талшығы ұрықпен бірге шитті мақта деп аталады. Шитті мақтаның 1/3-і массасы талшықтар, 2/3-і ұрық.

Мақта талшығы ұрық қабыршағының клеткаларынан өсіп шығатын өсімдіктің бір клеткасы. Талшықтардың құрылымы олардың пісіп жетілу дәрежесіне байланысты.


Слайд. Мақта талшығының пісіп жетілу сатылары:

а)-өте шикі (өлі); б)-шикі(піспеген); в)-онша піспеген; г)-піскен; д)-өте піскен

Микроскоппен қарағанда мақтаның піспеген (өлі) талшығы қабысып, ұзынша, жұқа қабырғалы, кең өзекті болып келеді. Талшық піскен сайын оның қабырғаларына целлюлоза пайда бола бастайды да, қабырғалары қалыңдап, өзегі тарылады. Талшық бұралған, иірілген кейіп алады. Қатты пісіп кеткен талшықтардың түрі цилиндр кейіптес, ішінде тар өзегі болады. Мақта талшығының көлденең қимасы – қисық, сопақша формада болып келеді.

Химиялық құрамы жағынан талшық таза целлюлозадан тұрады. Піскен мақта талшығын 95-96 %-ы целлюлоза, 1-5% май, балауыз тектес, бояумен минерал қоспасынан тұрады. Талшықтың целлюлоза майдан тұратын қабатын кутикула деп аталынады. Талшықтың ұзындығы мен жуандығы оның сортына байланысты, көлденең қимасының орташа диаметрі 15-25 мкм. Қысқаталшықты мақтаны бәйке, фланель, бумази матасын жасау үшін, үлпілдек жуан жіптер жасауға жібереді. Орта талшықты мақтадан шыт, сәтен, орта нөмірлі жіп. Ұзын талшықты мақтадан – бәтес, маркизет, жоғары сапалы жұқа мақта маталар, жіңішке, тегіс жіптер иіреді.

Талшықтың түсі – ақ, сарғыштау. Сарғыш жасыл да түстілері болады.

Мақтаның гигроскопиялық қасиеті – жоғары, ылғалды бойына тез сіңіреді, тез шығарады, тез кебеді. Мақта қышқылдар мен сілтілердің әсеріне қарсы тұра алмайды, әлсіз қышқылдың өзі мақтаны бүлдіреді; концентрациялы күкірт қышқылы талшықты күйдіріп жібереді.

Мыс аммиак реактивтерінің әсерінен, мұсатыр спиртіндегі мыс гидрототығы ерітіндісінде мақта талшықтары ериді.

Басқа да органикалық талшықтар сияқты мақта да жарық пен ауа райының әсерінен мықтылығын жоғалтады. Күн сәулесі әсер етсе мықтылығы кемиді.

Мақта талшықтары сары түсті жалынмен түгел жанып сұр түсті күлге айналады. Талшық жанған уақытында күйген қағаздың иісі сезіледі.

Зығыр – зығыр өсімдігі сабағының қабықты бөлігінен алынатын талшық. Талшықтардың қарапайым және техникалық түрлері болады. Қарапайым талшықтардың жалғыз-ақ өсімдік клеткасы бар. Ал техникалық талшықтар пектиндік заттармен өзара желімдеген қарапайым талшықтардың шоғырынан тұрады. Микроскоппен қарағанда қарапайым талшықтың ұзына бойына – қабырғасы қалың, жіңішке өзекті және қисық буын болып келген өсімдік клеткасы көрінеді.


Слайд. Зығырдың қарапайым талшығы:

а)-сыртқы көрінісі мен көлденең қимасы; б)- бойлық қимасы

Талшықтың ұштары жіңішке, өзегі бітелген, көлденең қимасы 5-6 қырлы көпбұрыш, өзегі ортасында. Зығыр талшығында 80% целлюлоза, 20% майлы балауыз тектес, бояғыш минералды заттар мен лигнин (клетканың қатаюына қажет зат) . Зығыр талшығында 5% лигнин бар, сондықтан мақтаға қарағанда қатты.

Талшықтың түсі ашық сұрдан қара сұрға дейін, сырты тегіс болғандықтан зығыр жылтырап тұрады.

Физико-химиялық қасиеттері жағынан мақтаға жақын, гигроскопиялығы 12% тең . Ылғалды тез сіңіріп шығарады. Зығырдың бір ерекшелігі – оның жылуды жақсы өткізуі, сондықтан әрқашан қолға салқын болып сезіледі. Зығыр жаздық киімдер үшін таптырмайтын материал болып табылады.

Мақта мен зығыр талшықтарын жіптер алу мен маталар жасау, медицина саласында, тұрмыстық бұйымдар мен ас үй жабдықтарын, төсек-орын жабдықтары мен киімдерді тігуге кеңінен қолданады.

Үй тапсырмасы: 1 . Өсімдіктерден алынатын талшықтардың түрлерін, олардың қасиеттерін толықтыру

2. Киіну мәдениетіндегі маталардың денсаулыққа пайдалы түрлерін таңдай білу.

























5-сынып күні_______айы_______________20____ ж



Сабақтың тақырыбы: Матаның негізгі, арқау жіптерін анықтау. Матаны Өңдеу технологиясы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Матаны өңдеу технологиясымен таныстыру. Матаның негізгі және арқау жіптерін анықтауды үйрету. Матаның оң және теріс жақ беттерін ажырату.

Дамытушылық: Оқушылардың сауаттылығын, дағдыларын жетілдіру, оқушылардың ойын дамыту, танымдылығын арттыру.

Тәрбиелік: Оқушылар бойына эстетикалық қасиеттерді сіңіру, еңбекке, тіл өнеріне, әсемдікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап әдісі, көрнекілікпен жұмыс, тіл дамыту, логикалық ойлау, Венн диаграммасы.

Пәнаралық байланыс: Жаратылыстану, әдебиет.

Сабақтың көрнекілігі: Сабақтың эпиграфы: «Ағаш көркі – жапырақ, Адам көркі – шүберек» деп жазылған плакат, мата үлгілері, Венн диаграммасы, кестелер, сурет.

Құрал – жабдықтар: Мата қиындылары, түрлі-түсті қағаздар, қайшы, желім, сызғыш, қарындаш.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

  • Ал, қыздар, көңіл-күйлерің қалай? Сабаққа дайындықтарың қалай?

  • Олай болса, бір-бірімізге жақсылық тілеп, сабағымыздың сәтті өтуін тілеп, жақсы оймен, тілекпен сабағымызды бастайық.

  • Тақтаға көңіл аударсақ қазақта «Ағаш көркі – жапырақ, Адам көркі – шүберек» деген мақал-мәтел бар. Осы мақалдың мағынасы жайында ойланып көрейікші. Кім қалай ойлайды? (оқушылар сөзі)

Көктем, жаз, күз, қыс мезгілдеріндегі ағаш көрінісін суреттеу.

  • Қыздар, өздерің бір киімді барлық жерге бірдей киесіңдер ме? (мектепте, үйде, қонақта т.б.).

  • Киім қандай болуы керек деп ойлайсыңдар? (қымбат, арзан, жарасымды, ыңғайлы т.б.)

  • Адамның сыртқы көркі жайында айтып жатырмыз. Сыртқы көркінен басқа, адамның ішкі жан дүниесі бар. Сырт киімдерің қандай таза, әдемі, жарасымды болса, ішкі жан дүниелерің де сондай әдемі, таза болуы керек.Сендердің, қыздар, ішкі жан дүниелеріңнің таза, пәк, адал екеніне ешқандай күмән жоқ. Олай болса, ішкі дүниемізге, сыртымыз сай болсын деп «шүберек» сатып алуға мата дүкеніне барайық.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Үй тапсырмасы бойынша, сұрақтарға жауап беру арқылы, маталарды білімдерімен сатып алады.

  1. Мақта өсімдігі жайында не білесің?

  2. Зығыр өсімдігі жайында не білесің?

  3. Мақта талшығы қай жерінен алынады? Схема бойынша алғашқы өңдеу жолдарын айт.

  4. Зығыр талшығы қай жерінен алынады? Схема бойынша алғашқы өңдеу жолдарын айт.

  5. Талшық түрлерін ата.

  6. Тұрмыстық мата дегеніміз не?

  7. Арнайы және техникалық мата дегеніміз не?

  8. Гигроскопиялығы дегеніміз не?

  9. Мақта мен зығыр талшықтарын Венн диаграммасы бойынша салыстыру.

Венн диаграммасы Мақта талшығы Зығыр талшығы

ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту кезеңі.

Мата сатып алып, олжалы болдыңдар. Өткен тақырыпты қалай меңгергендеріңді көрсеттіңдер. Матаны сатып алып қана қоймай, оның шығарылу жолын да білгеніміз жөн. Олай болса, біздің жаңа сабағымыздың тақырыбы «Мата шығару. Матаның негізгі және арқау жіптерін анықтау». Сабағымыздың мақсаты, мата шығару технологиясымен танысу, матаның негізгі және арқау жіптерін анықтай білу, матаның оң және теріс беттерін айыра білу.

Алдарыңдағы маталардың ұсақ қиындыларының шеттерін тарқатып көрейік.

  • Бұл не? (жіп)

  • Жіп қалай жасалады?

  • Апалардың жүннен жіпті қалай иіретінін еске түсірейік. (Жүнді жуады, сабайды, тазалайды, түтеді, ұын таспа түрінде созып, орайды, ұршықтың көмегімен иіреді)

  • Олай болса, тоқыма фабрикасына түскен мата мен зығыр талшықтарынан да осылай жіп жасайды. Талшықтарды арнайы машина қопсытады, қоқыстардан тазартады, тарайды. Содан соң біріңғай ұзын таспа түрінде созады. Таспаны тегістеп, сәл айналдырады да босаң жіп алады. Тоқыма машиналарында оны иіреді. Дайын болған жіпті арнайы шөріктерге орайды. Талшықтардан жіп жасау – мата шығарудың ең алғашқы сатысы. Талшықтан жіп шығару процесін иіру деп атайды.Дайын болған жіп тоқыма фабрикасына түсіп, одан тоқу станоктары мата шығарады.Матаның ұзына бойымен орналасқан жіпті негізгі жіп, ал көлденеңінен жатқан жіпті арқау жіп деп атайды. Матаның екі жағындағы тарқатылмайтын шеттерін – матаның жиегі дейді. Матаны алу процесін тоқу деп атайды. Матадан жіптің әр түрлі айқасу жолдарын байқауға болады. Соның ішінде ең жай түрі – кездеме тоқу. Тоқыма станоктарынан алынған маталарды өңдейді, тазалайды, ағартады, бояйды және өрнек саладыМатаның екі жақ беті бар: оң және теріс. Оларды матаның бетіне түскен суреті, түсі, бетінің жылтырлығы арқылы анықтайды.

ІV.Сарамандық жұмыс. Матаның негізгі және арқау жіптерін анықтау.

Құралдар: қайшы, желім, қағаз, сызғыш.

Жабдықтар: мата үлгілері, түрлі-түсті қағаз, қайшы, қарындаш, сызғыш.

Жұмыстың орындалу технологиясы.

  1. Мата үлгісін алып, екі шетінің жіптерін тарқат. Матаның негізгі және арқау жіптерінің орналасуын анықта.

  2. Екі түсті қағаздан бірдей төртбұрыш қиып ал.

  3. Қағаздың беттеріне 2 см.арақашықтықта параллель сызықтар жүргіз.

  4. Ақ қағаздың жоғарғы жағынан 1 см-дей орын қалдырып, көлденең сыз. Қағазды сызыққа дейін біріңғай тіліктерге қи.

  5. Екінші қағазды біріңғай жолақтарға қиып, таспа дайында.

  6. Жолақтарды суреттегідей етіп айқастыру арқылы мата жіптерінің айқасуын орында. Ақ жолақ-негізгі жіп, қара жолақ-арқау.

  7. Айқасулардың аттарын атап, макет жаса.Егер матаның жиегі болса, онда негізгі және арқау жіпті анықтау жеңіл. Негізгі жіп матаның ұзына бойымен, арқау жіп көлденең жатады. Ал егер матаның жиегі болмаса, оның негізгі және арқау жіптерін қалай анықтаймыз? Ол үшін матаны созып көреміз. Матаны созсаң негізгі жіп аз созылады, арқау жіп көбірек созылады. Және негізгі жіп бойынша қатты созсаң ақырын дыбыс щығады. Әрине барлық маталар бірдей созылмайды, олар матаның тоқылуына, жіптердің айқасуына байланысты.

Матаның созылуы, дыбыс шығаруы бойынша негізгі және арқау жіптерді анықтау.

Мата бетінің құрылысы.(Кесте толтыру)



























5-сынып күні_______айы_______________20____ ж



Сабақтың тақырыбы: Инешаншым мен тігім түрлері

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: жаңа сабақты меңгерте отырып, білімдерін қалыптастыру. Машинатану негіздері, тігін машинасының шығу тарихымен таныстыру. Машина тігістерін жасап үйрену.

Дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін, көргендерін еске сақтап , оны қайта жаңғыртуға, әсемдікке, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке үйрету. Тігіс түрлерін тігіп үйрену.
Тәрбиелік: жұмыс барысында белгілі тәртіп ережесін сақтауға, көмек көрсетуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: баяндау, түсіндіру, көрсету
Сабақтың көрнекілігі: слайд, тігін машинасы, суреттер

Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгелдеп, сабаққа, сарамандық жұмысқа әзірлігін тексеру.
II. Үй тапсырмасын сұрау:
1. Бастапқы шикізат түріне қарай химиялық талшықтар неше түрге бөлінеді?
2. Синтетикалық талшықтарды қалай алады?
3. Тұңғыш рет химиялық талшықты алған кім, қай жылы?
4. Вискозалы талшыққа жалпы сипаттама
5. Капронды маталардың кемшілігі
6. Лавсан дегеніміз не?

III. Жаңа сабақ.
Тігін бұйымдарын дайындауға арналған жабдықтардың ең негізгісі – тігін машинасы. Осы тігін машинасының шығу тарихына жалпы құрылымына, құрылысына тоқтала өтейк.
• XV – ғасыр – Леонардо да Винчи – тігін машинасының жобасын ұсынды.
• 1755 жыл – Карл Вайзенталь – бір жіпті тігін машинасын ойлап тапты.
1834 жылы – Уолтер Хант шөрнекті машина жасады
1844-1845 жылы –Элиос Хоу бір қалыпты жұмыс істейтін тігін машинасын ұсынды
1850-1851 жылы –Ален Уилсон мен Исаак Зингер қазіргі заманғы машина түрлерінің негізі дүниеге келді
1870 жылы – АҚШ-та Исаак Зингер – “Зингер” фирмасын ашты.
1900 жылы – Ресейде Подольск қаласында “Зингер” зауытын ашты.
1917 жылы – Кеңес елінде Подольск қаласында тұңғыш механикалық зауыт іске қосылды. Машинаның сыртқы дизаиндары жасалып, фирманың белгісін жазатын болды.
1850-1851 жылы –Ален Уилсон мен Исаак Зингер, қазіргі заманғы машина түрлерінің негізі
Тігін машинасымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережелері
1. Жұмыс орнын ретке келтіру.
2. Шашты жинап, жеңді қайыру.
3. Машинада тіке, орындыққа толық жайғасып, денені жай ғана еңкейтіп, басты алға қарай иіп отыру керек.
4. Жарық жұмыс орнына сол жақтан немесе алдынан түсуі керек.
5. Тігін машинасын тікелей мұғалімнің жетекшілігімен іске қосу.
6. Машина мен жұмыс орындаушының ара қашықтығы 20-30 см
7. Аяқтар толығымен еденде немесе аяқ қойғышта (подставка) орнығуы керек.
8. Машина үстінде артық заттар жатпау қажет.
9. Машина тігісін бастарда бұйымда түйреуіштер немесе инелер болмауы тиіс.
10. Жұмыс бастамай тұрып орналасуын тексеру (табанды реттегіш бұранда жақсы ұстап тұр ма, ине тесігіне тура келе ме).
11. Матаны қойып, табанды түсірмей тігін машинасын жүргізуге болмайды.
12. Тігістерді ауыстырғанда инені жоғары көтеріп қою.

Машина тігістерінің түрлері

Киімді дайындау кезінде әр түрлі жұмыстар атқарылады: қолмен, машинамен, ылғалды-жылулық.
Машина тігістері қолданылуына байланысты біріктіру, шет және әрлеуші тігіс болып бөлінеді.
Біріктіру тігісі тігін бұйымының бөлшектерін біріктіру үшін қызмет етеді. Олар: сырып тігу, бастыра тігу, айыра тігу, жапсыра тігу, қосарлы және бүктемелі тігістер. Бұл тігістермен (бүктемелі тігістен басқасымен) таныссыңдар.
Біріктіру тігістері иық, бүйір қиықтарын, жеңдерді, иініш, қалта, қатпарларды біріктіру кезінде қолданылады. Біріккен тігістерде бұйым бөлшектері тігістің екі жағында жатады. Мысалы, сырып тігілген тігісті жатқыза жөне айыра үтіктеуге болады. Айыра үтіктелген тігіс екі жағынан тігіммен бекітілген болуы мүмкін, яғни айыра тігілген.
Бүктемелі тігіс ақ жайма, жейде пішімді блузка, ерлер жейдесін тігу кезінде қолданылады.
Шет тігістері жаға, мойындық, өңір, қолтық ойындысы шеттері сетінеп кетпеуі және әрлеу үшін қолданылады. Шеттік тігістерге: жабық қиықты бүгіп тігу, жөрмеу, шеттіктеу (жиектеу)тігістері жатады.
Жөрмелген тігіс өңір шеттерін, жаға, қаттама, қалталарды өңдеу кезінде қолданылады. Өңдеу кезінде бөлшек шеттерін біріктіріп жөрмеуден кейін бұйым өңін айналдыру, сонан соң шеттік жасап айналдыра көктеу қажет.
Ашық қиықты бүгілген тігіс өңірдің ішкі жиегін, мойындық әдібін, қолтық ойындысын, бұйымның етегі мен жеңнің шетін өңдеу кезінде қолданылады. Бұйым етегін және жең қиығын өңдеу кезінде қиықтарды алдын ала арнайы машинада торлайды.
Жабық қиықты бүгілген тігіс жібек және мақта матадан тігілген көйлек, блузка, ұйықтағанда киетін көйлектің етегін және бұйым жеңінің жиегін өңдеу кезінде қолданылады.
Шеттіктеу тігісі үш түрге бөлінеді: ашық қиықты, жабық қиықты және ызбамен жиектеу.
Қиықты қиғаш жиекпен ғана емес, негізгі және әрлеу матасынан көлденең жиекпен, сондай-ақ дайын ызбамен де жиектеуге бол

IV. Сарамандық жұмыс.
Машина тігістерін тігу. Жұмысты ұқыпты, тігістерді түзу тігу

V. Сабақты бекіту.
1.Қай ғасырда тігін машинасының жобасы ұсынылды?
2.Тігін машинасы не үшін қажет?
3.Тігін машинасымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін ата
4.Қандай машина тігістерінің түрлері бар?

VI. Үйге тапсырма

Машина тігістерін аяқтап келу.























5-сынып күні_______айы_______________20____ ж

Сабақтың тақырыбы: Алжапқыш және орамалды тігу туралы түсінік беру.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға алжапқышпен орамалдың қажеттілігі туралы түсінік беру.Алжапқышпен орамалдың сызбасын сызуды үйрету.Сарамандық жұмыс жүргізу-масштабта сызба сызу.
Сабақтың көрнекілігі: алжапқышпен орамалдың эскиздері,үлгі, сантиметрлік таспа, инструкциялық карта.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдасыру бөлімі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

-Тігіс түрлері ата?

-Тігін бұйымды өңдеген кезеңде қолданылатын терминдер, анықтамалар, процесстерді,  ережелерді ажырату?

ІІІ. Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау

ІҮ.Жаңа сабақты түсіндіру

Киім- пайдалануына қарай тұрмыстық, өндірістік, формалық болып бөлінеді. Тұрмыстық киімдер күнделікті, сәндік, үй, спорттық, ұлттық киімдерге бөлініп, өндірістік киімдерге арнайы және санитарлық киімдер жатады.Үйде немесе мектепте аспаздық жұмыстармен айналысқанда алжапқыш пен орамалды пайдаланған жөн. Алжапқыш киімнің алдын ластаудан сақтайды. Ал орамал шаштың бөгет болуынан , әрі ас әзірлегенде санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау үшін қажет.Алжапқышқа арналған мата түксіз, жеңіл, тез жуылатын,тігісі мықты болуы керек. Ең бастысы-шыттан,зығыр матадан тігілген бұйым тез жуылады, жақсы үтіктеледі,сырт көрінісі тартымды келеді. Киім тігерден бұрын алдымен қандай киім тігуді орналастыру керек.Содан кейін таңдаған киімді қандай сән үлгісімен тігетінді, соған лайық мата түрін таңдау қажет. Таңдаған матаның тігетін бұйымға өрнегі, түсі үйлесімді , сәйкес болуын естен шығармаған жөн. Осы кезде бұйымға қандай сәндік жұмыстар жүргізуді ойластырған жөн.

Құрастыру жұмысына керекті құрал-саймандар:

1-4 масштабты пішу сызғышы,бұрыш сызғышы, жұмсақ және қатты қарындаш, өшіргіш, қағаз.

Алжапқыш тікпес бұрын оның сызбасын құрастырып, үлгі дайындайды. Ол үшін адам денесінің өлшем бірлігін сантиметрлік таспамен түсіріп алады. Өлшемді дұрыс түсіру үшін дене бітімінің орналасуын білу керек және мынаны ескру қажет: өлшемді адам денесінің оң жағында тұрып түсіреді, белін алдын-ала жіппен буып қояды. Өлшем алынатын адам жіппен буып қояды. Өлшем алынатын адам тік тұруы керек. Өлшемдерді сантиметрлік таспамен түсіреді. Денені өлшегенде таспаны қатты тартуға немесе босаңсытуға болмады. Ұзындық өлшемдерін толық жазып алады. Айналым және ен өлшемдерін жартылай жазады.

Ү.Сарамандық жұмыс 

«Алжапқышпен орамалдың сызбасын сызу»

Алжапқышты құрастыру үшін келесі өлшем бірліктерді түсіреді:

Құ- кеуденің ұзындығы. Бел сызығынан жоғары қажетті ұзындыққа дейін түсіреді.

Тбұ-төменгі бөлшек ұзындығы. Бел сызығынан төмен қарай қажетті ұзындыққа дейін түсіріледі.

Жба-жартылай бел айналымы. Көлденең денені бел сызығынан айналдыра түсіреді. Өлшем белдіктің ұзындығын анықтау үшін қолданылады.

Ж бөк.а-жартылай бөксе айналымы.Бөксені көлденеңінен айналдыра түсіреді. Өлшем алжапқыштың төменгі бөлігінің енін анықтау үшін қолданылады.

 

Дененің негізгі сызықтары:

Алжапқыш бірнеше бөліктен тұрады: кеуде, белдік, төменгі бөлік, қалта. Сонымен қатар алжапқыштың кеудешесіз тігуге де боады.

Алжапқыштың сызбасы:

Масштаб 1:4     Размері-40, бойы-156-160.

Жка-40 см.  Жба-32см.  Жбөк.а- 44 см.  Құ-18 см.  Тбұ-58см.

Инструкциялық карта: алжапқыш сызбасын сызу

 

Сызбадағы белгі

Жұмыс реттілігі

кесінділердің атаулары

Формуласы

Берілген өлшемдер

Есептеу жүйесі

М 1:2

Тік бұрыш сызу

Сызба

 

 

ВВ1

Сетка ені

Жбөк.а 2+10

44:2+10

 

16

ВТ

Кеуде ұзындығы. Төменгі

Кұ

-

9

ТН

Бөлшек ұзындығы

-

18

 

ВНН1В1

Тік төрт бұрыш сызу

Бұ-15

58-15-43

21,5

ТТ

Бел сызығын сызу

-

-

-

ВВ2

Кеуде бөлігінің ені(жоғары сызық)

-

-

-

ТТ2

Кеуде бөлігінің ені(төменгі сызық)

К/а

7

3,5

В2Т2

В2Т2 нүктелерін  қосу

К/а

9

4,5

ТК

Бел сызықтан қалтаға дейінгі аралық

-

-

-

К

К нүктеден көлденең сызық түсіру

К/а

10

5

КК1

Қалта мен орта сызықтың аралығы

К/а

9

4,5

К1К2

Қалтаның ені

К/а

14

7

К1К3

Қалтаның ұзындығы

К/а

16

8

К1К2К3К4

Қалтаны сызу

К/а

4

2

ПП1

Белдіктің ені

Жба+30

32+30

32

ББ1

ББ2

Белдіктің ұзындығы

К/а

50

25



Қызығушылығын ояту:

1. Мата түрі:(мата)

2.Тігін машина түрі:(қол)

3.Тігін құралы:(жіп)

4. Тігін машина түрі:(аяқ)

5.Қол тігіс түрі:(қайып)

6.Тігін құралы: (оймақ)

7.Мата түрі: (зығыр)

8.Тігін құралы (қайшы)

 

 

 

м

А

т

А

 

 

қ

о

Л

 

 

Ж

і

П

 

А

я

Қ

қ

а

й

ы

П

 

о

й

м

а

Қ

 

 

з

Ы

ғ

Ы

р

қ

а

й

Ш

ы

 



Мағынаны тану 

Не білемін

Не білгім келеді

Не білдім

Алжапқышты үйде тамақ пісіргенде киеді

1.Алжапқышты түрлі матадан тігеді.

2. Әр түрлі алжапқыштар болады.

Алшапқышты пішіп үйрену

Қандай тігістер қолданады

Алжапқышты тігіп үйрену

Алжапқышқа әдемі жиектер тігу

Оқушылар өздері үйден толтырады.















5-сынып күні_______айы_______________20____ ж



Сабақтың тақырыбы: Киім түрлері. Өлшем алу. Қағаз бетіне түсіру

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Ұлттық бас киім түрлерін таныс-
тыра отыра, тарихына көз жіберу;
Дамытушылығы: Ісмерлік өнеріне баулу;
Тәрбиелігі: Ұлттық қолөнерімізді құрметтеуге
тәрбиелеу, эстетикалық талғамын ұштау.
Сабақтың түрі: Жаңа білім беру
Сабақтың әдісі: 1.Түсіндірмелі - иллюстрациялық.
Киім – адамның денесіне киюге арналған бұйым, жасанды жамылғы түрлері. Киім адамды қоршаған ортаның, табиғаттың түрлі әсерлерінен қорғайды. Оның тұтыну мәнімен бірге ғұрыптық және белгілі бір мақсатқа қызмет ететін маңызы бар. Киім тігуге мал, аң терілері, өсімдік, ағаш, балық, құс өнімдері, жасанды материалдар пайдаланған. Киім тігісті және тігіссіз болып бөлінеді. Адамзат палеолит дәуірінде тігіссіз, байланатын лыпа Киімдерді пайдаланса, неолит кезеңінде, яғни өсімдіктерді өру, иіру, тоқу кәсібін игергеннен кейін – иықтан, мықыннан киілетін Киім түрлері пайда болды. Тігіссіз Киім адам денесіне оралады, байланады. Мысалы, үнділіктер сари, шалма, шәлі; кавказдықтар бурка; римдіктер тога; ежелгі гректер гиматий; солтүстік халықтары теріден жасалған тұлып; тайгалықтар тері желбегей; қиыр шығыстықтар теңіз жәндіктерінен Киім дайындады. Аяқ Киім түрлі ағаш, тері, көннен жасалады. Кеуделік Киім пішілуіне қарай тұйық (орыс косовороткасы, эскимос анорині), алды ашық желбегей (камзол, шапан) болып келеді. Киім белгілі дәрежеде адамдардың жас айырмашылығын, әлеуметтік ерекшеліктері мен этнографиялық ортасын танытады. Көшпелілер адамзат тарихында атқа отыруға қолайлы болу үшін ойлап тапқан кең шалбар мен екі өңірі алдынан ашылатын қаусырынатын кеуде Киім – шапанды адамзат өркениетіне қосты. Әлеуметтік дәрежесіне қарай қазақ халқы арасында би, бақсы, бай, сал-сері (жарғақ, шалбар, мауыты, шәйі көйлек), қойшы (шекпен, кебенек, сырттық, күләпара), балуан, батыр Киімдері болған. Жас ерекшелігіне қарай бала Киімі, бозбала Киімі, бойжеткен Киімі, қалыңдық, жас жігіт, келіншек, бәйбіше Киімі, ақсақал Киімдері үлгілерінің әшекейі, тігілуі, сырылып, кестеленуі әр түрлі болып келеді. Жасы ұлғайған адамның Киімі денеге қонымды, кең, мол пішілген, әшекейі, жалтырауығы аз, қарапайым, кең бола түседі. Күйеу киімі – ұзын төбе тымақ, қызыл манат шапан. Сонымен бірге бақсы Киімі, сал-сері Киімінің де өзіндік сәндік ерекшелігі болады. Әркімнің жеке басында іштік, сырттық, сулық, бір киер, сәндік және кейбірінде салтанат, ғұрып Киімі болады. Бір киер Киім деп қымбат маталардан әшекейлеп тігілген, той-думандарға, жиындарға барғанда, жат елге сапарға шыққанда киетін сәнді Киімдерді атаған. Қазақ салтында ер жігіт жекпе-жекке түсерде, соғысқа барарда Киімдердің ең жақсысын, көрнектісін киген (қараңыз [1]). Қазіргі заманғы Киім түрлері күнделікті өмірде, жұмыста, қызметте, қыдыруға, спортпен шұғылданғанда, демалыс орындарында киюге арналады. Сондай-ақ, әскерилердің, өзге де мамандықтардың арнаулы Киімдері, сәндік Киімдер түрлері бар.













5-сынып күні_______айы_______________20____ ж



Сабақтың тақырыбы: Үлгі дайындау. Бас орамал мен алжапқышты пішу
Сабақтың мақсаты: оқушыларды таңдап алған үлгі бойынша алжапқышты үлгілеуді үйрету.
Білімділігі: Оқушыларға алжапқышты үлгілеуде, бұйым пішінін өзгертудің әдіс - тәсілдерін меңгерту;
Дамытушылығы: теориялық білімдерін сарамандық жұмыста пайдалана білу, оқушыларды өз бетінше ізденуге дағдыландыру, олардың ой өрісін дамыту;
Тәрбиелігі: оқушыларды ұқыптылыққа, талғампаздыққа, икемділікке тәрбиелеу, өнерге деген қызығушылығын арттыру.
Құрал - жабдықтар: жұмыс дәптері, үлестірмелі карточкалар, тігінші сызғышы, түрлі - түсті қағаз, желім, қайшы, қарындаш.

Сабақ барысы
І Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
ІІ Өткенді қайталау:
1. Activote құрылғысымен жұмыс істеу.
Оқушылар арнайы бағдарламамен тест шешеді.
Өздерін бағалайды.

ІІІ Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау
Өткен сабақта біз алжапқыштың сызбасын құрғамыз. Бүгін «Алжапқыштардың ғажайып әлемі» туралы әңгімемізді жалғастырамыз. Бүгінгі сабақтың тақырыбы «Алжапқышты үлгілеу»
Бүгін барлығымыз сәнгер құрастырушы боламыз.
Сабақтың мақсаты - таңдап алған үлгі бойынша алжапқышты үлгілеуді үйрену. Сәнгер – суретші, сәнгер - құрастырушы, тігін өндірісінің технологы, тігінші мамандықтарымен танысамыз.
Дәптерге тақырыпты жазғызу.

IV Жаңа сабақты меңгеру.
1. Оқушылармен әңгіме жүргізу
«Үлгілеу» дегеніміз не?
Бұйымды өзгертуге бола ма?
Алжапқыштың бөліктерін қалай өзгертуге болады?

2. Мұғалім сөзі
Киімді құрау модельдеумен тығыз байланысты. Киім бөлшектерінің формаларын өзгерту және оларды көркемдеу модельдеу жолы арқылы орындалады. Бұйым бөлшектері форма бойынша бір - бірімен үйлесуі керек. Киімді дайындау және модельдеумен бірнеше кәсіптің мамандары айналысады. Олар:
Суретші - сәнгер – киімді үлгілейді. Мұндай жұмысты орындау үшін адамның дене пішінін, оның тепе - теңдіктерін, икемділігін білу қажет. Тігін ісінің технологиясын, сондай - ақ костюмнің құралу заңдылықтарын, тігіс, әрлеу сызықтарын түсіну керек.
Суретші – құрастырушы – сызбалар мен пішін бөліктерін дайындайды.
Тігін өндірісінің технологы – сызбаларға сәйкес киімді даярлау тізбектілігін әзірлейді.
Тігінші – тігін операцияларын орындайды.
Модельдеу – таңдап алған қалыпқа сәйкес пішін сызбаларын өзгерту процесі. Бұл – сәні мен қиюы жаңа киімді құрастырудың шығармашылық процесі. Модельдеудің бірнеше түрлері бар.
1. Көркем модельдеу – модельдердің жиынтығын құру, бұл жерде киімнің сәні мен стилін ескеруі керек, онымен суретші - сәнгер айналысады.
2. Техникалық модельдеу – эскиздер, суреттер бойынша сызбалар мен пішіндерді жасау, онымен сәнгер - құрастырушылар айналысады.
Кез келген сәнгердің жұмысы: “кім үшін – не үшін – неден” деген формуладан басталады.
Киім - пайдалануына қарай тұрмыстық, өндірістік, формалық болып бөлінеді. Тұрмыстық киімдер күнделікті, сәндік, үй, спорттық, ұлттық киімдерге бөлініп, өндірістік киімдерге арнайы және санитарлық киімдер жатады. Үйде немесе мектепте аспаздық жұмыстармен айналысқанда алжапқыш пен орамалды пайдаланған жөн. Алжапқыш киімнің алдын ластаудан сақтайды. Ал орамал шаштың бөгет болуынан, әрі ас әзірлегенде санитарлық - гигиеналық талаптарды сақтау үшін қажет. Алжапқышқа арналған мата түксіз, жеңіл, тез жуылатын, тігісі мықты болуы керек. Ең бастысы - шыттан, зығыр матадан тігілген бұйым тез жуылады, жақсы үтіктеледі, сырт көрінісі тартымды келеді. Киім тігерден бұрын алдымен қандай киім тігуді орналастыру керек. Содан кейін таңдаған киімді қандай сән үлгісімен тігетінді, соған лайық мата түрін таңдау қажет. Таңдаған матаның тігетін бұйымға өрнегі, түсі үйлесімді, сәйкес болуын естен шығармаған жөн. Осы кезде бұйымға қандай сәндік жұмыстар жүргізуді ойластырған жөн. Сәндеу үшін таспалар, сутаж, көмкерме тесьма қолданады.
Үлгілеу ережелері.
1. Алжапқыштың сызықтарын өзгерту кезінде бөлшектердің формалары әр түрлі болмауы керек екенін есте сақтау керек: егер төменгі жағы жартылай дөңгелек, үшбұрыш, тіктөртбұрыш болса, қалтасы немесе кеудесі дәл сондай формада болуы керек.
2. Егер алжапқыш түрлі - түсті матадан тігілсе, қиюын бір түсті ету қажет, сонымен бірге ол мата түсінің біріне сәйкес келуі керек.
3. Негізгі матаның суреті неғұрлым ірі, ашық түсті болса, қалтасының, етегінің суреті соғұрлым ұсақ болғаны дұрыс.
4. Ашық түсті маталарды ашық емес, ақ, қара, сұр түстермен үйлестіру керек.
5. Боз, түссіз маталарды ашық түсті қиындармен безендірген жөн.
Үлгілеудің әр түрлі тәсілдерін үйрету:
1. Көрнекіліктерден көрсету
- алжапқыштың төменгі бөлігін үлгілеу (қара. пр. 1)
- алжапқыштың қалталарын үлгілеу (қара. пр. 2)

V Практикалық жұмыс:
– практикалық жұмыс барысында ағымдағы инструктаж жасау;
– үлгермеушілерге көмек көрсету;
5
VI. Өткен тақырыпқа анализ жасау және бекіту.
1. «Модель» дегеніміз не?
2. «Үлгілеу» дегеніміз не?
3. Үлгілеудің қандай түрлерімен таныстыңдар?
4. Алжапқышты модельдеу нұсқаларын ата?
5. Көркем модельдеу деген не, ол жұмысты кім орындайды?
6. Техникалық модельдеу деген не, ол жұмысты кім атқарады?
7. Модельдеудің кезеңдерін атаңдар.
8. Матаға пішін бөліктерін қалай орналастыру керек?

VII. Сабақты қорытындылау
– Сабақтың мақсатына жеткенін хабарлау.
– Оқушыларды бағалау.
– Үйге тапсырма беру.
VIII. Үй тапсырмасы: Алжапқышты матадан пішуге пішім бөліктерін дайындау, шыт мата, жұмыс қорабы, инемен және қайшымен жұмыс қауіпсіздік ережелерін қайталау.

5-сынып күні_______айы_______________20____ ж



Сабақтың тақырыбы: Бөлік пішіндерін өңдеу. Бас орамалды өңдеу. Қисық кесінділерін өңдеу.
өңдеу,әрлеу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға бөлік пішіндерін өңдеу, бас орамал үлгілерінің
ерекшеліктері,өңдеу,әрлеу тәсілдері туралы мағлұмат беру.

Дамытушылық: Кәсіптік бағдарға қызығушылығын
арттыру,қолмен,тігін машинасымен бұйымды әрлеу, өңдеу қабілетін
дамыту.

Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа,сыйластыққа,эстетикалық талғаммен
киінуге, жолдастық көмек көрсетуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Типі:аралас.
Сабақтың әдісі: Жаңа сабақты меңгеру,сарамандық жұмыс,суреттеме сұрағы, мультимедия, кітапша.
Пәнаралық байланыс: бейнелеу,математика,тарих,әдебиет.
Көрнекілігі: Жаға түрлері,бұйым бөлшектері,лента,бейка,қалта өңдеу.шілтер
Пайдаланған әдебиеттер: «Мектептегі технология», «Шьем сами», «Іс тіге біл» журналдары,оқулық.
Қажетті құралдар: Қайшы,ине,жіп,тігін машинасы,сантиметрлік таспа, бор, сабын, масштаб сызғыштары.
Жабдықтар:үлгілер,бұйым бөлшектері,маталар,беймата,лента,бейка,шілтер.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
А)Сынып оқушыларымен амандасу,түгелдеу,журналға белгілеу.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.

Б) Суреттеме сұрақтарына жауап алу.
В)Бұйымдарын қорғау.
ІІІ.Үй тапсырмасын бекіту.
Еңбек,тігіе,қолөнер,ою-өрнекке мақал-мәтелдер айту.
1.Кедеймін деп қысылма,
Өнерің болса қолыңда.
2.Түйменің инесіз күні жоқ.
3.Көрікті ісің үлгі болар,
Көріксіз ісің күлкі болар.
4.Көз қорқақ,қол батыр.
ІV.Жаңа сабақ.
-Оқушылар біз қандай бұйым тігіп жатырмыз?
-Блузка,яғни кофта.
-Осы блузканың майда бөліктері туралы мультимедия тақтасынан түрлерімен танысайық.

(Коко шанель өмірінен үзінді)

(сарамандық жұмыс)

Шеттіктелген қондырмалы жаға.Қондырылған шеттіктің ені дайын күйінде 0,2-0,5см болу керек.Қиғаш жолақты одан бес есе енді етіп қиып алады.Шеттіктеуге дайын бейканы алып,жаға жиегіне тігуді бастайық.
Шілтерлі қондырмалы жаға. Қондырмалы шеттікті жаға сияқты өңдейді. Айырмашылығы: жағаның қондырып тігу сызығы ұшына қарай жіңішкереді.

(жағаны өңдеу киносын тамашалайық)

(жасырын сөзді түсіндіру,шапан кигізу)

V.Бекіту.
(Жақсы жасалған жұмыстарды атап өтіу,қателерді талдау)
VІ.Қорытындылау.
Жағаның қандай түрлері бар?
Жаға шеттерін немен әшекейлеуге болады?
Қалта неше түрге бөлінеді?
VIІ.Бағалау.
(Жұмыс орнын жинау,бағалау.)
VIIІ.Үйге тапсырма беру.
(Тест кітабын ұсыну,жауаптарын тауып келу)



































5-сынып күні_______айы_______________20____ ж


Сабақтың тақырыбы:Жапсырма қалтаны өңдеу. Алжапқыштың төменгі бөлігін өңдеу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға жапсырма қалтаның өңделуін оның алжапқыштың төменгі бөлікке қосып қалай тігілетінін түсіндіру.

Дамытушылық: алжапқыштың төменгі бөлігіне тігілетін жапсырма қалтаны үйрету арқылы оқушыларлдың шығармашылық қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: оқушыларды ұқыптылыққа, жарасымды сәнді және жаңа замандағы жаңа талғаммен киіне білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың типі: жаңа ұғымдарды меңгерту.

Сабақтың әдісі: жаңа сабақ

Сабақ көрнекілігі: жапсырмалы қалтаның суреті салынған плакаттар, слайд, сөзжұмбақ, схемалар, нұсқау картасы.

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі.

1. Оқушыларды түгендеу

2. Сабаққа даярлығын байқау

3. Техника қауіпсіздік ережесін сақтау

II. Өткен сабақты сұрау

1. Тік жағаны неше бөліктен тұрады?

2. Тік жағаны тігу үшін қандай тігіс түрлерін қолданады?

3. Тік жағаны пішу үшін қандай өлшемдерді пайдаланады?

III Жаңа сабақ

Жапсырма қалталар матаның түріне байланысты жапсырма қалтаны жалаң қабатты немесе қос қабатты етіп жасайды.

Қалтаның размерін киімнің сән үлгісіне сәйкестендіріп жасайды. Осыған байланысты қалтаның үлгісін қағаздан пішіп алу керек. Өлшеген кезде үлгіні түйреуішпен киімге түйреп, қалтаның орнын белгілейді.

Жапсырма қалтаның технологиялық бірізділігіне тоқталайық. Осы бірізділік арқылы қалтаның жасалу жолын толық меңгере алады.



Р/с

Орындалатын операция

Жұмыс түрі

Қолданылатын құралдар

Өңдеу схемасы

1

2

3

4

5

1

Қалтаның бөліктерін дайындау

Қол жұмысы

Лекало, бор, қайшы

 

2

Негізгі бөлікке жөрмеуді қосу

М

1022 кл

 

3

Жөрмеуді оң жаққа аударып, сәнді тігіс жүргізу. Тігіс ені 0,5-0,7 мм

М

1022кл

 

 4

 Сәнді тігіс жүргізілгеннен кейін, оның жиегін торлау

 С/М

 51кл

 

5

Шеттерін теріс жағына 1,5 см қайырып үтіктеу.

Ү

УП – 6

 

6

Қалтаны алдынғы бөлікке қосып тігу.

М

1022кл

 

7

Дайын қалтаны үтіктеу

Ү

УП – 6

 

Жапсырма қалтаны пішіп алып оны негізгі бөлікке тігу жұмысы аса қиын жұмыстарға жатпайды. Бірақ өзіндік қиыншылықтар аздап арасында кездеседі.

Бұйымның бөліктерін, яғни алдынғы, артқы бөліктерін бір – біріне қосып тікпес бұрын, алдымен қолданылатын майда бөлшектерді өңдеп, оны алдынғы бөліктің керекті жерлеріне қосып тіккеннен кейін ғана бұл жұмыстар өз жалғасын табады.

IV. Сарамандық жұмыс: Жапсырма қалтаның сызбасын сызып, тігу

V. Сабақты пысықтау кезеңі

Оқушыларды екі топқа бөліп, олардың білімдерін шыңдаймыз.

Біріншіден сұрақтар қою арқылы олардың тапқырлығын байқаймыз.

  1. Киім неден тігіледі? (мата)

  2. Мата неден тұрады? (талшық)

  3. Екі басты жалмауыз, керіп аузын ашады, алдына түскен нәрселер, өзінен — өзі қашады. (қайшы)

  4. Бір тышқанды екі құйрық. (ине)

  5. Ұзына бойы жатқан жіпті не деп атайды? (негізгі жіп)

Енді екі топтағы оқушыларға қате пішілген қалтаның үлгілері беріледі. Осы үлгілердің қателерін түзеп шығу керек.

Бұл жұмыстан кейін сөйлемдер беріледі. Көп нүктенің орнына керекті сөзді қойып толықтырып бір сөйлем құрау керек.

  1. Үйінде … бар адамның үсті – басы ұқыпты болады? (ине мен жіп)

  2. … бірінші кезектегі қажетті нәрселердің бірі болып табылады. (киім).

  3. Киімнің сәнді, әрі жарасымды болып көрінуіне ықпал ететін … маңызы өте зор. (қалта)

VI. Сабақты қорытындылау

Екі топтың жұмыстарына, жауаптарына қарап, оның жақсы немесе орташа деңгейде жасалғандығын атап көрсету.

VII. Оқушыларды бағалау

VIII. Үйге тапсырма

Жапсырма қалтаны аяқтап, бұйымның алдынғы бөлігіне қосып тігіп келу.

 





















5-сынып күні_______айы_______________20____ ж

Сабақтың тақырыбы:   Матаны ылғалды жылумен өңдеу

Сабақтың мақсаты:білімділігі: өтілген сабақты пысықтап, жаңа сабақты меңгерту;
Дамытушылығы: қыздардың іскерлік қабілетін арттыру;
Тәрбиелігі: оқушыларды ұқыптылыққа, тазалыққа, әдептілікке, сыпайылыққа үйрету;

Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап,тірек сызба,топтастыру стратегиясы т.б.

Сабақтың көрнекілігі: мата,ине-жіп,қайшы,см таспа,интерактивті тақта.

Пәнаралық байланыс: өмірмен,биологиямен,химия.

Сабақтың түрі: Сын тұрғысынан ойлауды дамыту

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

а)Оқушылармен амандасу.
ә)Оқушылардың сабаққа қатысымын тексеру.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.

Ү.Жаңа сабақ

Іздену (нені білгіміз келеді?)

Тігін өндірісінде ылғалды жылулықпен өңдеу киімдерге белгілі форма беру үшін ақырғы рет үтіктеу.Ылғалды жылулықпен өңдеу кезінде матаны сулап,ыстық температурада қысымның көмегімен үтіктеледі.

Маникен дегеніміз не?
Киімнің уақытша иесі.
Булау –теріден жасалған бұйымды маникенге керу арқылы өңделеді.
Престеу-химиялық талшықтан маталарды өнеркәсіпте престеу.
Үтіктеу-табиғи талшықтан алынған маталар шыт,сатен,бөз.
Бұл түрлер матаның қалыңдығына, тоқылуына байланысты.Ылғалды жылумен өңдеу жұмыстары арнайы үтік столында орындалады.Үстел ағаштың қалың сортынан жасалады.Сырты қалаң бартовка матамен қапталады.Үтіктің үш түрі бар:пешті,электрлі,бумен ылғалданады.

Үтікпен жұмыс істегенде есептілікті,ұқыптылықты қажет етеді.
Ал енді оқушылар сендермен бірге топтастыру стратегиясы арқылы  қауіпсіздік ережелерді айтып өтейік.

Қауіпсіздік ережелері

1.Аяқ астына резеңке кілемше қою керек;
2.Баусымның үтік табанына тиіп қалмауын қадағалау керек;
3.Үтікті электр жүйесіне қосқаға дейін онын бауын тексеру керек;
4.Разеткада ашады баусымда ақау болса мұғалімге хабарлау керек;
5.Үтік токпен қоректеніп тұрғанда оны саусақ ұшымен тексеруге болмайды;

Ал,енді балалар әр жұмыстың өзінің шартты белгісімен терминдері бойынша жұмыс жүргізіледі.

Терминология

Жұмыс түрі

Іс жүзінде қолдану

1

Бастыра үтіктеу

Матаның қалындығы

Қалта,өңір,жаға

2

Жатқыза үтіктеу

Жиекті бір жағына жатқыза үтіктеу

Шортының ортаңғы тігістері

3

Айыра үтіктеу

Жай тігісті екі жаққа айыра үтіктеу

Иық бүйір тігістері

4

Декатирлеу

Матаның отырмауы ашылмауы үшін ы.ж.ө.

Матаны пішер алдында

5

Бұйымды әрлеп үтіктеу

Матаның қыртысын кетіру

Дайын бұйымды әрлеп үтіктеу

 

ІІІ.Сарамандық жұмыс.
Жұмыстың орындалу реті:Бұйымды үтіктеп көрсету.

ІҮ.Жаңа сабақты бекіту.

Ой қорыту (нені білдік?)
1.Ылғалды жылумен өңдеу нешеге бөлінеді?
2.Бастыра үтіктеу киімнің қай жерлерінде қоланылады?
3.Қауіпсіздік ереже.
4.Булау дегеніміз не?

Ү. Қорытынды.

«Бес жолды өлең» арқылы сабақты қорытындылаймыз.

1.Не?
2.Қандай?
3.Неден?
4.Не істейміз?
5.Идея:Біз әдемі матадан киім тігеміз.

ҮІ Оқушыларды бағалау.

ҮІІ.Үйге тапсырма:Бұйымда әрлеп үтіктеу







































5-сынып күні_______айы_______________20____ ж





Сабақтың тақырыбы: Қонақтарды қарсы алу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Қонақтарды қалай қарсы алу керектігін, қалай күту керектігін меңгерту.

Дамытушылық: іскерлікке қабілетін арттыру.

Тәрбиелік: оқушыларды әдептілікке, сыпайылыққа,тазалыққа үйрету

Сабақтың түрі: Сын тұрғысынан ойлауды дамыту

Сабақтың барысы:

    1. Ұйымдастыру кезеңі:

1. оқушылармен амандасу

2. оқушылардың сабаққа қатысымен тексеру.

II. Үй тапсырмасын сұрау

Ой қозғау (нені білеміз өткен сабақтан сұрақ қою)

III. Жаңа сабақ:

Қарсы алу - қонақ арнайы шақырумен де, шақырусызда келеді. Шақырусыз келген бейтаныс қонақ үйге: «Біз құдайы қонақпыз», - деп ескерте кіреді. Кешке келген қонақпен Қызыр Ілияс бірге келеді деген сенім бар. Егер кімде-кім қонақты қуана қарсы алып, ерекше құрметтесе,  оған риза болған қонақ шын ықыласпен бата берсе әлгі үйге Қызыр дариды, байлыққа, бақытқа кенеледі. «Кімге –кім қонақ қылмай қайтарып жіберсе, қайғы-қасіретке қалады. Қайғы-қасірет жалғыз өзінің басында болмай, бүкіл тұқымына келеді...». Қызырдың өзіндік белгілері де бар көрінеді. Оның ең үлкен бармағы сүйексіз екен. «Аяғымен қай жерді басса, сол жерден жаңа шөптер, көлдер шықса керек...». Шақырумен келген қонақты үйге жақындағанда алдынан шығып қарсы алу – міндет. Қазақтың бұл әдеті мақал-мәтелде, өлең-жырда орындалуға міндетті ереже ретінде айтылады:
                        Қырықтың бірі – Қызыр-ды –
                        Қонақ келсе есікке,
                        Жүгіре шыққын, кешікпе,
                        Қарсы алмасаң қонақты,
                        Кесір болар несіпке...   

Қонақжайлыққазақ халқының ұлттық салт-дәстүрінің бірі. Сонымен қатар адамдар арасындағы сыйластықты, бір-біріне деген құрметті, қамқорлықты білдіретін, кісінің адамгершілігін, имандылығын айқындайтын қасиет. Адамдарды тіліне, дініне, ұлтына бөліп-жармай, достық ықылас көрсетіп, ас-дәм беру қонақжайлықтың негізгі белгісі. Қазақ халқының қонақжайлық қасиеті мен дәстүрі шетелдік саяхатшылар мен ғалымдарды әр уақытта таң қалдырған. Дәстүрлі қазақ қоғамында әкенің балаға қалдыратын мұрасының белгілі бір бөлігі міндетті түрде қонаққа тиесілі енші деп есептелінген. Қазақ сахарасындағы кез келген жолаушының кезіккен ауылдан тамақтанып, тынығып алуына мүмкіндігі болған. Әрбір үй иесі оны барынша сән-салтанатымен, пейілімен қарсы алып, ақ тілеумен шығарып салуды өмірдің айнымас шартына балаған. Отбасы үшін жолаушыны қонақжайлықпен күтіп алу бұлжымайтын моральдық-этик. қалып ретінде орныққан; қонақжайлық Қонақ; Қонақасы; Қонақ кәде.[1]

Қонақ күту.Қазақ халқы – ежелден қонақ десе ішкен асын жерге қоятын халық. Үй иесі бұрын танысын, танымасын «Құдайы қонақпын» десе болды, жылы шыраймен қарсы алып отырған. Жол жүріп кеп жатқан жолаушы «бөлінбеген еншісін бар» деп, жалынбай ауылдың кез келген үйіне түсіп, қонақ берген. Оның үстіне қазақта «қырықтың бірі қыдыр», «қонақты қусаң – құт, ырыс, қашады», «Қонақпен еріп құт, ырыс келеді» деген мәтелдер бар.











































5-сынып күні_______айы_______________20____ ж



Сабақтың тақырыбы: Гүл сыйлау өнері

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Гүлді таңдап, оны орап сәндеп оның кімге және не үшін сыйлайтынын үйрену.

Дамытушылық: Талғампаздық қабілетін арттыру

Тәрбиелік: сыпайлыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.

Гүлді таңдап, оны орау қиын жұмыс емес, тек қарапайым ғана ережелерін білсеңіз болғаны. Гүлді алардан бұрын оның кімге және не үшін сыйлайтыныңызды естен шығармаңыз. Әйел, ер кісі, бала, жас, кәрі мұның барлығы маңызды. Ал өте жақын адамыңызға оның сүйікті гүлін таңдаған артық болмайды.

Әйелдерге гүл көп сыйға беріледі. Жасыл мен сарғылт араласқан нәзік байламға оралған гүл олардың көңілін көтереді. Әйеліңізге өзі ұнататын және үйлену тойында ұстағандай гүлді сыйлағаныңыз жөн.

Жас қыздарға әлі қауызы жарылмаған нәзік гүлді ұсыныңыз. Оның жасына байланысты гүлдің көлемі үлкейе бермек. Егде жастағы әйелге ақ лалагүл тарту етуден аулақ болыңыз. Өйткені мұндай гүлмен әдетте соңғы сапарға шығарып салады. Сонымен қатар лалагүлді ауруханаға апаруға болмайды. Ол науқасқа кері әсерін тигізеді. Дұрысы нәзік түсті, иіссіз көлемі орташасын әкелу қажет. Үлкен жастағы әйелдерге құмырадан гүлдейтінін табыстаған жөн. Түсі қызыл және бітеугүл емес, ашылған гүлді сыйлаңыз.

Алқызыл, қызғылт түстісін кез келген жастағы жанға және кез келген жәйтке байланысты табыс етуге болады. Бұл «Менің сізге деген көзқарасым жақсы» дегенді білдіреді. Шұбар гүлдер де бәріне ұнайды. Көңіл күйді көтереді.

Бақта өсетін ақ гүлдерді ерекше салтанатты жағдайда, мәселен, үйлену тойында табыстайды. Ал осы түстегі дала және орман гүлдерін (түймедақ, бәйшешек, меруертгүл) жас қыздарға кез келген мерекеде сыйлаған жөн. Бұл жастық пен пәктіктің белгісі.

Қызыл гүлді сыйлауда мұқият болған дұрыс. Мұндай түсті гүлді өзіңіз ерекше жақсы көретін досыңызға немесе туысыңызға беріңіз. Қою-қызыл түс құмарлықты білдіреді. Ал ашық болған сайын сезімнің күштілігі байқалады. Оны тек сүйікті адамыңызға ғана тарту етуге болады. Сары түсті гүлді (тек раушангүл емес) әдетте жас жігіт қызымен дау-жанжалсыз айырылғысы келгенде сыйлайды. Әрине, әйелдер мерекесінде туыстарға, мұғалімге және таныстарға дәстүрлі мимоза немесе нәркес гүл шоқтарын беруге болады.

Ал сүйіктіңізге алқызыл қызғалдақ орамасын сыйға тартыңыз. Сары түсті гүлді көбінесе әртістерге табыстау қалыптасқан. Күннің түсі сәттілік белгісі делінеді. Сары гүлдерді (ашық-лимон түстен қарақошқылға дейін) 35 жастан жоғары кербез әйелдерге сыйлаған жарасады.

Күлгін жұпаргүл мен көк түсті гүлдер адамның ерекшелігін көрсетуге талпынған кезде сыйға беріледі. Бұл «Сіздің талғампаздығыңыз бен сыпайлығыңызды бағалаймын» дегенді білдіреді екен.

Қазіргі таңда қарадан жасылға дейін экзотикалық түрлі-түсті гүлдер пайда болды. Бір орамға олардың бір түстісін жинаудың қажеті жоқ, әр түрінен араластырып таңдаңыз. Жасыл–үміт пен тілектің, ал қара – сіздің жүрегіңіздің мұңын білдіретінін ұмытпаңыз. Мағынасына қарай жинақтауға тырысып көріңіз.

Ерлерге де гүл таңдауда мұқият болғаныңыз абзал. Олар еркіндікті қалайды және үнемі сәттілік, жеңіс болса екен деп тілейді. Ер адамға ірі, көлемді гүлдер ұнайды. Сондықтан оларға, мәселен, раушангүл, қалампыр, қызғалдақ, лалагүл, қамысгүл, бақытгүл, сәлдегүлді мүмкіндігінше бір түстісін немесе үйлесімді түстерді жинап табыстаған дұрыс. Яғни ақ, қызыл, қою-жасыл. Ерлерге алабажақтысын сыйлаудың қажеті жоқ.

Мерейтойға адамның жасына байланысты санап, бір түсті гүлдерді тарту ету дәстүрге айналған. Егер гүл 10 данадан кем болса, орамадағы гүл данасын тақ санға лайықтайды. Ал одан көп болса еркінше таңдауға болады.

Дала, орман және шабындықта өсетін гүлдерді салтанатты шараларда сыйлау дұрыс емес. Тек жақындарыңызға берген жөн. Егер де қызбен кездесуді жоспарласаңыз, оған бір тал әдемі гүл алуды ұмытпаңыз. Сабағы ұзын қалампыр, қауызы ашылмаған раушангүл сыйлаңыз. Бірақ сабағынан тікенегін алып тастауды естен шығармаңыз. Сүйікті қызыңыз сізді ата-анасымен таныстыру үшін үйіне шақырса, анасына да гүл алғаныңыз абзал. Гүлдердің бірдей болмағаны жөн. Егерде досыңыздың немесе құрбыңыздың туған күніне жол тартсаңыз да анасына гүл алуды ұмытпаңыз. Өйткені бұл оның да мейрамы екенін есте сақтағайсыз. Бұл сіздің мәдениеттілігіңізді байқатады. Құрмет әрдайым ерекше бағаланады. Ал арнайы кездесу, мәселен, мектептегі концерттерге 3-5 тал қалампыр гүлін апарған дұрыс. Гүл орамын жасаған кезде қалампыр, раушан, лалагүл, меруертгүл, нәркесті біріктірмеңіз. Олардың түстері мен иістері үйлеспейді. Оларды бөлек ораған жөн. Жасанды және құмырадағы гүлдерді барлығы бірдей ұната бермейтінін ұмытпаңыз. Сондықтан оны сыйлар алдын өзінен сұраған артықтық етпейді. Жапырақтары үлкен гүлдерді де сыйлар алдын сұраған жөн. Бір құшақ гүлді де сыйлау әбестік. Гүлді таңдап сыйлау да адамның мәдениеттілігі мен талғамын танытатынын ұмытпау керек. Бүкіл халқымыз боп тойлайтын ұлы мерекелерімізбен қатар әр адамның ерекшеесте қалар  – перзентханадан сәбиді алыпшыққанда, алғаш мектеп есігін ашқанда, мектеп бітіру кешінде, әскер қатарынаалынғанда, қайтарда, жоғару оқу орнына түскенде, диплом алған сәтте, үйлену, әржыл сайынғы туған күн кештерінде  т.бсалтанатты сәттерін гүлсіз елестету қиын. Гүл сыйлау арқылы адамдар бір-бірінедеген жақындықты, шынайы сезімдерді, достықты, мерейлі сәтіне деген қуанышты,бар жақсылықты тілейтінімізді білеміз.Гүлді үлкенге де, кішіге  де, замандасына да, мемлекет, қоғамқайраткеріне де, тамаша өнермен тәнті еткен өнер иелеріне де ұсынамыз. Қандайгүлді кімге,қалай сыйға тарту алдымен оның есебіне байланысты. Жігіт өзі гүлсыйлағысы келетін қыздың қандай гүл ұнататын, қандай гүлден аллергиясы барекенін біліп алу керек. Сонымен қатар саны да ұлкен мән беріледі. Тұмысқұрмаған қыздарға көбіне бүрі толық ашылмаған гүл сыйлауға тырысу керек. Қайдақашан қалыптасқаны белгісіз гүл сыйлауда бұрыннан келе жатқан бір қағидабар  «тақ санды гүл сыйлау» деген. Біртал раушан гүлін сыйлау арқылы сен ол аруға өзіңнің өміріңдегі, жүрегіңдегіжалғыз жан өзі екенін білдіре аласың. Тағы бір ескертетін жайт, қызға себеттегігүл сыйламау керек. Гүлдерді бір бірімен араластырып қою әр түрлі мақсатпен жасалады. Мысалы: лилия гүліне гипсофилабұтақшасын қосу арқылы нәзіктік беріледі. Ал қалампыр гүліне аспарагус қосса,жасыл түспен араласқан гүл әрі әдемі, әрі нәзік болып көрінеді. Гүл шоқтарынкөбіне қызыл гүлмен жасайды. Ол ерекше көңіл күй сыйлайды. Туған күнге апарытын гүлді жастар көлемін шағынетіп апарған жөн. Әрі жинақы, әрі көңілді сергітіп тұрады.

     Гүл сыйлай білу де білгірлік.Жастар көп жағдайда «бастысы шын ниет» дегенді алға тартып, ықылас білдірудіңгүл сыйға тарту секілді әдемі дәстүріне көңіл аудармай жатады. Әр гүлдіңөзіндік сыйлау дәстүрі, тәртібі бар. Егерде гүл сыйлау тәртібінен хабарсызболсаң гүл сатушымен кеңесуге болады. Арасына құттықтау жазылған хат салудыұмытпаңыз. Гүл сыйлайтын қуанышты күндер елімізде көптеп бола берсін.

Үй тапсырм











5-сынып күні___6____айы 04__2016 ж



Сабақтың тақырыбы: Киім және аяқ-киім гигиенасы

Сабақтың мақсаты: Киім, аяқ-киім жайлы жан-жақты мағлұмат беру

Білімділігі: Киім және аяқ-киім жайлы6, олардың гигиеналық талаптарын түсіндіру

Дамытушылығы: Оқушылардың ой-танымдық , есте сақтау , іскерлік қабілеттерін арттыру

Тәрбиелігі: Ұқыптылыққа,тазалыққа тәрбиелей отырып, эстетикалық талғамдарын арттыру

Типі: Аралас

Түрі: Дәстүрлі

Әдісі:СТО элементтері

Көрнекілігі: дербес компьютер, интерактивтік тақта , сәйкестендіру тесті

Сабақ барысы

І Ұйымдастыру кезеңі

А) Оқушылармен сәлемдесіп ,оларды түгелдеу

Ә) Сабаққа назарын аудару

Б) Топқа бөлу ,бағалау парағын тарату

ІV Жаңа сабақ


Білемін

Білгім келеді

Үйрендім





Мәтінді оқу ( 5 мин )


Киім – адамның денесіне киюге арналған бұйым, жасанды жамылғы түрлері. Киім адамды қоршаған ортаның, табиғаттың түрлі әсерлерінен қорғайды. Оның тұтыну мәнімен бірге ғұрыптық және белгілі бір мақсатқа қызмет ететін маңызы бар.Жақсы киінуге ұмтылатын кісіге жинақылық, тазалық қасиеттер тән болу керек.Үтіктелмеген, дақ түскен, кей жерлері майланып кеткен киімдерді, жағасы мен жеңі кірлеп,қыртыстанған жейдені киюге болмайды.Түймелердің дұрыс және берік қадалуын,киімдегі тесілген, жыртылған жерлерді жамап, тігіп отыруды ұмытпау қажет. Синтетикалық киімді киюдің кажеті жоқ, әсіресе жазды күні. Өйткені адам денесінің терлеуіне байланысты тер киімге сіңбей тері үстінде болып бірнеше жұқпалы ауру тарататыны микробтардың ұясына айналуы мүмкін.

Маусым ауысқан кезде бұйымдарды жуып, тазалап, үтіктеп, күйеден сақтайтын препараттарды сеуіп, келесі маусымға дейін сақтап қояды.

Аяқ-киім ыңғайлы, берік, сәнді әрі гигиена талаптарына және киілу шарттарына сай келіп, басқа киімдермен үйлесіп тұруы қажет.Ол табанды жарақаттанудан сақтап, адамның қимыл –қозғалысына кедергі келтірмей, табанға қысым түсірмейтіндей ыңғайлы болуы қажет.Жаңа аяқ-киімді таңдағанда оны киіп, мүмкін болған жағдайда жүріп көріп барып алу керек.Аяқ-киімді кигенде башпайлар еркін қимылдайтындай болуы шарт.Башпайдың аяқ-киім тұмсығына сәл жетпей тұрғаны жөн.

Мектеп оқушылары мен төменгі сынып оқушыларының аяқ-киім өкшесінің биіктігі- 1-2 см

Жоғары сынып оқушылары - 2-3 см аяқ-киім кигені жөн.

Сол сияқты кроссовкаларды үнемі киюге болмайды. Ол аяқты бұзады, бірнеше аяк дерттерін туғызады. Өйткені барлық кроссовкалар синтетикалық материалдардан жасалады.

Аяқ-киімді кремдеуден бұрын оны шаң мен кірден тазалап алу керек.Жылтырап тұруы үшін крем жаққаннан кейін әуелі щеткамен, содан соң түгі бар жұмсақ матамен ысқылау қажет.









Ү Жаңа сабақты бекіту

« Топтастыру » әдісі



Аяқ-киім

Киім









ҮI Қорытынды Сәйкестендіру тесті




Тігіс

Қолдануы

Қайып тігу


Жабық қиықты бастыра тігу

Әдіптеу

Ашық қиықты жөрмеп тігу

Жабық қиықты жөрмеп тігу

Бір бөлшекті екіншісіне бастыру жолымен біріктіру

Ішкі бөлшектің шетін өңдеу

Бөлшектің шетін өңдеу

Екі бөлшекті бір-біріне біріктіру

Бөлшектерді біріктіріп, соңында қайыру


ҮII Бағалау

Оқушының аты-жөні

«Кім жылдам?»

Сәйкестендіру тесті

Білемін


Білгім келеді


Үйрендім


«Топтастыру»


Жалпы ұпайы

Бағасы










ҮIII Үйге тапсырма: Реферат жазу «Киім және аяқ- киім гигиенасы»









































































































5-сынып күні_______айы_______________20____ ж



Сабақтың тақырыбы: Гүл өсіру-өсімдік шаруашылығының бір саласы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Гүлді қалай баптап өсіру туралы үйрену

Дамытушылық. Іскерлігін арттыру.

Тәрбиелік: қоршаған ортаны қорғауға, табиғатты сүюге тәрбиелеу

«Гүл өсіру-өсімдік шаруашылығының бір саласы» тақырыбын өткенде жас жеткіншектерді қоршаған ортаны қорғауға, табиғатты сүюге тәрбиелеу, топтық жұмыс жасау барысында ұйымшылдыққа тәрбиелеу, еркіндікке баулу, дүниетанымын арттырып, шығармашылық ізденістерге жетелеу мақсатын көздедім.

Сайыс түрінде өткізілген сабақта гүлдер туралы деректер оқушылар ізденісі арқылы беріліп, буклеттер, гүлдер суреттерімен безендірілді.

Мұғалім: Құрметті оқушылар! Өсімдіктер әлемі-бізді қоршап тұрған жасыл әлем. Өсімдік — жер бетінің ажарын аша түсетін, сәнін келтіретін жасыл әлем. Адам ағзасына нәр беретін көзі де — өсімдік. Сонымен қатар, ұшқан құс, жүгірген аң мен адамға баспана да болады. Ұлы ойшыл Аристотель шәкірті Теофраст-өсімдік жайлы әлемнің негізін қалап оның дамуына үлкен үлес қосқан біздің заманымызға дейінгі 370-286ж.ж. өмір сүрген ғалым. Тірі ағзалардың тыныс алуын, қоректенуін қамтамасыз ететін де өсімдік. Шығыс даналықтарында адамға: шөлге құдық қазу, жолға ағаш егу, өзенге көпір салу сияқты 3 іс жасаудың сауабы бар. «Бағбан болсаң, бақ өсір, балама деп тағы өсір» деген нақылдан үлгі-өнеге алуға болады. «Өмірге қажет нәрсенің бәрін адам өсімдіктен алады, қала берді, адам-өсімдіктің тумасы» -деп ғалым П.С. Массагетов айрықша тоқталған. Халықтың батыр ұлы Бауыржан Момышұлы «Гүл-табиғаттың сұлулығы» деп жазды.

Ендеше, Жасыл желек-жердің сәні саялы,

Қамқор болсаң жапырағын жаяды,

Мейіріммен жылуын арна жүректің,

Соған қоса алақан керек аялы.

Р.Сәтімбеков

деп, өсімдік шаруашылығының бір саласы-гүл өсіру жайлы сайыс сағатын бастайық.

І кезең. «Сиқырлы сандықша» ойыны.

«Сиқырлы сандық ашылды, ішінен жұмбақ шашылды» деп сандықша ішінен әр топ бір жұмбақтан шешеді.

І топ. Жазда жайнайды.

Күзде жайрайды (ағаш жапырағы)

ІІ топ. Үйі де жоқ,

Күйі де жоқ.

Бірақ жауыннан да,

Дауылдан да

Қымсынбайды.

Ыстыққа да,

Суыққа да

Шын шыдайды

Шешуін айта ғой

Балалар білсін жайды. (өсімдіктер)

ІІІ топ. Тасты тесіп, күресіп,

Терең жайып тамырын.

Ақ күлгін шөп тұр өсіп,

Қарсы ап дәйім таң нұрын. (тау гүлі)

І топ. Тамыр туралы өз білімдерін ортаға салады.

Топырақ-жер қыртысының өсімдік пен жан-жануарлардың, организмдердің қарым-қатынасынан пайда боған үстіңгі қабаты. Топырақтың басты қасиеті-құнарлылығы. Гүлдердің топырақтан суды соруы тамыр арқылы жүзеге асады. Өте ұсақ жіңішке тамыр түктері топырақпен тығыз байланысқан. Тамыр осы түктері арқылы топырақтан суды және еріген заттарды сорады.

ІІ топ. Тыңайтқыш жайлы өз білімдерін ортаға салады.

Тыңайтқыш-топырақ құнарлылығын арттыру үшін топыраққа енгізілетін органикалық және минералдық заттар. Мәдени өсімдіктердің өнімін арттыруға тыңайтқыштың айрықша маңызы зор, өйткені ол өсімдікті қоректік заттармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

ІІІ топ. Сабақ жайлы өз білімдерін ортаға салады.

Сабақ-өсімдіктің жер үсті мүшесі. Бүршігі мен жапырағы бар жас сабақты өркен дейді. Халқымыздың «Өркенің өссін» деген алғысы да үбірлі-шүбірлі бол деген мағынаны білдіреді. Сабақ-өсімдіктің тірегі. Сабақ өткізгіштік қызмет атқарады. Органикалық және минералдық заттардың қозғалысы сабақ арқылы жүзеге асады. Сабағы өте қысқа, жуан өсімдіктер де кездеседі.

Тыңайтқыштар

органикалық минералды

шымтезек, құс саңғырығы, азот, калий,фосфор

қи, қарашірік

«Венн диаграммасы» бойынша органикалық және минералды тыңайтқыштарды салыстыру.   

Әр топ жеребе бойынша гүлдер ерекшелігі жайлы айтады.

ІІ кезең. «Бірігу» әдісі.

Гүл шаруашылығы 

біржылдық екіжылдық көпжылдық

гүлдеуі бір мау 1-ші жылы даму 1) ашық топырақта

сымдық жапырақ, тамыр қыстайтындар

2-ші жылы гүлдеу 2) қыстамайтындар

Гүлдерді көбейту

тамырсабақты бөліп дәннен көбейту вегетативтік жолмен

көбейту көбейту 

ІІІ кезең. «Шығармашылық ізденіс». Оқушылар үй өсімдіктері жайлы ізденістерін оқиды, суреттерін слайд арқылы көрсетеді.

Үй өсімдіктерін өсіру.

  1. Кез келген температураға шыдайтын өсімдіктер: алоэ, фикус.

  2. Жарық сүйгіш өсімдіктер: бегония, рекс.

  3. Қыс айында салқынды талап ететін өсімдіктер: герань, раушан.

ІV кезең. «Гүл-жердің көркі» мақал-мәтелді аяқта.

І топ. Гүл сәнімен (желпінеді)

Әнімен тербеледі.

ІІ топ. Гүл көктемнің (гәккуі)

ІІІ топ. Көктем гүлімен (көркем)

 

Қорытынды. Оқушылардың жалпы ұпайын шығарып бағалау.

Мұғалім: «Жаратылыстан үйренбеген жасампаз болмайды» дегенді ақын Мұзафар Әлімбаев өмір тіршілігінен алып тұжырымдаған. Ендеше, табиғаттан адамзат еншісіне бөлінген құндылықтарды орынды пайдалану да, оны қорғау да біздің міндетіміз.

Кәусәр ауасын жұтып, мөлдір суын ішіп, төсінде емін-еркін сайрап салған өз ауылың, киелі мекен-Мамырсуды құрметтеу, өмір бойы жүрегіңнің түбінде оған деген сарқылмас ыстық сезімді сақтау-қасиетті борышың.

 












5-сынып күні_______айы_______________20____ ж


Сабақтың тақырыбы: Гүлдерді көбейту әдістері.


Сабақтың тақырыбы: Гүл өсіру-өсімдік шаруашылығының бір саласы.


Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Гүлді қалай баптап өсіру туралы үйрену

Дамытушылық. Іскерлігін арттыру.

Тәрбиелік: қоршаған ортаны қорғауға, табиғатты сүюге тәрбиелеу

Гүл өсірген әйел сұлулыққа әуес, көңіл күйі көтеріңкі жүретін, жайдары мінезді болып келетіні бар. Оның үстіне бөлме гүлдерінің үйге жылулық сыйлайтын қасиеті де жоқ емес. Олай болса, гүл өсіріп үйренейік.



Юкка

Юкка – ағаш пішіндес өсімдік. Солтүстік Американың ылғалды субтропикалық аймағынан шыққан. Табиғатта 40-қа жуық түрі бар. Елімізде оның бақшада, құмырада өсетін, аласа бойлы, жасыл және ала жапырақты түрлері бар. Юкканың «Yucca elephantipes» деп аталатын түрін үй жағдайында өсіруге болады. Діңінің жоғарғы тұйық басынан семсер тәрізді ұзын да қалың жапырақтары тарала өседі. Жапырақтарының ұзындығы – 30-75 см, жалпақтығы – 5-8 см аралығында, түсі жасыл. Юкка жарық сүйгіш өсімдік. Суыққа да төзімді. Жаз айларында жеткілікті мөлшерде, қыста сирек суғарылады. Жапырақтарын тазарту үшін су бүркіп немесе дымқыл матамен сүртуге болады. Наурыздан тамызға дейін айына бір рет топырағын тыңайтып тұру керек. Қыста тыңайтуды қажет етпейді.

Егу әдісі: Қалемшелеу арқылы көбейтіледі. Ұзарып өскен юкканың діңін 15-20 см ұзындықта бірнеше бөлікке бөліп, тамырландыру жолымен көбейтуге болады. Тұқымы арқылы да көбейтіледі, бірақ ол қиын әрі тиімсіздеу. Сондай-ақ тамырларындағы картоп секілді түйнектерімен көбейткен дұрыс.

Бегония

Бегония – сабағы түкті, жапырағы түрлі түсті көпжылдық шөптесін өсімдік. Бұл гүлдің барлық түрлерін қыш құмырада, оңтүстік-батысқа немесе оңтүстік-шығысқа қараған терезе алдында өсірген абзал. Шоқ сабақты бегониялар – (ақ теңбіл, үшкүл, күміс теңбіл, қызыл жапырақты, түкті, ақшыл және т. б.) әсем гүлді, алуан өрнекті жапырақты өсімдіктер.

Егу әдісі: Бегонияны көбіне көп сабақ қалемшесінен көбейтеді. Көктемде өсімдікті шырпыл, кесінділерін қалемше ретінде пайдаланып және оларды 2 бөлігі жапырақ шірінділері аралас топырақтан, 1 бөлігі шымтопырақ пен қарашірік топырақтан, 1 бөлігі құмнан тұратын топыраққа егеді. Бегония көлеңкелі жерді, ылғалдылықты жақсы көреді. Мамандар құмыраның астындағы ыдысқа су құйып қоюға кеңес береді. Естеріңізде болсын, бұл гүлге тікелей күн көзі түспеу керек.

Антуриум

Антуриум (мужское счастье) – күтімді қажет ететін гүл. Ең бастысы бұл гүлді тікелей күн көзінің түсуінен сақтап, көлеңке жерде ұстағаныңыз жөн. Ылғалдылықты жақсы көретін «еркектер» гүлінің айналасын күніне екі рет сумен бүркіп тұру керек. Ескеретін жәйт, бүркіген су тамшылары гүлдің жапырағына тимегені абзал. «Еркектің бақыты» гүлін жаз айларында үш-төрт күнде бір рет суғару керек. Ал қыс мезгілінде аптасына бір рет суғарсаңыз жеткілікті.

Егу және көбейту әдісі: жылына бір-ақ рет, көктемде ауыстырып отырғызуға болады. Гүлдеп тұрған еркек бақытының шоқ бұтасын екіге бөлу арқылы көбейтуге болады. Күтімі жақсы гүл 3 жыл өмір сүреді. Одан кейін жапырағы мен гүлі сарғайып, солады.

Фуксия

Фуксия – қызыл гүлді өсімдік. Ұсақ жапырақтары бір-біріне қарама-қарсы біткен, гүлдері нәзік, тез солғыш, сабағы жіңішке болып келеді. Фуксия жарық аз түсетін бөлмеде жақсы өседі. Оны жаз айларында көлкітіп, не бүркіп суғарады. Әр 10 күн сайын қоректендіріп отырады. Ал қыста суғаруды азайтып, терезеге жақын, салқын жерге орналастыру қажет. Фуксияны гүл жарған кезде орнынан қозғауға болмайды, өйткені гүлі түсіп қалуы мүмкін.

Егу тәсілі: Оны көктемде қарашірік пен құм қосылған қара топыраққа ауыстырып отырғызу керек. Осы кезде өркенінің 1/3 бөлігін шырнып тастайды. Фуксияны тұқым және қалемшесінен көбейтеді. Оның бұтақтарын дұрыс шырпыса, шар пішінді әсем ағаш болып шығады.

Гүл өсірген әйел сұлулыққа әуес, көңіл күйі көтеріңкі жүретін, жайдары мінезді болып келетіні бар. Оның үстіне бөлме гүлдерінің үйге жылулық сыйлайтын қасиеті де жоқ емес. Олай болса, гүл өсіріп үйренейік.

Спатифиллум

Спатифиллум (женское счастье) – тропикалық аймақта өсетін бұл гүл аса талғампаз, әрі күтімді қажет етеді. Гүлдің жақсы өсуі үшін жарық, ылғалды ауа және бөлме температурасы бірқалыпты, яғни жылы болу керек. Гүл солтүстік немесе күншығыс беткейге қараған терезенің алдына қойылады. Спатифиллумді тікелей күн көзінің түсуінен сақтау қажет. Әйтпесе, жапырақтары сарғайып, солып қалады. Көктем, жаз айларында мол суғаруды қажет етеді. Судың 12 сағат тұндырылған және бөлме температурасымен бірдей болғаны ләзім. Сондай-ақ, гүлді жылы сумен бүркіп тұруға да рұқсат етіледі. Дегенмен, бүршік жарып тұрса, оған су тимес үшін шүберекпен жауып қойыңыз.

Үй тапсырмасы:





5-сынып күні_______айы_______________20____ ж


Сабақтың тақырыбы: Топырақты өңдеу тәсілдері Топырақты тыңайтқыштар арқылы өңдеу. Қазақстан ресурстары

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: топырақты өңдеу тәсілдерімен баптау туралы үйрену

Дамытушылық. іскерлігін арттыру.

Тәрбиелік: қоршаған ортаны қорғауға, табиғатты сүюге тәрбиелеу



Егістік танаптарының топырақтарын ойдағыдай өңдеу егіншілік мәдениетін көтерудің басты шартарының бірі болып саналады. Сапалы өңделген топырақта дақылдардың өсіп – дамуына қажетті жағдайлардың бірі жасалады. Дұрыс бапталған топырақ қабатында ылғал мол жиналып ұзақ сақталады соны мен қатар қар мен жауын суы және ауа тез сіңеді.
Топырақты өңдеуде құрлымы төмендегі беткі қабаттың орынына органикалық қалдықтарға бай қоректі заттар қоры анағұрлым көп төменгі қабат ауысып түседі. Мұндай жағдайда аэроты микроорганизмдердің белсендігі артып органикалық заттардың минералдануы күшиеді. Сонымен топырақты өңдеу арқылы оның қабаттарына ылғал ауа және қажетті қоректі заттардың қорын молайтуға болады.
Топырақты өңдеудің мақсаты. Егілетін дақылға қолайлы жағдай туғызу үшін ташиналармен өндіргіш құралдар арқылы топыраққа механикалық әсер етуді топырақты өңдеу деп айтылады. Топырақты өңдеуге органикалық және минералдық тынайтқыштарды ендіруге көп жылдық шөп пен сабан түптерін сондай – ақ топырақтың жоғары қабатында аңызда арамшөптерде болатын зиянкестер мен өсімдіктер аурулардың тұқымдарын жауып әрі тұншықтырылады. Егіншіліктің ұзақ жылғы тарихында өңдеу тәсілдері мен құралдары қарапайым түрінен бастап осы заманға топырақты өңдейтін құралдар мен машиналарға дейін үлкен өзгерістерден өтті.
Өңдеу жұмысы ең алдымен топырақта өтетін физикалық, химиялық және биологиялық процестердің жоғары қарқынды жүруіне әсер етедіжәне олардың топырақтағы өзгерістері мәдени өсімдіктері үшін қолайлы жағдайлар жасайды.Өңдеудің көмегімен ылғалды мол аудандардағы артық ылғалдың кемітуге ал құрғақшылық аудандарда ылғалды жйнауға болады. Арамшөптермен кұресуде топырақты өңдеудің рөліне баға жетпейді.
Топырақты өңдеудің міндеттері. Топырақты өңдеуде мынандай міндеттерді орындайды. 1. Арамшөптерді жою 2. Топыраққа органикалық, минералдық тынайтқыштарды, улы химикаттарды енгізу. 3. Өсімдік шаруашылығындағы дақылдарды зақымдайтын зиянкестер мен ауыр қоздырғыштарды жою 4. Топырақтың су эрозиясы мен дефеяцияға тұрақтылығын арттыру. т.б. міндетті кіреді.

Топырақты өңдеу тәсілдері.

Ауа және топырақ жағдайларына, агротехникалық талаптар мен орыдалатын технологиялық процестерге байланысты топырақты өңдеудің жетекше тәсілдері- жырту, терең қосырту, сыдыра жырту, ұялау болып табылады. Топырақты терең өңдеудің тәсілі ретінде мәдени жыртудың териялық негізгі мәні жырту қабатының беткейінің шаңды бөлігі төменгі қабатын түсіріледі де үстін плугтың бас корпусының көмегімен ұсақ түйіршіктермен жабылады.
Шым аударғыштың топық қабатына ену тереңдігі 10-12 см болады. Бұл шым аударғыштардың жұмыс беті цилиндроид тәрізді. Топырақты тегістеп жыртудың оңға және солға аударатын жұмыс тетіктері орнатылған клавишті айналымды және челнокты плугтарды қолдану арқылы жүргізуге болады.Аударып жырту загонның ортасынан басталады, құлатып жырту жұмыс загонның шетінен басталыды. Мұндай жыртылған жон ортасында айырма борозы пайда болады.Жұмыс бетінде жартылай винтті корпусты тығыздығы жоғары шымды тың және тыңайған топырақты өңдеуге арналған.
Су эрозиясына ұшыраған топырақты өңдеу.

Су эрозиясының пайда болуына ең басты себеп ол жауынның және көктемде ерген қар сулары ылдиға қарай ағып, жолшы бай топырақтың құнарлы қыртысын. Су эрозиясы ауыл шаруашылығына орасан зиян келтіреді. Су эрозиясы топырақтың ең құнарлы ұстің гі қабатын шайып, құнарлы жерін және қоректі заттарын ағызып әкетеді.
Соңы жылдары Солтүстік аймақтарда қар суының топырақтың үстіңгі қабатымен ағуынан су эрозиясының зияды әсері біліне бастады. Су эрозиясы процесін төмендету, топырақты ылғалмен қамтамаз ету үшін: - сүдігірді терең өңдеу және ПШ5-пен топырақпне саңылаулау. – сүдігерді тайыз өңдегеннен кейін ШН-4-пентопырақты саңылаулату. – жолақтап өту ең арзан әрі топырақты эрозиядан сақтаудың тиімді әдісі.

Топырақты өңдеудегі технологиялық жұмыстар.

Топырақты өңдеу тұтас жүйелі технологиялық процесс, мұндағы негізгі операциялар: қопсырту немесе майдалау, жыртылған топырақ қабатын қабатын аудару, араластыру, тілгілеу, тегістеу, тығыздау, арамшөп тамырларынт қырқу, жалдармен жүйектер жасау.Осылардың ішінде топырақты тығыздау жайлы айтып босақ. Тығыздау технологиялық операциясы топырақтың тоң кесегі мен борпылдақтығын жоюға керек.
Топырақты тығыздау тұқымының өсіп шығуына ең қолайлы жағдай жасайды.Тығыздау себілген тұқымдардың топырақпен жанасуын жақсартады, топырқтың жалпы және капилярлы емес түтіктерінің санын төмедетеді. Тығыздаудың механикалық құрамы ауыр жақсы құрлымы бар топырақтар бәрінен де жиі қажететеді. Өйткені олар терең өңделгеннен кейін, ұзақ уақыт бойы борпылдақ күйінде болуға биім келеді.
Тығыздалғантопырақ қабатынан ылғалдың буланып ұшуының көбеюі, оның тиімді қасиетін төмендетеді. Топырақ бетіндегі ылғалдың булануын азайту үшін катокпен тегістеуден кейін жеңіл тісті тырмалармен топырақ беткейін аздап қопсыту керек. Сонымен бірге топырақты тығыздау, оның өңделетін қабаты тұқым себер кезінде тыс қосылған болса кейін топырақ шөккенде өсімдіктің тамыры зақым келмеуі қажет.

Үй тапсырмасы:





















5-сынып күні_______айы_______________20____ ж



Тақырыбы: Ою-өрнек Ою Фариза Оңғарсынова «Оюлар» өлеңі.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға Фариза Оңғарсынованың “оюлар” атты өлеңінен түсінік беру, оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын қалыптастыру, интерактивті байланыс арқылы өз ойын ашық айта білуге мүмкіндік беру, сол арқылы топтық орта да сөйлеуге үйрету.
Оқыту нәтижесі: оқушылар сыни тұрғыдан ойлануға, өз ойын сенімді түрде айта алуға, өзін бағалауға, топтық жұмыс барысында басқаларды да әділ бағалауға, диалогтік оқыту барысында өзін-өзі реттеуге дағдылануына мүмкіндік алады.
Идея: оқушылар диалогтік оқу барысында өз ойын еркін айтуға мүмкіндік алады, топтық жұмыс барысында басқалардың пікірін тыңдауға, өз бетімен іздену мен қатар жұптық, топтық ізденуге құлшыныс жасауға мүмкіндік алады.

Жаттығулар:
1. Психологиялық дайындық жүргіземін. Шеңбер бойымен қол ұстасып бір - біріне тілек айту.
Мен сендерге сәттілік тілеймін.
2. Қызығушылығын арттыру:
1) Бұл кімнің суреті?
2) Суреттегі нендей бейне?
3) Ортасындағы қандай ою - өрнек? Біз бүгінгі сабағымыздың тақырыбы не деп ойлайсыңдар? Біз осы сұрақтардың жауабын табу үшін 1 - 6 дейін рет - ретімізбен санап шығайық. Осыдан кейін оқушыларды 3 топқа бөлемін. Топтар топ басшылары мен екі көмекшісін белгілеп алады.

1 - топ зерттеушілер тобы, 2 - топ оюлар тобы 3 - топ тарихшылар тобы.
Өлеңді мәнерлеп оқытамын. Құрылысына талдау жасатамын. Өлеңнен түсініксіз сөздерге түсінік беру.

Ой қозғау:
1. Қазақ оюының қанша түрі бар?
2. Оны кімдер зерттеген?
3. Қазақ оюлары қандай тарихи жәдігерлер де кездеседі?
4. Шығу тарихын білеміз бе?
Осы сұрақтар төңірегінде үш топқа суреттер қиындысы және тақырыпқа сәйкес құнды мәтін парақшалары таратылады.

1 - мәтін
Ою-өрнек өнері халықтың шынайы рухани - эстетикалық танымымен біте қайнасып кеткен этнографиялық мәнге ие көрінісімен ерекше, құнды болғандықтан, ұлт мәдениетін айқындайтын өте маңызды, және аса қажетті сала. Міне, осы ою-өрнектің тарихын, ерекшеліктері мен дамуын зерттеуші ғалымдар, бұл саланың да өзіндік үлгіде дамытып, жаңғыртып отыратын шеберлері болатынын, олардың шығармашылық еңбектері өзге өнер түрлеріндегі адамдардікі сияқты көзге түсіп, бағалана бермейтіні және олардың шығармашылығы жөнінде өз бағасын беріп, саралау кезеңі туғаны жөнінде сауалды мәселелерді қозғап, көңіл бөлер жәйттерді алға тарта бастауда.

Біз де өз тарапымыздан, осы ою-өрнек айшықтарын тудырушы ел ішіндегі аз шеберлердің еңбектерін саралап ден қоя қарасақ, республикамызда көзге көрінетін ілуде бір ою-өрнек шебері, Қазақстан Республикасы суретшілер одағының мүшесі, суретші - педагог Сапар Асқарұлы Төленбаевтың еңбегінен аттап өтіп кете алмайтынымызға көзімізді жеткіземіз. Бұл дәлелді жайды толығымен нақтылайтын «Қазақстан Республикасы мәдениет ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің бағдарламасы бойынша» «Алматы кітап» баспасынан 2003 жылы жарық көрген, ұлттық өнерді зерттеуші Маргарита Шахметқызы Өмірбекованың «Энциклопедия» - атты қазақтың ою-өрнектері туралы шыққан үлкен альбом кітабы. Кітаптың редакциялық алқасы, еліміздегі бір қатар алқалы белгілі қоғам, мемлекет қайраткерлері мен ғалымдардан құралған. Сол 283 – беттен тұратын кітаптың дені Сапар Асқарұлы Төленбаевтың өрнектерімен көрнекілінген, барлығы 1323 ою-өрнек. Кітаптың теориялық бөлімінде ұлттық ою-өрнек саласында зерттеулер жасаған ғалымдардың - Ә. Марғұлан, Ө. Жәнібеков, Т. Бөсенов, С. Қасиманавтар сапында Сапар Асқарұлы Төленбаевтың да еңбегі айтылып, бұл кісінің шығармашылық жұмыстарының көркемдік және практикалық маңызына түсініктеме берілген.

2 - мәтін: Қазақтың дәстүрлері қоңыр ою – өрнектері
Қазақ халқының ескі заман дәуірінен сөнбес мұра болып, ұрпақтан ұрпаққа, әкеден балаға сабақтасып, ұзақ жылдар өзіндік тарихымен елімізді бүкіл әлемге мәдени қол өнерімен танытып келген «далалық өркениеттің» алтын бесігі Ұлы Дала кеңістігінде қалыптасқан. Қазақ халқы мол байлығымен республика жерінде ескіден қалыптасқан көне мәдениеттің тікелей мұрагері және сол дәстүрді, салтты өркендетуші, ары қарай жаңғыртып, байытушы. Көне дәуірден қазіргі заманға дейінгі қоңыр адамзат мәдениетінің дамуын қарастыратын болсақ, мәдениеттер арасындағы қарым - қатынастың, сұхбаттың үзілмей келе жатқанын көреміз. Белгілі ғалым Л. Н. Гумилев көшпелілер жайында былай дейді: «Біздің дәуірге дейінгі I ғасырдағы көшпенділер мәдениеті ерекше дараланды.

Оның үстіне ХҮIII - ХIХ ғ. ғ. көшпелілер мәдениетінен көп жоғары болған.
Қазақ халқының дәстүрлі мәдениеті ғасырдан бастама алып, осыған орай мәдениеттің тарихи қозғалысын, заңдылықтарын біліп - танудың мәні артып отыр. Халық арасында көне мәдениет сырттан келген мәдениет ықпалымен жаңарып, толыққан үстіне толыға түсті деп ойлаймыз. Өйткені қазақ халқының еңбек етуінде көптеген өзгерістер болды. Сырттан келген мәдениетті өз өмір тіршілігіне байланысты өзгерткен. ХІХ ғ. 2-ші жартысы мен ХХ ғ. басында қазақ халқының дәстүрлі қолөнері ең жоғарғы даму баспалдағына көтеріліп, өмірде өз орнын ала білді. Қазіргі таңда біздің пікірімізше, қазақ қолөнерін жан - жақты этнографиялық тұрғыда зерттеудің ғылым үшін де, өмірлік тәжірибе үшін де маңызы өте зор. Қазақтың қолөнері жалпы қазақ мұраларының даму жолындағы, мәдениеттің ішіндегі негізгі бір саласы. Біздің пайымдауымша, бүгінгі күн талабы ұлттық мәдениетті зерттеу, танып білу. Ұлттық мәдениеттің бір саласы қолөнер, яғни ою-өрнек болғандықтан, қолөнер шеберлерінің дәстүрлі талабын да жан - жақты зерттеу болашақ жастардың ісі. Қолөнер – баға жетпес, өшпес мұра. Оны қорғай да, қолдай да білуіміз керек.

Сонау алғашқы қауымдық құрылыс кезінде үңгірді мекендеген адамдар өздерінің тірлігін сурет арқылы баяндап, үңгір қабырғаларына қашап салған екен. Бұл туралы археологиялық деректер мен ғылыми еңбектерде көрсетілген. Одан бері келетін болсақ, б. д. д. V - ІІІ ғ. ғ. сақ дәуіріндегі Пазырық қорғандарынан табылған ою-өрнектер қазіргі біздің ою - өрнектерден айна қатесі жоқ дүниелер. Сондықтан біздің тегіміз тым әріде жатқандығын, тіпті ұлт болып қалыптаспай тұрғанның өзінде ою-өрнектің тілі қазіргі біздің ою-өрнектің тілімен бірдей болып тұрғандығы. Соған қарап, бейнелеу өнерінің тарихы тіл өнері қалыптаспай тұрғаннан да бұрын басталғаны байқалады. Күні кеше Берел қорғанынан табылған зергерлік алтын бұйымдар қазақ халқының материалдық байлығының негізі екендігінде дау жоқ.

Ондағы аң стилімен жасалған бұйымдарға қарап, зергерлік өнердің тым ерте дамып, биік шеберлікке жеткендігіне ғалымдар қауымы көз жеткізіп отыр. Сондай-ақ Жетісудан, Шілікті жазығындағы обалардан табылған Алтын адамдардың бойындағы әшекейлер тым биік талғам, асқан шеберлікпен орындалуы, тіпті бүгінгі зергерлердің қолынан келе бермейтіндей.

Ою-өрнек (латын тілінен аударғанда әсемдеу, сәндеу) – әр түрлі заттарды, архитектуралық ғимараттарды әшекейлеуге арналған жүйелі ырғақ пен қайталанып отыратын әр үйлесімділікке құрылған өрнек - нақыштар. Ұлттық ою-өрнек өзіне тән белгілерінің жүйелерін қазақ халқының қалыптасуымен әрі республиканың қазіргі аумағын мекендеген Азияның басқа да халықтары мәдениетімен тығыз байланыста дамыды. Бұл ортағасырлық архитектуралық ғимараттардағы көгеріс және геометриялық ою-өрнектерден (Айша - бибі, Ахмет Яссауи кесенесі) айқын көрінеді. Қоңыр ою-өрнектің дәстүрлі тоқыма өнері үлгісінде, кестеде, ағаш, мүйіз, сүйек, металл мен теріге өрнек салу мейлінше жетілдіре түсті.

3 - мәтін: «Мүйіз» оюы қазақ халқының ою - өрнегінің төркіні деуге болады, өйткені барлық жаңа элементтер соның негізінде жасалып, тек атаулары ғана өзгеріп отырған. Мысалы: «қошқармүйіз», «арқармүйіз», «бүғымүйіз», «қырықмүйіз», «қосмүйіз», «сыңармүйіз», «сынықмүйіз», «төртқұлақ», «түйетабан», «сыңарөкше», «қосалқа», «қүсқанаты», «қаз - табан». Колөнер шеберлері осы элементтердің сан түрлі композициясын жасап, бұйымдарға ұтымды пайдаланып келеді. «Мүйіз» — қазақ оюының ең көне мәнері. Ою-өрнектің бұл элементі мүйізді мегзеуден шыққан. «Мүйіз»ою-өрнек кейде ұсақ кейде ірі болып келеді. Ұсақ түрлері ағаш, сүйек, мүйіз сияқты нәзік қолөнер саласында қолданады. Ірі түрлері сырмақ, текемет, алаша, кілем, сәулет өнерінде сан түрлі мәнерде қолданады. Мүйіз элементтері «аймүйіз», «қосмүйіз», «сыңармүйіз», «сынықмүйіз», «қырықмүйіз», «маралмүйіз», «өркешмүйіз», «қошқармүйіз» т. б. түрлерге бөлінеді. «Мүйіз» өрнегі үй жиһаздарында (кілем, сырмақ, текемет, алаша, көрпе, түскиіз, шымши) мен түрмыстық заттарда (саба, шанаш, күбі, ожау, жүкаяқ, торсық, сандық т. б.), сондай - ақ қару - жарақтарда (қынап, оқшантай, садак), киім - кешек, ат әбзелдерінде (ертоқым, айыл) жалпы бұл элементтің қолданбайтын жері жоқ десе де болады.

«Қосмүйіз» ою-өрнегі қойдың, ешкінің, сиырдың екі мүйізін ғана бейнелейді және кейде «ырғақ», кейде «ілмек» деп аталатын оюларды «қосмүйіз» дейді. Үй жиһаздары мен тұрмыстық заттарды, киім - кешек, қару - жарақтарды безендіру үшін пайдаланатын қой, ешкі, сиыр, бұғы, марал сияқты жануарлардың қос мүйізін бейнелейтін ою - өрнек. Қазіргі кезде «қосмүйіз» ою - өрнегін сәукелеге, айыр қалпақтың төбесіне, шетіне, камзолдың алдыңғы жағына, етіктің қонышына салады.
«Тоғызтөбе» ою-өрнегі ең көне оюлардың бірі болып саналады. Бұл өрнек қимақтар мен қарлұқтардың қолөнерінде сақталған және кезінде «тоғыз - төбе» ою-өрнегі Айша - бибі күмбезінің кірпіштерін өрнектеу үшін қолданған. Ал қазіргі кезде қазақ, қырғыз, түрікмен, қарақалпақ қолөнерінде кездеседі.

«Арқармүйіз» деп аталатын ою-өрнек қойдың мүйізін бейнелейтін оюдың түрі. Бұл элемент «қошқармүйізге» өте ұқсас, бірақ, оған қарағанда шиыршықтанып, тармағы одан көбірек болып келеді. (Кілем, тұскиіз, сырмақ, кесте, киім-кешек пен үй жиһаздарында кездеседі).
«Сыңармүйіз» «қосмүйіз», «қошқармүйіз» деп аталатын оюдың тек бір жақ сыңарын ғана бейнелейтін өрнек түрі. Шебер орналастырылған «сыңармүйіз» өрнек композициясында дараланып тұрмай, жымдасып келеді, үй - жиһаздары мен тұрмыстық заттарға, сондай - ақ киім - кешек, қару - жарақ т. б. бетіне салынатын ою-өрнектің бәрінде кездеседі және текемет, сырмақты әшекейлейтін, жиегіне жүргізілетін өрнектің бір түрі.

«Қошқармүйіз» ою-өрнегі қойдың төбесі мен екі жаққа иіріле түскен мүйіз бейнесінде келіп, оның қолтық тұсынан қойдың құлағын долбарлайтын тағы бір шолақ мүйіз тәрізді екі буын шығып тұрады. Одан байқаған адамға қошқардың тұмсық бейнесі аңғарылады.
Текемет, сырмақ, басқұр, алаша, кілем, былғары, сүйек, ағаш, зергерлік бұйымдардың барлық түрлерінде кездеседі. Киізден жасалған бұйымдарда бұл ою түсті шүберектермен ойылып, құрақ, яғни аппликациялық өрнек түрінде де тігіледі.

«Қырықмүйіз» ою-өрнегі біріне - бірі жалғаса, тармақтала қосылған, көп мүйізден құралған ою-өрнектің бір түрі. Ол көбінесе дөңгелек не төрт - бұрыш ішінде бейнеленеді, кейде бұтақтың ағашы тәрізді тармақталып, жайылып бейнеленеді. Бір - бірімен қосылған бірнеше тармақты көп мүйізді оюлардан құралады. (Тұскиіз, тон, кежім, сырмақ, текемет, архитектура сәулет өнерінде молырақ кездеседі).
«Сынықмүйіз« морт сынған тік төртбұрыш жасап, төрт рет ішке қарай иіледі. Бұл ою-өрнек кілемдерді, шилерді, басқұр мен алашаларды, сондай - ақ әртүрлі қалталарды безендіру үшін пайдаланылады, ал сырт көрінісі малдың сынған мүйізіне ұқсайды.

«Төртқұлақ» ою - өрнегінің төрт тармағы зооморфты немесе көгеніс оюларынан құралған, ортасы крест бейнесін жасайды. Төрт тармақтан дөңгелек, «төртбұрыш», «төртжапырақ» құрайтын ою-өрнектер жасалады. Бұл оюлар, кебеже, жүк-аяқ, аяққап, батырлардың шапанының жауырынына, қалқанға, шалбардың тізе тұсына, дөдегенің ортасына немесе шет бұрыштарына салынады.

«Үшқұлақ», «Үшжапырақ» ою - өрнектері барлық қолөнерге тән үш мүйізді, үш жапырақты, үш тармақты болып бейнеленеді. Х - Х1 ғасырда Тараз қаласындағы моншаның қабырғалары үш жапырақты ою-өрнекпен бейнеленген.
«Түйемойын« ою-өрнегі түйенің мойнына ұқсап иіле көтеріліп барып тармақталатын мүйіз оюы. Мұндай өрнек мәнері көбінесе күрделі бір мүйіз оюларымен тұтас келеді де,»түйемойын» өрнегі сол топта өз алдына оқшауланып өзге денелерден озып тұратын түйенің ұзын мойнына ұқсайды.
«Өркеш» ою-өрнегі түйенің қос өркешін бейнелейді. Сырмақ, текемет, түскиіздерге салынатын ою-өрнек композициясында көбірек кездесетін элемент. Қазақ оюында мал мен аңның қос мүйізін, түйенің қос өркешін, биенің қос емшегін бейнелеу тек симметриялық тепе - теңдік үшін ғана емес, сонымен қатар береке - бірліктің, көбеюдің символын білдіреді.
«Айыр» ою-өрнегі «ашатұяқ», «айыртұяқ» өрнегі кейде «айыр» өрнегі деп те аталады. Пішен ашалайтын айыр құралға ұқсас болып келеді.

«Ботакөз» ою-өрнегі әшекейлі композицияның ортасына салынатын немесе бірнеше қайталанып келіп, шетін көмкеретін жиектеме түзейтін ою. Сырт пішіні ботаның көзіндей дөңгеленген ромбқа үқсайтын геометриялық ою - өрнек. Бұл орамалдың шетін көмкеретін жиектеме түзейді.
«Каңқа» ою-өрнегі тоқыма бұйымдарында қолданылады. Малдың құрап қалған сүйегін тұспалдайды. Алаша, басқұр бау т. б. тоқыма бұйымдар негізінде өрнек ретінде салынды.
«Қаpma» ою-өрнегі төрттүлік малдың дене мүшелеріне еліктеуден шыққан, және сол мүшелердің атымен аталып кеткен. Бұл өрнек түрі ағаш оюда, зергерлік бұйымдарда, кесте тігуде кездеседі. «Қарта» өрнегі жүрекке ұқсаңқырап келеді.

«Қабырға» бұл өрнекте қарама - қайшы түстер қатар алынады. Ақ не¬месе сары фонда қара өрнек жүргізіледі. Бұл өрнек ағаш бетіне бедер түсіруде, кесте тігуде кездеседі және басқұрға да осы өрнектер жиі бейнеленеді.
«Омыртқа» ою - өрнегін кестелерден, өрме шилерден, сүйек пен ағаштан жасалған бұйымдардан жиі көреміз. Бұл өрнек түрі омыртқаның түрін тұспалдайды, ол әртүрлі үйлесімде түрленіп ою композициясының ортасына және жиегінде қолданады.
«Қайнар» ою-өрнегі малды өлкеде өмірге келген, оюдың түстері салқын түстер гаммасынан құралады. Бүл ою-өрнек жайылымдар мен суаттардан тапшылық көрген елде пайда болған өрнек мал таңбасына ұқсайды немесе судың бір тамшысынан тұспалдайды.

Сол суреттерді жинап өз топтарының аттарына байланысты зерттеушілер не зерттегенін, қандай оюлар бар екенін, тарихшылар қандай құнды тарихи жәдігерлер бар екенін тауып, плакатқа жабыстырып, мәтіннен тапқан құнды деректерін де жазады. топ басшылары мен бақылаушылары ауысып, жинаған деректерін басқа топқа түсіндіреді, бақылайды.
Сергіту сәті: «Оюлардың түрлері» атты видео көрсету.
Талдау кезеңі.
Үш топқа да тақтадан суреттер тізбегі көрсетіледі.

Сұрақтар:
1. Бұл суреттен не байқадыңдар?
2. Басқа ұлттар да біздің оюларымызды пайдалана ма? Бұл дұрыс па?
3. Біз өз оюларымызды, мәдениетіміздің бір бөлігі ретінде үгіттеп келеміз бе?
4. Жумон киносынан қазақтың оюларын көрген де қандай ойға келдіңдер? Үш топ осы сұрақтар бойынша өз тобының аттарына байланысты жауап береді.
Үйге тапсырма: өздерің білетін ою - өрнектердің түрлерін жазып келу. Бағалау: жинақтық бағалау арқылы үш топ бір - бірін бағалайды.
Рефлективті байланыс: білдім, білемін, білгім келеді.





































5-сынып күні_______айы_______________20____ ж


Сабақтың тақырыбы: Ою-өрнек түрлері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
Қазақ халқының ою-өрнек түрлерімен таныстырып жасалу жолдарын үйрету.
Дамытушылық: Қол икемділігін дамыта отырып шеберлігін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды жұмысты өз бетінше орындауға үйрету өнер ерекшеліктерін танып білу арқылы эстетикалық талғам беру.
Сабақтың типі: білім дағдыларын қалыптастыру
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сарамандық жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, схема, өрнек үлгілері, суреттер.
Пәнаралық байланыс: биология, бейнелеу, математика

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу, сабаққа дайындығын тексеру
II. Жаңа сабаққа дайындық
Қолөнер бұйымдарын еске түсіру (сандық, домбыра, киіз, кілем, ұлттық киім, зергерлік бұйымдар т. б.)
III. Жаңа сабақ
1. Ою-өрнек сөзінің мағынасы, тарихы туралы түсінік
Біздің ата-бабамыз қолөнерімен айналысқан, сол өнерді жетілдіріп, ұрпағына мұра етіп қалдырып отырған. Барлық жасалған қолөнер заттарын табиғатпен байланыстырып ою-өрнектермен безендірген.
Ою-өрнек деген сөзіміз латын тілінен алынған, “Орнамент” деген ұғымды білдіреді. Мағынасы сәндеу, әсемдеу деген сөзден шыққан.
2. ою-өрнектің қолданылуы, топтары слайд арқылы көрсетіп түсіндіру
Әр өрнектің астарында мағына болады. Мысалы: жұлдыз өрнегі-аспандағы жұлдыз көрінісіне ұқсайды. Ол көбіне кілемдерде жиі қолданылады.
Мүйіз тектес өрнектер-мүйізді бейнелейтін өрнек. Олар ұлттық киімдерде, киіз, алаша бұйымдарында кездеседі.
Геометриялық өрнектер және гүл өрнегі-ағаш бұйымдарында т. б. кездеседі.

3. Ұлттық қолөнер бұйымдарын жасап игеру үшін оюды өзіміз жасай білуіміз керек.
Оқушыларға тапсырма: өз бетінше қарапайым ою түрін ойып қағазға жапсыру.
Балалар әр бұйымның бетін өрнектегенде өрнектерді реттеп орналастыру керек
Ою-өрнек екі жағынан тең болу керек. Мысалы: қошқар мүйіз.
Бұйымға салынатын өрнек түстері бір-бірімен үйлесіп, жарасып түру керек. (слайд суреттер)
4. Қағазды үш бүктеп өрнек жасау тәсілдерін көрсету. (cхема)
5. Оқушыларға тапсырма: қағаздан өрнек қиып, жапсырмалау.
Техника қауіпсіздік ережелерін еске түсіру.

IY. Сабақты бекіту (кестемен жұмыс)
1. Ою-өрнек неше топқа бөлінеді?
2. Жұлдыз өрнегі қандай бұйымдарда қолданылады?
3. Ою-өрнекті рет-ретімен орналастыруды не деп атаймыз?
4. Көбіне қолданылатын өрнек?
Y. Сабақты қорыту
Оқушылардың жұмыстарын талдау.
YI. Үйге тапсырма. оюлар түрін ойып үйрену.
















































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Тіл-рухани ?азына

Автор: Жанабаева Молдир Аманжоловна

Дата: 28.06.2016

Номер свидетельства: 336446


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства