kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тіл м?дениеті. 7сынып.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Урок по казахскому языку на тему: "Тіл м?дениет" для 7 класса. Цель урока: дать понятие о культуре языка и нормах языка, развить устную речь и мышление, воспитать чувста любви и гордости за родную страну и ее язык. Традицианный урок. Дети работают в группах. Урок начинается с психологического настроя и деления на группы. Проверка домашнего задания проводится живо, работа с текстом хорошая. За урок дети выполняют много заданий как на лексическую тему, так и на грамматические. Используется метод повторения пройденого материала.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тіл м?дениеті. 7сынып. »

«Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігі «Петропавл қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№8 жалпы білім беретін эстетикалық тәрбие орта мектеп-кешені» мемлекеттік коммуналдық мекемесі







Ашық сабақ




Сабақтың тақырыбы: Тіл мәдениеті


Сынып: 7 сынып

Пән: қазақ тілі







Пән мұғалімі: Платонова Алена Юрьевна







Петропавл, 2014ж.






«Солтүстік Қазақстан облысы

Петропавл қаласы әкімдігі «Петропавл қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің

«№8 жалпы білім беретін эстетикалық тәрбие орта мектеп-кешені» мемлекеттік коммуналдық

мекемесі

Платонова Алена Юрьевна


Сынып: 7 сынып

Пәні: қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Тіл мәдениеті

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Тіл мәдениеті және әдеби тілдің нормасы туралы түсінік беру;

Дамытушылық: Тіл мәдениетінің дамуы мен ауызекі сөйлеу арқылы қарым-қатынастарын нығайта отырып, оқушыларды ауызекі тілде сұхбаттасу арқылы таза сөйлеуге, ойлауға, жазуға дағдыландыру.

Тәрбиелік: Өз Отанын, жерін қадірлеп, өз елінің мәдениетті азаматы болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сын тұрғысынан ойлауын дамыту технологиясы.

  1. Топтау стратегиясы

  2. Деңгейлік тапсырмалар

  3. Диалог, сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, интекактивті тақта, слайд, карточкалар, синквейн, смайликтер, жетондар.

Сабақ жоспары: І сабақтың интеграциялық мүмкіндігі

1) Психологиялық дайындық.
2) Үй тапсырмасын тексеру.
3) Жаңа сабақ.

Сабақтың барысы:

Уақыт

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Қандай материалдар қолданылады

5 мин.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


І Ұйымдастыру кезеңі

а) оқушылармен сәлемдесу, кезекшімен сұхбат, оқушылардың сабаққа даярлығын байқау.

- Сәлеметсіңдер ме! Балалар!

- Бүгін сыныпта кім кезекші?

- Әдеттегідей, балалар, кезекшіге бәріміз ұйымдастыру сұрақтарын қоямыз!

-Жақсы, отыр.


Психологиялық күй

-Бір-бірімізді қолымыздан ұстап, алған жылу арқылы жылы лебіздер тілейік!

- Ал, балалар, қане бүгінгі көңіл күйлеріңді алдарында жатқан смайликтер арқылы көрсетіп жіберіндер.


Топқа бөлу

-Балалар сол алдарыңда жатқан смайликтердің түстеріне қарай /сары, қызыл, көк/ мына үш топқа бөліну керек.


Оқушылар тұрып мұғаліммен сәлемдеседі.

 

Кезекші тұрып сұраққа жауап береді.

-Қазір қай сабақ?

- Қазақ тілі сабағы нешінші сабақ?

- Қазақ тілі сабағына не керек?

- Бүгін аптаның қай күні? 

- Ауа райы қандай?



-Елімізге тыныштық тілеймін!

-Күніміз жарық болсын!

-Аспанымыз ашық болсын!

-Деніміз сау болсын!

-Аналарымыз аман болсын!

-Әкелеріміз аман болсын!

Оқушылар смайликті көтеріп, өздерінің көңіл күйлерін көрсетеді.



Оқушылар өз топтарына отырады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5 мин.

ІІ Үй жұмысын тексеру.

-Ал, балалар, бүгінгі көңіл-күйіміз жақсы екен, ендіше үй тапсырмасын тексерейік!

-Үйге не берілді?

-Дұрыс, тіл туралы мақал-мәтелдерді, өлеңдерді жаттау. Бір сөйлемді жіктеу: Мен қазақша жақсы сөйлеймін. Бір сөзді тәуелдеу: Отан.

-Қазір,...,тақтаға шығып, интерактивті тақтада сөйлемді жікте. Және, ... , тақтада сөзді тәуелдік жалғауларын жалға.

-Ал, балалар, сендер тіл туралы қандай мақал-мәтелдерді немесе өлеңдерді білесіңдер?

- Жарайсыңдар!

Кезекші тұрып үй жұмысына не бергенін айтады.

 

 

Бір оқушы тақтаға шығып, сөйлемді жіктейді.

Мен қазақша жақсы сөйлеймін

Сен қазақша жақсы сөйлейсің

Сіз қазақша жақсы сөйлейсіз

Ол қазақша жақсы сөйлейді

Біз қазақша жақсы сөйлейміз

Сендер қазақша жақсы сөйлейсіңдер

Сіздер қазақша жақсы сөйлейсіздер

Олар қазақша жақсы сөйлейді

Бір оқушы тақтаға шығып, сөзді тәуелдейді.

Менің Отаным

Сенің Отаның

Сіздің Отаныңыз

Оның Отаны

Оқушылар қолдарын көтеріп тіл туралы мақал-мәтелдерді /өлеңдерді/ айтып береді.


2мин.

ІІІ - Сабақтың мақсатын, барысын айту.

-Өте жақсы, балалар! Тіл — қастерлі де, қасиетті ұғым. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Ана тілін сүйген адам — туған жерін, елін, Отанын, атамекенін сүйеді деген сөз бар. Ал, бұлардың бәрі — адам баласы үшін ең қасиетті ұғымдар. Сондықтан біз мәдениетті ойланып, сөйлеп үйренуіміз керек. Сабақтың тақырыбы: Тіл мәдениеті. Бүгінгі күнді және тақырыпты дәптерге жазыңдар.

Бүгінгі сабақта біз жаңа сөздермен танысамыз, тіл мәдениеті туралы мәтінді оқып, аударамыз,  топтық жұмыс болып, қызықты тапсырмаларды орындаймыз. Ал, іске сәт!

3мин

ІV. Жаңа сабақтың түсіндіру:

Жаңа сөздермен жұмыс

Сөздерді дауыстап оқиды; Сөздермен жұмысты ұйымдастырады.

-Енді жаңа сөздермен танысайық!

-Қосылып оқыңдар!

- Жаңа сөздерді сөздік дәптерге жазыңдар!

-... қазақша оқиды, ал ... орысша оқиды.

Сөздерді дауыстап қайталап оқиды, хормен, 1оқушы –қазақша, 2оқушы – орысша оқиды.
Күлдіру — смешить
Күйдіру — огорчать
Сүйсіндіру — влюблять
Сүріндіру — спотыкаться
Бүлдіру — испортить
Жұбату — утешать

слайд

7мин

Мәтінмен жұмыс. «Тіл мәдениеті» мәтінін оқып оқушылардың пікірін алмастыру.

Тілді қадірлеу дұрыс сөйдеуден басталады. Адам мәдениетінің алғышарты – дұрыс сөйлей білу. Түсіне білгенге сөйлей білу де өнер. Тілін білмеген – түбін білмейді. Ондай адам күлдірем деп күйдіреді,сүйсіндірем деп сүріндіреді, білдірем деп бүлдіреді, қуантам деп қуартады, келтірем деп кетіреді, жұбатам деп жылатады. Біздің қазақ: «Аталы сөз – аталы сөз»дегенде, осы дұрыс сөйлей білуді айтқан.


-Мәтін не туралы?

Сұрақтарға жауап беру: Мәтін бойынша тіл мәдениетіне қатысты өз ойларын сұрақ бойынша толықтыру

-Балалар, енді сұрақтарға жауап беріңдер! Бір оқушы тақтаға шығып, сұрақ таңдады, ал оның тобы жауап береді.












Мәтінді топта оқып, аударады









Балалар тақтаға шығып, сұрақ алады. Топ сұрақтарға жауап береді.

Тілді қадірлеу неден басталады?- Тілді қадірлеу дұрыс сөйлеуден басталады.

Адам мәдениетінің алғышарты не болып табылады?- Адам мәдениетінің алғышарты — дұрыс сөйлей білу болып табылады.

«Тілін білмеген — түбін білмейді» дегенді қалай түсінесіңдер?-Дұрыс сөйлей, ойлай алмайтын адамға қатысты айтылған мақал-мәтел.




Оқулық 225б

1-тапcырма













Интер.тақта

7 мин












7 мин
















5мин

Топпен жұмыс. . Топтарға мәтін бойынша тапсырма беру.

-Ал енді, балалар, біз топпен жұмыс істейсіз. Мен әр топтарға мәтін бойынша тапсырма беремін.

І топ: «Тіл мәдениеті сақтайық» деген тақырыпқа шағын мәтін құраңдар.




ІІ топ: Мәдениетінің деген сөздерге морфологиялық талдау жасаңдар.

-Бір оқушы тақтаға шығып, морфологиялық талдау жасады.








ІІІ топ: Жоғарыдағы мәтіннен ауыспалы осы шақты тұрған сөйлемдерді теріп жазыңдар.

-Енді берілген тапсырмаларын тексереміз!Кім дайын?

-Жарайсыңдар,балалар!


Деңгейлі тапсырмалар

Әр топқа ортақ деңгейлік тапсырма беріледі.

-Қазір мен сендерге деңгейлік тапсырмаларын беремін!

ІІІ деңгей. Берілген сөйлемдерді толықтырып жазыңдар.

-Қазір бір оқушы тақтаға шығып, көп нүктенің орнына тиісті сөздер қойып жазады.





ІІ деңгей. Синквейн құрастыру.

  • Сендерге мәтін бойынша мына кестені толықтыру керек.

Зат есім: Адам

Сын есім: ... , ...

Етістік: ... , ... , ...

Сөйлем: ...

Синоним:







І деңгей. Тұрақты сөз тіркестерді сөздіктен қарап, мағынасын ашыңдар. Тұрақты тіркестерді қолданып, сөйлемдер құраңдар.





VІІ. Сабақты  бекіту, қорытындылау:

- Ал, балалар, бүгін біз сабақта не туралы айтып өттік?

- Тіл мәдениеті деген не?

Рефлексия

- Не білдің?

- Не ұнады?

-Бүгін сабақ ұнады ма?

-Несімен ұнады?




Балалар топпен тапсырмаларды орындайды.


Оқушылар мәтін құрастырады. Мен мәдениетті сөйлеймін. Менің мәдениетті сөйлейтінімді бәрі біледі. Мен қызықты кітап оқимын. Менің көркем тілмен сөйлейтінімді біледі.

Оқушылар морфологиялық талдау жасайды.

Мәдениетінің –ненің? Зат есім

Құрамына қарай: дара

Тұлғасына қарай: негізгі

Мағынасына қарай: жалпы, деректі, жекеше, адамзат

Мәдениет –түбір, -і – тәуелдік жалғау ІІІж, -нің – ілік септік

Анықтауыш

 

Балалар сөйлемдерді теріп жазады.


 

 

 




Оқушы көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жазып, бір-бірін тексеріп шығады. Халық бар жерде тіл де бар. Тілімізді жоғары ұстайық. Ұлттың өшуі тілдің өшуінен басталады. Тілсіз ешбір ұлт – ұлт болып қалмақ емес. Ұлттың ұлт болуы үшін бірінші шарт – тілі болу.

Бағалап, тақтадағы дұрыс нұсқасымен тексеріп шығады.





Балалар синквейн құрастырады.

Зат есім: адам

Сын есім: Мәдениетті, ақылды

Етістік: сөйлейді, біледі, айтады

Сөйлем: Мәдениетті адам жақсы сөйлейді

Синоним: кісі, жұрт

 


Оқушылар тұрақты тіркестердің мағынасын ашады. Сөйлемдер құрастырады.Тілге келмеу — қарсыласып, ұрысып сөйлемеу. Тілді байлау — сөз бермеген адамды айтады тілі қышыды — айтқысы келген адамды айтады тілсіз қалу — сөйлемей қалған адам


Балалар кластер құрастырады.

Әдемі сөйлеу

Дұрыс сөйлеу



Тіл

мәдениеті


Тілді қадірлеу

өнер



Шешендік сөз

Қызыл тіл




 






Интер.тақта


Оқулық 225б

1-тапс

Интер.тақта










Оқулық 225б

1-тапс











Оқулық 226б

3-тапс








Карточка ІІдеңгей







Интер. тақта

Оқулық 226б

4-тапс

Фразеологиялық сөздік










Интер.тақта

2мин.

VІІІ. Бағалау Оқушылардың білімдерін бағалау 

Оқушылар күнделіктерін әкеліп, бағаларын алады.

 

1мин.

ІХ. Үй тапсырмасы:

1. Сөздерді жаттау.

2. 225 б 1- тапсырма /мәтін бойынша диалог құрастыру/

Сабақ аяқталды, сау болыңда, балалар!

Оқушылар күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Тіл м?дениеті. 7сынып.

Автор: Платонова Алёна Юрьевна

Дата: 19.06.2015

Номер свидетельства: 220606


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства