Ма?саты: Білімділік: о?ушылар?а ?арумен сапты? т?рысты, автоматты ?р т?рлі жа?дайда ?стауды, ?арумен сапты? т?сілдерді д?рыс ?рі жылдам орындауды ?йрету.
Просмотр содержимого документа
«Та?ырыбы: ?арумен сапты? т?рыс»
Тақырыбы: Қарумен саптық тұрыс.
Мақсаты: Білімділік: оқушыларға қарумен саптық тұрысты, автоматты әр түрлі
жағдайда ұстауды, қарумен саптық тәсілдерді дұрыс әрі жылдам
орындауды үйрету;
Дамытушылық: саптық дайындық дағдыларын жетілдіріп дамыту;
Тәрбиелік: мерзімді әскери қызметке дайындап, әскери патриоттық тәрбие
беру.
Сабақтың түрі: практикалық.
Берілген уақыт: 45 минут.
Өту орны: Саптық алаң.
Сабақтың әдісі: баяндау, көрсету, жаттығу.
Көрнекілігі: АӘД оқулығы, АК- 74 макеті.
Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі :
Оқушыларды сапқа тұрғызып, взвод командирінің рапортын қабылдау.
Оқушылармен әскери тәртіпте сәлемдесу.
Түгелдеу, формаларын тексеру.
ІІ. Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі:
бөлімшенің жазылма сабы қандай болуы мүмкін?
бөлімшені 1 немесе 2 қатарлы сапқа тұрғызу қандай пәрмен бойынша жүргізіледі?
бөлімше құрамын 1 немесе 2 қатарлы сапқа тұрғызу ретін айтыңдар.
қозғалыста бас киіммен және бас киімсіз әскери сәлемдесуді қалай орындайды?
IIІ. Негізгі бөлім:
Қарумен саптық тұрыс. «Бауды – босат (тарт!)» пәрменін орындау.
Автоматты «Белдікте» жағдайынан «Кеудеге» жағдайына орындау тәсілі.
Автоматты «Кеудеде» жағдайынан «Белдікке» жағдайына орындау тәсілі.
«Автоматты кеудеге! », «Белдікке!» тәсілдерін толық орындау. Тәсілді жұппен жаттығу.
«Қаруды – арқаға!», «Белдікке!» тәсілдерін орындау.
Автоматты «Арқада» жағдайынан «Белдікке» жағдайына алу.
«Қаруды – арқаға!», «Белдікке!» тәсілдерін толық жұппен орындап жаттығу.
Қарумен саптық тәсілдерді орындау барысында кездесетін негізгі кемшіліктер:
автоматты иықтан алған кезде дененің алға еңкеюі, автоматтың денеден тым алшақтауы;
саптық ережесінің дұрыс сақталмауы;
бауды бастан асырғанда бастың алға еңкеюі;
автоматты және бауды жоғары көтермеудің салдарынан баскиімнің түсіп қала беруі.
ІV. Қорытынды:
Саптық тәсілдерді дұрыс әрі жылдам меңгерген оқушыларды атап өту және бағалау.
Негізгі кемшіліктеріне назарларын аудару және оны жою жолдарын көрсету.
Үйге тапсырма беру. VI тарау. § 4.
Әскери тәртіпте қоштасу.