Просмотр содержимого документа
«Тіл-тарихи ??былыс»
Сабақтың тақырыбы: Тіл- тарихи құбылыс
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Оқушыларға тілдің тарихи маңызын,
оның мәнін, қызметін меңгеру жолдарын, тіл
құралдарын дұрыс пайдалану ерекшеліктерін үйрету;
2. Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлауын,
ой дәлдігін дамыту, іздендіре отырып
шығармашылыққа баулу, еркін сөйлеуге үйрету;
3. Тәрбиелік: Ана тілін сүюге, оны қадірлеуге, тіл
байлығын меңгеруге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: ашық сабақ, білім бекіту сабағы
Әдісі: сұрақ-жауап, пікірлесу, талдау, топпен, жеке жұмыс, сараптау, тест
Көрнекілігі: слайд, кеспе қағаздар «Тіл – тарихи құбылыс», түркі
тілдерінің тобы бейнеленген бәйтерек суреті.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
а) Сабақтың мақсатымен таныстыру
ә) сыныпты 4 топқа бөлу
І- Этнографтар ІІ – Лингвистер
ІІІ – Әдебиетшілер ІҮ- Дарын
ІІ. Кіріспе сөз
Өмірдің қыр-сырын түсіне білуге себепкер – ана тілі. Ол туған жеріңді, ақ сүт берген анаңды сүйе білу деген сөз.
І айналым. «Жүйелі сөз»
Тапсырмалары : “Дарын” тобы
Тілдік қатынас туралы түсінік
Кинемалық (меңзеу немесе нұсқау) көріністері
“Этнографтар” тобы
Тілдің шығу және даму тарихы туралы
Этнографиялық таным сөздігі туралы
“Лингвистер” тобы
Тілдің мәні мен қызметі туралы
Дұрыс сөйлеу сөздігі туралы
“Әдебиетшілер” тобы
Сөз байлығын дамытуға басқа тілдердің әсері туралы
Тіл туралы жыр шумақтары мен мақал-мәтелдер
ІІ айналым “Ұрымтал сөз”
“Дарын” тобы
Қазақ тілін дамыту үшін қандай әрекет жасар едің?
“Этнографтар” тобы
Айналаңдағы достарыңның қазақ тілінде сөйлеген сөзіне көңілің толады ма?
“Лингвистер” тобы
Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесіне қалай қарайсың?
“Әдебиетшілер” тобы
Мектептегі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен алған біліміңе ризасың ба?
ІІІ айналым “Кесімді сөз”
Әр топқа практикалық тапсырмалар таратылады.
“Этнографтар” тобы – фонетика саласы
“Әдебиетшілер” тобы – лексика саласы
“Лингвистер” тобы – морфология саласы
“Дарын” тобы – сөйлем талдау
(синтаксистік, морфологиялық, фонетикалық талдау)
ІҮ. Сергіту сәті
Кодоскоппен жұмыс. Ойлан, тап!
Тіл – адам ойының…
Аңдамай сөйлеген…
Айтылған сөз…
Бал тамған тілден…
Таза сөйлеу – биік…
а) жалғасын жазу
ә) есте сақтап, жатқа жазу (көру диктанты)
Ү. “Сырт көз” айналымы
Сарапшылар әр айналым тапсырмаларына талдау жасайды.
ҮІ. Үйге: “Ана тілім — ардағым” тақырыбына эссе жазу
ҮІІ. Қорытынды.
Тіл – халықтың жаны, сәні, кескін-келбеті, болмыс-тіршілігі, тарихи мұрасы. Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз, ана тіліміз – қазақ тілі.
“Өткен күннен бағасыз бір белгі боп
Нұрлы жұлдыз бабам тілі, сен қалдың!” – деп Мағжан ақын жырлаған ұлттық белгі, ана тіліміздің мерейі үстем болсын!